Жоспарлау типтері. Ұйымдастырушылық жоспар түрлері. Жоспарлаудың бірнеше типтерін бөледі: Стратегиялық, құрылымдық-мазмұндық және мазмұндық-ұйымдастырушылық.
Құрылымдық-мазмұндық жоспар оның көлемін, тақырыптық блогы мен айту тәртібіне(мазмұнды жүзеге асыру), яғни оның құрылымын бейнелейтін қысқа мазмұндық тізбесі. Мазмұнына байланысты жоспардың түрлерін анықтауға болады: жазбаша жұмыстың жоспары (шығарма, мақалалар, кітаптар тағы басқа кітаптар) шығарманың мазмұндық құрылымын, оның айтылу тәртібін сипаттайды; сценариялық жоспар-мағыналық блок бойынша сценарийдің мазмұнын қысқаша айту; оқу жоспары (білім беру мекемесі немесе құрылымдық бөлімше) – білім беру үдерісінің мазмұнын бейнелейтін және әрбір жас мөлшерлік категория немесе оқу сатысы арналған тақырыптық блок бойынша жасалатын оқу пәндерінің тізімі; оқу-тақырыптық жоспар-оқу курсының көлемін және айту тәртібін, мазмұнды жеткізуді бейнелейтін, біртіндеп қиындау логикасы мен жасалған тақырыптардың тізімі. Бұл жоспарлардың формасы бейнелегіш сипатқа ие.
Стратегиялық жоспарлау жобалаумен байланысты ұзақ мерзімдік приоритеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді және шынайылықтың мақсатқа бағдарланған өзгерісіне әсер етеді. Көптеген жағдайда стратегиялық жоспардың мақсаты уақытша периюутқа обектінің дамуының жалпы контурын өңдеумен анықталып қана қоймай, іс-әрекеттің негізгі бағыттарын түсіну және қараумен анықталады.
Ұйымдастырушылық жоспарлау жоба барысын басқаруға кешенді амалды қамтамассыз етеді.Ұйымдастырушылық жоспардың мақсаты-ең қысқа мерзімде белгілі бір міндеттің шешу әдістерін белгілеу. Бұл кезеңде шешімдер көп болатынын айтқан дұрыс сондықтан жобалық ұсыныстарды салыстырған дұрыс.
Ұйымдастырушылық жоспар алдын ала белгіленген мазмұн көлемін және оны жүзеге асырудағы әрекет жүйесін анықтайды. Ол: не істеу керек, кім істейді, кіммен байланысты, қайда, қашан деген сұрақтарға жауап береді.
Әр түрлі параметрлер бойынша ұйымдастырушылық жоспардың келесідей түрін бөлуге болады.
Мазмұн көлемі бойынша (жоспарланған іс-әрекет масштабы):
Кешенді жоспар: іс-әрекет оның барлақ бағыты мен түрлерінде жоспарланады (тәрбиелік жұмыс жоспары, қосымша білім беру педагогының балалар ұжымымен жұмыс істеу жоспары);
Тақырыптық жоспар: іс-әрекеттің бір бағыты немесе түрі жоспарланады (ата анамен жұмыс жасау жоспары, қосымша білім беру мекемесіндегі жалпы іс әрекет жоспары);
Пәндік жоспар: нақты бір іс жоспарланады (конференция жоспары, сабақ жоспары, мерекеге дайындалу және өткізу жоспары).
Жоспарланатын кезеңнің ұзақтығы бойынша:
Ұзақ мерзімдік (перспективалық) жоспар (мекеменің бір жылдық жұмыс жосапры, екі жылға арналған жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарланған жұмыс жоспары);
Кезеңдік орташа перспективаға арналған кезеңдік (периодтық жоспар): іс әрекеттің белгілі кезеңі жоспарланады (жарты жылдыққа арналған жоспар);
Жақын арадағы перспективаға арналған аз мерзімді жоспар (бір аптаға, айға арналған жұмыс жоспары);
Жақын арадағы нақтылы әрекеттің оперативті жоспары (күн жоспары).
Айтылған жоспарлар өзара байланысты, әр қайсысы бір бірін нақтылайды, коррекциялайды.
Жоспарлаудың субьектісіне байланысты:
Индивидуалды жоспарды бір адам жасайды;
Ұжымдық жоспарды ұжым, шығармашылық топ жасайды.
Жобаны жүзеге асыру жоспарында оның қатысушылары өтуге тиіс жол контуры бейнеленеді. Бірақ жобалау іс-әрекеті жоспарға жетудің аралықты нәтиже мен алғашқы ойды сәйкестендіру, кері байланыс негізінде әрекеттерді әр дайым коррекциялауды болжайды.
Жобаны ойлауда көп жағдайда шектеулі болатын ресурстарды (адами, финанысты, материалды жоспарды) ескеру керек. Жобалаудың технологиялық ресурстарын анықтау қажетті
Базалық білім, дағды, білік, теориялық және практикалық іс әрекет тәжірибесі тізімін жасауды талап етеді. Жобалаудың тұлғалық ресурсын ойлау, мінез құлық, адамдардың қарым-қатынасы ерекшеліктері құрайды. Оның сәттілігі көбіне субьективтілік және креативтілік сияқты қырлардың мәдениеттің коммуникативті және рефлексивті даму деңгейінің қалыптасуына тәуелді.
Жоспарлауды жүзеге асыру үшін жобалық процедураларды операцияға бөлу және әр бір кезеңдегі кешендік (әдістемелік, теориялық, технологиялық, бағдарламалы-әдістемелік, кадрлық, ресурстық) қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырған дұрыс. Осыған орай әр түрлі, қатал және иілгіш жобалық іс-әрекетті реттеу сызбалары және кері байланысты ортану қолданылу мүмкін.
Жобалық іс әрекет логикасының уақыт пен кеңістіктегі ашылуы бойынша алғашқы мағына әрдайым нәтиже мақсаты мен бейнесі деңгейінде нақтыланып отырады. Осыған орай іс әрекеттің құрлымын анықтайтын біріккен әрекеттер жоспары нақтыланады.
Орта мектептердің біреуінің базасында жүзеге асқан, «білім беру жүйесін басқарумен орталықсыздандыру» жобасы мысалында біріккен жобалық іс әрекеттің айналдыру логикасын иллюстрациялайық. Бұл жағдайда жобалық күштердің пәндік қосымша болып мектеп ішілік басқару жүйесі саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |