Жоба Ахметов


  Айтыс оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.02.2024
өлшемі174.31 Kb.
#490813
1   2   3   4   5
Жоба Ахметов




Айтыс оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері 
Қазақтың ауыз əдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының 
туу негіздері мен өзіне тəн ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық 
ауыз əдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бəдеуилер 
тайпасында жəне түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы 
Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы 
шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның əуелгі элементі 
көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен əлі ажырамай, бəрі бірігіп 
бір бүтін өнер саналып, əні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, 
қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дəуірде туса 
керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса 
керек. 
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бəдік айтысының негізінде адам 
баласының табиғатқа əсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде 
қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір 
айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай 
заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар 
айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының 
анағұрлым кеш туғандығы анық. 
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – 
жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер 
салыстыру, сөз сынасудың үстіне əр ақын өз руын дəріптей жырлаушылық 
келіп қосылғанын көреміз. Əсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы 
дəуірде өмір сүрген атақты ақындар: 
Шөже

Балта

Орынбай

Кемпірбай

Тезекбай

Сүйінбай

Түбек

Омарқұл

Тəбия

Мұрат

Сүгір

Жаскілең

Бала 
Омар

Біржан

Сара
, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен 
қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген 
жəне тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс 
жанры қазақ ауыз əдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да 
айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар 
айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ əдебиетінде ғана сақтап 
қалып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет