«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1



бет20/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ЖМП лекция

Тәрбие заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.
Тәрбиелеудің бағытталуы, оның мақсаттары және мазмұны, өнегелік-эстетикалық құндылықтары қоғамммен, үстемдік етуші класпен алдын ала анықталады. Тәрбиелеу студенттерді оқытумен органикалық түрде байланысқан. Ол ортақ мақсатқа – белгілі бір типтің жеке тұлғасын қалыптастыруға жүгінеді. Тәрбиелеу негізінен бір тұлғалармен – сол үрдістің субъектілерімен жүзезе асады. Бәрақ ол оқу тапсырмаларын қайталамайды.
Тәрбиелеу жоғары мектепте профессионалды түрде бағытталған. Тәрбиелеудің профессионалдық бағыты студенттерде педагогиклық бағыттың қалыптасуында және педагогикалық әрекетке құндылық ретінде қарауда көрініс береді. Тәрбиелеу оптимистикалық бағытталған, студенттерде оң бастауларға жүгінеді. Әрбір студентті жақсылап зерттеп, оның әлсіз және күшті жақтарын, қасиеттерін білу керек. Тәрбиелеу нәтижелілігі бір уақытта студент жеке тұлғасына әсер етудіңи вербальды және вербальды емес формаларына бірдей жүгінген кезде артады. Қазақ тілінде әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы бір. Ол — адамгершілік. Яғни ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл және әділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, әлі де жетіліп келеді. Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. Сондай-ақ, адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары — үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде. Жоғары мектептің тәрбие бағыттары
Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында білім беру процесінде барлық тәрбие түрлері практикада іске асырылады, әсіресе кәсіби білім беретін университеттерден нақты тәжірибесін көруге болады. Оқу жоспарында пән блоктары негізгінде тәрбие түрлері мамандық бойынша берілген: Адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, патриоттық, имандылық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок)
Ақыл –ой, экологиялық тәрбие (табиғи ғылыми блок)
Еңбек тәрбиесі, тәжірибе кезінде, аудиторияда, сонымен қатар өзіндік жұмыс орындаған кезінде.
Тәрбие әдісін жіктеген кезде үш үлкен топқа бөлуге болады:

  1. студенттердің дүниеге көзқарасы және құндылық бағдарын тұжырымдау әдістері;

  2. мотивацияны ынталандыру әдістері;

  3. жеке адамның шығармашылық икемділігінің дамуы және оның сапасын арттыру әдістері.

Тәрбиелеушілік әдістер педагогикалық қарым – қатынас жасау білім берудегі белсенділік әдістері (семинар- дискуссия, контекстік білім, оқыту мәселелері және т.б.), студенттердің қызығушылығын арттыру және құнды шешімдер қабылдау барысында іске асырылады. Тәрбиелеуде педагогтар үлкен роль атқарады. Тәрбиеші білім беру барысында тәрбиенің төмендегідей артықшылықтарын анықтай алады:
жеке адамның қоғамдық ортадағы адамдарға гуманистік құндылық бағдарының қалыптасуын;

  1. демократизм және толеранттық қатынасын;

  2. ұлттық санасы мен ұлттық ойының ерекшелігін;

  3. жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігін.

Ал, бұл жеке адамды тәрбиелеуде басшы қызмет атқаратын қасиеттер жиынтығы. Тәрбие түрінің қайсында болмасын, тәрбиелеуші бұл қасиеттердің қалыптасуына ерекше мән береді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет