Жұмыстың мақсаты



бет3/17
Дата11.06.2016
өлшемі9.64 Mb.
#128322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Зертханалық жұмыс №3

Тақырып: Компьютердің программалық жабдықтамалары. Жүйелік программалар. Утилиттер (вирусқа қарсы программалар, архиваторлар)

(2 сағат зертханалық, 1 сағат СӨОЖ)

Жұмыстың мақсаты: Ақпаратты сығу. Архиватормен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен дағдысын, Kaspersky Anti-Virus, NOD 32 антивирустық программасымен жұмыс жасап үйрену. -дискіні дефрагментациялау;

-файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс-әрекеттерін орындап үйрену.

Антивирустық сканер Kaspersky Anti-Virus Scanner-компьютерлік вирустарды тексеруге және олармен күресуге арналған программа.Программаны іске қосу тәсілдері:


  • Windows-тың негізгі менюінен;

  • Kaspersky AV Control Centre;

  • команда жолынан

Программаны ең жылдам іске қосу тәсілі- Windows-тың негізгі менюінен немесе Іске қосу-Программалар- Kaspersky Anti-Virus және Kaspersky Anti-Virus Scanner арқылы іске қосыңыз.Осыдан кейін экранда 1- суретте көрсетілгендей программаның терезесі ашылады.

Программаны іске қосудың басқа тәсілі- арнайы мақсат жасау үшін, яғни белгілі бір уақытта және айқын күйге келтіру үшін Kaspersky AV Control Centre-ден қосылады.



1- сурет.

Командалық жолмен Kaspersky Anti-Virus Scanner-ді іске қосу үшін, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасын орындағаннан кейін, ашылған диалогтық терезе avp 32.exe модулінің орындалуына толық жол ашуға мүмкіндік береді.

Вирустарды іздеу және өшіру

Сканерлеу облыстарын таңдау

Объектілер ішкі (астарлы) беті сканерлеу облыстарын таңдау үшін қызмет етеді және объектілерді сканерлеуге арналған.

Мысалы, сіздер А дискісін сканерлеу үшін таңдадыңыздар, бірақ сіздер D, C, бумаларының тексерілгенін қаламайсыздар.Бұл жағдайда C ,D, B дискілерінің индикатор қанат белгісін алып тастай аласыздар.Одан кейін Сканерлеу- Сканерлеуді бастау командаларын орындап немесе меню қатарынан Сканерлеу батырмасын басу керек.

2-сурет. Kaspersky Anti-Virus Scanner программасының терезесі

Вирус табылған жағдайдағы әрекет- зақымдалған немесе күдікті объектілер табылған кезде олармен орындалатын іс-әрекеттер:

Тек қана нәтиже(Только отчет)- вирус табылған объект және сол вирус жөніндегі мәліметтер, яғни жұмыстың нәтижелік есебін береді.

Емдеу(Лечить)- барлық зақымдалған объектілерді алдын-ала сауалсыз емдеуге тырысады.Зақымдалған объектіні емдеу нәтижесінде объектідегі вирус өшіріліп, объектінің өзі түпнұсқасына сәйкес қалыпқа келтіріледі.

1. Тапсырма.

1. Компьютерге NOD 32 программасы орнатылғанына көзіңізді

жеткізіңіз.

2. Үнсіз келісім бойынша орнатылған параметрлерді анықтаңыз.

3. Өзіңіз қолданып жүрген дискетті программаның үнсіз келісімімен орнатылған параметрлері бойынша вирусқа тексеріңіз. Тексеру нәтижесін талдаңыз.

4. Windows папкасын вирусқа тексеріңіз және тексеру нәтижелері туралы түсінік беріңіздер.



2. Тапсырма.

1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз.

2.Дефрагментациялау Defrag программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңызда, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.

3. D: қатты дискіні дефрагментациялаңыз. Одан кейін қатты дискінің Қасиеттер командасы арқылы бос орынның бар екендігіне көз жеткізіңіз.



3. Тапсырма.

ScanDisk программасын іске қосу, сұхбаттық терезеде қажетті параметрлерді орнату (қажетті автоматты жөндеу қосқышын альп тастау, дискіні тексерудің стандартты әдісін таңдау) және Қосымша терезесінен жөндеу пунктерінтаңдай отырып, үнемі сіз қолданып жүрген дискетаны тексеру.



  1. Тексеру нәтижелерін мұқият қарап, оларды талдау.

4. Тапсырма.

Компьютердің ScanDisk программасының С: қатты дискісін Толық режімінде тексеру және тексеру нәтижесін талдау. Тексеруден бұрын Қателерді автоматты жөндеу пунктіндегі қосқышты орнату. Диск тексергеннен соң, түбір каталогты арап шығып, ондағы қалпына келтірілген файл дар бар ма, жоқ па, анықтау. Егер ондай файл дар бар болса, онда оның ішіндегілерін арап шығып, оларды жою.



5. Тапсырма.

Defrag дефрагментациялау программасын жүктеу және сұхбаттау терезедегі барлық параметрлер орнатылуын тексере отырып, сіз үнемі қолданып жүрген екі дискетаны тексеру.



6. Тапсырма.

  1. D: қатты дискісіне дефрагментация жүргізіңіз. Әрі қарай Дискі қасиеттері командасы бойынша дискіде бос орын (жалпы көлемнің 10 % кіші емес көлемде ) бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер осы көлемдегі бос орын жоқ болса, онда ескірген мәліметтерді жоя отырып немесе мәліметтер бөлігін басқа дискілерге орналастыра отырып, дискіден орын босатыңыз.

  2. Backup программасы сіздің компьютеріңізде бар екенін тексеріңіз, егер жоқ болса орнатыңыз.

7. Тапсырма.

Backup программасын іске қосып, Архивтеу қосымшасына кіріңіз. Графикалық редакторда орындалған бірнеше файл-суреттерді және WordPad редакторының мәтіндік файлдарын архивке кіргізіп, архивтік файлды дискетаға жазыңыз. Архивтелген және дискетаға жазылған файлды қатты дискіден жойыңыз. Дискетада архивтік файлдардан өшірілген ақпаратты қалпына келтіріңіз.



8. Тапсырма.

3,5(А:) дискетасын вирусқа тексеріңіз.



Windows ортасында дискімен жұмыс істеу программалары

Дискіні тазалау

Дискіні тазалау бағдарламасы керексіз файлдарды табуға және оларды жоюға , қатты дискідегі орынды азат етуге мүмкіндік береді.Қатты дискіде бос орын жетпегенде,оның терезесі экранда көрінеді.

Бағдарламаны іске қосу үшін , Іске қосу-Бағдарламалар - Стандарттылар - Қызмет пункті- Дискіні тазалау командасын таңдаңыздар.Экранда керексіз файлдарды жоятын, дискіні таңдау терезесі пайда болады.

Керекті дискіні таңдағаннан кейін, ОК батырмасын шерткенде 1- суретте көрсетілген терезе пайда болады. Бағдарламаны іске қосудың басқа тәсілі-Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезелерін ашып, контекстік менюден керексіз дискінің Қасиет командасын таңдау қажет.Жалпы (Общие) қосымшасы нан Дискіні тазалау батырмасын шерту керек.



Дискіні тазалау қосымшасында файлдардың аттары және Интернеттен толтырылған уақытша файлдар бейнеленген болады. Өшіру (Удалить) тізіміндегі файлдардың суреттелуі Суреттеу(Описание) рамкасындағы суреттеумен тура келеді.

1-сурет. Дискіні тазалау сұхбат терезесі

Егер сіздер тізімнен Қоржынды (Корзина) ерекшелеп, Файлдарды қарау (Просмотреть файлы) батырмасын

бассаңыз, онда қоржында қандай файлдар орналастырылғанына көз жеткізесіз.

Қосымша (Дополнительно) қосымшасын ашып, Windows пен бағдарламалардың қолданылмайтын компоненттерін өшіру арқылы дискіде бос орын азат етуге болады.

Дискіні дефрагментациялау

Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар-Стандарттар-Қызмет ету программалары -Дискіні дефрагментациялау (Defrag) қатарларын таңдаймыз.2- суретте көрсетілгендей экранда Дискіні дефрагментациялау сұхбат терезесі пайда болады.



2-сурет. Дискіні дефрагментациялау терезесі

Терезенің жоғарғы бөлігінен керекті дискіні таңдау және Дефрагментациялау бсатырмасын басу керек. Ал төменгі бөлгінен талдау нәтижелері және дефрагментациялауды көрнекті бейнелеп көрсетіледі. Дискінің дефрагментациялауды

орындамас бұрын, Талдау (Анализ) батырасын басу арқылы осы операцияға қаншалықты уақыт керектігін білуге болады. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді.



Backup программасы

Архивтеу дегеніміз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшірмесін дискіде немесе дискетте (магнитті таспада) сақтау. Мәліметтерді архивтеу үшін «Мәліметтерді архивтеу» программасы қолданылады. Бұл программа ақпараттың резервті көшірмесін құру және бұрын көшіріліп қойылған ақпараттарды қалпына келтіру мақсатында да қолданылады. Программаны іске қосу үшін Бас менюде: ПрограммаларСтандартты – Қызмет программалары (Служебные программы) – Backup қатарын таңдаймыз. Экранда төмендегі 3-суретте көрсетілген терезе пайда болады.



3-сурет Архивтеу терезесі



Тапсырма

1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз.

2. Дефрагментациялау Defrag программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңызда, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.

3. D: қатты дискіні дефрагментациялаңыз. Одан кейін қатты дискінің Қасиеттер командасы арқылы бос орынның бар екендігіне көз жеткізіңіз.



Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары

1. Архивтеу программасын іске қосыңыз. Графикалық редакторда салынған сурет және WordPad программасында құрылған файлдардың көшірмесін дискетке жазыңыз.

2. Көшірмесін алған файлдардың дискіден өшіріңіз.

3. Өшірілген файлдарды дискеттен қайта қалпына келтіріңіз.

4. Менің құжаттарым бумасындағы бірнеше мәтіндік файлдың көшірмесін Архив-бума көшірмесінен өшірілген

5. С дискісіндегі Архив-бума көшірмесінен өшірілген файлдарды өз орнына қалпына келтіріңіз.



Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік вирустар деген не?

2. Компьютерлік вирустарды қандай белгілеріне қарай топтарға жіктеуге болады?

3. Желілік вирустарға түсініктеме беріңіз.

4. Резидентті, резидентті емес вирустардың айырмашылықтары неде?

5. AVP антивирус программасның қандай мүмкіндіктері,ерекшеліктері бар?

6.Дискіні тазалау қалай жүргізіледі?

7.Дефрагментациялау программасы қалай іске қосылады? Бұл программа не үшін қажет?

8.Дефрагментация жасағаннан кейін қандай өзгерістер болады? Ол компьютердің жұмыс істеуіне ықпал ете ме?

9. Архивтеу деген не? Ол не үшін қажет? Windows жүйесінде архивтеу үшін қандай программа қолданылады?

10. Архивтеу программасы қалай іске қосылады?
Зертханалық жұмыс №4.

Тақырып: Программалау алгоритмдік тілі Qbasic. Стандартты функциялар.

Сызықты құрылымды алгоритмді программалау. (2 сағат зертханалық,

1 сағат СӨОЖ)

Мақсаты: Алгоритм ұғымын түсіне білу, қарапайым және әртүрлі қолданбалы есептерді шығару алгоритмін құра білу іскерлігі мен дағдысын қа­- лыптастыру, алгоритмнің жазылу тәсілдерін, қасиеттерін және түрлерін ажырата білуі тиіс. Қарапайым тiл құрылымының ережелерi мен арифметикалық өрнектердің Бейсик тiлiнде жазылуын оқып үйрену.

Алгоритмдiк тiл - алгоритм мен олардың орындалу жолын бiрыңғай және реттеп жазуға арналған белгiлер мен ережелер жүйесi. Бейсик бiр жағынан табиғи ағылшын тiлiне жақын, ол әдеттегi текст тәрiздi оқылады және жазылады. Екiншi жағынан, ол математикалық таңбаларды да қамтиды. Мұнда сандар, айнымалы шамалар, функциялар, оператор сияқты ұғымдар көптеп кездеседi. Бiрақ, Бейсик тiлiнде программа жасау үшiн, алгоритмнің атқарылу жолын, қандай амалдар орындау керектiгiн, берiлген мәлiметтер мен алынатын нәтижелер тiзiмiн айқын түрде жетiк бiлу қажет. Сондықтан үйрену алгоритм құрумен, есептi шығару жолын талдаумен, программаны компьютерге енгiзу, тексеру жолдарымен қатар жүргiзiлуi тиiс.

Алгоритмнің жазылуының жалпы түрі

Алгоритм тақырыбы

// алгоритм операндаларын сипаттау

Басы

// аралық айнымалылырды сипаттау

// алгоритмдегі командалар тізбегі- командалар сериясы

Соңы

Мұндағы басы және соңы қызметші сөздері алгоритмді жазудың басын және соңын көросетеді.

Алгоритмді жазу үшін алдымен оның түрлеріне тоқталайық.

Алгоритмнің сызықтық түрде сипатталуы. Командалары сызықтық түрде бірінен соң бірі бір деңгейде жазылатын алгоритмді сызықтық деп түсінеміз. Алгоримтдік тілдік жалпы жазылу түрі төмендегідей:



алг атауы ( типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

арг аргументтер тізімі

нәт нәтижелер тізімі

басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі

серия

соңы

Алгоритмдік тілде шамалар бүт - бүтін, нақ - нақты, лит - литерлік қызметші сөздерімен белгіленеді.



  1. мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.

S= (P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2

алг аудан ( нақ а,в,с)

арг а,в,с

нәт S

басы нақ Р

P:=(a+b+c)/2

S:= (P*(p-a)*(p-b)*(p-c))

соңы

Тармақталған алгоритмдерді программалау

Тармақталу командасы жазылған шарттың орындалуына тәуелді оған кіретін командалардың орындалуын анықтайды.

Тармақталу командасының жалпы түрі:

Егер шарт

Онда 1- серия

әйтпесе 2- серия

бітті

Қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар серияысының біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 1- серия орындалады, ал шарт сақталмаса онда екінші шарт орындалады.




  1. Мысал

Функцияның мәнін есептейтін аогоритм құру.

алг есеп(нақ х,у)

арг х

нәт у

басы


егер Х>=0.7

онда у:=sin(x)+cos(3*x)

әйтпесе Y:=cos(x)+abs(x)+1

бітті


соңы

Блок схемалар – арнайы геометриялық фигуралар арқылы орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схемалармен берілетін алгоритм.

Алгоритмді блок-схема түрінде жазғанда арнайы қабылдаиған мемлекеттік үлгі бойынша мына блоктарды пайдаланады алгоритм басы мен соңы элиппс, мәліметтерді енгізу мен шығару параллелограмм, ақпаратты өңдеуді есептеулерді тік төрт бұрыш шарттарды тексеру ромб фигурасының ішіне жазылады.



-басы мен соңы.



  • енгізу мен шығару.



  • Арифметикалық өрнекті есептеу, меншіктеу.


- шартты блок.



  • бағыт бағдар фигуралары.


Стандартты функциялар

Бейсик тiлiнде математикада жиi қолданылатын функциялар стандартты функциялар түрiнде жазылады. Олар үш латын әрпiмен белгiленiп, аргументi мiндеттi түрде жақшаға алынады. Төменде сол стандартты функциялар келтiрiлген.

Басқа функциялар (arcsin(x), arccos(x), ctgx т.б. ) жоғарыда көрсетiлген функциялар арқылы жазылады, мысалы:

arcctg(x)=arctg(x)+/2, , ctg(x)=1 /tg(x),


Математикалық жазылуы

Бейсик тiлiнде жазылуы

sinx

cosx


tgx

arctgx


х

ex

lnx

|x|


х санының одан аспайтын

бүтiн бөлiгi

х санының таңбасы



SIN(X)

COS(X)


TAN(X)

ATN(X)


SQR(X)

EXP(X)


LOG(X)

ABS(X)


INT(X)
SGN(X)


Арифметикалық өрнектер

Бейсик программасында өрнек - дегенiмiз арифметикалық амалдармен бiрiктiрiлген сандар, айнымалылар, функциялар мен массивтер тiзбегi. ´рнектердің жазылуы кәдiмгi математика формулаларының жазылуына ұқсас болып келедi. Бiрақ олардың символдары бiр қатарға жазылады, яғни бөлшектің бөлiмi мен алымы, дәреже көрсеткiштер мен индекстер төмен не жоғары шықпай бiр жолда жазылады.

Амалдардың орындалу кезегi, яғни арифметикалық өрнектердi есептеу кезiндегi амалдардың орындалу реттiлiгi төмендегiдей:


  1. жақша iшiндегi өрнектi есептеу;

  2. функциялардың мәндерiн есептеу;

  3. дәрежелеу;

  4. көбейту және бөлу;

  5. қосу және алу;

Кәдiмгi арифметикалық ереже сияқты, алдымен жақшаның iшiндегi амалдар орындалады. Орындалу ретi бiрдей амалдар солдан оңға қарай орындалады. Төменде өрнектердің жазылуынан мысалдар келтiрiлген.

1-мысал:

өрнектердің математикалық жазылуы

Бейсик тiлiнде жазылуы




p+lnz2


(A*X^2+B*X+C)/(D-0.25)
2*SIN(X)*COS(X)/SQR(B)
P+LOG(Z^2)
X^(1/3)


2-мысал:

Жиi кездесетiн қателер

Түсiнiктеме

2A+B

2-B


((sin(x)+B)/C+D^2

sinx+B


Көбейту белгiсi жоқ

Екi амал белгiсi қатар тұр

Жабатын жақша жетiспейдi

Функцияның аргументi

Жақшаға алынбаған


Математикада жазылуы Бейсикте жазылуы



    1. LЕТ-меншiктеу операторы

Меншiктеу операторы белгiлi бiр өрнектің мәнiн есептеп, оны бiр айнымалыға (функцияға) меншiктейдi. Оның жазылу ережесi:

[LЕТ] aйнымалы - өрнек

Мұндағы айнымалы - кез келген айнымалы немесе массивтің элементi;

LЕТ (айталық) оператордың аты, бұл сөздi жазбайға болады, сол себептi ол квадрат жақшаға алынған;



өрнек - өрнек, айнымалы немесе тұрақты шама.

Мысалы:


10 LЕТ A=2 -оператор орындалғаннан кейiн A 2 -ге тең болады.

20 X=A Х -айнымалысы А айнымалысының мәнiн қабылдайды.

30 Z(3)=X -Z массивiнің элементi X айнымалысының мәнiн

қабылдайды.

40 ALFA=A^2+Z(3)+SGR(A+X)


    1. Енгiзу операторлары - INPUT, READ, DATA

INPUT енгiзу операторы программаға сәйкес ЭЕМ-нің сұрауы бойынша деректердi пернелер тақтасынан енгiзу қызметiн атқарады. Бұл оператордың жұмысы экрандағы сұрау белгiсiнен басталады, сұрау белгiсiнің алдында түсiнiктеме болуы мүмкiн (егер ол программада жазылған болса).

Жалпы жағдайда INPUT операторы былай жазылады:



INPUT[:] [" түсiнiктеме";] айнымалы [айнымалы…]

түсiнiктеме - экранға түсiнiк ретiнде шығатын сөз тiркесi, ол қазақша да жазыла бередi, қандай айнымалының мәндерi енгiзiлетiнiн түсiндiредi.

айнымалы - мәнi пернелер тақтасыдан енгiзiлетiн айнымалылар тiзбегi, аз болғанда бiреу болу керек.

READ операторы DATA операторының мәндер тiзбегiндегi сандарды оқу үшiн және сол мәндердi өзiнің тiзiмiнде тұрған айнымалыларға меншктеу үшiн қызмет етедi. Форматы:

READ айнымалы [,айнымалы…]

мұндағы айнмыалы – айнымалының немесе массив элементiнің атауы.

DATA (мәлiметтер) операторы бастапқы мәндердi белгiлi ретпен қарапайым айнымалыларға немесе массив элементтерiне қабылдату үшiн қолданылады. Форматы:

DATA тұрақты шама [,тұрақты шама…]

мұндағы тұрақты шама – кез келген тұрақты сан немесе символды тұрақты. DATA операторы программаның кез келген жерiнде, READ операторының орнына байланыссыз жазылады. Бұл оператор орындалмайды, сондықтан программаның орындалуына еш әсерiн тигiзбейдi. 10 DATA 1, 2, 3, 4, -5E-8

20 READ A, B

30 L=A+B

40 READ C, D(3)

50 READ E2

Бұл программаның орындалу нәтижесiнде айнымалылардың мәндерi төмендегiше болады A=1, B=2, C=3, D(3)=4, E2=-5*10-8



PRINT -баспаға шығару операторы

PRINT (басып шығару) операторы өзiнің тiзiмiнде тұрған өрнектердің мәндерiн экранға шығару үшiн қолданылады. Форматы:

PRINT [тiзiм] [,] немесе ? [тiзiм]

мұндағы тiзiм -өрнектердің, айнымалылардың, тұрақтылардың үтiрмен, бос орынмен немесе нүктелi үтiрмен ажыратылған тiзiмi.



Есептi шығару алгоритмдерi

ЭЕМ-де есеп шығару жұмысы

А) берiлген есеп шартын математикалық өрнек түрiнде жазудан;

Б) оны шығарудың сандық тәсiлдерiн таңдаудан не табудан;

В) алгоритм схемасын жасаудан;

Г) оған сәйкес программа жазудан және оның қателерiн түзетiп ЭЕМ-ға енгiзiп, нәтиже алу кезеңдерiнен тұрады.



Iс-әрекеттің аты

Блоктың пiшiмi

Оның атқаратын жұмысы


Процесс


Таңдау

Модификация


Документ
Енгiзу-шығару

Бастау, аяқтау

Подпрограмма (көмекшi пр-ма)

Түсiнiктеме






Математикалық өрнектердi есептеу
Есеп шығару жолын таңдау
Цикл (қайталау) басы
Нәтиженi шығару,

қағазға баып алу


мәлiметтердi енгiзу (шығару)
алгоритмдердi бастау, аяқтау
подпрограммаларға кiру және шығу
схеманы, формулаларды түсiндiру

Блоктардың өзара байланысуына қарай алгоритмдер сызықтық, тармақты және циклдiк болып үш топқа бөлiнедi.

Тапсырмалар:

Төмендегi өрнектердi Бейсик тiлiне аударыңыз, алгоритімін құрыңыз.



  1. y=sin2x+2.52cos2x+x+1, x=1.2

  2. y=52tg1.818.2+x+sin24.2x, x=2.3E4

  3. y=earctgx+xarctg, x=3

  4. , x=4 b=3

  5. e=sin2x+2.52, [=5.765

  6. y=-tg3x+sin21.5x, x=1.756

  7. y=2arctgx+3earctgy, x=1.245, y=-1

  8. y=b2+x2sin2x+2.52cos2x+, x=-0.7

  9. y=52-+earctgx+earctga, x=1.2, a=2.3

  10. y=b2+sin2x+2.52cos3x+, x=5.6, b=8.2

  11. y=earctgxbearctgx+x2, x=6.4, b=-0.02

  12. y=2(arcsinx+1.8x), x=0.01

  13. y=, a=1.2, x=4


Тапсырмалар:
1. Мына –өрнектерді бейсик тілінде жазыңыз:

A= B=

A= B=

A= B=

S= T=

R=e D=

R= D=

G=ln(p+x F=



G= F=


Бейсик тiлiнде жазылуын анықтаңыз

Математикалық жазылуын анықтаңыз

Sin5(x+1)-tgx3+sin22.4

0.5*X^2+EXP(SIN(X))+COS(X)

3cos(x3-1)+x

0.125E+6*(X+0.576)

Arctg2x+33x+x+1

0.25E4-5.147*X+X*X

Sinx5-ld(y+4)

0.375E3+3*X+5

Tgx3-5siny3

8.56*X+EXP(X*LOG(A))

3cosx2-arctdy

0.125e+6*X/(X+EXP(X))

Lg(x)2-ex/(4x2-1)

7.5*X^2+SQR(X+1)

Cosx*lnx-tdy

(8.4*X+2)/EXP(COS(X))

3*lg(5+x3-2*x2)

0.5E-3/(X+5*X^2)

Arctgx*sin(x-5)2

5*A(I)+0.53E-4*X

Cos(2*x-5)3

(SIN(X+1)-3)/EXP(X+1)

3arctg(x2-1)+ex+1

EXP(LOG(Y)/3)+4*X

Sinx4-cos3(x)+lnx

SIN(X)-2*EXP(X-1.5)

Ln(tgx)-sinx

TAN(X-5.2)+5*Y

ex*sinx+2x5

EXP(TAN(X)+3*X^5)



SIN(X)^2

Lnx+sin22x

(SIN(X+1)-3)/(X+1)

Log3x+4sin7.5x2

1+LOG(A)/LOG(B)

Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары

Төмендегi есептердің шығару алгоритмдерiнің блок-схемасы мен программасын жазыңыздар.



  1. Берiлген қабырғаларының ұзындығы бойынша (a, b, c) үшбұрыштың биiктiктерiн төмендегi формула арқылы есептеу керек.



мұндағы

a, b, c -ның кез келген мәндерi пернелерден енгiзiледi, мұнда a


  1. Y=ae-axsin(wx) мұндағы x=()/w , , a, x-тың мәндерi пернелер тақтасыдан енгiзiледi.

  2. y= (e-x+e-x)/2 және z=(a+b)/2 мұндағы , a, b, c -ның кез келген мәндерi пернелер тақтасыдан енгiзiледi.

  3. Массалары m1, m2, m3 және координаттары (x1,y1), (x2,y2) , (x3,y3) материалдық нүктелерiнің ауырлық центрлерiнің керек.,

,

  1. Берiлген АВ кесiндiсiн n1:n2 қатынасы арқылы бөлетiн нүктенің координаттарын есептеу қажет. , , мұндағы

  2. Қабырғалары a, b, c үшбұрыштың медианаларын табу керек.

  3. F=g(x-y) функциясының t=7 болғандағы мәнiн табу керек, мұндағы g=5x+sin2y,

x=0.02t2-25

  1. Y=2e-4xsinx+2.1x-x функциясының t=2.1 болғандағы мәнiн табу керек, мұндағы x=25-t3

  2. Берiлген қабырғаларының ұзындығы бойынша (a, b, c) үшбұрыштың ауданын төмендегi формула бойынша есептеу керек мұндағы -ның кез келген мәндерi пернелер тақтасыдан енгiзiледi, мұнда a


1. Мына –өрнектерді бейсик тілінде жазыңыз:

A= B=

A= B=

A= B=


Бақылау сұрақтары:

1. Алгоритм тілінің қызметі қандай?

2. Қандай алгоритмдер сызықты деп аталады?

3. Бейсик айнымалыларының түрлерiн (тип) атаңыздар.

4. Айнымалылардың түрiн (тип) оның атына қарап қалай ажыратуға болады?

5. Блок – схемалардың атқаратын қызметін атаңыз?



Зертханалық жұмыс №5.

Тақырып: Тармақталған құрылымды алгоритмдерді Qbasic тілінде программалау. Циклды құрылымды алгоритмдері Qbasic тілінде программалау.

(2 сағат зертханалық, 2 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Сызықтық құрылымды есептеу процесіне алгоритм құрудың практикалық дағдысын,оны программалау тіліне (Турбо паскаль жүйесіне) программаны аударып,енгізіп,оны жүргізе білу іскерлігін стандартты типтер мен стандартты функцияларды пайдалана білу дағдысын,енгізу,шығару және меншіктеу операторларын пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.
3.7. Сызықтық алгоритмдердi программалау

Егер берiлген iс-әрекеттер өздерiнің тәртiбiне сәйкес тiзбектелiп орындалс, онда мұндай алгоритм сызықтық структуралы алгоритм деп аталады. Амалдардың бұлай бiрiнен соң бiрi реттелiп орындалу тәртiбiн табиғи атқарылу дейдi.

Мысалы, керектi айнымалылар:

a=sinx, b=cosx, c=tgx және x=3.14 болғанда берiлген F=ax2+bx+c фунцкиясының мәнiн есептеу керек. Бұл есептің алгоритм схемасы және программаның нәтижесi оған сәйкес программасы төменде келтiрiлген.

10 REM СЫЗЫКТЫҚ АЛГОРИТМ

20 INPUT "X="; X

30 A=SIN(X)

40 B=COS(X)

50 C=TAN(X)

60 F=A*X^2+B*X+C

70 PRINT "F="; F

80 END


RUN

X=? 3.137

F=-3.096366
Шартты көшу операторы алдымен бір шарттың орындалуын тексереді , сонан соң егер шарт орындалса, операторлардың орындалу кезегі өзгереді де. Шарт орындалмаса, онда программа ретімен орындала береді. Шартты көшу операторының бірнеше түрлері бар.

IF < шарт > THEN < оператор >

Мұндағы IF – оператордың аты ( егер) ; < шарт > - “ =” не «<» ( «>») таңбалары кіретін логикалық шарт ; THEN - «онда» деген ұғымды білдіретін түйінді сөз; < оператор > - шарт орындалғанда атқарылатын оператор

Тармақталу алгоритмдерінің екі мүмкіндіктерінің брін таңдайтын құрылым IF операторының толық түрімен жазуға болады, оның форматы

IF < шарт> THEN <1- оператор> ELSE <2- оператор>

мұндағы ELSE – түйінді сөз , « әйтпесе» болып аударылады.

Шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты 1- немесе 2 – оператор орындалады.

Мысалдар:

1) 10 IF X > = 5 THEN Y = X + 7.5 ELSE = X* X

2) Y функциясын төмендегі формула бойынша есептеп шығару керек болсын






басы




х

x>0







y=x+x

Y=x+1









y





соңы

10. REM

20 INPUT X

30 IF X > = 0 THEN Y = SQR ( X) + X ELSE Y = SQR (X ^ 2 +1)

40 PRINT Y

50 END

Тексеру үшін: RUN



y=

2. Мұнда х айнымалысының таңабасына (оң, терiс) байланысты не жоғары, не төменгi формуланы таңдап, сол арқылы у функциясының мәнiн табамыз. Бұл есептің алгоритм схеманы төмеңде көрсетiлген.




Екiншi блок орындалу барысында х айнымалысына белгiлi бiр сандық

Тапсырмалар:

A)

Ә)

Б)

В)

Жаттығулар


  1. Мына функцияның y=5x3+2 sin2(x)+4tg(x)-1.5

а) a=3.4, b=2.5, t=2.1;

б) a=3.5. b=-2.4, t=4;

в) a=1.5, b=2, t=3 болғандығы мәндерiн есептеп табу керек, мұндағы


  1. Берiлген 3 санның ең кiшiсiн және ең үлкенiн табу керек.

  2. Киоскiде газет 9 сом, ал журнал 50 сом тұрады. Сатып алушының не қалайтынын сұрайтын (журнал немесе газет), ақшасын алатын (ақша пернелерден енгiзiледi) және қайрытынын баспаға беретiн программа құру керек. Берiлгендердің керектi мәндерiн қалауларыңызша алыңыздар.

  3. Мына функцияның y=5x3+4x+1.5

а) a=3.4, b=25, t=2.2;

б) a=3.4, b=25, t=2.1;

в) a=3.5, b=3.6, t=2.1 болғандығы мәндерiн есептеп табу керек, мұндағы


  1. функциясының мәнiн есептеп табу керек (y=0 болса шешiмi жоқ), мұндағы y=sinx-1

  2. Мына функцияның

а) a=1.64, b=8.5, x=2.1;

б) a=3.5, b=4, x=4;

в) a=1.5, b=2, x=3 болғандығы мәндерiн есептеп табу керек, мұндағы

k=ax2+bx-ab



  1. Мына функцияның

а) a=1.6, b=8.5, x=2

б) a=3.5, b=4, x=4

в) a=1.5, b=2, x=4 болғандығы мәндердiн есептеп табу қажет, мұндағы k=ax2+x-b


  1. Берiлген 3 санның ең кiшiсiн, қосындысын және көбейтiндiсiн табу керек.

Тапсырмалар:

1. Төмендегі өрнектердің мәндерін есептеуге программа құрыңдар:

a) y=


б) y=

2. x және y-тің әр түрлі мәндерін енгізіп,төмендегі өрнектердің мәндерін есептеуге программа құрыңдар:

а) z= в) z=

б) z= г) z=

1. Мына – өрнектерге бейсик тілінде программа құрыңыз және блок- схемасын сызыңыз:

A= B=

A= B=

A= B=

S= T=

R=e D=

R= D=

G=ln(p+x F=

G= F=

Мына формулалар бойынша есептеулерлерге программа құрыңдар:

A-нұсқа 1. A= B=

2.A= B=

3.A= B=

4.S= T=

5. S= T=

В-нұсқа 1. S= T=t

2. R= D=cos

3. R=e D=

4. R= D=

5. G=ln(p+x F=
Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмыстарының тапсырмалары


  1. Катеті мен сүйір бұрышы берілген тікбұрышты ауданын және периметрін есепте.

  2. Берілген диаметрі бойынша дөңгелектің ауданын және шеңбердің ұзындығын есептеңдер.

  3. Теңбүйірлі трапеция формасындағы егістіктің берілген қабырғалары ауданын және периметрін есепте.

  4. Массасы m дене һ биіктікте v жылдамдықпен қозғалып барады. Осы дененің потенциалдық (p=mgh) кинетикалық (E=mv) энергияларын есептеңдер.

  5. Жарықтың жылдамдығы 299792 км/с. Жарық тәуліктің бір сағатында қандай арақашықтықта болады?

  6. Айдың радиусы 1740 км. Бетінің ауданын (S=4Пr) және жердің көлемін (V=4Пr/3) есептеңдер.

  7. Берілген екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипатенузасының ұзындығын есептеңдер.

11.Қабырғасы белгілі кубтың көлемін және бүйір бетінің ауданын есептеңдер.

12. Квадратқа сырттай сызылған шеңбердің ауданы S. Осы квадраттың ауданын және периметрін табыңдар.

13. Трапецияның барлық қабырғаларын белгілі деп есептеп,оның периметрін табатын программа құрыңыз.

14. Берілген үш оң санның геометриялық ортасының бөлшек бөлігін есептейтін программа құрыңыз.

15. Үшбұрыштың төбелерінің координаталары X1, Y1, X2, Y2, X3,Y3 берілген.Үшбұрыштың ауданын табатын программа құрыңыз.

16. Төмендегі арифметикалық өрнектердің мәндерін y=,R=sin(x+yπ/2) және К бүтін санын n санына бөлгендегі бүтін қалдықтыесептеуге программа құрыңыз.



Бақылау сұрақтары

  1. LЕТ – меншіктеу операторының қызметі.

  2. Енгiзу операторларына толық түсінік бер.

  3. Баспаға шығару операторына толық түсінік бер .

  4. Сызықтық алгоритмдерді программалау жолдарын түсіндіріңіз


Зертханалық жұмыс №6.

Тақырып: Массивтерді енгізу қорытындылау операторлары. Бір өлшемді массивті өңдеу. Екі өлшемді массивті өңдеу. (4 сағат зертханалық, 2 сағат СӨОЖ)

Мақсаты: Массивтерді қолданып программа құруды үйрену және оларды пайдаланып есептер шығару

Математикада, экономикада көптеген есептердi шығару кезеңiнде бiр теңдеудi (формуланы) пайдаланып ондағы айнымалының өзгеруiне байланысты бiрнеше рет қайталап есептеуге тура келетiн сәттер жиi кезедеседi. Осындай қайталанып орындалатын есептеу процесiнің белгiлi бiр бөлiктерiн цикл деп атайды.

Циклді қанша рет қайталау керек екені кейде алдын ала белгісіз болады, бірақ бір шарт орынды болып тұрғанда ол орындалуы тиіс.

Блок- схема

Алгоритмдік тіл

QBasic












шарт





Қайталану командасы:

әзірше шарт

цб

цикл денесі



цс

Циклдің шартты операторлары:

WHILE шарт

Цикл денесі

WEND

DO WHILE немесе UNTIL



Цикл денесі

LOOP


DO

Цикл денесі

LOOP WHILE немесе

UNTIL


Шарт ақиқат болғанда цикл орындала береді

WHILE немесе жалған болған шақта UNTIL



Практикада белгiлi бiр айнымалының сандық мәнiмен байланысты орындалатын арифметикалық цикл жиi кездеседi. Мұнда арифметикалық прогрессияға ұқсас, болып келетiн циклдер ең қарапайым арифметикалық цикл болып табылады. Оны басқару қайталану кезеңiнде прогрессияның заңына сәйкес тұрақты шамаға өзгерiп отыратын цикл параметрiнің сандық мәнiмен байланысты болуы тиiс.

Цикл орындалуы алдында оның айнымалы аргументi-параметрi алғашқы мәнге ие болуы керек, сонан соң әрбiр қайталану кезеңiнде цикл параметрi белгiлi бiр адыммен (қадамға) өзгере отырып, ол алдын ала берiлген ең соңғы мәнге шейiн жетуi қажет.

Алгоритмнің орындалу алдында оның айнымалы аргументi-параметрi мысалы х, өзiнің ең алғашқы х0 мәнiнен ең соңғы хк мәнiне дейiн тұрақты шамаға h өзгерiп отырады. Осының нәтежисiнде Х төмендегi мәндердi қабылдайды:

x0, x0+h, x0+2h,…, x0+(k-1)h, xk

Циклдің қайталану саны n мынадай формула арқылы есептеледi:

n әрқашанда бүтiн сан болады, егер аралас сан болса, онда оның бөлшегi алынып тасталады, өйткенi циклдің қайталану саны бүтiн натуралдық сан болуы тиiс.

Арифметикалық цикл үшiн y=f (x) функциясының есептелу жолы алгоритм ретiнде төменде көрсетiлген.

ия


Мұндағы 3-шi, 6-шы, 7-шi блоктар циклдi ұйымдастыру үшiн қажет. Олар цикл параметрiнің алғашқы мәнiн, өзгерту қадамын белгiлеп және оның соңғы мәнiне жеткен-жетпегенiн тексередi.

Ал, 4-шi, және 5-шi блоктар бiрнеше рет қайталанып циклдің өрiсiн (денесiн) құрайды. 7-шi блок шартты тексеру жолымен қайталану процесiн ұйымдастырады. Бұл алгоритмнің программасы y=3x2+5x-1 функциясы үшiн төмендегiдей болады.

10 REM цикл алгоритмi

20 INPUT “X0,H,XK=;XO,H,XK”

30 X=X0

40 Y=3*X^2+5*X-1



50  “X=”;”Y=”;Y

55 X=X+H


60 IF X<=XK THEN 40

70 END


1-мысал: Берiлген Z функциясының 100 мәнiн есептеп шығару керек,

мұнда к=1, 2, … , 100

ал, х-тұрақты шама, ол программаға енгзiлуi тиiс. Бұл жерде цикл параметрiнің рөлiн к атқаруы тиiс, оның алғашқы мәнi – 1, соңғы мәнi – 100, қадамы – 1. Бұл есептің алгоритм схемасы алдыңғы есепте көрсетiлгендей болады, ал программасы төмендегiдей

10 REM K-цикл параметрi

20 INPUT “X-тің мәнi:”; X

30 FOR K=1 TO 100

40 Z=X^K/K^2

 tab (17) “K=”; K, “функция Z=”;Z

60 NEXT K

70 END

RUN


Бұл программаның орындалу нәтежисi төмендегiдей болады:

X-тің мәнi :1.2

K=1 Z=1.2

K=2 Z=.36

… …

K=100 Z=8281.798



  1. мысал.

1,3,5,......15 сандар квадраттарының кестесін құру.
Шешуі:

Егер Х цикл айнымалысының басқарушысын алғашқы мәнінен- 1-ден ақырғы мәнінен -15-ке дейін, Y=X2 формуласын пайдаланып қадаммен (2) өзгертіп отырса, сандар квадраттар кестесін құруға болады.

Алгоритімдік тілде жазылуы: Программасы:

алг квадраттар кестесі ( нәт. бүтін У) REM квадраттар кестесі

басы бүтін Х DIM X,Y AS Integer

X:=1 X:=1



әзірше X<=15 DO WHILE X<=15

цб Y=X^2

Y=X2 Print X,Y



Шығару Х,У X:=X+2

X:=X+2 LOOP



цс

соңы

5. Жеке тапсырмалар

  1. Төмендегi тапсырмаларда N әрпiмен есеп варианттарының реттiк нөмiрi бейнеленген. Мұнда бiрнеше функция мәндерiн х-тi өзгерте отырып қағазға мына түрде басып шығару қажет.

Бiр айнымалысы бар функциялардың таблицасы

Х F1(X) F2(X)Fm(X)

Х0 f1(x) f2(x) Fm(x)

…………………………………………………………………………

xn f1(xn) f2(xn)Fm(xn)


Орындаған (фамилия)

Кестеде айнымалы х-тің алғашқы, соңғы мәндерi a, b, х-тің қайталанып есептелетiн мәндерiнің саны, яғни циклдің қайталану саны – n және есептелiнетiн f(x) функциясының нөмiрлерi j (j =1,…,m) көрсетiлген. Әр варианттағы функциялардың түрлерi төмеңдегi нөмiрлерге сәйкес келуi тиiс. 1) sin(x); 2) cos(x); 3) sin(x); 4) sin(x)cos(x); 5) sin(x)+cos(x); 6) 2-cos(x); 7) 2sin(2x); 8) ; 9) 20/(1+x2); 10) 1+2x; 11) (x-1)9; 12) ex; 13) e-x2; 14) 4e-x-1; 15) 1-x2; 16) 1+2x+5; 17) x+105; 18) (x+53)(1+sin2x); 19) e-(x+9); 20) 2-x/100; 21) e-(x+5)

1-кесте


N

J

a

b

n




N

J

a

b

n

1.

1,6,9,16,

-

4.2

20




15

1,16,19

-

-

30

2.

2,8,18

0

4.2

30




16

2,15,17,8

-

-

40

3.

3,4,11

0

4.2

40




17

3,6,13

-

-

50

4.

4,10,13

0

4.2

40




18

4,7,19

0

-

28

5.

1,5,12

0

4.2

50




19

5,11,18

-/2

-

30

N

J

a

b

n




N

J

a

b

n

6

4,6,15

-

4,2

20




20

6,3,20

-

-

40

7

3,7,11

0

4,2

40




21

4,7,13

-/4

-/2

30

8

8,13,21

-2

4,2

40




22

8,9,14

-1

3

40

9

9,15,16

-3

4,2

30




23

9,13,15

-4

4

40

10

10,15,18

-1

4,2

50




24

8,10,17

-2

5

35

11

8,11,17

0

4,2

30




25

9,13,15

-2

4

30

12

9,12,16

-3

4,2

30




26

8,10,17

-1

4

50

13

10,13,18

-1

4,2

40




27

10,11,13

-2

2

40

14

10,14,16

-2

4,2

40




28

12,14,17

-1

5

30

Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары

II. Төмендегi есептердегi массив элементерiнің сандық мәндерiн қалауларыңызша алыңыздар.

1. Группадағы студенттердің стипендиясы массив түрiнде берiлген с1, с2, с3, … с25. Неше студент жоғары стипендия алады және әрбiр студент орташа қандай стипендия алады

2. Берiлген с1, с2, с3, … с25 массивiнің жұп нөмiрлi элементтерiнің (s1) және тақ нөмiрлi элементтерiнің қосындыларын (s2) табу керек.

3. Берiлген массивтің х1, х2, … х15 барлық элементтерiнің қосындысын және санын табу керек.

4. 20 элементтен тұратын А массивiнің оң элементтерiнің қосындысын, терiс элементтерiнің модульдерiнің қосындысын және санын табу кажет.

5. Берiлген массивтің у1, у2, у3, …, у17 тақ нөмiрлi элементтерiнің арифметикалық ортасын және жұп нөмiрлi элементтерiнің қосындысы мен арифметикалық ортасын аңықтау керек.


  1. Берiлген с1, с2, с3, … с25 бүтiн сандардан тұратын массивтің жұп және тақ элементтерiнің санын табу қажет.

  2. Екi аптадағы күннің суықтығы төмеңдегi массив түрiнде берiлген. t=(-15, -14.5, -23, -12, -21, -23, -24, -18.5, -17, -11, -6, -2, 2.3, -19.5). Неше күн –200С-тан суық болғанын және әр аптаның орташа температурасын есептеп шығару керек.

  3. 10 элементi бар массив берiлген. осы массивтің жұп индекстi эелементтерiнің қосындысын, ең үлкен элементiн және оның индексiн табу керек.

  4. Радиусы 5-ке тең шеңбер берiлген. Төмеңде берiлген нүктелер қай ширекте жатады және олар шеңбердің iшiнде жата ма

A(-5,2), B(3,2), C(4,5), Q(5,5), W(6,2), E(-1,4), R(-3,20), T(8,1), U(6,1), K(3,3).

  1. Облыста 10 аудан бар. Әр ауданның етiстiгiнің ауданы (х) және өнiмдiлiгi (0) белгiлi. Облыс бойынша қанша астық жиналғанын табу керек.

x=(100, 150, 202, 210, 80, 330, 400, 510, 113, 123)

Егiн өнiмдiлiгi дегенiмiз 1 га ауданнан жиналған астық.

0=(15, 18, 28, 13, 12, 14, 15, 18, 11, 10)

III. 1-таблицаны пайдаланып, аудан бойынша жүк тасу үшiн шығатын шығынды шығару қажет. 2-таблицаны да толықтырып есептеу қажет.

1-кесте


N

Шаруашы-лықтың аты

жүк салмағы

1 т жүктi тасу бағасы сом

шығын, мың сом

1

Актерек

1234

4,23




2

Берiктас

2212

3,45




3

Дегерес

4432

3,35




4

Кастек

5355

2,48




5

Аманкелдi

5322

1,96




Барлығы











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет