~
42
~
нақтылығына, мәтін стиліне, өлшемі мен форматына байланысты
өзгеріп отырады.
- Интернеттегі ресурстар пациенттердің
көпшілігіне оңай қол
жетімді, дегенмен мамандар интернеттегі ақпараттың құндылығымен
келіспейді.
- Егер процесс интеграцияланған болса, медициналық көмек
көрсетуді жақсарту үшін компьютерлік оқытуды қолдану жақсырақ
болады. Компьютермен оқытудың өзі денсаулыққа әсер етпейді.
Пациенттердің Интернетті қолдануын жақсартатын стратегиялардың
бірі – жүрек-қан тамыры аурулары туралы дәл, өзекті және түсінікті
ақпарат ұсынатын веб-сайттардың тізімін беру.
- қауымдастық ресурстарын (мысалы,
топтық оқытулар, қолдау
топтары, өзіне-өзі көмек көрсететін өзіндік топтар) пациенттер мен
олардың отбасыларының ЖҚА туралы білімін арттыру үшін
пайдалануға болады;
Пациенттің және оның отбасының оқытуға деген реакциясын
бағалаңыз
• Пациентті емдеу барысында үнемі оқытуды бағалаңыз.
• «Кері оқыту» әдісі пациенттерге оқытылатын материалдарды
түсінуін бағалау үшін қолданылады.
- Пациентке / отбасы мүшелеріне денсаулық туралы ақпаратты
қайталауға және өзін-өзі күту дағдыларын көрсетуге мүмкіндік
беріңіз, бұл оқытушаға қажет болған
жағдайда шеберлік туралы
ақпаратты немесе идеяларды тыңдауға, байқауға және нақтылауға
мүмкіндік береді.
- Есіңізде болсын, адам жалпы ақпаратқа қарағанда белгілі бір
ақпаратты оңайырақ есіне түсіреді.
• Өзіндік тиімділікті бағалау (яғни,
адамның қалаған нәтижеге
қол жеткізе алатындығына сену дәрежесі) оқушының ақпаратты
түсінуде немесе шеберлікті орындауда қаншалықты сенімді екенін
бағалау үшін қолданылады. Мысалы, пациенттен сұраңыз: «0-ден 10-
ға дейінгі шкала бойынша, үйге келгенде дәрі-дәрмекті дұрыс
қабылдауға қаншалықты сенімдісіз?».
Егер пациенттің жауабы <7