Жоба Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы №11/127-іі



Дата04.07.2016
өлшемі99.35 Kb.
#176946
Жоба
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2001 жылғы 27 маусымдағы №11/127-ІІ

«Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық

маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары

және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына

қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы №11/127-II "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
  көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы:

«Шымкент қаласы бойынша" бөлімі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қосымшасы:

«Шымкент қаласы үшін» бөлімі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын


           2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы А.Мамытбеков
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ.Ержан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы «_____»_________ №________ шешіміне 1-қосымша

Шымкент қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы


1- аймақ
Шекара басталады: Бәйдібек би және Астана көшесінің қиылысынан, шығыс бағытына қарай Астана көшесінің оң жағымен Адырбеков көшесінің қиылысына дейін, кейін Адырбеков көшесінің оң жағымен 1-әкімшілік іскер орталығының шекарасына дейін. Шығыстан 2-әкімшілік Іскер орталығымен шектеседі. Әрі қарай Арғынбеков көшесінің оң жағымен Жібек-Жолы көшесінің қиылысына дейін, Жібек-Жолы көшесінің оң жағымен Сайрам көшесінің қиылысына дейін, Сайрам көшесінің оң жағымен оңтүстік бағытындағы Иляев көшесінің қиылысына дейін, Иляев көшесінің оң жағымен Заславский көшесіне дейін, Заславский көшесінің оң жағымен Ақназархан көшесіне дейін, Ақназархан көшесінің оң жағымен Төлеби көшесіне дейін, Төлеби көшесінің оң жағымен Ақпан батыр көшесіне дейін, Ақпан батыр көшесінің оң жағымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің оң жағымен батыс бағытына Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін, Әл-Фараби көшесінің оң жағымен оңтүстікке қарай Жангельдин көшесіне, Жангельдин көшесінің оң жағымен темір жолға дейін, темір жолдың оң жағымен батыс бағытымен Павлов көшесіне дейін, Павлов көшесінің оң жағымен Гагарин көшесіне дейін, Гагарин көшесінің оң жағымен батыс бағытымен Кремлевская көшесіне дейін, Кремлевская көшесінің оң жағымен Қалдаяқов көшесіне дейін, Қалдаяқов көшесінің оң жағымен Абай көшесіне дейін, Абай көшесінің оң жағымен Асқаров көшесіне дейін, Асқаров көшесінің оң жағымен Мангельдин көшесіне дейін, Мангельдин көшесінің оң жағымен Темірлан тас жолына дейін, Темірлан тас жолының оң жағымен 124; 127; 125 кварталдары шекарасымен Қазиев көшесіне дейін, Қазиев көшесінің оң жағымен солтүстік бағытымен Арғынбеков көшесіне дейін. Одан әрі Арғынбеков көшесінің оң жағымен Бәйдібек би көшесінің қиылысына дейін және бастапқы нүктеге шығады. Бірінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.
2- аймақ
Шекара басталады: Өтегенов көшесі мен Малхаров көшесінің қиылысынан басталып, шығыс бағытында Малхаров көшесінің оң жағымен Қазиев көшесінің қиылысына дейін, Қазиев көшесінің оң жағымен оңтүстік бағытындағы Мәделі қожа көшесіне дейін, Мәделі қожа көшесінің оң жағымен, 125; 127 кварталдары оң жағымен Темірлан тас жолына дейін, Темірлан тас жолының оң жағымен оңтүстік-шығыс бағытындағы Мангельдин көшесіне дейін, Мангельдин көшесінің оң жағымен Асқаров көшесіне дейін, Асқаров көшесінің оң жағымен Абай көшесіне дейін, Абай көшесінің оң жағымен Қалдаяқов көшесіне дейін, Қалдаяқов көшесінің оң жағымен Кремлевская көшесіне дейін, Кремлевская көшесінің оң жағымен оңтүстік бағытындағы Гагарин көшесіне дейін, Гагарин көшесінің оң жағымен батыс бағытындағы Интернационал көшесіне дейін, Интернационал көшесінің оң жағымен Қалдаяқов көшесіне дейін, Қалдаяқов көшесінің оң жағымен солтүстік-батыс бағытындағы Хамза көшесіне дейін, Хамза көшесінің оң жағымен Гагарин көшесінің қиылысына дейін, Гагарин көшесінің бойымен Қарасу өзеніне дейін, Қарасу өзенінің оң жағымен оңтүстік-шығыс бағытындағы Қорғандай көшесіне дейін, Қорғандай көшесінің оң жағымен Фазылов көшесіне дейін, Фазылов көшесінің оң жағымен Байтулы баба көшесіне дейін, Байтулы баба көшесінің оң жағымен Момышұлы көшесіне дейін, Момышұлы көшесінің оң жағымен Жандосов көшесіне дейін, Жандосов көшесінің оң жағымен Өтегенов көшесіне дейін. Одан әрі Өтегенов көшесінің оң жағымен Малхаров көшесіне дейін жүріп бастапқы нүктеге шығады. Екінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.

Шекара басталады: Әл-Фараби және Түркістан көшесінің қиылысынан басталып, Түркістан көшесінің оң жағымен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінің оң жағымен Әйтеке би көшесіне дейін, Әйтеке би көшесінің оң жағымен, Громов көшесіне дейін, Громов көшесінің оң жағымен Жангельдин көшесіне дейін, Жангельдин көшесінің оң жағымен Әл-Фараби көшесіне дейін. Одан әрі Әл-Фараби көшесінің оң жағымен Түркістан көшесіне дейін жүріп, бастапқы нүктеге шығады. Екінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.
3- аймақ
Үшінші аймаққа Шымкент қаласының солтүстігінде орналасқан 216; 217 кварталдары, «Бозарық-1» елді мекені жерлерінен басқа жерлер енгізілген.

Шекара басталады: қаланың бұрынғы оңтүстігіндегі шекарасымен, Ташкент тас жолының оң жағымен шығысқа қарай Бадам және Қарабастау елді мекендердің оң жақ шекарасымен, одан әрі Бадам өзенінің оң жағымен мұнай өңдеу зауытының бұрышына жетіп, зауыттың шекарасымен төмен оңтүстік бағытына Жұлдыз ауылы шекарасының оң жағымен түгел 267 кварталды қамтып, 268 кварталдың шекарасымен 276; 275; 266 кварталдарды түгелдей қамтып, батыс бағытында Ташкент тас жолына дейін. Одан әрі Ташкент тас жолының оң жағымен солтүстік бағытына бастапқы нүктеге шығады. Үшінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.



4 – аймақ
Шекара басталады: Темірлан тас жолы және Алматы-Ташкент айналма жолының қиылысынан бастап, солтүстік бағытымен Төлеметов көшесіне дейін, Төлеметов көшесінің бойымен шығыс бағытындағы Өтегенов көшесіне дейін, Өтегенов көшесінің оң жағымен солтүстік бағытымен 073 кварталды түгел қамтып, Бәйдібек би көшесіне дейін, Бәйдібек би көшесімен шығыс бағытына «Тұран» мөлтек ауданымен шектесіп, «Тұран» мөлтек ауданының оң жағымен қаланың бұрынғы шекарасымен шектесіп, оңтүстік бағытымен Төлеметов көшесіне дейін, Төлеметов көшесінің оң жақ бетімен батыс бағытына қарай, сол беті 1-әкімшілік іскер орталығымен Адырбеков көшесіне дейін, Адырбеков көшесінің оң жағымен Астана көшесіне дейін, Астана көшесінің оң жағымен Бәйдібек би көшесіне дейін, Бәйдібек би көшесінің оң жағымен Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін, Арғынбеков көшесінің оң жағымен Қазиев көшесіне дейін, Қазиев көшесінің оң жағымен Малхаров көшесінің қиылысына дейін, Малхаров көшесінің оң жағымен батыс бағытына Өтегенов көшесіне дейін, Өтегенов көшесінің оң жағымен оңтүстік бағытына Жандосов көшесіне дейін, Жандосов көшесінің оң жағымен оңтүстік-батыс бағытына Момышұлы көшесіне дейін, Момышұлы көшесінің оң жағымен Байтулы баба көшесіне дейін, Байтулы баба көшесінің оң жағымен оңтүстік-батыс бағытына Темірлан тас жолына дейін, Фазылов көшесінің оң жағымен Қорғандай көшесіне дейін, Қорғандай көшесінің оң жағымен батыс бағытына Темірлан тас жолына дейін. Одан әрі Темірлан тас жолының оң жағымен бастапқы нүктеге шығады. Төртінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.
5 – аймақ
Шекара басталады: солтүстігіндегі ең жоғары орналасқан «Қайнарбұлақ» саяжайымен шектесіп, 202 кварталды қамтып, 203 квартал шекарасымен оңтүстік бағытына Алматы-Ташкент айналма жолына дейін. Одан әрі шығыс бағытындағы оң бетімен «Тұран» мөлтек ауданымен шектесіп, 201; 199 кварталдарды қамтылып, Төлеметов көшесіне дейін, Төлеметов көшесінің оң жағымен батыс бағытына Алматы-Ташкент айналма жолына дейін, Алматы-Ташкент тас жолының оң жағымен Темірлан тас жолына дейін, Темірлан тас жолының оң жағымен Қорғандай көшесіне дейін, Қорғандай көшесінің оң жағымен Қарасу өзеніне дейін, Қарасу өзенінің бойымен 110; 133; 141 кварталдары қамтып, оңтүстік бағытымен Бадам өзеніне дейін, Бадам өзенінің оң жағымен туннельге дейін, туннельден темір жолдың оң жағымен 048 өндірістік аймақтың шекарасымен Қаратөбе ауылына дейін, Қаратөбе ауылының шекарасының оң жағымен Бадам өзеніне дейін, Бадам өзенінің оң жағымен Бадам ауылына дейін, Бадам ауылының оңтүстік шекарасымен 021; 022; 195 кварталдарды қамтып, Ташкент тас жолына дейін, Ташкент тас жолының сол жағымен, қаланың бұрынғы шекарасымен Алматы-Ташкент айналма жолына дейін, бұрынғы қаланың шекарасы бойымен Қызылжар мөлтек ауданының оң жағын қамтып, мазаратқа бұрылатын тас жолға дейін. Одан әрі айналма жолдың оң жағымен темір жолға дейін, темір жолдың оң жағымен 097; 099; 064; 204; 096; 060; 200 кварталдары қамтылып, бастапқы нүктеге шығады. Бесінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.
6 – аймақ
Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Алматы-Ташкент айналма тас жолымен шектесіп, шығыс бағытындағы қаланың ескі шекарасымен, одан әрі оңтүстік бағытына төмен, одан әрі орман жолығымен батыс бағытындағы Бәйдібек би көшесіне дейін, 073 кварталдың оң жағымен 189 кварталға дейін, 189 кварталдың оң жағымен Алматы-Ташкент айналма тас жолына дейін жүріп бастапқы нүктеге шығады. Алтыншы аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.
7 - аймақ
Осы аймаққа қаланың солтүстігінде 203; 075 кварталдары, яғни бұрынғы Бозарық елді мекені және Бозарық саяжай – бағбаншылық массиві кіргізілген, солтүстігі 216; 217 кварталдарымен және солтүстік-батыс жағы ауылшаруашылығы үшін пайдаланатын жерлермен шектеседі, оңтүстігі Алматы-Ташкент айналма тас жолымен шектеседі.

Шекара басталады: қаланың солтүстік-шығысында Төлеметов көшесінің оң жағымен 2-әкімшілік іскер орталығымен шектеседі. Одан әрі Таскен елді мекен жерлерімен шектесіп, Жібек жолы көшесіне дейін, Жібек-жолы көшесінің оң жағымен, одан әрі темір жолдың оң жағымен Сайрам көшесіне дейін, Сайрам көшесінің оң жағымен Жібек-Жолы көшесіне дейін, Жібек-Жолы көшесінің оң жағымен Арғынбеков көшесіне дейін, Арғынбеков көшесінің оң жағымен 194 кварталдың 1-әкімшілік іскер орталығы шекарасымен солтүстік бағытындағы Төлеметов көшесіне дейін.

Қаланың оңтүстік-шығысында Сайрам көшесі мен Уәлиханов көшесінің қиылысынан басталып, Шымкент-Алматы темір жол бойымен, 035; 039; 040 кварталдарды түгелдей қамтып, темір жол өткелінен Сайрам бағытындағы Әл-Фараби көшесінің оң жағымен, Қызылсай-Тоғыс темір жолының, сол жағымен Бадам өзеніне дейін, өзеннің бойымен шығыс бағытына 049 кварталды қамтып Ленгір тас жолына дейін, Ленгір тас жолының оң жағымен батысқа қарай Қапал батыр алаңына дейін, Ақназархан көшесінің оң жағымен Иляев көшесіне дейін, Иляев көшесінің оң жағымен Сайрам көшесіне дейін, Сайрам көшесінің оң жағымен бастапқы нүктеге дейін.

Осы аймаққа қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан өндірістік және экономикалық аймақтары енгізілді: мұнай өңдеу зауыты мен еркін экономикалық аймақ, ауылшаруашылығы үшін пайдаланатын жерлердің шекарасымен шектеседі.

Шекара басталады: Қазыбек би және Түркістан көшесінің қиылысынан бастап, оңтүстік бағытындағы Ақпан батыр көшесіне дейін, Ақпан батыр көшесінің сол жағымен 015; 016 кварталдарды қамтылып, Громов көшесіне дейін, Громов көшесінің оң жағымен Әйтеке би көшесіне дейін, Әйтеке би көшесінің оң жағымен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінің оң жағымен Түркістан көшесіне деін жүріп, бастапқы нүктеге шығады. Жетінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.
8 – аймақ
Осы аймаққа 031; 237 кварталдары түгелдей кіргізілген.

Шекара басталады: қаланың шығыс бөлігінде, Алматы-Шымкент темір жолының оң жағымен Шымкент каналына дейін. Одан әрі каналдың бойымен, шығыс бағытымен, саяжайлардың шетімен 236 квартал шекарасымен Исфиджаб ауылын қамтып, Ибраим ата көшесіне дейін, Исфиджаб ауылының шекарасымен Әл-Фараби көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесінің оң жағымен темір жол өткеліне дейін, темір жолдың оң жағымен бастапқы нүктеге шығады. Сегізінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.

Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан бұрынғы Сайрам, Базарқақпа, Тұрдыабад, Бадам-1 ауылдарының аумағы түгелдей осы аймаққа енгізілген.

Шекара басталады: 052 кварталдың оңтүстік-шығыс шекарасынан темір жолдың оң жағымен мұнай өңдеу зауытына баратын көпірге дейін, әрі қарай Ленгір тас жолының бойымен Бадам-1 ауылының шекарасына дейін, Бадам-1 батыс шекарасымен Бадам өзеніне дейін. Одан әрі Бадам өзенінің оң жағымен Қаратөбе ауылының шекарасына дейін, 265 кварталды түгелдей қамтып, бастапқы нүктеге шығады. Сегізінші аймаққа шекара ішінде орналасқан барлық жерлер кіргізілген.


9 – аймақ
Шымкент қаласының «Қайнарбұлақ», «Бозарық» саяжай массивтері және қалаға енген елді мекендер:

Төлеби ауданынан - Жыланбұзған, Маятас, Елтай, Тоғыс, Айнатас, Текесу, Ақжар;

Сайрам ауданынан - Сайрам, Исфиджаб, Қызылсу, Қаратөбе, Жұлдыз, Ақтас, Бадам-2, Қарабастау, Жалын, Базарқақпа, Бадам-1, Абдулабад, Турдыабад, Бадам, Айкөл, Ақтас, Орманшы, Мәртөбе, Қайнарбұлақ, Оңтүстік, Өтеміс, Шапырашты, Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Қарасу, Тәуелсіздікке 20 жыл, Тассай, Достық, Таскен, Тәжірибе станциясы, Қызылсай

Ордабасы ауданынан - Алтын төбе, Көкбұлақ тоғызыншы аймаққа кіргізілді.


10 – аймақ
Оныншы аймаққа Шымкент қаласының ауылшаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлер кіргізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы «_____»_________ №________ шешіміне 2-қосымша



Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициентері
Шымкент қаласы бойынша:



Аймақтардың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,8

3

1,7

4

1,6

5

1,4

6

1,2

7

1,0

8

0,8

9

0,6

10

0,5


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет