2-тарау. Волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының волонтерлік қызмет саласындағы құзыретіне өз құзыреті шегінде:
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) волонтерлік қызмет саласында жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) волонтерлік қызмет жүйесін дамыту жөніндегі шараларды қолданады;
3) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |