~
14
~
Мейіргерлер пациенттің денсаулығын сақтау,
басқару және
жақсарту үшін қажетті ақпарат пен дағдыларды ұсынады. Мысалы,
перинатальды (жүктілік кезеңіндегі) сыныптарда мейіргерлер
болашақ ата-аналарға ұрықтың дамуы, жүктілік кезіндегі күтілетін
ананың физикалық
және психологиялық өзгерістері, пайдалы тамақ
таңдаудың, ұрыққа зиян келтіретін заттарды жоюдың және
жаттығудың маңыздылығы туралы айтады.
Білімді байыту, дамыту
денсаулықты жақсартады. Егер пациент өз денсаулығына мұқият
қараса, оның денсаулығын басқару
тиімділігі артады және
денсаулығына қатысты мәселелерді ертерек анықтап, диагноз қоюға
ұмтылуы ықтимал (Zuniga, Kirk, Mier, et al., 2012) [1].
Интернетке
және денсаулыққа қатысты веб-сайттарға оңай қол жетімділіктің
арқасында пациенттер көптеген медициналық ақпарат пен
ресурстарға тікелей қол жеткізе алады.
Әлеуметтік желіні,
денсаулыққа қатысты Интернеттегі ақпараттық сайттарды және
смартфонға арналған қосымшаларды қолдану пациенттердің білімі
мен өзін-өзі басқаруды жетілдіре алады (Nimkar, 2016) [1].
Достарыңызбен бөлісу: