Қорытынды
Біз бұнымен «айтыс»
атты өнердің қадірін кетіруге, аяқасты
қылуға талпыныс жасап жатқанымыз жоқ.
Керісінше, айтыстың
Ел атты, халықтың мызғымас махаббаты
атты қорғаушысы бар
екенін сезіне отырып, тек сол махаббатқа сызат түспеуін тілейміз.
Ол үшін аса көп нəрсе де керек емес: ақындар өзара келісіп алып
айтысуды қойса, құлқынға тəуелді болмаса, ел мүддесін есеп-
қисапсыз емес, орнымен айта білсе,
сыпайылықты анайылық,
тапқырлықты құйтырқылық басып кетпе се,
ақындар
инкубатордың балапандарындай бір-бірінен аумай кетуден сақ
болып, өздерінің тұлғалық имидждерін қалыптастырса, бір-бірін
қайталамай, əркім өз мақам, өз келбет, өз ұстанымымен танылса,
тұрмыстық шындықтан
көркем шындықты биік қойса, тіл
тазалығын сақтаса... Адал болса! Айтыс өнері қай ғасырда
болмасын, өзінің мəн-маңызын жоғалтпасы анық.
Егер осы
аталған өлшемдерді ескермесе,
жазба поэзияның бағын байлап,
қоғамның ой-өрісін артқа тартпаса екен дейміз.
11