Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»


Жобаларды жергілікті деңгейде қарау



бет2/6
Дата12.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#130738
1   2   3   4   5   6

3. Жобаларды жергілікті деңгейде қарау


11. Жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптама жүргізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтінім қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларының ұсынылуын пысықтауға кіріседі.

12. Өңірлік сараптаманың қорытындысы мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

1) жоба бойынша ақпараттың коммерциялық бөлігінің пысықталу дәрежесі;

2) жобаны іске асырудың негізгі бастапқы шарттарының болуы;

3) инфрақұрылымның пысықталуы;

4) экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

5) рентабельділік;

6) өңірдің бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі;

7) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

13. «Жоба бойынша ақпараттың коммерциялық бөлігінің пысықталу дәрежесі» деген бөлімде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) өнімдерді/қызметтерді өткізуді талдау, төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;

2) таңдалған баға саясатының өзектілігі мен негізділігін талдау;

3) маркетингтік жоспарды пысықтау дәрежесін, болашақ өнімдерді/қызметтерді өткізу арналарын бағалау.

14. «Жобаны іске асырудың негізгі бастапқы шарттарының болуы» деген бөлімде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) жобаны іске асыру үшін қажетті мәлімделген активтердің болуын бағалау (жер учаскесі, өндірістік база, негізгі және ақшалай қаражаттың болуы, ауыртпалықтың/активтерге тыйым салудың болмауы);

2) қаржыландыру құрылымының пысықталғандығын талдау, қаржы ұйымдарымен жобаны қаржыландыру туралы меморандумдардың/ келісімдердің болуы;

3) шикізат көздерін, оны тасымалдау схемалары мен құралдарын талдау, шикізаттың/дайын өнімнің оңтайлы/барынша көп қорларын сақтау үшін қоймалардың абаттандырылуы, шикізатты жеткізушілермен келісімдердің болуы;

4) құрылыс кезеңінде және объектіні пайдалануға қосу кезеңінде құзыретті менеджерлердің және мамандардың болуын бағалау, жобаның өтініш берушілерінің және басшылардың іскерлік беделі;

5) техникалық жабдықты пайдалану бойынша персоналды қолда бар/жоспарлы оқыту бағдарламасын талдау;

6) өндіріс технологиясының баламалы нұсқаларын және жабдықты жеткізушілерді талдау; жабдықты жеткізу және монтаждау кестесі, инновациялық құрамдастардың болуы; тиісті лицензиялар мен сертификаттардың немесе оларды алу бойынша іс-шаралар жоспарының болуы.

15. «Инфрақұрылымның пысықталуы» деген бөлімде сыртқы және ішкі коммуникациялардың әзірлік дәрежесі, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын көрсете отырып, инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар жоспары сипатталады.

16. «Экологиялық қауіпсіздік» деген бөлімде жобаның экологиялық аспектілері, олардың қоршаған ортаға әсері, табиғатты қорғау іс-шараларының болуы, қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші және энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, энергияның баламалы көздерін қолдану, өндірістің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін қысқарту бойынша шаралар көрсетіледі.

17. «Рентабельділік» деген бөлімде жобаның тиімділігінің қаржылық көрсеткіштерін талдау, өтелу мерзімі, IRR табыстылықтың ішкі нормасы, NPV таза дисконтталған табыс көрсетіледі.

18. «Өңірдің бағдарламалық құжаттамаларына сәйкестігі» деген бөлімде мәлімделген жобаның өңірді дамытудың негізгі стратегиялық және жоспарлы құжаттамаларына сәйкестігін талдау жүргізіледі.

19. «Жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар» деген бөлімде жобаны сәтті іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларының тізбесі және оларды алу тетіктері көрсетіледі, сондай-ақ дәлелденген оң немесе теріс қорытынды не себептің негіздемесі бар жобаны пысықтауға ұсынымдар беріледі.

20. Әрбір жобаға өңірлік сараптаманы жүзеге асыру мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды.

21. Өңірлік сараптаманың қорытындысы үш данада ресімделеді және ол өткізілген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде адресаттарға жіберіледі. Бір данасы өтініш берушіге, біреуі уәкілетті органға жіберіледі, бір данасы жергілікті уәкілетті органда қалады.

22. Жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптаманың қорытындысын ресімдеген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеңес отырысында қарау үшін өңірлік сараптамалар жүргізілген жобаларды шығарады.

23. Кеңес жобаларды олардың түсуіне қарай, бірақ өтінімдер болған кезде айына кемінде бір рет қарайды.

24. Кеңес хатшысы жобаны қарау туралы мәселе күн тәртібіне енгізілген кеңес отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын отырыс күні туралы өтініш берушілерге хабарлайды.

25. Өтініш беруші кеңес отырысының қарауына қосымша материалдарды ұсынуға құқылы.

26. Жобаға өтініш беруші кеңес отырысының барысында сөз сөйлеу үшін сарапшыларды шақыруға құқылы.

27. Кеңес отырысында жобаларды республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну мәселесі бойынша қарапайым көпшілік дауыс санымен алқалы шешім қабылданады және операторлары жергілікті атқарушы органдар болып табылатын мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі бекітіледі. Кеңес шешімі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада кеңес отырысы өткізілген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

28. Жергілікті уәкілетті орган кеңес отырысы өткізілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жобалар бойынша материалдарды, оның ішінде өңірлік сараптамалар мен кеңес хаттамасының екінші даналарын одан әрі қарау үшін уәкілетті органға жібереді. Жобалар бойынша материалдардың көшірмелеріде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.



4. Жобаларды орталық деңгейде қарау


29. Уәкілетті орган құны 750 млн.теңгеден астам жобалар бойынша кеңес ұсынған материалдарды алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде салалық тиесілілігі бойынша бөледі және салалық комиссияның отырысында қарау үшін тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға жібереді, ал құны 750 млн. тегеден кем жобалар штабтың жақын арадағы отырысында қаралады.

30. Тиісті салалық орталық мемлекеттік орган материалдарды алған сәттен бастап әрбір жоба бойынша салалық сараптаманы жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын көрсету мәселесін пысықтайды.

31. Салалық мемлекеттік органдар жобаларды күрделілік дәрежесіне қарай салалық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдарға жібере алады.

32. Салалық сараптаманың қорытындысы мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

1) ел ауқымындағы стратегиялық маңызы;

2) басқа жобалармен және өндірістермен теңгерімділігі;

3) өндіріс технологиясындағы инновациялық құрамдас бөлік;

4) экспортқа бағдарлану немесе импортты алмастыру;

5) салалық рұқсат беру құжаттары;

6) еңбек өнімділігі;

7) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

33. «Ел ауқымындағы стратегиялық маңызы» деген бөлімде ел ауқымындағы жобаның маңызы ашылады.

34. «Басқа жобалармен және өндірістермен теңгерімділігі» бөлімінде бірдей жобалар мен өндірістердің болуы тұрғысынан өңір мен көршілес өңірлер бойынша талдау жүргізіледі.

35. «Өндіріс технологиясындағы инновациялық құрамдас бөлік» деген бөлімде жобада жоғары технологиялық өндірістерді құрудың болуы ашылады.

36. «Экспортқа бағдарлану немесе импортты алмастыру» деген бөлімде экономиканың дәстүрлі экспорттық/импорттық секторларын дамытуға және қосылған құны жоғары өндірістер құра отырып, жобаның өнімдерді әртараптандыруға әсерін талдау жүргізіледі.

37. «Салалық рұқсат беру құжаттары» деген бөлімде жобаны іске асыру үшін қажетті салалық құжаттарға талдау жүргізіледі. Қандай да бір құжаттар түгел болмаса оларды алу тәртібі түсіндіріледі.

38. «Еңбек өнімділігі» деген бөлімде жылына бір қызметкерге құндық мәндегі уақыт бірлігіне өндірілетін тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) көлемімен өлшенетін көрсеткіш ашылады.

39. «Жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар» деген бөлімде жобаны табысты іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын талдау және оларды көрсету тетіктері көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді болуы тиіс оң немесе теріс қорытынды не себептің негіздемесі бар жобаны пысықтау ұсынымдары көрсетіледі.

40. Әрбір жобаға салалық сараптаманы жүзеге асыру мерзімі тиісті салалық мемлекеттік органға материалдар келіп түскен сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды.

41. Салалық сараптама жүзеге асырылған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде оның нәтижесіне сараптаманы жүзеге асырған салалық мемлекеттік органның басшысы немесе егер, салалық сараптаманы ведомстволық бағынысты ұйым жүзеге асырса, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы қол қояды және келіп түскен жобалар бойынша материалдарға қоса тіркеледі.

42. Барлық салалық сараптамалар дайындалғаннан кейін оларға қол қойылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жобалар салалық комиссияның қарауына шығарылады.

43. Салалық комиссия қарауға арналған жобалар бар болған кезде жобаны айына кемінде бір рет қарайды.

44. Салалық комиссия хатшысы жобаны қарау туралы мәселе күн тәртібіне енгізілген кеңес отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын отырыс күні туралы өтініш берушілерге хабарлайды.

45. Салалық комиссияның қарауына жобалар бойынша материалдар, оның ішінде Кеңес хаттамасының көшірмесі, әрбір жоба бойынша өңірлік және салалық сараптамалардың нәтижелері ұсынылады.

46. Салалық комиссия осы немесе өзге де жобаларды табысты іске асыру үшін тиісті шешімдерді қабылдаудың қажетті деңгейіне байланысты республикалық немесе өңірлік индустрияландыру карталарына жобаларды енгізуге ұсыныс жасауы мүмкін.

47. Салалық комиссияның отырысына индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне, атап айтқанда, жобалары Индустрияландыру картасына енгізуге жататын өтініш берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін әлеуетті операторлардың уәкілетті өкілдері шақырылады.

48. Салалық комиссия отырысында жобалар және ұлттық компанияларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігі талқыланады, одан кейін жобаларды республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну мәселесі бойынша алқалық шешім қабылданады және мемлекеттік қолдау шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.

49. Бір данасы мақұлданған жобалар бойынша материалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы салалық мемлекеттік органда қалады, олардың көшірмелері, сол күні мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет