Жоба Қазақстан Республикасының Заңы «Волонтерлік қызмет туралы»


-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері



бет2/7
Дата01.03.2024
өлшемі80 Kb.
#493758
1   2   3   4   5   6   7
ПЗРК О волонтерской деят кз

3-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері,
негіздері

1. Волонтерлік қызметтің мақсаттары:


1) жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау;
2) қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.
2. Волонтерлік қызметтің міндеттеріне:
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуде көмектесу;
2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;
3) халықтың әртүрлі мақсатты топтармен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
4) еріктілерге (волонтерлерге) консультация беруді ұйымдастыру және өткізу, оларды ақпараттандыру және әдістемелік қолдау;
5) еріктілер (волонтерлер) топтарын - жоба іс-шараларын орындаушыларды қалыптастыру;
6) Волонтерлік қозғалыс орталығының жұмысын (оқытуды) ұйымдастыру жатады.
3. Волонтерлік қызмет саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қолдауға бағыттала алмайды;
4. Экстремистік мақсатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралым құруды көздейтін волонтерлік қызметке тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында әскерилендірілген құралымы, киім нысаны, арнайы айырым белгілері, әнұрандары, тулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше жағдайлары, қаруы, оның ішінде имитациялық қаруы бар әскерилендірілген құралымдар типіндегі волонтерлік ұйымдарды құруға тыйым салынады.
6. Мемлекеттің – волонтерлік ұйымдардың, волонтерлік топтардың істеріне және волонтерлік ұйымдардың, волонтерлік топтардың мемлекеттің істеріне заңсыз араласуына, волонтерлік ұйымдарға, волонтерлік топтарға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.


4-бап. Волонтерлік қызметтің негізгі қағидаттары

1. Волонтерлік қызмет:


1) волонтерлер қызметінің өтеусіздігі, еріктілігі, тең құқықтылығы мен заңдылығы;
2) волонтерлік қызметтің мақсаттарын, нысандарын, түрлері мен әдістерін айқындаудағы, оның бағыттарын таңдаудағы еркіндік;
3) волонтерлік қызмет туралы ақпараттың жариялылығы және жалпыға бірдей қолжетімділігі;
4) волонтерлік қызметке қатысушылардың ынтымағы, адалдығы мен ынтымақтастығы;
5) өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
6) осы саладағы тең құқықты және өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Волонтерлік қызмет мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметін алмастырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет