4.2 Полигонометрияның түрлері
1, 2, 3 және 4 класстарының полигонометриясы - әдетте сәйкес кластың триангуляциясының орнына салынады.
1, 2 дәрежелі полигонометрия - үлкен масштабты топографиялық түсірілімдерді және басқа маркшейдерлік бөлу жұмыстарын негіздеу үшін мемлекеттік геодезиялық жүйені біріктіру ретімен салынады.
1. Арнайы мақсатты полигонометрия - күрделі инженерлік міндеттерді шешу үшін. Оған деген талаптар әр жеке жағдайда жасалады.
Қабырғалардың ұзындығын өлшеу үшін қолданылатын әдістерге байланысты бөлінеді:
-Тікелей қабырғалы өлшенетін полигонометрия ( сымдар, рулеткалар, ұзындықты өлшеуіштер);
-Қашықтығы өлшенетін полигонометрия ( жарық – радио дальномер және оптикалық қашықтықты өлшеуіштер);
-Параллитикалық полигонометрия – базисті бөлу және параллитикалық бұрыштарды өлшеу.
Пикеттердің биіктіктері
|
ПК0
|
181,5
|
ПК0
|
212,3
|
ПК1
|
180
|
ПК1
|
208,3
|
ПК2
|
175
|
ПК2
|
207,5
|
ПК3
|
168
|
ПК3
|
203
|
ПК4
|
165
|
ПК4
|
196
|
ПК5
|
165
|
ПК5
|
188
|
ПК6
|
165
|
ПК6
|
184
|
ПК7
|
170
|
ПК7
|
181
|
ПК8
|
170
|
ПК8
|
176
|
ПК9
|
175
|
ПК9
|
174
|
ПК10
|
175
|
ПК10
|
171,5
|
ПК11
|
170
|
ПК11
|
170
|
ПК12
|
174
|
А нүктесі
|
177,5
|
ПК13
|
175
|
|
|
ПК14
|
170
|
|
|
ПК15
|
177
|
|
|
ПК16
|
180
|
|
|
ПК17
|
177,5
|
|
|
А нүктесі
|
177,5
|
|
|
4.3 Полигонометрияның қолайлылығы мен кемшіліктері
Полигонометрияның қолайлылығына мыналар жатады:
Жоғары қымбат тұратын сигналдар салу қажеттілігінің болмауы;
Бекеттерді түсірілім обьектісінен тікелей жақын арада орналастыру мумкіндігі;
Жүрістерді салу үшін елді-мекендердің ,өзендердің жағасын пайдалану мүмкіндіндігі.
Полигонометрияның кемшіліктеріне мыналар жатады:
Бекеттер арасындағы ұзақ уақыттық қатаң байланыстардың болмауы;
Тек оларға жататын елді-мекеннің тар жолағын тірек пункттермен қамтамасыз ету ;
Сызықтық өлшемдердің үлкен көлемі.
4.4 Полигонометриялық жүрістердің түрлері
Полигонометриялық жүрістердің екі түрі бар: тұйықталған және тұйықталмаған.
Тұйық жүріс белгілі коодинаттары бар 1 бастапқы пунктке сүйінеді және белгілі дирекциондық бұрыштары бар бастапқы бағыттарға келіп шектеседі.
Тұйықталмаған жүріс ұшымен бастапқы пункттерге сүйенеді және бастапқы бағыттарға келіп шектеседі.
1 класс полигонометриясы әрқайсысы 10- нан артық емес қабырғадан тұратын созылған жүрістер түрінде салынады және полигонның 1-ші класының буынын түзеді. Буынның шеткі қабырғаларының екі ұшында (төбелерінде) астрономиялық Лаплас бекеттерін анықтайды.
Полигонометрияда жақтарын жарықтық дальномер өлшеуішпен өлшейді.
2 – ші класты Мемлекеттік геодезиялық жүйе полигонометрия әдісімен әр жеке жағдай үшін жасалады.
3 – ші және 4 – ші класс полигонометриясы торапты пункттері бар жүйелер немесе жоғары класты мемлекеттік геодезиялық жүйенің пункттеріне сүйенетін жеке жүрістер түрінде салынады.
2, 3 және 4 класс полигонометриясында жақтарды өлшеу СВВ – 1 жарық өлшеуішімен және қажетті дәлдікпен басқа өлшеуіштермен жүргізіледі.3-4 класты полигонометрияда бұрыштарды Т – 1, Т – 2 теодолиттарымен және оларға тең дәлдікпен аспаптармен өлшейді.
Белгілі ұзындықты қабырғалары бар полигонометрияны тұрғызу қиындаған кезде басты пунктті және қабырғалы жүрістерді салады (сонымен қатар аралық қабырғалардың бұрыштарын өлшейді).
Достарыңызбен бөлісу: |