ЖОҒары мектеп психологиясы



бет10/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#134479
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


Нәтижені талдау

Бақылау локусы - өзінің қабілеті мен сыртқы күшіне өз іс – әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершіліктің бейімделуін көрсететін адам ерік сферасының мінездемесі. Өз ісінің сыртқы күшіне жауапкершілікті – экстерналдық, немесе сыртқы бақылау локусы, ал өзінің қабілеті мен күшіне жауапкершілік – интерналдық, немесе ішкі бақылау локусы деп атайды.

Сайып келгенде, бақылау локусына байланысты тұлғаның 2 полярлық түрі бар: экстерналды және интерналды. Кез келген адамға континуумдағы экстерналдыдан интерналды түрге жайғасатын анық позиция тән.
0 44

экстерналды интерналды

Нәтижені өңдеу процесінде (Ио) басқару локусының көрсеткіші төмендегідей расшиф.


Ио мөлшері

Бақылау локусы

0 – 21
22 – 44

– экстерналды
– интерналды

Интерналдықтың мөлшер көп болса, экстерналдық аз болады.

Бақылау локусы адам үшін өзгеше, адамның қандайда болмасын, кез келген оқиғалар мен жағдайларға тап болуының қатынасы әмбебап. Бақылаудың бір түрі сәтсіздік және жетістіктерде көрсетіледі және субьекті өмірінің іс – әрекетінің әртүрлі ортасында қадағаланады.

Бақылау локусының деңгейін анықтау үшін, төмендегідей интерналдық шкала шекарасы пайдаланылады.





(Ио) интерналдықтың өрсеткіші

Бақылау локусының деңгейі

10 – 11

– интерналдықтың төмен деңгейі

12 – 32

– интерналдықтың орташа деңгейі

33 – 44

– интерналдықтың жоғары деңгейі


Интерналдықтың төмен деңгейіде адамдар өзінің іс–әрекеттері арасындағы байланысты және мәнді өмірлік оқиғаларын аз қадағалайды. Олар өздерін осындай оқиғалардың дамуын бақылауға қабілеттімін деп есептемейді. Сондықтан «экстерналдықтар» эмоционалды тұрақсыз, немқұрайды қарым – қатынас пен мінез – құлыққа бейімді, өз – өзін бақылау қабілеті нашар, тұйық.

Интерналдықтың жоғары деңгейі кез келген мәнді оқиғалардың субьективтік бақылаудың жоғары деңгейіне сәйкес келеді. Бақылау локусы бар адамдар өмірінде болған көптеген маңызды оқиғаларды олардың іс – әрекетінің нәтижесі деп санайды және оны жүзеге асады, осы оқиғалар үшін, өмірінің қалай құрылып жатқаны үшін жауапкершілікті сезеді. Субьективті бақылаудың жоғары көрсеткіштері, яғни интерналдықтар эмоционалды қалыптылығымен, батылдығымен, тадандылығымен, ұстамдылығымен, өз – өзін бақыла алушылығымен ерекшеленеді, көпшіл адам.

Интерналдықтың орташа деңгейі көптеген адамдарға сипатты. Адам күрделі немесе қарапайым, жағымды немесе жағымсыз оқиғаларға тап болама, болмайма, осыған байланысты субьективтік бақылаудың ерекшеліктері еш өзгере алмайды. Бірақта олардың мінез – құлқы мен психологиялық сезім жауапкершілігі нақты әлеуметтік ситуацияға байланысты, сондықтан оларда бақылау локусын құра алу мүмкіндігі бар.

Сайып келгенде, субьективтік бақылау локусы адамның өз күшін түсінуіне, абыр – ойлығына, болған жайттқа жауапкершілікке, өз –өзін құрметтеу, әлеуметтік кемелдену және дербестігіне байланысты.

Сондықтан өз- өзін кемелдендіру үшін, кепілдемелерді құру арқылы мынаны есте сақтаған жөн:

* Мінез – құлықтың жұмсақтығы әсіресе экстерналды бақылау локусы бар адамдарға тән; интерналдарда басқа адамдардың пікіріне, эмоциясына бағыну бейімділігі кем;

* Интерналды бақылау локусы бар адам жалғыздықта жақсы жұмыс істейді;

* Интерналдар экстерналдарға қарағанда ақпаратты белсенді іздейді және оқиғаларға хабардар;

* Экстерналдармен салыстырғанда интерналдарда өз денсаулығына деген көзқарасы белсенді болып келеді.

Зерттеулер мынадай қорытындыға келді: интерналдар тым әйгілі, тұлғааралық қатынастар жүйесінде жағымды орын алады. Олар шыдамды, өз – өздеріне сенімді және мейірбан.

Интерналды бақылау локусы бар адамдар тәртіп пен психологиялық түзетулердегі нұсқаулы емес әдістерді артық көреді. Ал экстерналдармен жұмыс жасағанда бақылынатын үрей мен депрессияның төменділігін қамқорлыққа алу маңызды.
9 тапсырма

Темперамент типін анықтау

Зерттеудің мақсаты: темперамент түрін және тұрақтылықтың эмоционалды экстраверсиясының деңгейін анықтау.

Материалдар мен құрал – жабдықтар: 57 сұрақтан тұратын Г. Айзенктің тест – аұрақтары, жауаптарға арналған бланк, қалам немесе қарындаш.

Зерттеу процедурасы

Темперамент типін зерттеу бір сыналушымен де, шағын топпен де жүргізіле береді. Қатысушылар сұрақтарға өз беттерінше жауап беруі тиіс.

Сұрақтар мен бланктің мәтіндік саны сұрақтар санынына сәйкес болуы керек. Сізге 1ден 57ге дейін сұрақтар және «Иә» немесе «Жоқ» жауаптары орналасқан қағаз беріледі.

Сыналушының нұсқауы: «Сіз 57 сұраққа жауап беруге тиіссіз. Сұрақтарды мұқият оқып, бланкқа «Иә» немесе «Жоқ» дейтін өз жауабыңызды белгілеңіз. Өзіңіздің көп ойланбайтын жауабыңызды бірінші болып белгіліңіз. Есте сақтаңыз, мұнда «жақсы» немесе «жаман» сұрақтар жоқ. Сұрақтарды жауапсыз қалдырмауға тырысыңыз».



Сұрақтар

1. Сіздің қатты түйсіктерді сезіну, көңілі бөліну үшін, жаңа әсерлерге деген ауыр сыннан өтуіңіз жиі ме?

2. Сізді түсінетін, сізге ниет білдіретін, қайрат беретін достарды қажет етуіңізді жиі сезінесіз бе?

3. Сіз өзіңізді қамсыз адам деп санайсыз ба?

4. Сізге өз ниетіңізден бас тарту қиын ба?

5. Өзіңіздің ісіңізді асықпай орындайсыз және істі бастамас бұрын сәл күтуді дұрыс деп санайсыз?

6.Сіз уәдеңізде тұрасыз ба, егер бұл сізге тиімсіз болса?

7.Сізде көңіл – күйдің көтерілуі немесе төмендеуі жиі болып тұра ма?

8.Сөйлегенде және іс – әрекет жасағанда сіз әдетте көп ойланбайсыз?

9.Сізде күндердің күнінде еш себебі жоқ бақытсыздық сезімі пайда болды ма?

10.Талас үшін кез келген нәрсе жасауыңыз мүмкін бе?

11.Сізге ұнайтын жынысы қарама – қарсы адаммен танысқыңыз келгенде ұяласыз ба?

12.Бір нәрсеге ашуланғанда, шараңыздан шығуыңыз болып тұра ма?

13. Көіңл – күй болған жағдайда іс – әрекет жасайсыз ба?

14.Сіз тиісті емес нәрсені істегеннен немесе айтқаннан кейін жиі алаңдайсыз ба?

15.Сіз адамдармен кездесуден гөрі кітап оқығанды қалайсыз.

16. Сізді ренжіту оңай ма?

17.Сіз серіктестіктер арасында жиі болуды ұнатасыз ба?

18.Сіздің басқа адамдармен бөлісетін ойыңыз бар ма?

19.Сіздің кейде күш – қуатқа толы немесе тым солғын болуыңыз рас па?

20.Сіз таныстарыңыздың ортасын ең жақын достарыңызбен шектелуін қалайсыз ба?

21.Сіз көп армандайсыз ба?

22.Сізге дауыс көтергенде сіз де солай жауап қайтарасыз ба?

23.Сізді кінә сезімі жиі мазалай ма?

24.Сіздің барлық әдетіңіз жақсы ма?

25.Сіз серіктестіктерде көіңл көтеру үшін өз сезіміңізге ерікті беруге қабілеттісіз бе?

26.Сіздің жүйкеңіздің зорлану шегінен шығып кетуі мүмкін бе?

27.Сізді жанды немесе көңілді адам деп санай ма?

28.Ісіңізді аяқтаған соң оған жиі ораласыз ба және оданда жақсы істер едім деген ой туа ма?

29.Сіз адамдардың арасында болғанда өз – өзңізді ұстайсыз және тұйықсыз?

30.Сіз естіген нәрсені басқаларға жайып саласыз ба?

31.Басыңызға түрлі ойлар кіргенде, сіз ұйықтай алмайсыз?

32.Сіздің бір нәрсені басқа адамдардан емес, кітаптан білуді қалауыңыз рас па?

33.Сізде қатты жүрек соғуы болып тұра ма?

34.Күшті зейінді талап ететін жұмыс сізге ұнай ма?

35.Сізде діріл ұстамасы бола ма?

36.Сіз таныс адамдар туралы тек қана жақсылықты айтасыз, тіпті олардың ол туралы білмейтініне сенімді болсаңыз да?

37.Сізге бір – бірімен әзілдеп ойнайтын серіктестікте болу ұнай ма?

38.Сіз ашуланшақсыз ба?

39.Сізге жылдамдықты талап етін жұмыс ұнай ма?

40.Барлығы сәтті аяқталса да, сізді жаман, жағымсыз ойлар мазалай ма?

41.Сіздің іс – әрекет жасағанда асықпайтыныңыз рас па?

42.Сіз жұысқа немесе жолығуларға кешігіп көрдіңіз бе?

43.Сізге өте жаман түстер жиі кіре ме?

44.Сіздің адамдармен сөйлескенді ұнатуыңыз, таныс емес адамдармен әңгімелесуден бас тартпайтыныңыз рас па?

45.Сізді қандай болмасын аурулар мазалайды ма?

46.Ұзақ уақыт бойы достарыңызбен кездеспегенде, сіздің көңіл – күйіңіз болмайды?

47.Сіз өзіңізді күйгелек адам деп санайсыз ба?

48.Таныстарыңыздың арасында сізге ұнамайтын адам бар ма?

49.Сіз өзіңізді сенімді деп санайсыз ба?

50.Сізге кемшіліктеріңіздің немесе жұмыстағы жеткіліксіздігіңіздің сыны оңай тие ме?

51.Қатысушылары көп іс – шаралардан қанағаттанушылықты алуды қиын деп санайсыз ба?

52.Басқалардан кеммін деген ой сізді мазалайды ма?

53.Жабырқаңқы серіктестікті тірілту сіздің қолыңыздан келе ме?

54.Реттей алмайтын нәрселер туралы айтуыңыз болып тұра ма?

55.Өз денсаулығыңызды ойлайсыз ба?

56.Сіз достарыңызбен әзілдесуді ұнатасыз ба?

57.Ұйқысыздық сізді мазалайды ма?


Нәтижені өңдеу

Темперамент типін анықтау үшін экстроверсия мен невротизм көрсеткіштерінің мөлшерін анықтау керек. Бұл көрсеткіштердің сенімділігінің бағасы үшін адалдық көрсеткішінің мөлшерін сынайды. Көрсеткіш мөлшері сыналушының жауабының шкала сұрақтарымен сәйкес болып саналатын балдармен өлшенеді.

Адалдық индексі ( «Ио») сәйкес жауаптардың саны сыналушының жауаптарының келесі сұрақтарымен ұсынылады: «Иә» жауабы №6, 24, 36; «Жоқ» жауабы мына сұрақтарға №12, 18, 30, 42, 48, 54 сұрақтарына.

Экстраверсия көрсеткіші («Э») сыналушының жауаптары мына жауаптардың сәйкестік мөлшеріне тең: «Иә» жауабы №1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56.

«Жоқ» жауабы мына сұрақтарға №5, 15, 20, 29, 32, 34, 37, 41, 51.

Невротизм көрсеткіші – бұл «Иә» жауабының мынадай сұрақтарына сәйкестігі №2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 3, 26, 28, 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 55, 57.

Нәтижелерді өңдеудің 2-ші қадамы темперамент типін құру схемасы болып табылады.

Темперамент және оның негізгі қасиеттерін экстраверсия мен эмоционалдық табандылықтың перпендикулярларының қиылысуының, және сәйкес осьтардың қалпына келу жолымен алынған проекция мөлшерінің нүктесі ретінде ұсынуға болады (3 сурет).



Нәтижелерді талдау

Егер сыналушының жауабы адал болып, индекс мөлшері «И» 4 баллдан басым болмаса, онда нәтижені талдауға болады.

Г.Айзенктің пікірі бойынша, экстраверсия – интроверсияның және невротизм мен эмоционалдық табандылықтың үйлесімділігі темпераменттің типін анықтайды.

Экстраверсия мен интроверсия қасиеттері қарама – қайшы, сондықтан екінші жұп сияқты тең, яғни невротизм мен эмоционалдық табандылық.

Оларды континуумде ұсынуға болады. Мұнда көрсеткіштердің біреуінің мөлшері, мысалы, экстраверсия «Э» 0 – 12 экстраверсияның жоқ екендігін білдіреді, ал мөлшерлері 13 – 24 - оның мәнерлілігі.
0 6 12 18 24

интроверсия экстраверсия

Экстраверсия деңгейін таблицаның көмегімен құрады.


«Э» экстраверсиясының индексі

Экстраверсия- интроверсияның деңгейі

0-6
7-12
13-18
19-24

жоғары интроверсия

орташа интроверсия

орташа экстраверсия

жоғары экстраверсия


Іспеттес байланыс невротизм мен эмоциялық табандылықтың полярлық қасиеттеріне ие болады. Олардың деңгейі экстраверсия – интроверсия деңгейі сияқты интервалдың негізінде анықталады.

Жалпы экстраверсия – бұл тұлғаның оқиғалар мен қоршаған ортаға бағытталуы, интроверсия – тұлғаны оның ішкі әлеміне бағыттау, ал невротизм – үрей, эмоционалды босаң, күш, эмоциялық қозу, депрессия сияқты ұғымдар.

Бұл қасиеттердің серпінді көрінісі шартты рефлекстердің өндіру жылдамдылығымен, олардың мықтылығымен, орталық жүйке жүйесінің баланстық процестердің қозу – тежелуімен және фармация жағынан бас ми қабықшасының активациялық деңгейімен байланысты.

Экстраверт интровртпен салыстырғанда, шартты рефлекстерді жылдамырақ өндіреді, сырқатқа төзімді, бірақ сенсорлы депривацияға төзімі аз, жұмыс уақытында жиі көңілі бөлінеді. Экстраверттің әдеттегі мінез – құлқындағы көрсеткіштері импульсивтілік, ортаға жақсы бейімделу, сезімнің айқындылығы, өз – өзін бақылауының жеткіліксіздігі болып табылады. Ол алға ұмтылады, өз – өзіне сенімді, өмір сүйгіш, достары көп, тәуекелге баруды ұнатады, ақылды, ақ көңіл, көңіл көтеруге ұмтылады.

Интроверттерді ерекше мінез – құлық қатарынан тануға болады. Ол жиі , адамдармен қарым – қатынас құрғанда және шындыққа икемделу кезінде қиыншылықтарды сынайды. Көптеген жағдайларда интроверт салмақты, байсалды, бейбітшіл, оның іс- әрекеттері ойластырылған және рационалды, достары көп емес. Интроверт болашақты жоспарлағанды ұнатады, жоспарын қалай іске асыратынын ойластырады, күйреуік, қобалжуды ұнатпайды, орнатылған өмірлік тәртіпті сақтайды. Өз сезімін бақылай алады және өзін сирек агрессивті ұстайды, міндетті.

Невротизмнің бірінші полюсіне (жоғары деңгей) нейротиктер жатады. Олар тұрақсыз, жүйке – психикалық процестердің салмақсыздылығымен, эмоцияның тұрақсыздығымен, сонымен қатар вегетативті жүйке жүйенің орнықсыздылығымен ерекшеленеді. Сондықтан олар оңай қозады, оларға көңіл – күйдің өзгеруі, сезімталдылық, сонымен бңрге үрейлік, батысыздық, күмәнданғыштық, сылбырлық тән.

Невротиканың басқа полюсі (төмен деңгей) – бұл сабырлық, байсалдылық, батылдықпен сипатталатын эмоционалды адамдар. Темпераменттің қасиеттерінен кейін темперамент типіне тоқталайық Темперамент типі (3 суретте) көрсетілген. 3 суреттегі темпермент типі экстравермия мен невротиктердің көрсеткіштерінің қиылысу нүктелерінде анықталады. Сангвиник темпераментіне экстраверсия мен эмоционалдық тұрақтылық сәйкес келеді. Холерикке - экстраверсия мен невротизм, яғни эмоцияналдық тұрақсыздық, флегматикке – интроверсия мен эмоционалдық тұрақсыздық, меланхоликке – интроверсия мен невротизм.

Егер перпендикулярлардың қиылысу нүктелері радиусы 6 бірлік болатын дөңгелектің ауданына сәйкес келсе, сыналушының темперамент түрі әлсіз көрсетілген, ал егер үлкен және кіші шеңбердің әртүрлі ауданының шегінде орналасса – темперамент түрі айқын көрсетілген.

Темперамент адам мінезінің ерекшеліктерін анықтайды. Сангвиниктер әдетте ашық, сөзшең, көпшіл, талапты, бірақ жиі қамсыз, және бастаған ісін толық аяғына дейін жеткізбейді. Холериктердің көңіл – күйі жиі өзгергіш. Олар белсенді, бірақ импульсивті, арланғыш, агрессивті және оптимист. Флегматик темпераментінде сабырлық, сенімділік қасиеттері байқалады. Олар әлемсүйгіш, күйреуіктігімен ерекшеленбейді. Меланхоликтер – өте сезімтал адамдар, әдетте байқағыш, сондықтан үрейлі, адамдармен көп араласпайды, күйреуік, көп уайымдайды.

Ағзаның өмірлік константын сақтау және серпінді іс – әрекетті реттеу темперамент ұғымын түсінуде, мінез – құлықты түзету амалымен, сыналушының темперамент түрін дамыту үшін кепілдеме ойластыру керек.

Мысалы, сангвиниктерді еңбекқорлығымен мақтауға болады, дегенмен, олар ақыл – ой шегінде болу үшін, күштерін бақылау керек. Оларға тәртіптілікті жаттықтыру және іскерлі анықтылық пен ұласушылықты үйрену керек.

Холериктерге озаттық қасиеттермен позитивтілігіне көңіл бөлген жөн, қоршаған ортамен қарым – қатынасын, жанжал кезінде қарым – қатынасты анықтау емес, туындаған мәселені кейін талқылау қажет, басқа адмдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды бақылау, өзінің эстетикалық тәрбиесіне күшін бағыттауы керек.

Еңбекқор флегматиктерге өзінің әлеуметтік ақыл – ойын жаттықтыру (адамдарды түсіну, басқа біреулердің уайымын қадағалау. Жанжалды реттеу және т.б.) керек.

Меланхоликтерге ойланғыштығымен және көтеріңкі сензивтілігімен басқаға деген қарым – қатынасын бақылау керек, әсіресе, біреудің белсенділігіне деген қатты сенімділіктен аулақ болу, жұмыста тек сәттілікке ұмтылу, көпшілдік пен ұласушылықты дамыту үшін, адамдармен қарым–қатынасқа түсу, әртүрлі іс – шараларға қатысу, конференцияда докладтармен қатысуға рұқсат етілетін қоғамдық жүктемені алуы дұрыс.
10 тапсырма

Ерікті өзіндік реттеуді зерттеу

Зерттеу мақсаты: Ерікті өзіндік реттеудің даму деңгейін анықтау.

Материал және құралдар: А.В.Зверьков пен Е.В.Эйдманның тест-сұрақнамасы, жауаптарды жазатын бланк және қаламсап.

Зерттеу процедурасы

Ерікті өзіндік реттеуді зерттеу тест-сұрақнаманың көмегімен, бір зерттелушімен немесе топпен жүргізіледі.

Зерттелушілер жауаптарының бір-бірінен тәуелсіз болуын қамтамасыз ету үшін, әрқайсысы сұрақнама текстісін, сұрақтардың нөмірлері басылған және жанында жауабын жазатын графасы бар, жауаптар бланкісін алады.

Зерттелушіге нұсқау. «Сізге 30 пайымдаудан тұратын текст ұсынылады. Әрбіреуін зейін қойып оқыңыз және ол пайымдардың Сізге қатынасты дұрыстығын немесе бұрыстығын шешіңіз. Егер дұрыс болса, онда жауаптар бланкісіндегі сол пайымның нөміріне қарсы «қосу» (+), егер Сізге қатынасты бұрыс деп тапсаңыз, онда «минус» (-)» белгісін қойыңыз.

Сұрақтар

1.Егер бір нәрсе үйлеспесе, менде ол жұмысты тастағым келіп тұрады.

2. Мен өз жоспарым мен жұмыстарымнан бас тартпаймын, тіпті егер олармен және сүйкімді серіктестер арасында таңдау жасау керек болса да.

3. Қажет болған жағдайда ыза кернесін тоқтату маған қиын емес.

4. Бекітілген уақыттан кешіккен жолдасымды күткенде әдетте салмақтылық сақтаймын.

5. Мені бастаған жұмыстан алаңдату қиын.

6. Физикалық ауырсыну мені қалыптан адастырады.

7. Сұхбаттасымды, сөзін үзбей, тыңдауға тырысамын, тіпті оған қарсы сөйлеуге асығып тұрсамда.

8. Мен әрқашанда өзімнің сызығымды «иемін» («гну» свою линию).

9. Егер керек болса, мен түні бойы ұйықтамаймын (мысалы, жұмыс, кезешілік) және ертеңіне күні бойы өзімді «сергек сезінемін».

10. Менің жоспарларым өте жиі көлденең оқиғаларға байланысты орындалмай қалады.

11. Өзімді шыдамды адаммын деп санаймын.

12. Қобалжитын көріністерге өзімді салқындықпен қарату маған оңай емес.

13. Бірнеше өкпелі сәтсіздіктерден кейін жұмысты жалғастыруға өзімді көндіру сирек кездеседі.

14. Егер біреумен арақатынасым жаман болса, оны жақтырмайтынымды жасыру маған қиын.

15. Қажет болғанда ыңғайсыз және келіссіз жағдайда өзімнің ісімді жалғастыра беремін.

16. Қалайда анықталған мерзімге орындау керектігі, менің жұмысымды орындауыма қатты жағымсыз әсерін тигізеді

17. Өзімді батыл адаммын деп есептеймін.

18. Физикалық шаршағанды, басқалардан жеңіл көтеремін.

19. Баспалдақпен жаяу көтерілгенше, алдымда ғана кетіп қалған лифтіні күткен дұрыс.

20. Менің көңіл-күйімді бұзу онша оңай емес.

21. Кейде түкке тұрмайтын ойлар мазалайды., тыныштық бермейді, олардан құтыла алмаймын.

22. Басқаларға қарағанда, маған жұмысқа немесе тапсырмаға назарымды жұмылдыру қиындау түседі.

23. Мені таласта жеңу қиын.

24. Мен әрқашанда басталған істі соңына дейін жеткізуге тырысамын.

25. Менің назарымды жұмыстан басқаға аудару оңай.

26. Кей кезде өзім ойлағаныма объективті жағдайларға қарамастан жеткім келетінін байқаймын.

27. Адамдар менің шыдамдылығыма және мұқияттылығыма қызығады.

28. Стресстік жағдайларда шыдамдылық сақтау маған қиын.

29. Монотонды жұмыс кезінде, кей кезде нәтижені төмендетуге әкелуіне қарамастан, әрекет әдісін еріксіз өзгертетінімді байқаймын

30. Кетіп бара жатқан көліктің немесе лифтінің «менің көз алдымда» есігінің қатты жабылып қалуы, мені тітіркендіреді.

Нәтижені өңдеу.

Нәтижені өңдеудің мақсаты – ерікті өзіндік реттеу индексінің мөлшерін жалпы шкаланың пункттері (Е) және «табандылық» (Т) және «өзін-өзі ұстау» индекстерінің субшкаласы (Ө) бойынша анықтау.

Әрбір индекс – ол зерттелуші жауаптарының шкаланың немесе субшкаланың кілттерімен сәйкес келген жауаптарын санағанда алынған баллдардың қосындысы.

Сұрақнамада 6 жасырынды түрде берілген пайымдар. Сондықтан, «Е» шкаласы бойынша баллдың жалпы қосындысы 0-ден 24-ке дейінгі диапазонда, «табандылық» субшкаласында – 0-ден 16-ға дейін және «өзін-өзі ұстау» субшкаласында 0-ден 13-ке дейін болуы керек.

Еріктің өзіндік реттеу индекстерін есептеу үшін мына кілт ұсынылады.


Жалпы шкала

1-, 2+, 3+, 4+, 5+,6-, 7+, 9+, 10-, 11+, 13-, 14-, 16-, 17+, 18+, 20+, 21-, 22-, 24+, 25-, 27+, 28-, 29-, 30-

"Табандылық"

1-, 2+, 5+, 6-, 9+, 10-, 11+, 13-, 16-, 17+, 18+, 20+, 22-, 24+, 25-, 27+

"Өзін-өзі ұстау"

3+, 4+, 5+, 7+, 13-, 14-, 16-, 21-, 24+, 27+, 28-, 29-, 30-


Нәтижені талдау

Ерікті өзіндік реттеу деңгейін, жалпы алғанда, әртүрлі жағдайларда өзінің мінез-құлқын игере алу шаралары деп түсінеді, өзінің әс-әрекеттерін, жағдайларын, пиғылдарын саналы түрде басқара алуы.

Ерікті өзіндік реттеу деңгейі тұтас және табандылық пен өзін-өзі ұстау қасиеттері бойынша бөлек сипатталуы мүмкін. Ерікті өзіндік реттеу деңгейі әрбір шкаланың көрсеткіштерін орташа көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықталады. Егер ол максималды мүмкін болатын санның жартысынан артық болса, ол жалпы реттеу, табандылық пен өзін-өзі ұстаудың дамуының жоғарғы деңгейін көрсетеді. «Е» шкаласының мөлшері – 12, «Т» шкаласы – 8, «Ө» шкаласы -6 болуы керек.

«Е» шкаласы бойынша жоғары балл эмоционалды жетілген, белсенді, тәуелсіз, дербес адамдарды сипаттайды. Олар өздерінің сенімділігімен, ойларының тұрақтылығымен, реалистік көзқарастарымен, өзіндік міндетшілдіктерімен ерекшеленеді.

Әдет бойынша, олар жеке мотивтерін жақсы рефлекстейді, күштерін дұрыстап бөле алады және өз әрекеттерін бақылау қабілеттері бар, әлеуметтік-позитивті бағыты басым келеді.

Кейбір келессіз жағдайларда, өзінің мінез-құлқының әрбір нюансын бақылауға тырысып және оның азғана спонтандығы білінгенде, ішкі шиеленісін жоғарылата алады.

Төмен балл сезімтал, эмоционалды тұрақсыз, нәзік, өздеріне сенімсіз адамдарда болады. Рефлексивтік төмен, белсенділіктің жалпы астары азайған. Оларға импульсивтік және пиғылдарының тұрақсыздығы тән. Ол - адамның кемелденбегендігіне, сонымен қатар, рефлексия және өзін-өзі бақылау қабілетінің төмендеуімен қатар жүретін талғағыштығына байланысты болуы мүмкін.

«Табандылық» субшкаласы адамның ниетінің күшін, оның бастаған жұмысын аяқтауға ынтасы сипаттайды. Жағымды полюсінде – іскер, жұмысқа қабілетті, көздегендерін орындауға белсенді ұмтылатын адамдар, оларды мақсатқа жету жолындағы кедергілер ынталандыра түседі, бірақ, оларды азғырушылар мен альтернативтер алаңдатады, басты құндылықтары – басталған іс.

Ондай адамдар әлеуметтік нормаларды құрметтейді, өздерінің мінез-құлқын соларға түгел бағындыруға тырысады. Шектен шыққан жағдайда мінез-құлықтың икемділігін жоғалтуы, маниакалды көріністердің пайда бола бастауы мүмкін. Ол шкаланың төменгі мөлшері, мінез-құлқының дәйексіздігіне және шашыраңқылығына әкелуі мүмкін болатын, көтеріңкі орнықсыздықты, сенімсіздікті, импульсивтікті көрсетеді.

Белсенділік пен жұмыс қабілетінің фонының төмендеген орнын, әдетте, ол адамдарда көтеріңкі сезімталдық, иірімділік, өнертапқыштық, сонымен қатар, әлеуметтік нормаларға еркіндікпен түсініктеме беруге беталысы толтырады.

«Өзін-өзі ұстау» субшкаласы эмоционалдық реакциялар мен жағдайларын ерікті бақылау деңгейін көрсетеді.

Субшкала бойынша жоғары балл жинағандар эмоционалды тұрақты, әртүрлі жағдайларда өздерін жақсы ұстай алатын адамдар. Оларға тән ішкі салмақтылық, өзіне сенімділік оны белгісіздерден қорқудан сақтайды, жаңа, күтпегендерді қабылдауға, және, әдеттегідей, көзқарастық еріктігімен, жаңашылдыққа және радикализмге дайындығын жоғарылатады.

Сонымен қатар, үнемі өзін-өзі бақылауға тырысу, спонтандықты саналы түрде өте қатты шектеу ішкі шиеленістің жоғарылауына, үнемі қамкөңілдік пен қажудың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Бұл шкаланың келесі полюсінде – өкпелеушілікпен және дәстүрлі көзқарастарды сыйлаумен қосылып, спонтандық және импульсивтік адамды интенсивті қынжылудан және ішкі шиеленістен қорғайды, көңіл күйі фонының сабырлылығын қалыптастырады.

Шкала бойынша жоғары көрсеткіштердің әлеуметтік қажеттілігі біркелкі емес. Ерікті өзіндік реттеудің дамуының жоғары деңгейі тіршілікті ұйымдастырудағы және адамдармен қарым-қатынастағы проблемаларға байланысты болуы мүмкін.

Мінез-құлықты бейімсіздендірудің бітістері мен түрлерінің пайда болғанын көрсетеді, табандылық пен өзін-өзі ұстаудың төменгі деңгейінің олардан ерекшелігі, олар кейбір жағдайларда орын толтыру функциясын атқарады. Сонымен қатар, тұлға қасиеттерінің дамуындағы және басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіндегі және әртүрлі оқиғаларға адекватты жауап беруіндегі бұзылыстар туралы хабардар етеді.

Өзін-өзі реттеудің саналы түрде түсінілген ерекшеліктері туралы ақпаратты алғаннан кейін, алғашқы ретте даму немесе түзетуді қажет ететін қасиеттерді көрсете отырып, жетілдіру бағдарламасын жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет