Жоғары деңгей бойынша күтілетін нәтижелер:
1. Ресми-іскери, іскери-кәсіби кездесу этикетіне сай сәлемдесу, алғыс білдіру, сұхбаттасу, келісу, келіспеу, талап ету, таңдану;
2. Серіктесіне өтінішпен, кешіріммен, ресми құттықтаумен, көмек, ұсыныспен келу; кешірім сұрау және кешіру, мамандығы бойынша ақпарат сұрау және ақпаратқа жазба түрде жауап беру;
3. Белгілі бір мамандық аясында әлеуметтік, кәсіби байланыстар туралы сөйлесу. Кез келген ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу;
4. Мамандығы саласына қатысты айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесіне жауап қайтара алу; серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту;
5. Телефон, теледидар, радио арқылы қабылдаған ақпараттардың негізгі түйінін ұға алу; сөз болған мәселенің негізгі мазмұнын түсініп, қорытынды жасай білу. Мамандығы саласына қатысты ғылыми еңбектерді оқып түсіну және хабарлама, баяндама, мақала жаза білу.
6. Түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын дәлелдей білу, өз ойын (ауызша, жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып, дәйекті, шебер жеткізе алу.
Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) түрі
Ұсынылған лексика-грамматикалық тақырыптар аясында төмендегідей өзіндік жұмыс түрлерін ауызша және жазбаша орындауға болады:
Сөздік
Эссе
Резюме
Аннотация
Жоспар
Тезис
Реферат
Сөзжұмбақ
Аударма жұмысы
Сұрақ-жауап
Тест тапсырмалары
Сканворд
Іскери ойындар
Рөлдік ойындар
Мақала
Жарнама
Пресс релиз
Анықтамалық
Нұсқаулық
Шолу
Сұхбат
Сауалнама
Бейнебаян
Таныстырылым
Комментарий
Синквейн және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |