қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
негiзгi талаптар
1. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
- жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға;
- жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарының жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға;
- жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап, оларды жоюға;
- көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге;
- жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөнiндегi шараларды ұйымдастыруға мiндеттi.
2. Автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарымен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы ережелер белгiлеп, жүктiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және қолданылып жүрген заңдар шегiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жүргiзушiлерге қосымша талаптар қоя алады.
14-бап. Жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен
мiндеттерi
1. Азаматтардың жолдармен жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары құқықтарына мемлекет кепiлдiк бередi және ол құқықтар Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдарының, Республика бекiткен халықаралық шарттардың орындалуы арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Жол жүрiсiне қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруы жол жүрiсiне басқа қатысушылардың құқықтарын шектемеуге немесе бұзбауға тиiс.
3. Жол жүрiсiне қатысушылардың:
- заңдармен белгiленген ережелер мен рәсiмдерге сәйкес және солардың негiзiнде жолмен еркiн, кедергiсiз жүруге;
- лауазымды адамдардан және жол жүрiсiн қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттiк органнан жолмен жүруге тыйым салыну немесе шектелу себептерi туралы түсiнiктеме алуға;
- қозғалыстың қауiпсiз жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы толық және анық ақпарат алуға;
- қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен лауазымды адамдардан жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық көмектiң, құтқару жұмыстарының кепiлдi көлемi мен басқа да қажеттi көмектi тегiн алуға;
- жол-көлiк оқиғасы салдарынан өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген жағдайларда, сондай-ақ көлiк құралы мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiп бойынша залалды өтеттiруге;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға құқығы бар.
4. Жол жүрiсiне қатысушылар осы Заңның және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын орындауға мiндеттi.
15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу
1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:
- он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын ("А" санаты) жүргiзуге;
- он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi ("С" санаты) жүргiзуге, бұған "Д" санатына жататындары кiрмейдi;
- кемiнде үш жыл жүргiзушiлiк стажы, оның iшiнде кемiнде бiр жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бiр жасқа толған адамдарға – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;
- "В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын ("Е" санаты) жүргiзуге.
2. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады.
3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған, медициналық жағынан кiнәраты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi бiлiм мен дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi.
4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын және рұқсат беру тәртiбiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi.
5. Көлiк құралдарының "А" және "В" санаттарын жүргiзу құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше даярлануына жол берiледi.
6. Адамдарды көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу емтихандарына жiберу, оларды тапсыру, көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiктер беру тәртiбiн және адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салатын медициналық кiнәраттарының тiзбесiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган белгiлейдi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
16-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн
тоқтату негiздемелерi
1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының тоқтатылуына:
1) жүргiзушi куәлiгiнiң белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуi;
2) жүргiзушi денсаулығының көлiк құралдарын қауiпсiз жүргiзуге кедергi келтiретiндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негiздемелер болып табылады.
Көрiнеу психикалық бұзылулар мен мiнез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемiстiгi, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсiз iсiктер, органның туа бiткен кемiстiгi немесе органнан не бүлiнген органның қызметiн бұзатын оның бiр бөлiгiнен жүре келе айырылу, олардың көлiк құралдарын толыққанды жүргiзуге кедергi келтiруi көлiк құралдарын жүргiзуге жарамдылықты растау үшiн медициналық куәландыруға жiберуге негiздемелер болып табылады;
3) жүргiзушiнiң жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы;
4) көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру негiздеме болып табылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша көлiк құралдарын жүргiзу құқығының тоқтатылуы уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Көлiк құралын жүргiзу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық:
осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейiн;
осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - егер көлiк құралдарын жүргiзу құқығын тоқтатудың себептерi жойылатын болса, сот шешiмi бойынша;
осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - осы Заңның 15-бабында белгiленген тәртiппен;
осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - емтихан тапсырғаннан және көлiк құралын басқару құқығынан айыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн қайта қалпына келтiрiледi.
2. Жауапкершiлiк шаралары ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға не сондай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
17-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз
ету
1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету:
- көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiк алуға үмiткер азаматтар мен жүргiзушiлердi мiндеттi түрде медициналық куәландыруды;
- жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және ағымдағы медициналық байқаудан өткiзудi;
- жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi;
- жол жүрiсiне қатысушыларды, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ азаматтарды жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсету тәсiлдерiн үйретудi қамтиды.
1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
- жол-көлiк оқиғасы болған жерде дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсетудi;
- жол-көлiк оқиғасы болған жерде, медицина ұйымына бара жатқан жолда және медицина ұйымында медициналық көмек көрсетудi қамтиды.
3. Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртiбiн және олардың мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi .
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
18-бап. Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жалпы талаптар
1. Шығарылған көлiк құралдарының конструкциясы, оның iшiнде олардың құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтарының конструкциясы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Көлiк құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi, қосымша жабдықтау заттары, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi расталуға тиiс.
3. Механикалық көлiк құралдарының және тiркемелердiң жекелеген түрлерiнiң жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрiсiне қатысуына рұқсат берудi жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган тиiстi құжаттар мен мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiн бере отырып, мемлекеттiк тiркеу, оларды пайдаланушы, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеу мен есепке алу, оларды жүргiзу құқығына емтихан қабылдау мен куәлiк беру арқылы жүзеге асырады.
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым алынады.
Жүргiзушi куәлiктерiн, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк баж алынады.
Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу:
салық төлеушiлер үшiн - Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көлiк құралдары салығын төлегенiн;
Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес салық төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды бергеннен кейiн жүргiзiледi.
Механикалық көлiк құралы мен тiркеменiң техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттiк тiркеуге тыйым салынады.
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттiк тiркелуге жатады:
1) жеңiл, жүк автомобильдерi және автобустар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда;
2) мотоциклдер және мотороллерлер;
3) автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер;
4) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, бұған қоса олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдер, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер.
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттiк тiркелуге жатпайды:
1) жабық аумақтарда технологиялық көлiк ретiнде пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдер мен тракторларды, өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, тiркемелердi қоса алғанда;
2) троллейбустар;
3) трамвайлар және рельспен жүретiн басқа да механикалық көлiк құралдары;
4) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан аз мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер.
4. Тiркелген көлiк құралдарының конструкциясына, соның iшiнде оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң және керек-жарақтарының конструкциясына өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi қайта растауды өткiзу қажет.
5. Жол қозғалысына қатысатын көлiк құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйi және жабдықтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты мынадай негiзгi талаптарға:
1) көлiк құралында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн тежегiш жүйе, рульдiк басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына;
2) көлiк құралдарын қауiпсiз басқаруға мүмкiндiк беретiн шолу мен көрудiң жеткiлiктi мөлшерде қамтамасыз етiлуiне;
3) адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру қаупiн болғызбайтын қосымша жабдық тетiктерi, заттары және көлiк құралының бейiмделген құрылғылары болуына;
4) жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшiн қауiпiсiздiктi бәсеңдетудi қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиiс.
6. Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде олардан қоршаған ортаға бөлiнетiн шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген жол берiлетiн деңгейден аспауға тиiс.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276 , 2003.06.10 N 433, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209 , 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзедi, оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын жүзеге асырады және оны өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады.
Тiзiлiмдi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Техникалық байқау операторы механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi қызметтi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзген күннен бастап жүзеге асырады.
2. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу мақсатында көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) дара кәсiпкер үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
5) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшiрмелерi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат ұсынылады.
3. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтiнiш берушiге тiзiлiмге енгiзу туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелдi бас тарту жiберiледi.
4. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту үшiн:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дәйексiздiгi;
3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты айдың iшiнде техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару негiз болып табылады.
5. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару үшiн:
1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен өз еркiмен шығару туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы;
3) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу бұрыс ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;
5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару туралы хабарлама көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
19-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың
тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi атқарушы орталық органда тiркелген механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.
Мiндеттi техникалық байқау механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
2. Көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұратын жерiне қарамастан, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзген техникалық байқау операторлары мiндеттi техникалық байқауды жүргiзедi.
Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызметтер көрсетедi.
3. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқаруға жол берiлмейдi.
Техникалық байқау операторының аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн жөндеу және оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жол берiлмейдi.
4. Техникалық байқау операторы:
1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады;
2) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзудi қамтамасыз етедi;
3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң кестесi туралы халықты хабардар етедi;
4) аудандардың әкiмшiлiк орталықтарында, ауылдық (селолық) округтерде және аудандық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады.
Қызмет өңiрiн айқындау тәртiбiн көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу екi кезеңдi: дайындық және негiзгi кезеңдердi қамтиды.
Мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң дайындық кезеңi барысында көлiк құралын сәйкестендiру және оны сәйкестендiру нәтижелерiнiң тiркеу және өзге де құжаттардағы деректерге сәйкестiгiне тексеру жүргiзiледi.
Мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң негiзгi кезеңi барысында көлiк құралының техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiнде жұмыстар (тексеру) орындалады.
6. Мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Техникалық байқау операторы ұсынылған құжаттарды механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
7. Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасы жасалады, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк берiледi.
8. Егер мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын ақаулықтар және жағдайлар анықталған болса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлмеген деп танылады.
Бұл жағдайда механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне ақаулықтар көрсетiле отырып, механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң диагностикалық картасы берiледi.
9. Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайлар жойылғаннан кейiн механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi оны қайтадан мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн ұсынады.
Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн қайтадан байқаудан өткiзу бiрiншi мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.
Бiрiншi мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген орталықта механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн қайтадан техникалық байқаудан өткiзу кезiнде техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай болмаған және диагностикалық картада көрсетiлген позициялар ғана бойынша жүргiзiледi. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексеру үшiн ғана алынады.
Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кезiнде ақаулықтар анықталғаннан кейiн механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауға қайтадан әкелудiң ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.
10. Механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар орындалатын жердi және орындаушыны дербес айқындайды.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (ҚР 2011.01.24 N 399-IV Заңының 2-бабын қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшiн механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiшпен және мынадай құжаттарды:
1) халықаралық техникалық байқау сертификаты берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртектi;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жылға көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн қоса бере отырып, жүгiнедi.
2. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне құжаттармен қоса берiлген өтiнiш келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде халықаралық техникалық байқау сертификатын бередi.
3. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, өтiнiш берiлген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне бас тарту себебiн көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша нысанда дәлелдi бас тартуды жiбередi.
4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес берiледi.
5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлiнген кезде көлiк құралы иесiнiң халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алу үшiн көлiк құралының иесi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiшпен және халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшiн мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек ұсына отырып, жүгiнедi.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлiнген бланкiсi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға жоғалғаны немесе бүлiнгенi туралы өтiнiш берiлген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
6. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және үстiңгi оң бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын бередi.
7. Көлiк құралының иесi халықаралық техникалық байқау сертификаты телнұсқасының берiлгенi үшiн мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек ұсынбай өтiнiш берген жағдайда, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мерзiмде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты мiндеттi немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiкте көрсетiлген мерзiмге сәйкес келетiн мерзiмге берiледi.
Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
19-2-бап. Мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiнiң
Достарыңызбен бөлісу: |