Мақсаты: Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлаудың негіздері туралы студенттер білімін жүйелеу.
Кілттік сөздер: мақсаттар декомпозициясы, білім беру бағдарламасы, жоспар қызметтері, даму бағдардамасы, ұйымдастырушылық жоспарлау.
Негізгі сұрақтар:
Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлау;
Бағдарлама - жобаның ерекше түрі;
Жоспарлау типтері. Ұйымдастырушылық жоспардың түрлері.
Жоба барысын бағдарлау мен жоспарлау. Жобалау барысында алғашқы қалыптасқан бейне немесе мақсат олардың жүзеге асуы үшін міндеттер жүйесі және процедуралар қатары түрінде болашақ елестетулерді қажет етеді. Олар «жоба-болжау-жоспар» қисынында жүзеге асады. Болжау жағдаяттың өзгеруі туралы ойлардың қалыптасуынан; тенденцияның даму перспективаларының сипатынан, ақ дақтарды жоюды, тәжірибені басқа жағдайларға ауыстырудан тұрады. Бұл өзгерістер логикасын анықтауға мүмкіндік береді ( жобаның жүзеге асуының кезеңдерін, кезеңдерін негіздеу).
Бұл кезге дейін жоба қатысушысының әр қайсысында ортақ іс-әрекетке өзінің еңбегінің мақсатында, міндеттерінде, көлемінде, түрлерінде, формаларында өзіндік айқындалуы үшін жеткілікті мәліметтер жинақталады. Сондықтан, мәселелер мен мақсаттарды қайта жасау амалдары арқылы белсенділіктің болашақ «бұталану» бейнесін елестетуге болады. Топтық талқылау мен регламенттелген дискуссия режимінде келесі әрекеттер жүзеге асады:
Алғашқы мәліметтер мен жағдайларда оңтайлы нәтиже алуға көмектесетін қойылған міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарын теориялық жобалау;
Қажетті шектеулер мен шығындарды ескере отырып, жобаның уақыт бойынша жүзеге асу жағдайларын бағалау;
Жобалаудың нақтылы міндеттерін шешу кезеңдерін бөлшекті өңдеу;
Мәселені шешу нұсқаларын талдау, жобалаудың нақты жағдайларынан бастап ішіндегі дұрысын таңдау;
Алынған нәтижелерді жүйелеу мен жалпылау;
Бар шешімдер нұсқаларын мүмкіндігі барынша біріктіру;
Ұйғарылған нәтижені құрылымдау.
Мысылы білім беру саласындағы жұмысшыларды кәсіби дамыту саласында инновациялық жобалардың біреуі келесі мақсаттарға жетуді көздеді:
инновациялық өзгерістерді басқару аясында білім беру мекемелеріндегі басқарушыларды қайта дайындау;
ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытудың қазіргі кездегі технологияларын енгізу саласында ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін көтеру;
білім беру мекемелерінде басқарушылар курстары үшін лекторларды дайындау.
Жобалық іс-әрекеттің алғашқы кезеңде мақсаттардың қайта құрастырылуы жүргізілді.
1-мақсат:
басқарушылар үшін инновациялық даму ситуациялары қажет ететін басқарушылық білім мен амалдарды меңгеру жағдайларын жасау;
басқарушыларды қайта дайындау мазмұнының инновациялық компоненттерін анықтау, курстардың оқу бағдарламасын және сәйкес оқыту технологияларын өңдеу;
мектеп педагогтарының инновациялық өзгерістері мен иниятциваларын қолдау үшін басқарушыларда ұстаным қалыптастыру.
2-мақсат:
ағылшын тілі мұғалімдері үшін оқытудың жаңа әдістері мен амалдарын меңгеруге жағдай жасау;
мұғалімдерге олардың оқушыларынымұғалімдерге олардың оқушыларының мәдени аралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруде практикалық көмек көрсету;
мұғалімдердің лингвистикалық және мәдени-құзіреттілік деңгейін көтеру;
3-мақсат:
басқарушылық, дайындық сұрақтары бойынша ректорларды оқыту үшін, топ үміткерлерін таңдау өлшемдері мен тетіктерін жасау;
білім берудегі инновациялық, менеджмент бойынша курстар құрлымын жобалау;
білім беру менеджерлерін дайындау курстарында оқу сабақтарын өткізу әдістемесін, сценарийлер, диагностикалық әдістемелер, таратылатын материалдар, бағдарламалар қалыптастыру.
Кейінірек жобалау іс-әрекеті бағдарлама жасау деңгейінде дамиды. Педагогикалық ойды жүзеге асыруда қажетті әрекеттер туралы ойлар болжау мен жоспарлау ұғымдарымен байланысты. Болжау ойлағанға жету үшін қажетті мерекелер мен әрекеттерді жинақтаудан тұратын бағдарламаны құру болып табылады. Жоспарлау қойылған мақсатқа жету жоспарын құрумен байланысты және стратегиялық сипатқа ие. «басқарушылық іс әрекет ретінде жоспарлаудың мәні соңғы нәтижеге жету жолында өтпелі өнімдер қатарын анықтау арқылы қойылған мақсатқа жету кезеңдерін анықтаудан тұрады» (Масюкова И.А Білім берудегі жобалау. Минск 1999).
Достарыңызбен бөлісу: |