Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет62/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108

Білуге тиіс: механикалық және термиялық өңдеу кезіндегі түрлі металдардың, қорытпалардың қасиеті және олардың бұзылуы; ұңғыланатын бөлшектер мен тораптарды өңдеу процесі; механикалық өңдеу үшін әдіптері; палубалардың сыртын қаптаудың жекелеген құрылымын және басқа да плазалық бөлімдерді бөлу және созғылау кезіндегі геометриялық құрылым тәсілдері, бөлшектер мен құрылымдарды пісіру және тойтару үшін дайындау ережесі; жаймалық және кескінді материалдан жасалған күрделі құрылымдарды пісіру кезінде бұзылудың алдын алу тәсілдері; ықтимал белгілеу аспабын қайрау және толтыру тәсілдері, өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1. Ірі токарлық станоктарға арналған алдыңғы және артқы тұғырлар – механикалық өңдеу үшін белгілеу.

2. Балға тұғырлар – «айыр құйрықты» және шпонка ұясын белгілеу.

3. Баллерлер – конустағы шпонды паздарды белгілеу.

4. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің саны төртке дейінгі цилиндр блоктар – белгілеу.

5. Түрлі бұрыштарға орналасқан төрт-алты иінді біліктер – белгілеу.

6. Электровоздың тісті дөңгелек тәждері – серіппелі пакет үшін паздарды өңдеуге белгілеу.

7. Диаметрі 1000 мм-ге дейінгі ескекті бұрамалар - өңдеу үшін белгілеу.

8. Ескекті бұрамалар – шпонды паздарды, кесіктердегі және ступицаның жанындағы саңылауларды белгілеу.

9. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлері блоктарының бастары – газ камераларын, ұяшықтарын, клапандары мен болт саңылауларын белгілеу.

10. Бағыт ауыстырғыш бөлшектері – сызба сызу.

11. Салқындататын құрылғы радиаторларының коллекторлары – белгілеу.

12. Құрылыс конструкциялары: прогондар, ригельдер, фахтверктер, қанаттар, кран асты арқалықтар – белгілеу.

13. Турбина корпустары – механикалық өңдеу үшін құйманы тексеру және белгілеу.

14. Тепловоз клапандары жетектері корпустарының қақпақтары – белгілеу.

15. Орташа күрделіктегі және үлкен көлемді металл қалыптардың, кокиль және шаблондардың өзекшелі жәшікті модельдері - өзекшелі жәшікті модельдердің өлшемдерін тексеріп және байланыстыра отырып өңдеу үшін толықтай белгілеу.

16. Ескекті бұрамалардың ағыншалары - өңдеу үшін белгілеу.

17. Баллер тіректері – алдын ала механикалық өңдеу үшін перпендукулярлы осьті келтіру, паздар мен шықпаларды, айқасатын саңылауларды белгілеу.

18. Жетекші және тіркелетін дөңгелектердің осьтері – шпонды паздарды өңдеу үшін белгілеу.

19. Поршенді немесе орталық оталғыш және поршенді сырғыманың мойынтіректері – ақтау және біліктерге арналған саңылауларды өңдеу үшін белгілеу.

20. Білігінің диаметрі 250 мм-ден жоғары тіректі кеме мойынтіректері – механикалық өңдеу үшін корпусты және қақпақтарын белгілеу.

21. Білігінің диаметрі 490 мм-ден жоғары тіректі кеме мойынтіректері – механикалық өңдеу үшін корпусты және қақпақтарын белгілеу.

22. Дизель поршеньдері – клапанға арналған жерлерді бұрғылау және өңдеу үшін белгілеу.

23. Тепловоз дизельдерінің поршеньдері – саңылауларды жону үшін белгілеу.

24. Орталық оталғыш рамкалары – балқытудан кейінгі өңдеу үшін белгілеу.

25. Баллер үшін орталық саңылау диаметрі 250 мм-ден асатын рульді құрылғылардың румпельдері – механикалық өңдеу үшін белгілеу.

26. Бағыт ауыстыратын жүрекшелер – белгілеу.

27. Станок станиналары – белгілеу.

28. Диаметрі 1000 мм-ге дейінгі құбырлар – белгілеу.

29. Ірі токарлық станоктардың алжапқыштары, кареткалары, суппорттары – механикалық өңдеу үшін белгілеу.

30. Тепловоз желдеткіштері редукторлары муфталарының фланецтері – белгілеу.

31. Поршенді машина цилиндрлері – цилиндрлерінің саны алтыға дейінгі блоктарда толықтай белгілеу.

32. Штампылар, кондукторлар мен айлабұйымдар – күрделі бөлшектерді белгілеу.

§ 74. БЕЛГІ ҚОЮШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 6-7 квалитеттер бойынша индикатордың, жазық параллельді плиткалар мен басқа да бақылау-өлшеу аспаптардың көмегімен түрлі айлабұйымдарды пайдалана отырып, дәл тексере отырып ірі көлемді және күрделі бөлшектерді және тораптарды белгілеу. Белгілеу үшін күрделі ұңғылау сызбаларын сызу, геометриялық құрылымдар мен тригонометриялық есептеулер орындау.

Білуге тиіс: ірі көлемді, күрделі бөлшектер мен тораптарды белгілеу үшін геометриялық құрылым тәсілдері; орнату және белгілеу үшін бастапқы базаны айқындай отырып бөлшектерді тексеру жолдары; күрделі ұңғымаларды құру тәсілдері мен белгілеу кезінде есептер орындау; конструкциялар мен тораптарды белгілеу әдістері; орта және кіші кемелердің шеттерінің сыртын қаптауды белгілеу үшін әзірленетін рейкаларды бақылау әдістері; тік бұрыштың тригонометриялық функциялары.

Жұмыс үлгілері

1. Балға тұғырлары – жіберетін және шаппаларды, теңгеретін жағының қуыстарын белгілеу.

2. Автоматтар үшін копир барабандары – белгілеу.

3. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің саны алтыға дейінгі цилиндр блоктар – белгілеу.

4. Түрлі жазықтықтарға орналасқан алты иіннен асатын ірі қозғалтқыштардың иінді біліктері – негізгі және шатунды мойындарды жону үшін белгілей отырып дайындаманы тексеру.

5. Диаметрі 1000-дан 5000 мм-ден асатын ескекті бұрамалар - өңдеу үшін белгілеу.

6. Домна пештерінің дірілді тас електер – сызбаларды қашай отырып сызу.

7. Дәнекерленген бу турбина диафрагмалары – механикалық өңдеу үшін белгілеу.

8. Сферикалық және конусты түптері – белгілеу.

9. Поршеньді және орталық оталғыштар – осьтер бойынша белгілеу.

10. Тұтас және торлы бағаналар – белгілеу.

11. Ескекті бұрама қалақтарын жасау үшін модельді жинақтар – берілген координаттар бойынша қиманы сызып және геометриялық құрылыстарды орындай отырып белгілеу.

12. Инжектор корпустары – белгілеу.

13. Сыртқы және ішкі гидрогенераторлардың айқаспалары – толықтай белгілеу.

14. Радиорелелік және телевизиялық мачталар – белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет