§1. Арнайы поездарда жол жүру
202. Жолаушылардың ұйымдасқан тобының жол жүруі үшін өтінім бойынша жол қажеттілігіне қарай жеке:
1) вагон;
2) ауданаралық (қалааралық, облыс ішіндегі) және қала маңы қатынасындағы поездың 10 вагонынан кем болмайтын тікелей қатынайтын жолаушылар поезының құрамы ұсынылады.
Поезды жалдау туралы шарт оны жөнелткенге дейін кемінде 20 жұмыс күні бұрын жасалады...
203. Жеке вагон тағайындалған кезде:
1) вагонның жалдау ақысы;
2) вагондағы орындар саны бойынша жол жүрудің құны өндіріп алынады.
Жеке поезд тағайындалған кезде:
1) поездың барлық вагондарын жалдау ақысы;
2) поездағы орындар саны бойынша жол жүрудің құны өндіріп алынады;
3) поездың құрамына арнайы вагондар қосылғанда Тасымалдаушы белгілеген мөлшерде вагонның жол жүргені үшін төлем алынады.
Поезды немесе вагонды тағайындау үшін ақы ол жөнелтілгенге дейін 20 жұмыс күні ішінде алынады. Поезды немесе вагонды тағайындау кезінде жалдау ақысын есептеу оларды тағайындау туралы өкімде көрсетілген барлық уақытқа жүргізіледі.
Жолаушылар саны вагондарындағы орындар санынан асқан жағдайда жол жүруге рұқсат берілмейді.
204. Жалға алынған жеке поезда жол жүрген жолаушылардың багажы багаж вагондарында багаж тарифі бойынша төлем нормасын шектемей және» багаж түбіртегін бере отырып жүргізіледі.
Жалға алушының қалауы бойынша жеке поезда келе жатқан» жолаушылардың багажын тасымалдау үшін ақы төрт осьті багаж вагонға 18 тонна ретінде есептеумен поезды тағайындау кезінде енгізіледі; бұл жағдайда багажды тасымалдауды, сақтауды және беруді жалға алушы жүргізеді, багаж түбіртектері берілмейді.
205. Қосымша ақыға төсек-орын жабдықтары ұсынылады.
§2. Науқастарды және мәйіттерді тасымалдау
206. Оқшаулауды талап ететін бірге алып жүрушілері бар науқастарды;
тасымалдау келе жатқан адамдардың санына қарамастан, алып отырған купедегі барлық орындардың толық құнын төлеу арқылы оқшауланған купеде жүргізіледі.
Науқастарды жөнелтіп отырған заңды және жеке тұлғалар жеке купені дайындау үшін алдын ала, бірақ күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жеке купеге өтінім береді.
Өтінімге тасымалдау талаптары көрсетілген дәрігердің қорытындысы қоса тіркелуі тиіс.
207. Темір жол көлігімен мәйіттер салынған табыттарды тасымалдау багаж немесе пошталы-багаж вагондарында немесе олардың бөліктерінде жол жүру барысында табытты тапсырып отырған адамның жөнелту станциясында мемлекеттік көліктегі қадағалау санитарлық-эпидемиалық органдардан, паталогоанатомиялық дәрігердің қорытындысынан (сот медициналық сарапшысы) тасымалдауға рұқсат қағазын ұсынуы бойынша жүргізіледі. Темір жолдармен мәйітті тасымалдау бос жерлеріне ағаш үгіндісі немесе көмір, торф, ақбалшық толтырылған ағаш жәшікке орналастырылатын мұқият дәнекерленген металл табытта жүргізілуі тиіс.
208. Темір жол көлігімен мәйіттер салынған табыттар тек бірге алып жүрушілер болғанда ғана тасымалданады. Егер жол жүру барысында кез келген себеппен бірге алып жүруші мәйіт салынған табыты бар поездан қалып қойса, онда табыттың межеленген жеткізілуі кешіктірілмейді.
Бірге алып жүрушінің жол жүруге арналған жол жүру құжаты болуы тиіс.
209. Багаж вагондарда мәйіт салынған табытты тасымалдау үшін багаж тарифі бойынша 300 кг багаж тасымалдау үшін ақы алынады.
Күл салынған урналарды тасымалдау кезінде багаж тарифі бойынша 30 кг багаж тасымалдау үшін ақы алынады.
§3. Қызметтік тасымалдар
210. Темір жол көлігі ұйымдарының қажеттіліктері үшін жолаушы поездарындағы қызметтік тасымалдар, егер ерекше нұсқаулар немесе арнайы ережелер болмаса, осы Қағидаға сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
211. Қызметтік вагондарды ұсыну тәртібін тасымалдаушы белгілейді.
212. Жолаушылар поездарының құрамындағы қызметтік вагондарда келе жатқан адамдарда тиісті тәртіппен ресімделген тегін немесе ақылы жол жүру құжаттары, ал багажға - тиісті тасымалдау құжаттары болуы тиіс.
213. Қызметтік вагондарда жүктерді тасымалдауға жүк-багажды тиісті ресімдеп және тариф бойынша ақы төлеген соң рұқсат етіледі.
§4. Қауіпті заттарды тасымалдау
214. Қауіптілерге адамдар мен жануарлардың күйіп қалуы немесе улануы, өртенуі, жарылу себептерінен болатын, сондай-ақ багаж бен жүк-багаждың, жылжымалы құрамның бүлінуі себебінен болатын, оларды тасымалдау мен сақтау арнайы талаптарды сақтауды және сақтық шараларын қабылдауды талап ететін тасымалдау немесе сақтау жағдайларындағы заттар жатқызылады.
215. Қауіпті заттар қауіптілік сипаты бойынша келесі санаттарға бөлінеді:
1) жарылғыш қоспалардың пайда болуына әкелетін заттар;
2) сығымдалған және сұйытылган газдар;
3) тез тұтанатын заттар.
216. Қауіпті заттар багаж вагондарында тасымалданады. Оларды қабылдау ресімделген жол жүру құжаттары бойынша жеке түлғалар үшін:
тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын; заңды тұлғалар үшін: тасымалдау құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын көрсетумен жүргізіледі. Баллондар жаңа, қолдануда және қысымы болмаған, тұрмысқа қажетті екені расталған, жаңа, бос, толтырылмаған газ балондарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
217. Қауіпті заттары бар багаж вагондары түсіруден кейін жабдықпен бірге толық тасымалдау құжаттары бойынша тіркелу станциясына жіберіледі.
218. Қауіпті заттар тасымалдауға тиісті техникалық шарттарда белгіленген ыдыста тасымалдауға ұсынылады.
219. Шыны бөтелкелердегі қауіпті заттар бос орындары жүмсақ орау материалдармен (жоңқамен, сабанмен) толтырылған арнаулы жәшіктерге немесе кәрзеңкелерге салынуы керек.
220. Қауіпті затпен бірге оралған әр орында (қақпағында және жанама жақтардың біреуінде) жөнелтуші заттың кауіпті екендігі туралы затбелгі жапсырады.
Санаттары бойынша әр түрлі қауіпті заттарды бірге ораған кезде әр түрлі санатқа сәйкес затбелгілер жапсырылады.
221. Қауіпті затты тасымалдауға арналған жүкқұжатта заттың нақты атауы көрсетілуге тиіс.
Әр түрлі санаттағы қауіпті заттарды бірге ораған кезде бірге оралған заттардың әр санатына сәйкес мөрқалыптар қойылады.
Қауіпті заттардың қатарындағы медициналық препараттар осы Қағидада белгіленген багаж вагондарына жүк-багаж талаптарын сақтай тасымалдануға тиіс.
222. Қауіпті заттарды тиеу және түсіру кезінде зақымданудың жоқтығына сөз жеткізілуге тиіс. Зақымдану анықталған жағдайда зақымданған жерді жою, сондай-ақ шашылған немесе төгілген заттарды жинау үшін шаралар қабылдануға тиіс.
§5. Өсімдіктерді тасымалдау
223. Жеке адамдардан тасымалдауға өсімдіктер, оның ішінде көшеттер мен басқа да отырғызу материалдары, егер олардың орамы тасымалдаудың сақталуын қамтамасыз ететін болса және олар басқа жөнелтушілердің багажын (жүкбагажын) былғамаса, қабылданады. Жөнелтудің әрбір орны осындай жағдайда салмағы бойынша 25 кг және биіктігі 2 метрден аспауға тиіс.
224. Карантинге жабылған аудандар аумағында станциялардан аталған жөнелтулер иесі белгіленген карантиндік құжатты ұсыну бойынша ғана қабылданады.
§6. Арнайы «туристік» поездарда тасымалдауды ұйымдастыру
225. Туризм мәселесі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органдардың туризм жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, жеке туроператорлар мен турагенттіктердің (бұдан әрі -туристік ұйымдар) өтінімі бойынша тасымалдаушы арнайы туристік поезд ұйымдастырады.
226. Тасымалдаушының атына туристік ұйымның атынан турпоездарды ұйымдастыруға берілген өтінім келіп түскен күнінен бастап 20 жұмыс күн ішінде қарастырылады.
Тасымалдаушы бір маршрут бойынша бірнеше поездың тағайындалуын болдырмау үшін туристік-сапарлық поездар қозғалысының кестесін пайдалану ведомосін құрады.
227. Арнайы туристік-сапарлық поездар оларға арналған поездар қозғалысының графигіндегі тұрақты, арнайы кестелер бойынша, тасымалдаушы жасайтын біржолғы кестелер бойынша тағайындалады. Туристік-сапарлық поездарда медициналық қызметкерлер бірге жүреді.
228. Арнайы туристік-сапарлық поездар үшін жолаушылар вагондары туристік ұйымдарға тасымалдаушымен жасасатын жалдау шарт талаптарымен ұсынылады.
229. Туристік-сапарлық поезда тасымалдауға жалдау шартын жасасу кезінде мыналар қарастырылады (қосылады):
1) облысаралық қатынаста:
поезға қосылатын барлық жолаушылар вагондарына тасымалдаушы көздейтін ставкалар бойынша оларды нақты пайдалану (жөнелту күнінен бастап келу күнін қоса алғанда) үшін жалдау төлемі;
туристік үйымдарға ұсынылатын вагондағы барлық орындар үшін поезд бригадалары пайдаланатын орындарға және мейрамхана-вагондарға қызмет көрсететін персонал үшін 8 орынға төлем жасамай, жолаушылар поезының тарифі бойынша қашықтыққа және вагонның санатына сәйкес жол жүрудің қүны;
әр турист үшін 7 күнге 1 кешен есебінен төсек-орын жабдығын пайдалану үшін төлем. Туристік-сапарлық поездарға қосылатын мейрамхана-вагондар үшін жалдау төлемі белгіленген тәртіппен алынады;
2) ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынаста:
әр вагон үшін жалдау төлемі кемінде бір тәулікке белгіленген тәртіппен төленеді;
поездың қатынау учаскесінде қолданыстағы ауданаралық және ішкі тариф бойынша поезда отыру үшін орындар санынан кем емес туристердің нақты саны бойынша ауданаралық және ішкі поездарда жол жүрудің құны.
230. Ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) қатынаста демалу орындары бар вагондардан құрастырылған жолаушылар поездарының құрамдарын пайдалану кезінде жол жүру үшін төлем тасымалдаушы белгілеген тәртіппен алынады.
231. Арнайы туристік-сапарлық поездарда жол жүрудің қүны қашықтыққа және вагонның санатына қарай белгіленеді.
232. Тасымалдаушымен жалдау шарты жасасқаннан кейін туристік поезды жөнелтуге дейін кем дегенде 20 жұмыс күнінен кешіктірмей тасымалдау үшін (жалдау, жол жүру қүны және басқалары) барлық тиісті төлемдер аударылуы тиіс.
Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа шарттарын белгілейді.
233. Тасымалдаудың төлемін растайтын барлық қажетті құжаттар және туристік-сапарлық поезды жалдауға шарттың көшірмесі туристермен бірге жүретін басшыда сақталуы тиіс және жол жүру барысын бақылау кезінде ұсынылады.
234. Туристік ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 20 күнтізбелік күн қалғанда туристік үйымның өзіне байланысты себептер бойынша жол жүруден бас тартқан жағдайда ол тасымалдаушыға тұрақсыздық айыбын төлейді. Көрсетілген тұрақсыздық айыбын енгізілген төлемдерді туристік ұйымға қайтару кезінде тасымалдаушы ұстап қалады.
Тасымалдаушы жалдау шартын жасасқаннан кейін вагондарды ұсынудан бас тартқан кезде дәл осындай мерзімде туристік ұйымға тұрақсыздық айыбын төлейді.
235.Егер:
1) жалданған құрамды пайдаланудан немесе тасымалдаушы оны жалдауға беруден бас тарту поезд жөнелтілгенге дейін 20 күннен ерте мәлімделсе;
2) құрамды пайдалану немесе жалдауға құрамды ұсынудан бас тарту тараптарға байланыссыз себептермен (дүлей құбылыстар, эпидемиологиялық жағдай және басқалар) және мерзіміне байланыссыз болған жағдайларда тұрақсыздық айыбы өндіріп алынбайды.
Туристік-сапарлық поездың құрамында вагондардың санын азайтуға болмайды.
236. Егер турист поездан тасымалдаушының кінәсінсіз қалып қойса, оның туристік-сапарлық поездың орналасу жеріне дейін жол жүруі оның өз есебінен жүргізіледі.
Турист поездан тасымалдаушының кінәсінен қалып қойса (туристік поездың басшысына хабарламай поезд алдында жарияланған кестеден ерте жөнелтілсе, жөнелту станциясы өзгертілсе) арнайы туристік-сапарлық поездың тұру станциясына дейін жол жүруі тасымалдаушының есебінен ресімделеді.
Турист поездан науқастану себебінен түсірілсе, турист поездан түсірілген станцияда станцияның (вокзалдың) бастығы акт жасайды, онда міндетті түрде поездың санаты көрсетіледі. Жазылғаннан кейін емдеу кәсіпорнының анықтамасы, туристік жолдаманың және актінің негізінде туристке жолаушылар поезында туристік-сапарлық поездың орналасу жеріне немесе оның алғашқы жөнелту станциясына дейін жол жүруі үшін жол жүру құжаты беріледі. Акт және анықтама жол жүру құжатын ақысыз беру үшін негіз болып табылады.
Егер жол жүруге топ қатысушыларының толық саны жөнелтілмесе, онда осы топтың басшысы поезд жөнелтілгенге дейін топтық жол жүру құжатын станцияның (вокзалдың) бастығына бұл туралы жол жүру құжатында белгі жасау үшін береді. Станция (вокзал) бастығы немесе поезд бастығы жол жүру барысында жасаған белгі жарамсыз болып табылады.
237. Туристік-сапарлық ұйымдар поезд жөнелтілгенге дейін алдын ала туристерге жол жүру барысында осы Қағиданың талаптарын және жеке қауіпсіздіктерін сақтау туралы нұсқау береді.
§7. Заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі вагондарда жол жүру
238. Заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі вагондарында немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын Тасымалдаушының жолаушылар, жедел поездарының құрамында жол жүру өтінімдер мен шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Вагондарды тіркеуге өтінімдер поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 10 тәулік бүрын берілуі тиіс.
Өтінімде: заңды немесе жеке тұлғаның аты, вагонның жол жүру бағыты, вагондардың саны, вагонның зауыт нөмірі, алып жүретін адамдардың саны, поездың нөмірі мен түрі, жөнелту станциясы және келу станциясы, шығатын және келетін күні көрсетілуі тиіс.
239. Заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жолаушылар паркі вагондарының жолаушылар, жедел поездардың құрамында жүруі жөнелтушінің өтінімінде көрсетілген деректерге сәйкес тасымалдағаны үшін төлем туралы құжаты болғанда және Қазақстан Республикасының темір жолдарымен жолаушылар поездарының құрамында қатынау құқығын растайтын құжатты берген кезде жөнелту станциясының жол жүру құжатын (билетін), жол жүк- багажы ведомосін берумен қол технологиясы бойынша ресімделеді.
Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа да шарттарын белгілейді.
240. Қызметтік вагондарды тіркеу және ағыту жолаушылар поездары құрамында қатынау құқығын беретін ЛУ-46 нысанындағы куәлік болған жағдайда жүзеге асырылады. Қызметтік вагондардың қатынауына куәлікте көрсетілген учаскелер аясында ғана жол беріледі. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда қызметтік вагондардың жол жүру бағыты өзгерген немесе тоқтатылған кезде Тасымалдаушыны поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 12 сағат хабардар ету керек.
241. Вагондарды жолаушылар, жедел поездардың құрамына қосу вагон екі немесе одан да көп теміржолдардың шегінде жүретін болса, басқа теміржолдармен келісім болған жағдайда Тасымалдаушының рұқсаты және вагон бір темір жолдың шегінде жүретін болса, Тасымалдаушының рұқсаты негізінде жүргізіледі.
242. Жолаушыларды заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жолаушылар паркі вагондарында тасымалдау кезінде Тасымалдаушы белгілеген мөлшерде вагонның жүрген жолына ақы және жол жүріп келе жатқан адамдардың нақты саны бойынша жолаушылар поезының қатты жалпы вагонындағы (вагонның түрі мен поездың санатына қарамастан) билеттің құны алынады. Вагонда жол жүріп келе жатқандардың саны вагондағы орын санынан артық болуы тиіс емес. Жолаушылардың қол жүгін тасымалдау, тасымалдаудың жалпыға бірдей белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа да шарттарын белгілейді.
243. Вагондардың жол жүрісіне және жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру төлемін алуды Тасымалдаушы қолма қол ақшасыз жолмен немесе жөнелту станциясының билет кассасына сапар басталғанға дейін ЛУ-12Б тасымалдау құжаттарын және бланкілік жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеп және вагон иесіне бере отырып қолма қол ақшаны енгізумен жүргізеді. Бұл ретте билет кассасында ресімдеу Тасымалдаушының жазбаша рұқсаты (телеграфтық нүсқауы, факсограмма) негізінде жүзеге асырылады. Жол жүру төлемдерін толық мөлшерде енгізгеннен және тиісті тасымалдау құжаттарын ресімдегеннен кейін Тасымалдаушы вагондарды тіркеуді жүзеге асырады.
Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа талаптарын белгілейді.
244. Жол жүру барысында немесе жөнелту кезінде жолаушылардың тасымалдау құжатында көрсетілгендегіден көп болса, жол жүру қажеттілігі туындаған жағдайда, жолаушылар поезының қатты жалпы вагонының тарифі бойынша жол жүру билеттерінің санына сәйкес қосымша алынады. Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа талаптарын белгілейді.
8. Билетсіз жол жүру және ресімделмеген багаж бен жүкбагаж
245. Поезға бақылау жасау кезінде жол жүру құжатынсыз (билетсіз) немесе тегі тұлғаны куәландыратын құжатқа сай келмейтін немесе өзгертілген жол жүру құжатымен (билетімен), сондай-ақ пайдалануға құқық беретін тиісті құжаттарсыз жеңілдігі бар жол жүру құжатымен анықталған жолаушы билетсіз жолаушы болып саналады.
Билетсіз жолаушы билет кассасы бар бірінші тарифтік станцияда түсіріледі, ол туралы жалпы нысандағы акті жасалады.
246. Жолаушы поездарында төленбеген багаж анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге жүктелген тасымалдаушының қызметкерлері төленбеген багажды алып жүру актісін (3-данада) жасайды және ЛУ-9В түбіртегі бойынша айыппұл (тасымалдау төлемі) өндіріп алынады.
247. Жол жүру құжатындағы жолаушының тегі мен аты-жөні жеке басының куәлігіндегі немесе төлқұжатындағы тегімен сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның тексеруші лауазымды адамдары жол жүру құжатын алып қояды, сонымен қатар белгіленген тәртіппен тексеруді жүзеге асыруды жүктеген Тасымалдаушы қызметкерлері билетсіз жол жүру актісін (3-данада) жасайды және жрлаушы межелі станцияға дейін жолаушының түсірілетін станциясьшан ЛУ-9В түбіртегі бойынша билетсіз жол жүргені үшін айыппұл (тасымалдау төлем) өндіріп илады. Актінің бірінші данасы жолаушы әрі қарай жол жүруі үшін тапсырылады. Ал екінші данасы поез жасақталған пунктке тапсыру үшін поезд бастығына (бригадир-механикке) тапсырылады.
248. Қателесіп, жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген бағыттан өзге поезға отырған жолаушы ең жақын тарифтік станцияда түседі. Бұл ретте поезд бастығы ол жол жүру ақысын төлемей негізгі станцияға дейін қайтып бару құқығын беретін акт жасайды. Актіде поезды қалыптастыратын темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болады.
Жолаушылар поезында отыруға арналған орындары бар вагондардан қалыптастырылған поезға арналған жол жүру құжатымен жол жүрген жолаушы анықталған жағдайда, ол билетсіз деп саналады.
Тарифтік емес станцияларда жолаушыларды поездан түсіруге рұқсат берілмейді.
249. Поезға жол жүру құжатында көрсетілген мерзімнен ерте отырған жолаушы билетсіз деп танылады. Бұл жағдайда жолаушының поезд кемінде 10 минут аялдайтын бірінші станцияда өзінің жол жүру құжаттарын қайта ресімдеуіне рұқсат етіледі.
250. Жоғары санаттағы вагонда жол жүруге құқығы жоқ жол жүру қркаттары (билеттері) бар жолаушы сол вагонда анықталса, ол өзінің тасымалдау құжатына сәйкес келетін вагонға өтеді немесе бос орын болған кезде осы вагонда, одан әрі жол жүруін осы Қағиданың 80-тармағына сәйкес ресімдеу арқылы жалғастырады.
251. Поезда қолдан жасалған немесе өзіне тиесілі емес жол жүру құжаттарымен анықталған жолаушы, салынған айыппұлға қарамастан, поездың жүрісі барысындағы жақын арадағы станцияда темір жол көлігіндегі ішкі істер органдарына тапсырылады, бұл туралы поезд бастығы акт жасайды.
252. Жолаушы олардың растығына күмән келтіретін (түзетулері бар, түзетілген және тазаланған) жол жүру құжаттарын ұсынған жағдайда, тексеретін адам, сонымен қатар уәкілетті адам Тасымаладаушыға тексеру жүргізуге, жолаушы төлеген соманың мөлшерін, жол жүру құжатын сатып алған жерін, жолаушының кім екендігін және оның тұрғылықты жерін анықтайды және акт (3 данада) жасайды. Жол жүру құжаты (билет) ақаулы ретінде алынады, тексеру және шаралар қабылдау үшін актінің екі данасына қоса беріледі, үшінші дана жолаушының әрі қарай жол жүруі үшін поезд бастығына тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |