~
72 ~
деңгейі төмен болса, гипогликемияның белгілері мен симптомдары
туралы айтыңыз, егер пациентке инсулин тағайындалған болса,
науқасқа өздігінен инсулин тағайындауға мүмкіндік беретін оқытуды
жоспарлаңыз.
• Оқыту процесінде және жоспарланған оқыту сеанстары кезінде
(мысалы, пациенттің қандай ақпаратты білгісі келетінін және
алдымен қандай ақпаратты қамту керек екенін анықтауға
шақырыңыз) пациентке таңдау жасауға мүмкіндік беріңіз, емдеудің
нұсқаларын шешкен кезде пациенттің қажеттіліктеріне жақсы сәйкес
келетін үй жағдайында қандағы глюкоза мөлшерін өлшейтін
құрылғыны (мысалы, қандай инсулин құрылғысы (шприц, қалам,
инсулин сорғысы) таңдауға мүмкіндік беріңіз;
• Жақсы нәтижеге жету үшін оқытудың әртүрлі стратегияларын
қолданыңыз, бұл топтық оқыту немесе тікелей байланыс болуы
мүмкін (мысалы, жеке телефон арқылы). Тікелей байланыс
пациенттер тарапынан жоғары бағаланады, бұл пациентке (отбасына)
өзін сенімді сезінуге, сенім қалыптастыруға және үміт сақтауға
көмектеседі;
-
Оқыту барысында 2 типті қант диабетімен ауыратын
пациенттерді ынталандыру үшін құрылымдалған сұрақтар тізімін
пайдаланыңыз, бұл пациенттің берілген ақпарат туралы пікірін алуға
және олардың қатысуын күшейтуге көмектеседі, сонымен қатар
оқытуға қажетті уақытты үнемдейді.
- Пациентке және / немесе отбасы мүшелеріне өзін-өзі бақылау
дағдыларын игеруге мүмкіндік беру.
- Оқыту тәжірибесін мүмкіндігінше үйде және нақты етіп жасау
қажет.
- Пациентке және / немесе оның отбасы мүшелеріне жеткілікті
уақытты, дағдыларды дамыту үшін қауіпсіз, қолайлы жағдайлар және
қайталау мүмкіндігін беріңіз. Пациентке және оның жанұясына
қиындықтар туындаған жағдайда көмектесу үшін «ал егер» сұрағын
қойыңыз:
|