Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Қазіргі заманғы саяси ғылымдағы саяси режимдер



бет77/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07

Қазіргі заманғы саяси ғылымдағы саяси режимдер
Саяси режим түсінігі ментүрлері. Тоталитаризм және оның ерекшеліктері. Авторитаризм және оның формалары. Демократия және оның түрлілігі. Демократияның заманауи формалары. Демократиялық принциптер мен процедуралар.
Қазіргі заманғы саяси режимдер: батыстық полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыс-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер.
Қазақстандағы саяси режим, оның эволюциясы. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің демократиялану үдерісі.


Саяси мәдениет және мінез-құлық
Саяси мәдениеттің түсінігі, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамдас бөлігі ретінде.
Саяси мәдениеттің ұлттық мәдениетпен, әлеуметтік-мәдени, ұлттық-тарихи, діни, ұлттық-психологиялық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, стереотиптермен байланысы.
«Мәдени мұра» бағдарламасы, Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіру. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының тарихына арналған әлемдік мұрағаттардың құжаттарын зерттеу. Білім, кәсіби коммуникация тілі ретіндегі ағылшын тілін меңгеру саласындағы жаһандық бәсекелестікке бейім кадрлар дайындау.
«Туған жер» «Туған ел» бағдарламасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Қоғамдық сананың модернизациясы, ұлттық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тілді, музыканы, әдебиетті және үйлену той рәсімдерін сақтау, біртұтас мықты және жауапкершілігі мол Ұлт қалыптастыру.


Саяси идеология және ұлттық сана
Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі тәсілдер. Саяси идеологияның қызметтері, деңгейлері. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары: либерализм, консерватизм, марксизм дәстүрі және халықаралық әлеуметтік-демократия.
Саяси идеология және қоғамдық сана. Саяси сананы қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың ақпараттық-идеологиялық қызметтерінің рөлі. Саяси сана деңгейлері.
Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық «Мен» және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет