Жоба Ахметов


  Айтыстың өзіне тəн ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата05.02.2024
өлшемі174.31 Kb.
#490813
1   2   3   4   5
Жоба Ахметов




Айтыстың өзіне тəн ерекшеліктері 
Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). 
Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде 
талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын 
сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, 
бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. 
Соның бəріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дəлел айтуға əзір болуы 
керек. Мұның бəрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, 
тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін
тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. 
Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста 
дəрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға 
абырой əпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ əуенге басады, 
өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын 
тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Əсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан: 
Дау айтып күні бұрын көрсетпелік, 
Майданда озса жүйрікке есептелік. 
Орта жүз түгел білген Ырысжанмын 
Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, – 
деп, Əсетті ықтыра сөз тастайды, ал Əсет оған: 
Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ, 
Алты арысқа білінген екен менмін, – деп, асқақ жауап қатады. 
Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту 
ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз 
саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз 
майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың 
мұндай барлау жасауы табиғи да. Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі 
"ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, əйел де 
қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бəйгеге түсер шамасы болса 
болғаны. Майталман ақынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, 
ұлғайған ақынның жас қыз, келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам 
емес. 



Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де 
айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды 
жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары 
бағаланады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа төпей беруді көпшілік 
дарындылық, ақындық деп танымайды. Мұндай қылықты қазақ 
айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны қазақ "сиыршылау" деп 
атайды. Шынайы ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін 
мойындап, əрі қарай сөз таластырмайды. 
Ауыз əдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – 
оған көптеген əйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында 
талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған əйгілі ақындар аз емес. 
Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тəбия сияқты 
ақындар – топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық 
қатты ардақтаған. 
Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі – онда "Халық театрының анық, 
дəл ұрығы бар" (М.Əуезов), айтыс əсерлі болуы үшін ақындар 
домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен, əнмен айтады. 
Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды. 
Тарихта аты мəлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде 
тəрбиеленіп өсті. Айтыс – ақындық тəрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде 
оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында 
сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына 
зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс 
үстінде туған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет