Екінші постулаттың тәжірибелік негіздемесі ретінде қос жұлдыз қозғалысын қарастырса болады. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принципін мектеп оқушылары кейде жарық жылдамдығының шектілігімен шатастырады. Теорияның екінші постулаты жарық жылдамдығы – сигналды жіберудің жоғары жылдамдығы екенін тағайындамайды. Бұл теорияның өзінің салдары екендігін тағайындайды. Жылдамдықарды қосу.Жылдамдықтарды қосу заңын бір инерциялық санақ жүйесінен екінші инерциялық санақ жүйесіне өткенде жылдамдықтарды түрлендіру заңы деп атау керек. Бұл заңмен мектеп оқушыларының назарын бір қарағанда АСТ постулаттарының бір-біріне қарама-қайшылығына аудара отырып, проблемалық ситуация тудыру жолымен таныстыру керек. Шынында да, механикадағы салыстырмалылық принципінің салдарларының бірі жылдамдықтарды қосу заңы болды: және жылдамдықтардың салыстырмалылығы жайындағы қорытынды. Салыстырмалылық теориясының екінші постулаты: жарық жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйесінде бірдей, яғни абсолют шама болып табылады деп тұжырымдайды. А.Эйнштейн екінші постулат салыстырмалылық принципіне қайшы келмейді, тек жылдамдықтарды түрлендіру (қосу) заңының түрі басқадай болатынын дәлелдеді.
1 8-сурет.
|
Абсцисса осінің бойымен жүйесімен салыстырғанда жылдамдықпен қозғалатын жүйесінің қозғалысы кезінде (18-сурет) жүйесіндегі дене жылдамдығы и', К жүйесінде модулі мынаған тең (1)
|
жылдамдықпен қозғалады.
Аз жылдамдық болған кезде бөліміндегі екінші мүшені ескермеуге болады және жылдамдықтарды түрлендіру формуласының түрі мынадай болады
(2)
Сонымен (1) формула жылдамдықтарды түлендірудің жалпы заңы, ал (2) формула жарық жылдамдығымен салыстырғанда (шекті қолданыстағы) үлкен емес жылдамдықты қозғалыс үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |