Жок. 338. 330. 1 Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі а. С. Акмаганбетова



жүктеу 101.08 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі101.08 Kb.
ЖОК.338.330.1

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ

ТИІМДІ МЕХАНИЗМІ

А.С.Акмаганбетова

(«Қарағанды мемлекеттік индустриалық университет»)

Қазақстан экономикасын әртараптандыру идеясы жаңадан пайда болған нәрсе емес. Ел билігі мұндай қадамдар туралы бұрыннан айтқан болатын. Алайда Елбасымыз қабылдаған бағдарламалар дағдарыстан кейін нақтырақ, шынайырақ бола түсті және өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында бұрынғыдан да жоғары қайта жаңғыртуларға, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мумкіндік туғызды. Басқа экспорттық инфрақұрылым - жолдар, порттар салу республика үшін үлкен мәнге ие. Еуропаны Қытаймен біріктіру, транзит мемлекеттің рөлін арттыру арқылы әлемдік экономика интеграциясы жаһандық міндет тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, бірінші кезекте меншік шикізат өнімдері мен өңделген, дайын өнімдерді экспорттауды дамыту жолының дұрыс жолға қойылғандығының да маңызы ерекше. Қазақстан әлемдік еңбек нарығында өзіне лайық орнын әлдеқашан – ақ тапқан. Мен бұл мемлекет қазіргі жаңа Қытай немесе Тайвань тәрізді ел болады ойламаймын, бірақ, республика бар мүмкіндіктерін толық пайдаланып, шикізат саласынан өңдеу саласына басатын болса, Қазақстан бұдан да жоғары беделге ие болары анық. [2] Елімізде тек қана шикізат ғана емес, сондай – ақ тарихы бай металлургия саласы да бар екені белгілі. Қазақстан соңғы онжылдықта экономиканы дамытудың көрнекті нәтижелеріне қол жеткізді.Стратегиялық бағдарды сауатты және дәйекті түрде іске асырудың арқасында елдің экономикалық әлеуеті артып, соңғы әлемдік қаржы – экономикалық дағдарыстан тиімді шығуға мүмкіндік берген қажетті ресурстар жинақталды. Алдағы он жылдық кезеңінде экономиканы кең көлемді жаңғырту және әртараптандыру маңызды міндет болмақ, бұл ұзақ мерзімдік, орнықты және сапалы өсуді одан әрі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы міндетті шешуде басты күш – жігерді мына бағыттарға жұмылдыру қажет.

Экономиканың өнімділігін кешенді түрде арттыруға,оны әртараптандыруға және шикізаттық емес басым салаларды дамытуға бағытталған елді жедел индустрияландыру; шикізат өндірісінен қосылған құны неғұрлым жоғары тауарлар өндіруге көшу; Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін кемінде 4 есе арттыру және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын өсіру; өңірлерді дамыту бағдарламаларының орындалу барысын бақылауды күшейту, қаржылық қамтамасыз ету және бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру, өңірлерде инвестициялық саясатты іске асыруда республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жобаларды бірлесіп қаржыландыру қағидаттарын жетілдіру; көлік, өндіріс, және энергетика инфрақұрылымын дамыту, транзиттік тасымал көлемін 2 еседен астам арттыру, ішкі өндіріс есебінен электр энергиясымен толық қамтамасыз ету, тұтынушылар топтары бойынша және тұтыну көлеміне қарай сумен жабдықтау қызметінің және тұтыну көлеміне қарай электр энергиясының сараланған тарифтерін барлық жерде қолдану; экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру: 2020 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінде еңбек өрімділігін кемінде 2 есе арттыру, инновацияны кең ауқымды дамыту және енгізу, инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлес салмағын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 20% - на дейін арттыру, жалпы ішкі өнімнің энергетикалық сыйымдылығын кемінде 25% - ға дейін кеміту, қазіргі бар өндірістерді технологиялық жаңарту. Макраэкономикалық жағдайлар жасау, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі мен дамуы. Мемлекеттік активтерді (ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық серіктестіктер) басқару тиімділігін арттыру. Концессиялар туралы заңнаманы қолдану тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, оны қолдану мен пайдалану ауқымын кеңейту.

Бизнес – ахуалды жақсарту, бизнеске мемлекеттің қысымын азайту, бизнестің операциялық шығындарын кемінде 50% ға азайту, рұқсат беру рәсімдерінің санын 30% – ға және бұған қоса жоспарлы тексеріс санын 10% – қысқарту.Шағын және орта бизнесті дамыту, олардың жалпы ішкі өнімге үлесін ұлғайту, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, ұлттық холдингтер жүйе құраушы компаниялардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда «қазақстандық қамту» үлесін арттыру.[3] Қазақстандық экспортты сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған салиқалы сыртқы экономикалық саясатты одан әрі жүргізу, әсіресе Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде экономикалық ықпалдастықты тереңдету.Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикаға сай мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерінің ішінде бірінші ел болып инвестициялық рейтингіне ие болды. Дүниежүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 50 млрд. астам АҚШ доллары тартылды.Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгіге сәйкес Қазақстан бәсекелестікке және әлемнің барлық елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтерді, капиталды және жұмыс күшін экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретінде қалыптасып келеді. 2000-2005 жылдары ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 9,2% құрады.Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін қолайлы емес. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар нарығында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.Экономиканың шикізат секторынан едәуір табысқа ие бола отырып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ұмтылмайды.Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болғандықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемі әрекет жасайды.



Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады.Бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі мәселелер туғызады.Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс қауіпін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түсті металдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып кетуінен түсетін кірістер жинақталады. Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын жоюға және экспортты ыеталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылымдық-институттық реформалар саласындағы жетістіктерді, қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуетінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын атап өту керек.Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы нарықта бәсекеге түсе алады. Ал, тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі нарықта бәсекелес болады, ал өңдеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама субсидиялардың есебінен отыр. 2003 жылға дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін, былғары аяқ киім, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия өнеркәсібі) салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерін төлеу өсімі есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ киім өнеркәсібі салаларының өзі өндірген өнімді өткізуге 2002 жылға дейін ҚҚС нөлдік мөлшерлеме бойынша салынды.Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасында мынадай мәселелер орыналуда:

  • Экономиканың шикізаттық бағыттылығы;

  • әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;

  • ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босандығы;

  • өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі;

  • ішкі нарықта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;

  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;

  • мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы;

  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

  • ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

  • ҒЗТКЖ-қа қаржының аз бөлінуі;

  • Отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейімделуі, ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы;

  • Мамандарды және жұмыскер кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;

  • Экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;

  • Менеджменттің экономиканы жаһандану үрдістеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.[1]

ЖІӨ-нің бір долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз. Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негізгі капиталдың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Бірқатар салаларда негізгі капиталдың нақты тозуы 50% және одан астам деңгейге жақындауда.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кәсіпорынның қарауында қалған пайда есебінен негізгі капиталды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртібі сапалық жағынан ескірген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгілі бір дәрежеде тежеуші болып отыр. Бұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және сапалық тұрғыдан алғанда ескіруге, ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің бір долларын өндіруге 2,8 киловатт-сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткіш 0,2-0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда- 0,4-0,6; Канада мен Қытайда- 0,8-1,2 киловатт-сағатты құрайды. Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп-қатерлер болуына байланысты мұндай операцияларға бара алмай отыр. Шағын ашық экономика болып табылатын Қазақстан әлемдік бағаларға әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиісті. Осының салдарынан ел өз экономикасына пәрменді ықпал ету құралдарының шектеулі мөлшерін ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы факторларға дәрменсіздігін азайту үшін елде жоғары технологиялық өндірістерді құру аса өзекті мәселеге айналуда.Өткізуден түсетін табыстың бір теңгесіне жұмсалатын шығындардың көрсеткіші еңбек және материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалаудың индикаторы болып табылады.

Міне, осы баяндалған экономикалық мәселелерді есепке ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз:



Сурет 1. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі.

Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты және халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына жақсы әсер етеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы – 2008 ж авт: Ниязбекова Р.Қ

  2. // Егемен Қазақстан 2010 ж.

  3. // Дала мен қала 2010 ж.

Анкета

Фамилия___Акмаганбетова___________________________________

Имя____Алия___________________________________

Отчество_____Сурагановна_________________________________

Ученая степень, звание __________________

Организация, должность__КГИУ, ст.преподаватель кафедры «ЭиФ»

Адрес__г. Темиртау_______________________________________

Телефон, факс, e-mail____________________________

Раздел____7. Экономические науки____________________________________

Название статьи: Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі




АННОТАЦИЯ

В статье определены перспективные стимулы повышения эффективности производства при переходе к постиндустриальному обществу.



АНДАТПА

Мақалада индустриалдық коғамға өту үшін өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылату перспективалары көрсетілген.



ANNOTATION

The article identifies promising incentives to improve production efficiency in the transition to a post-industrial society.

«ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ МЕХАНИЗМІ»

тақырыбына жазылған



пікір

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бағдарламасы қабылданғаннан кейін, Қазақстанда экономиканы әртараптандыру идеялары пайда бола бастағаны бізге мәлім. Қазақстанда экономиканы дамытудың ұзақ мерзімдік және сапалы бағыттары бойынша концессиялар туралы заңнамалар қолданылды.

Осы мақаладағы ұсынылған экономиканы арттырудың тиімділік механизмі, экономиканы тиімділік механизмі, экономиканы әртараптарныру идеясының бір бөлігі болып табылады және өте өзекті мәселеге жатады.

Сондықтан, тиімділік механизмінің критерийлері экономикалық өсімнің сапалық анықтамасын көрсетеді.

Бұл макала басылымға жариялануы әбден мүмкін.

«Экономика және қаржы» кафедрасының



аға оқытушысы,э.ғ.к.,доцент М. Б.Тұрабаева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет