«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1



бет19/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ЖМП лекция

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.

  2. Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.

  3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.

  4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.

  5. Сорокопуд, Ю. В.Педагогикавысшейшколы. Учебное пособие / Ю. В. Сорокопуд. - Ростов н/Д: Феникс, 2011. - 541 с.

  6. Громкова, М. Т.Педагогикавысшейшколы.Учебное пособие / М. Т. Громкова. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 447 с.


13- дәріс. Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі куратор.
Дәрістің мақсаты: Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы рөлін талдау.
Жоспар:

  1. Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде.

  2. Жоғары мектептегі куратор.

Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі. Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Ол жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, физикалық салаларындағы өзгерістерді, оның байытылуын және жетілдірілуін ұйғарады. Қандай әдістемелік идеяларда тәрбиелеу жұмысының бағдарламасын мақсатты түрде құруға болады? Тәрбиелеу үрдісінің өнімділігін арттыратын жалпы концептіуалдық қағидалар, бағдар бар. Жоғары мектеп оқытушылары үш категорияларға бөлінеді. Біреулері студенттермен тәрбиелеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажеттігін мойындамайды. Басқалары ол тәрбиелеу қызметімен сәйкес оқыту үрдісі кезінде жүзеге асу керек деп айтса, үшіншілері жоғары мектеп жағдайында мұндай жұмыстың қажеттігі мол, өйткені оқыту үрдісі тәрбиелеудің көптеген міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді. Студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелеу жұмысы оқыту үрдісімен байланысқан өзіндік категория ретінде қабылдану керек. Тәрбиелеу және оқытудың мақсаты ортақ – болашақ мұғалім-профессионалдың жеке тұлғасын қалыптастыру. Алайда тәрбиелеу оқыту үрдісін жалғастырмайды, оны қосымша сабақтарға тіреуге болмайды. Тәрбиелеу адамның қалыптасуын әсер етеді. Сонымен қатар ол бір уақытта қоымша міндетті орындайды – болашақ мұғалімдерді біртіндеп мектепте тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға дайындайды. Өзіндік катгория ретінде қабылданатын жоғары мектептегі тәрбиелеу жұмысы өзіндік мақсатпен басқарылады – болашақ мұғалімнің жеке тұлғасының индивидуалддығына жүгіне отырып, жан-жақты дамуы. Бұл мақсат тек бөлшектеп қана оқыту үрдісінде жүзеге асады, өйткені оқытудың өзіндік мақсаты бар, ол оқу жоспарлары және бағдарламары шігенде ғана болады. Ал аудиториядан тыс студенттерді тәрбиелеу жұмысы бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Олардың жүзеге асуы студенттердің жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әрекет етеді. Студенттерді тәрбиелеу тұтас ұйымдастырылған үрдіс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет