Жобаның идеясының жаңалығы:
Кейбір карьер иелері санитарлық нормаларды бұзып отыр, мұндай фактілер бар. Зерттеу нәтижелері бойынша айына бір гектар жерге 58 келіден астам шаң түссе, бұл экологиялық жағдайға әсер етеді.Әлі күнге дейін,ешқандай карьер жұмыс шараларынан кейін шаң басу ппоцесстерін жүргізбеген.Ғылыми жобада осы карьерлердегі шаңды басу басты мақсатымыз болып отыр.Қазіргі уақытта техника дамығанын пайдалана отырып-арнайы су шашатын құрылғы немесе су шашатын көлікті басты ұсыныс ретінде аладық.Карьерлерді ауыл аймақтан 10 шақырым алысқа орнату,шаң тозаңның көбеюін 35 % азайтатын болса,ал бұл жоба іс жүзінде іске асса аймақта шаңның азаюын 60-70% дейін азайтады.
Жобаның мақсаты:
1.Адам өміріндегі ауаның орны
2.Елді-мекен жанындағы тас шығартын карьерлердің әсері
3.Өңіріміздегі шаң-тозаңнан ластанған ауаны тазалау.
І.Кіріспе
Таза ауа мен табиғаттың, қоршаған ортаның жайлылығы әркім үшін де алаңсыз өмір сүруде ең басты қажеттіліктердің бірі. Технологияның қарыштап дамып, өндірістің қарқыны артқан бүгінгі күні әлемде экологиялық ахуалдың ақсап тұрғаны жасырын емес. Тіпті басқаны айтпағанда, кең қолданыстағы және қолайлы саналатын полиэтилен ыдыстардың өзі табиғатқа қаншалықты зиян әкелетіні белгілі. Біз мұндай жағдайда қоршаған ортаны қалай қорғап, өзімізге және болашақ ұрпаққа алаңсыз өмірді қалай сыйлай аламыз? Бұл – бүгінгі күннің басты мәселесі.
Алысқа мойын созбай,өзіміздің ауыл-аймаққа көз салсақ. Жер асты байлықтарымен қуантып, жер үсті сұлулығымен сүйсінтетін Маңғыстаудың қазіргі экологиялық жағдайы көз алдымызда әлсіреп бара жатыр. Маңғыстау – мұнайлы өлке. Бұл, әрине, жақсы. Бірақ жылдар бойы тонналаған тоқтаусыз мұнай өндірісінің Маңғыстау экологиясындағы тепетеңдікті жоғалтып, жерүсті климатының өзгеруіне әсері жақсы емес деуге болады. Бұл жағдайдан бөлек тас уату жұмысында бүгінгі күннің ьасты мәселесі болып отыр.
Республика бойынша әктас тек қана Маңғыстау облысында өндіріледі.
Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылының тұрғындары мен қоғам белсенділері шебін өндіретін карьерлерден көтерілетін шаң адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін 10-15 жылдан бері айтып, шағымданып келді. Соңғы жылдары карьер саны артып, мәселе ушыға түскен еді. Адам денсаулығымен қоса, қоршаған ортаға келіп отырған кесапат әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын.
Облыс аумағында 258 карьер бар. Соның ішінде 37-сінің жұмысы тоқтап тұр. Қалған 221 карьердің жұмыс жасауға толық мүмкіндігі бар, алайда 2020 жылдың есебі бойынша олардың 103-інде өндіру жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.
Әктас-ұлутастың ірі кен орындары Қарамандыбас, Жетібай және Бейнеуде шоғырланған. Ал құрылыс тасының (щебень) кен орындары Таушық, Шетпе ауылдарының маңында орналасқан.
Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының маңында 29 карьер бар. Қазіргі таңда оның 11-і жұмыс істеп тұр. Жергілікті тұрғындар карьер иелерінің экологиялық талаптарды бұзғаны туралы бірнеше рет шағымданған.
Зерттеу нәтижелері бойынша айына бір гектар жерге 58 келіден астам шаң түссе, бұл экологиялық жағдайға әсер етеді. Бұл шаң-тозаңдар экологияны ластағаны мен қоймай, адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді.
Маңғыстау облысы әкімшілігің басшылғымен Шетпе ауылын шаң-тозаңнан тазарту жөніндегі бекіткен жоспарына сәйкес, тас уатқыш және басқа да инфрақұрылымдық қондырғыларды, Шетпе ауылынан 10 шақырым жерге көшіру жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге шаң көтеретін материалдар тасымалданып келген 2 автожол жабылған болатын.Бірақ бұл шаңның басуына 35% әсер ететін.
Достарыңызбен бөлісу: |