Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы


сақталуын мемлекеттiк бақылау



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі181.5 Kb.
#174257
1   2   3

                сақталуын мемлекеттiк бақылау

      1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.


      2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
     Ескерту. Заң 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-3-бап. Техникалық байқау операторларының құқықтары мен


                 мiндеттерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



      1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк беруден бас тартуға құқығы бар.
      2. Техникалық байқау операторлары:
      1) қолданылатын өндiрiстiк үй-жайдың, жабдықтың, материалдық ресурстардың және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      2) мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге бiлiктiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн қызметкерлердi жiберуге;
      3) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кезiндегi жұмыстарды орындау процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауға;
      4) көлiк құралдары иелерiнiң өтiнiшi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәлiметтердi хабарлауға;
      5) механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқау куәлiктерi бланкiлерiнiң жұмсалуын есепке алуды жүзеге асыруға;
      6) байқаудан өткiзiлген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi туралы мәлiметтердiң электронды түрде есепке алынуын жүзеге асыруға;
      7) көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiндегi деректерге сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттардың (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылуы, көлiк құралдарын мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн белгiлермен техникалық байқауға ұсыну фактiлерi туралы iшкi iстер органдарын хабардар етуге;
      8) мiндеттi техникалық байқаудың нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтер ұсынуға;
      9) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға техникалық байқау орталығының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабарлауға;
      10) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн жасауға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
      3. Техникалық байқау операторларына:
      1) жол жүрiсi саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге, көлiк құралдарын мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн белгiлермен техникалық байқауға ұсынуға;
      2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден бас тартуға немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруге;
      3) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуге;
      4) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 19-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-4-бап. Механикалық көлiк құралдарының және олардың


                 тiркемелерiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк
                 тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк техникалық
                 байқаудан өткiзу

      Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Ескерту. Заң 19-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      20-бап. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен


               оларды жөндеу кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

      1. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу нормативтерiн көлiк құралдарын шығарған зауыттар олардың пайдаланылу жағдайларын ескере отырып белгiлейдi.

      2. Техникалық қызмет көрсетiлiп, жөндеуден өткiзiлген көлiк құралдары Жол жүрiсi ережелерiнiң және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

       21-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салудың


               негiздемелерi мен тәртiбi

      1. Көлiк құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда:

      - көлiк құралдарының конструкциясы осы Заңның талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;

      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаға қатер төндiретiн техникалық ақаулары болса;

      - көлiк құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмiрi көлiк құралындағы тiркеу құжаттарына енгiзiлген деректерге сәйкес келмесе;

      - тiркеу құжаттары және мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса;

      - мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi болмаса немесе олар белгiленген талаптар мен тiркеу құжаттарына сәйкес келмесе;

      - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаса;

      - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда тыйым салынады.

      2. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салуды ондай тыйым салуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      3. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
       Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.05.08 N 414 , 2006.12.29 N 209 , 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар

      1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мақсатында көлiк және коммуникация саласындағы орган, қарамағында автомобиль жолдары бар жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

      2. Аталған шараларды әзiрлеу мен өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлетiн жобалар, схемалар және өзге де құжаттар негiзiнде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.


      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның


               қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi
               талаптар

      1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет техникалық регламенттермен реттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларында көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

      2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген реттерде көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүрiп-тұруын ұйымдастыруға өзгерiстi соған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар ғана белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға тиiс.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу,


               күту және басқару кезiнде жол жүрiсi
               қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
               негiзгi талаптар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару техникалық   регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптары негiзiнде және соларды сақтай отырып орындалуға тиiс.


      Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi шығындарды азайтуға жол берiлмейдi.

      2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс.

      3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жолдардың жол жүрiсiнiң техникалық регламенттерiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен сынақтан өткiзу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген орган тағайындайтын комиссия бередi.
      Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жолдардың жай-күйiнiң белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде жұмыстарды орындаушыға жүктеледi.

      4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi техникалық регламенттерге сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндет жолды иеленушi (қарамағындағы) заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.


      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

      25-бап. Жолдағы жүрiстi шектеу немесе тоқтату

      1. Көлiк құралдарының жолдарымен жүруi дүлей зiлзала, жолдағы климат жағдайлары қолайсыз болған, бұқаралық шаралар өткiзiлген реттерде және жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да реттерде уақытша шектеледi немесе оған тыйым салынады.

      2. Көлiк құралдарының жолдармен жүруiн тоқтату немесе уақытша шектеу негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.



4 тарау
Қорытынды ережелер

      26-бап.


      Ескерту. 26-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

       27-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету


               саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн
               жауапкершiлiк

      Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      28-бап. Халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет