Жоба Қазақстан Республикасының Заңы «Волонтерлік қызмет туралы»


-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктері



бет5/7
Дата01.03.2024
өлшемі80 Kb.
#493758
1   2   3   4   5   6   7
ПЗРК О волонтерской деят кз

9-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктері

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктеріне:


1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
2) жастардың жаппай волонтерлік акцияларын қолдауды жүзеге асыру;
3) волонтерліктің ақпараттық жүйесінде волонтерлік бағдарламалар және волонтерлердің қатысуымен іске асырылатын акциялар туралы ақпарат орналастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктер жатады.


3-тарау. Волонтерлік қызметті ұйымдастыру және қолдау

10-бап. Волонтер

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік қызметті волонтер ретінде тіркелген де, тіркелмеген де адамдар жүзеге асыра алады.


2. 18 жасқа толмаған адамдар волонтерлік қызметті олардың денсаулығына және адамгершілік дамуына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жағдайда жүзеге асырады. 14 жасқа толмаған адамдар волонтерлік қызметке ата-анасының (өзге де заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен немесе олармен бірге ілесіп жүріп қатысады. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 18 жастан асқан, арнайы даярлығы бар волонтерлер ғана жіберіледі.
3. Волонтердің:
1) осы Заңда, сондай-ақ басқа да заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды ескере отырып, волонтерлік қызметті жүзеге асыруға өзінің қатысуын еркін таңдауға;
2) егер волонтер мен волонтерлік ұйым арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта өзгеше көзделмесе және жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына тікелей зиян келтірмесе, мүліктік залал туындамаса, волонтерлік қызметті кез келген уақытта еркін тоқтатуға;
3) волонтерлік қызметтің мақсаттары, міндеттері және мазмұны туралы, волонтерлік қызметті ұйымдастырушы туралы, волонтерлік ұйым туралы, олардың басшылығы, қызметінің қағидаттары және ұйымдық құрылымы туралы анық ақпарат алуға;
4) волонтерлік бағдарламаларға (жобаларға) қатысуға және волонтерлік қызметті сапалы жүзеге асыру үшін ұйымдастырылатын, бастама жасалатын немесе ұсынылатын волонтерлік акцияларды, бағдарламаларды және өзге де іс-шараларды өткізуге;
5) егер бұл волонтермен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген болса, арнайы киім алуға және жол жүруге, тұруға, тамақтануға, қажетті жеке қорғану құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға жұмсалатын шығыстарды және өзге де шығындарды өтеткізуге;
6) волонтерлік қызметті ұйымдастырушыдан және волонтерлік ұйымнан ұсынымдық хаттарды алуға;
7) ақпараттық ресурстарға өздері жүзеге асырған волонтерлік қызмет, оны жүзеге асыру орны мен сағатының саны, өздері қосымша даярлықта алған көтермелеулер, қолдау және көтермелеу шараларын алуға құқық туралы мәліметтерді, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген жағдайда, өзге де мәліметтерді енгізуге;
8) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін осы ұйымдардың басшылығымен келісім бойынша әлеуметтік саланың мекемелеріне (ауруханалар, балалар үйлері, қарттар үйлері, мүгедектер үйлері және өзге де мекемелер) кіруге;
9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатысуға құқығы бар.
4. Волонтер:
1) волонтерлерді үйлестірушіден алған тапсырмаларды адал орындауға, ал жұмысты аяқтаған соң волонтерлерді үйлестірушіні оның орындалғаны туралы хабардар етуге;
2) азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға, волонтерлік қызметті ұйымдастырушының өз құзыретіне сәйкес берген өкімдерін орындауға;
3) волонтерлік қызметті қауіпсіз орындау қағидаттарын сақтауға, өзінің қызметімен үшінші адамдарға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге;
4) волонтерлік қызмет процесінде волонтер қол жеткізетін ақпараттың құпиялылығын сақтауға;
5) өздерінің волонтерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін орындауды волонтерлерді үйлестірушінің келісімінсіз өзге адамдарға бермеуге;
6) өзіне волонтерлік қызметті жүзеге асыру процесінде берілген материалдық ресурстар мен жабдыққа ұқыпты қарауға және оларды жұмыс аяқталғаннан кейін қайтаруға;
7) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының өкілеттіктерін іске асыруға кедергі келтірмеуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет