Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет74/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07

САЯСАТТАНУ

АЛҒЫ СӨЗ


Пәннің бағытталуы. «Саясаттану» оқу пәні ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық мүддені жүзеге асыру негізіндегі ұлттық мемлекеттердің саясатының мәні мен мазмұнын түсіндіре отырып, әлемдік саясат және қазіргі заманғы саяси үдерістердің заңы мен заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Аталмыш пәнді оқу қоғамдық сананың модернизациясының негізі ретіндегі әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Түрлі саяси жүйеде әрекет ететін ішкі және сыртқы байланыстар мен қатынастарын, негізгі үрдістер мен заңдылықтарын, саясаттың әлеуметтік өлшемінің объективті критериесін түсіну ұлттық және азаматтық бірегейліктің қалыптасуына ықпал етеді.
Пәннің мақсаты – саясаттың қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтарын зерттеу, студенттерді елдің саяси өміріне қатысуға дайындау, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері.
Пәнді оқудың нәтижесінде гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми кластері мамандығының студенттері келесідей қабілеттіліктерге ие болады:
- саяси институттардың (өкілеттілік институттуры мен мүдделер келісімділігі) ұйымдастырылуы мен қызмет ету ерекшеліктерін сипаттау;
- саяси биліктің, саяси институттардың, ішкі, сыртқы, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың қызмет ету механизмдері мен принциптерін түсінуді көрсету;
- саясаттың мәні мен қызмет ету заңдылығын және дамуын, оның қоғам өмірінің түрлі салаларындағы рөлін түсінуді көрсету;
- саяси жүйелер мен саяси режимдердің өзара байланысын негіздеу;
- түрлі қайнар көздерден алынған саяси ақпараттардың объективтілік деңгейін бағалау, өзінің азаматтық ұстанымын аргументті көрсету, фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды қазіргі заманғы мемлекеттердің саяси стратегиялары мен ұлттық мүдделерін талдау негізінде бағалау;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы ретіндегі бірегейліктің (ұлттық, азаматтық) жетекші рөлін негіздеу;
- әлеуметтік-саяси жанжалдардың сипатын анықтау және олардың легитимділігін бағалау;
- жаңа идеяларды туындату және өзгермелі саяси шынайылықта қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет