Бақылау сұрағы:
Педагогикалық процес компоненттері
Мазмұнды компонент деніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.
Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.
Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.
Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.
Сорокопуд, Ю. В.Педагогикавысшейшколы. Учебное пособие / Ю. В. Сорокопуд. - Ростов н/Д: Феникс, 2011. - 541 с.
Громкова, М. Т.Педагогикавысшейшколы.Учебное пособие / М. Т. Громкова. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 447 с.
6-дәріс. Жоғары мектептегі оқыту теориясы.
1. Дәрістің мақсаты: педагогика әрекет туралы жалпы түсінік қалыптастыру, ғылым ретіндегі өзіндік орнына баға беру, ғылыми сипаттау.
2. Негізгі мәселелер:
өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық;
кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.
Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі.
Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады:
Дидактикалық қабілеттілік;
Академиялық қабілеттілік;
Перцептивті қабілеттілік;
Сөз сөйлеу қабілеттілік;
Ұйымдастырушылық қабілеттілік;
Авторитарлық қабілеттілік ;
Коммуникативті қабілеттілік;
Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес.
Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. болып табылады.
Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас оқушының жеке басына деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеру іс-әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің бұл қасиеттерін көріп оған еріксіз електей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды, гуманизм тұрғысынан тәжірибе жинақтайды.
Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл "адам-адам" қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі. Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады:
мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету;
тәрбиеленушінің әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының белсенді қабылдауы мен меңгеруі.
Тәрбиеленушінің белсенділігі педагогқа және өзіне-өзі тікелей, жанама түріндегі әсер етуден пайда болады. Білім беру тек процесс ретінде ғана емес, тұлғаның әр түрлі білім деңгейінде байқалатын процесс нәтижесі ретінде де түсіндіріледі. Тұлғаның білімділігі – тұлғаның жүйеленген білімі мен оны практикалық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көрсететін сипаттама. Алайда, барлық белгілер мен қабілеттер білімділігін таныта бермейді. Егер білім беруді адамға «бейнең беру нәтижесі ретінде қарастырсақ, онда ол жалпыадамзаттық мәдениет білімінен бастау алған болар еді. Ал, мәдениетті адам білім беру процесінде тек өзінің адамгершілік бейнесінің қалыптасуы тұрғысында байқалады. Бұл – білім берудің тәрбиелік функциясы. Білім негізінде табиғат пен қоғамның дамуы туралы заңы, материалдық өңдеу сферасы және тұлғаның рухани мәдениетті белгілі бір көзқарас, өнім, дүниетаным және адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Демек, білім беру мен тәрбиелеу тығыз байланысты. Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады. Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор. Арнайы оқытушылыққасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады. Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады. Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады. Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді: тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде;
қабілеттілік;
өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық;
кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.
Келесі психофизиологиялық көрсеткіштер мұғалімнің субъективті қызметіне әсер етеді: сезімталдық, жылдамдылық, белсенділік, жылдымдылық пен белсенділіктің қатынасы, көңіл-күй қызбалығы, экстраверсия мен интроверсия, сол сияқты, көңіл-күй ұстамдылығы немесе жүйке қозбалылығы, қабылдаудың аналитикалық немесе синтетикалық түрі, когнитивті тилді анықтайтын тәуелсіздік немесе тәуелділік және жалпылай жоғары жүйке жүйесінің қызметінің өзін темперамент айқындауы: жігерлілік-әлсіздік, сабырлылық-сабырсыздық, қозу барысын пайымдау мен тежеу жылдамдығы. Мұғалім өз жұмысын табысты орындау үшін оның жалпы және арнайы қабілеттілігі болуы қажет. Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады. Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес. Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. болып табылады. Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас оқушының жеке басына деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеру іс-әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің бұл қасиеттерін көріп оған еріксіз електей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды, гуманизм тұрғысынан тәжірибе жинақтайды. Оқытушының өзін - өзі ұстауының бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады: 1. Монблан моделі – ол білім патшалығында отырып, студент қауымынан алшақ яғни студент қауымы тек тыңдаушылар қатарында. Себеп - салдары: психологиялық қарым – қатынастың жоқтығы, студенттердің оқуға деген немқұрайлығына алып келеді. 2. Қытай қорғаны – бірінші жағдайға ұқсас, бірақ студент пен оқытушының арасындағы әлсіз байланыс. Мұнда бір жақтық қарым – қатынас. Оқытушының еріксіз өзінің статусын қабілеттілігін көрсету. Салдары: студенттермен жеткіліксіз қарым – қатынас жасауға, ал студент қауымы тарапынан оқытушыға деген немқұрайлық. 3. Локатор – Оқытушы белгілі сағатта ғана тек қабілетті немесе әлсіз студенттерге назар аударады.Қарым – қатынас ортаның көңіл – күйіне негізделеді. Салдары: оқытушылық жүйе бойынша студентпен қарым – қатынас жасау керек болса, мұнда жағдай қарым – қатынасқа негізделеді. 4. Гипорефлекция моделі (Тетерев) – оқытушы қарым – қатынас жасауда өзімен ғана тұйықталуы. Оның сөйлеген сөзі бір қалыпта өтеді. Ол тек өзін ғана естиді, ал тыңдаушыларды естімейді. Салдары: оқытушы мен студенттің арасындағы қарым – қатынастың мүлде болмауы. 5. Гамлет – оқытушы өзінің айтқан дәлелдеріне, дұрыс әрекетіне күмән келтіреді. Студенттің кемшіліктерін өзінің есебіне қабылдайды. Салдары: оқытушының әлеуметтік психологиялық сезімінің сезімталдылығы, студент ел басқару күші тиеді, ал оқытушы қарым – қатынас деңгейінде ғана. 6. Робот – мұнда оқытушы мен студент қарым – қатынасы бағдарлама бойынша яғни онда көрсетілген сабақтың мақсаты және тапсырмаларына негізделеді. Бірақ оқытушы жағдайдың өзгеруін мойындамайды. 7. Беделді модель – (Мен - өзім) Тәрбиелеу – оқыту процесі тек оқытушыға жүктелген. Оқытушы жауаптардың, сұрақтардың, айқындаудың, дәлелдеулердің қайнар көздері. Жалпы аудиториямен қарым – қатынас мүлде жоқтың қасы. Студент қауымы тек орындаушы рөлінде яғни тапсырмаларды күтеді. Студенттің танымдық және қоғамдық белсенділігі төмендейді. Салдары: оқытудың шығармашылық қасиеті жоғалады. Белсенді әрекеттестік «Одақң - оқытушы әр кез студенттермен қарым – қатынаста болады. Оларды сергек ұстайды, ортадағы психоллогиялық жағдайларға өзгерістерге тез бейімделеді. Оқытушы студенттермен достық қарым – қатынаста болса да, белгілі бір қашықтық ұстайды. Салдары: оқыту, ұйымдастырушылық мәсілелерді бірлесіп күш жұмсау арқасында шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |