Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі53.88 Kb.
#468941
  1   2
Жобалау



Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай білім алушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жана оқыту технологияларының бірі бұл жобалық оқыту әдістері. Жобалап оқыту кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазіргі заман түрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық аяқтай алатын оқыту жүйесі.
Жобалау-бағдарлы оқыту технологиясының әдістері проблемалық әдіс, іздеу, коммуникативтік, зерттеу, рефлексивті және презентативті сияқты әртүрлі әдістердің жиынтығын қамтиды. Бүгінгі таңда жобалау-әртүрлі салаларда қолданылатын зияткерлік қызметтің ең көп таралған түрі.
«Жоба» латын тілінен аударғанда «алға тасталған» дегенді білдіреді, ал қазіргі түсінікте жоба – бұл қандай да бір қызмет түрінің немесе объектінің прототипі. Жобалау технологиясы теорияның және тәжіриберің байланысын қамтамасыз етеді. Бұл ретте жобалық оқыту тек қана дайындық процесін ғана емес, сонымен қатар студенттің қызметінің соңғы нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді [1].
Жобалық технологиялардың келесі ерекшеліктерін анықтаймыз:
1. Маңызды мәселе – ақпараттық, зерттеу, практикалық (себебі мәселе нақты себеппен немесе әрекетке итермелейді);
2. Жобаның ерекшелігі-ақпаратты іздеу ғана емес, шығармашылық (яғни шығармашылық және зерттеу қызметі);
3. Студент үшін жобаның нақты практикалық мақсаты болуы тиіс, ол таңдалған проблеманы шешуге бағытталуы тиіс.
«Экономикалық негіздері», «Экономика және құқық негіздері», «Статистика», «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәндерін және басқа да экономикалық пәндерді оқыту кезінде проблемалық әдістемесіз мүмкін емес. Жобалық оқыту технологияның әдістерін қолданудың арқасында студенттер проблеманы жақсы тұжырымдайды, гипотезалар ұсынады, көпшілік үшін нәтижелерді талдау және қорытынды жасау қиындық соқтырмайды. Жалпы алғанда, проблемалық көзқарасты, нақты айтқанда, проблемалық оқытудың «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» негізгі санаттарын қолдану кезінде біз студенттердің экономика негіздеріне және басқа да экономикалық ғылымдарға белсенділігінің күшеюін және танымдық қызығушылығының артуын, олардың өз бетінше білім алу мен шығармашылыққа деген өз ұмтылысын дамыту ниетін атап өттік [2].
Проблемалы оқыту білім алушының проблемалық жағдайларды жүйелі түрде қалыптастыра отырып және білім алушылардың оқу мәселелерін шешу бойынша қызметін ұйымдастыра отырып, ғылымның дайын қорытындыларын меңгерумен олардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз етеді [3].
Проблемалы оқытудың мәні білім беру үдерістері субъектілерінің рөлін түбегейлі өзгертуден тұрады: бұл жағдайда білім алушының негізгі функциясы оқу проблемалы жағдайларды құруда, ал білім алушы студенттердің қойылған проблеманы табысты шешу үшін жетіспейтін оқу ақпаратын дербес іздеудегі функциясы болуы тиіс.
Бүгінгі таңда жекелеген отандық ғалым-педагогтарды, психологтарды зерттеуде «оқу проблемасы» және «оқу-проблемалық міндет» ұғымдары синонимдер ретінде пайдаланылады. Сондықтан оқу мәселесі деп меңгерудің логикалық-психологиялық қарама-қайшылығы, ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, белгісіз тұлғаның мәнін зерттеуге (түсіндіруге) қызығушылықты оятатын және жаңа ұғымды және іс-әрекеттің жаңа тәсілін меңгеруге апаратын форманы түсіну керек. Оқу проблемасының көрінісі проблемалық (іздеу) танымдық міндет, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма болуы мүмкін (теориялық немесе практикалық). Оқу проблемасының барлық аталған формаларын студенттерге кез келген оқу пәнін оқытуда, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы үшін қолдануға болады (және қолданылады). Осыған байланысты студенттердің оқу орындары ішіндегі және оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, сондай-ақ эссе, рефераттар, курстық жұмыстар мен жобалық тапсырмаларды орындаудағы қатысуы туралы айту жеткілікті. Экономикалық пәндер блогын оқыту кезінде анықталған оқу-танымдық проблемалар мен оларды шешу тәсілдерінің жіктелуін келтіреміз [2.] (1-кестені қараңыз).
Оқу-танымдық мәселелер мен оларды шешу тәсілдерін жіктеу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет