«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1


Инновациялық технологиялар - оқытудың белсенді әдістері



бет22/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ЖМП лекция

Инновациялық технологиялар - оқытудың белсенді әдістері

  • жетілдіруге бағытталған, дамудың оңтайлылығы;

  • болашаққа ашық есік;

  • адамның үнемі белсенділік көрсетуі, қозғалмалылығы;

  • тұлғаға және оның дамуына бағытталғандық;

  • шығармашылық элементтерінің мінтетілігі;

  • өзара байланыс: ынтымақтастық, өзара көмек, жәрдем.

  • Белсенді әдістер, инновациялық әдістер болып табылады.



    Бақылау сұрағы:

    1. Дәстүрлі семинар талабы.

    2. Пікірсайыс талабы.

    Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.

    2. Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.

    3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.

    4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.

    5. Сорокопуд, Ю. В.Педагогикавысшейшколы. Учебное пособие / Ю. В. Сорокопуд. - Ростов н/Д: Феникс, 2011. - 541 с.

    6. Громкова, М. Т.Педагогикавысшейшколы.Учебное пособие / М. Т. Громкова. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 447 с.


    15 – дәріс. Педагогикалық қарым-қатынас.
    Дәрістің мақсаты: Педагогикалық қарым-қатынас мәні.

    1. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.

    2. Педагогикалық қарым-қатынас.

    Эдвайзер қызметін бұғанға дейін куратор атқарған. «Кураторң (curator) сөзі – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Куратор университетте студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білімнің бүкіл даму тарихымен бірге болды. Онымен бірге куратордың міндеттері, дәрежесі, біліктілік мазмұны, студенттермен қарым-қатынасының сипаты өзгеріп отырды.
    Кеңестік жоғары мектепте куратор 50-жылдары пайда болды. Ол студенттермен жұмыста администрацияның көмекшісі түрінде қарастырыла бастады және бірінші курстан бастап бесінші курсқа дейін әрбір академиялық топқа тағайындалды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында жоғары білім беру жүйесінің дамуына байланысты жоғары оқу орындары куратордың студенттік өмірдегі ролін қайта қарастыру қадамын жасады. Кейбір жоғары оқу орындары куратордың көмегінен бас тартса, басқалары кураторды бірінші, екінші, үшінші курстарға қалдырды да , ал жоғары курстарға , студентке қажет болған жағдайда көмек сұрай алатын, бір оқытушы-консультантты бекітті. Үшіншілері біртіндеп бастапқы кураторлық жүйеге қайтып оралды.
    Кураторларды берілетін курста жұмыс істейтін оқытушылардың ішінен сәйкес кафедралар тағайындайды, сонан кейін оны декан бекітеді. Кураторлар тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасарының көмегімен, қолдауымен жұмыс істейді. Жұмыс процессінде куратор академиялық топтың белсенді мүшесіне, студенттерге, олардың инициативаларына жүгінеді. Ол авторитарлық әдісті сирек қолдануы керек, тек басқа амал қалмаған жағдайда.
    Жарты жылдық жұмыс жоспарын жасамас бұрын куратор студенттерді, олардың қабілеті мен қызығушылығын, сұранысын, семья жағдайын, материалдық жағдайын анықтап алады. Содан кейін , топтың белсенді мүшесімен бірге жұмыс жоспарын жазады. Оны топтың жалпы жиналысында қарастырғаннан кейін, ол документ дәрежесіне жетеді. Жоспарды жасағанда нақты орнын, бар мүмкіндіктерін ескеріп жасайды. Берілген жұмыс бәріне түсінікті, әрі қызықты болуы керек. Әрбір студент жұмыстың нақты бір бөлігін алуы және оған жауапкершілікпен қарауы керек. Жоспардың орындалу қадамдарын периодты түрде талдап отыру , көзделген мақсатқа жеткізеді.
    Мектеп, жоғарғы оқу орны – мемлекеттің білім жүйесі білім жағынан сауатты, интеллектуалды дамыған, физикалық жағынан сау адамдарды шығарып қоймай, сонымен қатар, адамгершлік жағынан тәрбиеленген адамдарды шығару керек екені баршаға мәлім. Бұл есеп біріншіге қарағанда маңыздырақ болып керінеді және қоғамда, әлемде адамгершіліктік тәрбиенің мәні кемімейді керісінше өсіп жатыр. Әр түрлі саладағы мамандар, қоғам, ақпараттар құралдары – бәрі қазіргі заманның ең басты мәселесін көтеріп отыр: қоғамда адамгершіліктің қирауы, эрозиясы, адамның қағидалардан босатылуы, өмірдің барлық салаларында адамгершіліктік нормалардың прогрессивті төмендеуі байқалып отыр.Мектептің, жанұяның және қоғамның мақсаты – әрбір түлекті ол, оған рухани және материалдық ляззат бере латын, жұмысына байланысты өмірде өз орнын тапсын деп ұтымды адекваттылықпен шығару болып табылады. Бұны тізбек арқылы түсіндіруге болады: оқу – еңбек – мамандық.
    Қазіргі заман педагогика мектептердегі қорытынды оқыту ретінде өмірлік және кәсіби өзін-өзі басқаруды санайды. Өмірлік өзін-өзі анықтау мамандықты табумен шектелмейді, бәрақ бұл тұлғаның әлеуметті және психологиялық күй процесесінде үлкен сыныптарда орын алатын мамандықты таңдау әрекеті үлкен роль ойнайды. Кәсіби өзін-өзі басқару жалпы көзқарастарға, дамуға, жоғарғы сынып оқушысының оқушысының ұстанымына, басқа да көптеген факторларға, соның ішінде кәсіби бағытталудың қызметіне байланысты.
    Кәсіби бағытқа және мектеп түлектерінің әрі қарайғы әлеуметтенуге байланысты мәселесі шешудің бір факторы ретінде оқушылардың еңбегі, еңбеупен оқыту және педагогикалық процесте тәрбиелеу болып табылады. Еңбек педагогикалық құндылық та, педагогикалық құралдар да болып табылады. Еңбекті оқу процесіне қосу идеясы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда қалыптасып, ХІХ ғасырларда дамыған, ал еңбектің көмегімен оқыту білім беру процесінің бір бөлігі ретінде ХХ ғасырда барлық жерде дерлік міндетті бола бастады. Кеңестік мектеп білім берудің оқушылардың еңбегімен байланыс принципінің негізінде салынған болатын, ол біртұтас еңбек мектебі деп, кейіннен политехникалық мектеп деп атлынатын болатын және онің ішінде еңбек және кәсіби білім беру сабақтару болды және әлі де бар. Бұл сабақтарда бастапқы және орта сыныптардың оқушылары қағазбен, маталармен, ағашпен, металмен жұмыс істеуге үйренген, тұрмыстық электротехникамен танысатын болатын. Үлкен сынып оқушылары кейбір мамандықтар бойынша сабак алатын, олардың құрамы мектептердің және базалық кәсіпорындардың мүмкіндіктеріне байнысты болатын: автожұмыс, өндіріс, машинамен басу, компьютер, модельер, парикмахер және тағы басқалары. Мектептерде, сонымен қатар, технологиялар мен қазіргі заман өндірістері бойынша оқулықтар мен бағдарламалар бар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет