№ 15
дәріс
|
Тақырыбы: Мектепте арнайы салыстырмалылық теорияны оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Арнайы салыстырмалылық теорияны оқыту әдістемесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Арнайы салыстырмалық теориясы элементтерін оқыту орта мектептің бағдарламасына алғаш рет 1972 жылы енгізілген. Соңғы жылдары Арнайы салыстырмалылық теориясының қортындылары ядролық реакциялардың энергетикалық шығуын есептеу үшін, бөлшектердің қууатты үдекіштерін жобалау және жасау үшін, мысалы синхрофазотронды, практикада соңғы кезеңдерде кеңінен қолданылады. АСТ оқытудың мектеп оқушыларының ғылыми-танымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызы зор.
Жалпы білім беретін орта мектептің бағдарламасы оқушыларды Эйнштейннің салыстырмалылық принципімен таныстыруды, сигналды берудің шектік жылдамдығы ретінде вакуумдағы жаряқ жылдамдығы жайындағы, жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы жайындағы, импульстің жылдамдыққа тәуелділігі жайындағы, масса мен энергияның өзара байланысы жайындағы түсініктерді беруді көздейді. Дегенмен кейбір әдіскерлер АСТ мектеп физика курсында кең тұрғыда берілуі керек деп есептейді. Ал кейбіреулері арнайы салыстырмалылық теориясы бойынша мәселелерді факультативтік курсқа қалдыруды ұсынады, ал негізгі курста оның негізгі идеяларымен оқушыларды таныстыруды классикалық механиканың қолданылу шекарасын талдау барысында жүргізуге болады деп көрсетеді. Аталған тақырыпты оқытудың мүмкін бір нұсқасын қарастырайық. Бұл қиындықтан шығудың жолын арнай салыстырмалылық теориясын ашып А.Эйнштейн шықты. Жоғарыда айтылған екі фактіге сүйеніп, олардың арасындағы қарам-қайшылықты жеңуге болатындығын дәлелдеді, ол үшін абсолют кеңітік жайындағы, денелердің абсолют (санақ жүйесіне байланысты емес) өлшемдері жайындағы және уақыт өтуімен ілесе санақ жүйесімен байланыссыз абсолюттілік жайынағы жинақталған классикалық түсініктерді қайта қарастыру керек. |