Жолдасбекова карлыгаш абдиманатовна


Ал дос, жолдастары, курстастары арасындағы жалпы мәдени құзіреттілігі, ол құрбыларымен сыпайылылық сақтап, сәлемдесу, қоштасу әдетінің қалыптасуы; есімімен шақыра алуы, сыпайылылық, байсалдылық сақтал



бет2/3
Дата20.06.2016
өлшемі268.5 Kb.
#149443
түріАвтореферат
1   2   3
Ал дос, жолдастары, курстастары арасындағы жалпы мәдени құзіреттілігі, ол құрбыларымен сыпайылылық сақтап, сәлемдесу, қоштасу әдетінің қалыптасуы; есімімен шақыра алуы, сыпайылылық, байсалдылық сақталуы.

Достарына, курстастарына ықыласы: құрбысының көңіл-күйін аңғаруы, жәрдем беруге ұмтылуы, іс-әрекет барысында кедергі жасамау, пікірін ескеруі; құрбыларымен қақтығыстарының кездесуі мен себептері, оның шешілуі. қақтығыстағы мінез-құлқы; сабыр сақтауы сөз арқылы қалжыңдауы; құрбыларымен, курстас, достарымен қарым – қатынаста кішіпейілділік танытуы, бір қалыпта болуы, енжарлық көрсетуі, тұйық және ашық қарсылықтың болуы.

Педагогикалық тиімділіктің салыстырмалы сәйкестікпен талдануы әр түрлі формаға, әртүрлі әдісте сәйкес келді.

Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін ұлттық деңгейде жетілдіру негізінде, құзіреттілік дағдысы мен икемділігін қалыптастыру бойынша элективті курс ұсынылды. Практика барысында әдістемелік және рольдік ойындарды модельдеу, тренингтер қолданылды.

Этнопедагогикалық негіздегі жалпы мәдени құзіреттіліктің технологиялық мазмұны оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру, іздестіру болды.

Оқытушы тек қана студенттердің оқу әрекетін ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін айқындаудың жолын табатын педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады.

Жалпы мәдени құзіреттіліктің технологиясы төмендегідей болып табылады: жалпы мәдени құзіреттілік жағдайына бейімделу, сырттағы адамдарды өзіне қарату, объектінің жан дүниесін жаулап алу; сөздік мәдени құзіреттілікті іске асыру; эмоционалды және мазмұнды байланысты ұйымдастыру.

Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру келесі компоненттерді қамтиды:


  • Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыпқа келтіру;

  • Жалпы мәдени құзіреттіліктің үзбей ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

  • Жалпы мәдени құзіреттілікті меңгерту;

  • Жалпы мәдени құзіреттіліктің жаңа технологияларын іске асырудың жолдарын табу болып табылады.

Педагогикалық тиімділіктің салыстырмалы-сәйкестікпен талдануы, әр түрлі формаға, әр түрлі әдістемелерге сәйкес келеді. Бұндай әдістемелер студент жастардың жалпы мәдени құзіреттілік барысындағы икемділікті, қызығушылықты, тартымдылықты көрсете біліп, бар зейінімен тыңдап өз көзқарасын дәлелдей білуге және сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады.

Жеке тұлғаның тілдік қабілетінің көрсеткіші вербалсыз түрдегі икемділік болып табылады, яғни; күлу, ым-ишара, жүріс-тұрыс, жеткізілу мәнері, дауысының ырғағы және т.б. Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін жоғарлату үшін қажеттті мағлұматтарды ескере отырып қасындағы әңгімелесушілермен эмоционалды қатынас құруға мүмкіндік жасалды. Әдістемелік құрал ретінде әртүрлі көріністегі суреттер, драматизациялық көріністер, әңгімелесулер мен драмалық көріністер қолданылған болатын. Студенттерге жалпы мәдени құзіреттілігін, мәдениетін ұлттық деңгейде қалыптастыру үшін, біріншіден, өз жеке басының ерекшеліктері және ішкі қажеттіліктерін ескере отырып, қимыл қозғалыстарын, сөйлеу мәнерін, эмоционалды жағдайларын ескеруді қажет ететіндігін ескерте келе, оны қолданудың мүмкіндіктерін негізге алдық. Байқалғаны: өзгенің көңіл күйін сезіне білуге ұмтылу, содан кейін оның іс-әрекетіне, ым-ишарасына көңіл бөліп, оның қандай оймен немесе қандай көңіл күйде отырғандығын сезіне білу. Содан кейін белгілі іс қимылдарды жалпы мәдени құзіреттілік жасау барысында қолданылатын іс қимылдар, ым-ишаралар арнайы түрде қолданыла бастады. Жұмыстың нәтижелілігі тренингке қатысқан студенттер кейін жалпы мәдени құзіреттілік барысында шынында да өздерін ұстауы, сөйлеу мәнері өзгергендігін аңғартады.

Тәжірибе барысында көрсеткендей, студент пен оқытушының арасындағы жалпы мәдени құзіреттілік ерекшелігін анықтап, деңгейін талдау және оған баға беру жалпы мәдени құзіреттіліктің деңгейін өлшей алу мүмкіншілік беретіндігін айта кетуге болады.

Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін толығымен қалыптастыруға іскерлік ойындардың үлкен маңызы зор. Іскерлік ойын мәдени құзіреттілік мазмұныны игеруге және өзінің қажеттілігін қанағаттандырып, кәсіби дағдысы мен икемділігін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.

Студенттердің этнопедагогика материалдары негізінде жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда оқытушыға мынадай міндеттер жүктелуі тиіс болды:

1. Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін диагностикалаумен бірге ұстанымдарын, өмірлік бағыты мен ұлттық мәдениетті сыйлауы, үлгі тұтуы секілді тұлғалық сапаларының нақты қалыптасу деңгейін білу;

2. Студенттің мақсатқа сай ілгері дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сәйкес, әрі біртіндеп дамытатын іс-шараларды ұдайы қарастырып отыру;

3. Болатын кедергілерді алдын-ала болжау немесе жаңа жағдайлар мен шарттарға тәуелді тәрбие бағытына дер кезінде өзгерістер енгізу;

4. Тұлғаның ұлттық мәдениетке қызығушылығын ояту және ұлттық құндылықтарды қастерлейтін сезімдерін ояту;

5. Жалпы мәдени құзіреттілігін дамытуды өзіндік тәрбиесімен ұштастыру, оқушыға қарым-қатынас әдістері мен тәсілдерін таңдауға жәрдем беру;

6. Студенттерге тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер қарым-қатынастарды ұйымдастыру және бағыттай білу;

7. Оқу-тәрбие үдерісінде этнопедагогика элементтерін үнемі ұтымды пайдалану, ұлттық санасын дамыту;

8. Ұлттық негіздегі жалпы мәдени құзіреттілік құндылықтары туралы білімін, біліктерін болашақ кәсіби еңбегінде пайдаланудың жолдарын ескерту және үйрету.

Тұлғаның жеке дара дамуына тікелей әсер ететін ең жақын ортасы болады және ол ортада үнемі жалпы мәдени құзіреттілігі байқалып отырады. Ол микроорта-әлеуметтік ортаның бөлшегі, отбасы, оқу орны, достар, құрдастар, жақын адамдар т.б. Сондықтан студенттің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда уақытының көп бөлігін өткізетін оқу орны, достары, күнделікті кездесетін оқытушыларының тәрбиелік ықпалы зор. Мұндай түрлі ықпалдардың бірлікте және бір жүйеде өтуі көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастырудағы басты принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдерді сараптадық. Көрсетілген принциптерге сүйене отырып, студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады, мұнда мынадай жағдайлар ескерілуі керек: жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру мақсаттары мен міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері; қоршаған әлеуметтік жағдайлар; жалпы мәдени құзіреттілік жасау деңгейлері; күтілетін нәтижелер; оқытушының өз басының мүмкіндіктері.

Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда сананы қалыптастыру әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру және жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру әдістері; ынталандыру әдістері қолданылды.

Студенттің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастырудағы оқытушы тарапынан болатын педагогикалық қолдаудың мәні мынада: ұнамды психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; ұлтының дәстүрлеріне т.б. мақтан тұтуын қаматамасыз ету; көмек көрсету, үлгі-өнеге болу; оқытушының кәсіби деңгейі мен мәдениеттілігінің жоғары болуы.

Элективті курста студенттердің этнопедагогика материалдарына негізделген мәдени құзыреттіліктің қалыптасуын бағдарлау мақсатында зерттеулер жүргізілді (2-кесте).

Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігінің қалыптасуы тәрбиенің барлық түрінің өзара байланысуы арқылы жүзеге асады: ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене т.б. Сонымен бірге студенттерде этнопедагогика материалдары негізінде жалпы мәдени құзіреттілігінің қалыптасуы ұлттық тәрбиенің қозғаушы күші – ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық абырой, ар, ұят, кісілік т.б. байланысты.

Сонымен, этнопедагогика материалдары – бұл жинақталған және эмперикалық білімнің практикамен тексерілген, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мағлұматтар, іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи, мәдени тәжірибесінің жемісі екенін ескеріп, оны қазіргі ғылыми-педагогикалық мәліметтермен ұштастырып, заман талабына сәйкес тиімді пайдалану әдістерін ұсындық.

Зерттеу тақырыбымыз бойынша алға қойған мақсат, міндет және ғылыми болжам негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Шымкент университетінде 2005-2009 оқу жылдары аралығында өткізілді.

Тәжірибелік эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру,

Кесте 2- «Жалпы мәдени құзіреттілік негіздері» элективті курсының бағдарламасы

№№

Тақырыптары

Лекция

Семинар

1

1


Кіріспе. Мәдениет, жалпы мәдениет, мәдени құзыреттілік ұғымдарының мәні мен мағынасы

2

2

22

Жалпы мәдени құзыреттілікті болашақ кәсіби іс-әрекетте қолдану мүмкіншіліктері

2

2

3

3


Мәдени құзыреттілікке байланысты қазақ халқының дәстүрлерінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы

3

2

4

4


Мәдени құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттары

2

2

5

5


Жалпы мәдени құзыреттілік деңгейінің кәсіби іс-әрекеттегі көрінісі, тәрбиелік мәні

2

3

66


Этномәдениеттің жоғары оқу орны мен болашақ кәсіби іс-әрекетіндегі сабақтастығы

2

2

67


Жалпы мәдени құзіреттіліктің көпшілік ортада, курстас, достар арасында көрінді

2

2

Барлығы

15

15

бақылау) өткізілді. Экспериментке 428 студент қатысты, оның 212-эксперимент тобында, 216-бақылау тобында.

Айқындаушы эксперимент жұмыстары студенттердің жалпы мәдени құзіреттілік деңгейлерінің жағдайын анықтап берді (3 - кесте).
Кесте 3- Студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігінің айқындаушы эксперимент бойынша көрсеткіші (% есебімен)




Курстар

Деңгейлер

1-курс


2-курс


3-курс


4-курс


Төмен

62%

59,3%

56,8%

52,2%

Орташа

30,9%

31,5%

31,3%

35,4%

Жоғары

7,1%

9,2%

11,9%

12,4%

Айқындаушы эксперимент бойынша жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындарында этнопедагогика материалдары негізінде студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстары жүргізілмейтіндігі, көбіне ол тек мәселе түрінде ғана қойылатыны және оны оқытушылар кей кездерде ғана, еш жүйесіз іске асыратыны байқалды. Сауалнама, тест нәтижелері студенттердің мәдени құзыреттілік ұғымына және бұл мәселеге аса мән бермейтіндігін, болашақ кәсіби қызметіне тікелей маңызы бар екеніне, жалпы мәдени құзіреттілік қажет деп есептегенімен, оны жүзеге асыру әдіс-тәсілін білмейтіндігін көрсетті. Кейбір студенттердің өзін-өзі бағалауы нақты емес. Олардың көпшілігі яғни 48%-ы мәдени құзыреттілікті дамытудағы басты рөл өздерінде десе, 26%-ы оқытушыларға, 12% ата-аналары мен жақындарына, 14% достарына, курстастарына байланысты деп есептейді.

Осылайша айқындаушы эксперимент нәтижелері аталған мәселені шешудің тиімді жолдары мен құралдарын анықтау, оларды қорыту және оқу-тәрбие процесінде студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруды педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудің үлгісін жасау, оны тәжірибеге ендіру, оның тиімділігін көз жеткізу қажеттігін айқындады.

Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілік жағдайының жетімсіздігі мен сол бойынша бірізділікпен берілген әдістемелік жүйенің жоқтығы, студенттердің ұлттық сипаттағы жалпы мәдениеттілігін дамыту үдерісі бойынша жоғары оқу орындарында қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігін тудырды.



Қалыптастыру экспериментін өткізу барысында мынадай міндеттер қойылды: студенттердің кәсіби даярлығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, жүйенің мазмұнына кәсіби даярлығын қалыптастыруда проблемалық тапсырмалар, іскерлік ойындар енгізу, студенттің кәсіби даярлығын қалыптастыру үшін оқытудың бағыттылығын жүзеге асыру; мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерін қалыптастыру.

Алғашқы – бағдарлау кезеңінде тәжірибелік педагогикалық жұмыстарды жүргізу жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінің нақты жағдайдағы мүмкіндіктері анықталып, әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық және жалпы кәсіби пәндердің мүмкіндіктері, нақты әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері қарастырылды. Келесі кезеңдерді өткізу жоспары мен дайындық сатысы жүргізілді.

Кейіннен – негізгі кезеңде эксперименттік топтың студенттері тапсырмалардың арнайы жүйесі бойынша жұмыс жасады. Ұсынылып отырған әдістемеге сәйкес, жұмыстар топтамасы іске асты.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары барысында студенттер өз жетістіктерін, қателіктерін, сәтсіздіктерін өзі сараптауға, өз жұмысының ерекшеліктерін анықтауға, жалпы мәдени құзіреттілігін жақсарту жолындағы мүмкін нұсқаларды іздестіруге бағытталған тапсырмалар орындады.

Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде студенттердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен орындаған жұмыстары маңызды болды. Студенттерге құбылысты жан-жақты түсіне білуге, жағдайды дұрыс жеткізе білуге қажетті білімге деген қажеттілік туындады.

Студенттердің жалпы мәдени жетістіктерін сараптай келе, педагогикалық іс-тәжірибе қарастырылып отырған сапаның құрамдас бөліктерінің қалыптасуына әсерін тигізгендігін айқындадық.

Студенттердің көпшілігі өз алдына сенімді түрде келесі тәжірибе барысында жүзеге асыруға тиіс мақсатты қоя білді.

«Жалпы мәдени құзіреттілік негіздері» элективті курсы тәжірибеден өткізілді.

Элективті курс мақсаты: студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда оның маңыздылығы мен мәнін, жоғары оқу орны жүйесіндегі құндылық бағдарын түсіндіру болып табылады.

Жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру бойынша ұсынылған әдістемелер студенттермен жұмыс жасау үдерісінде сынақтан өтті. Алынған нәтижелер сарапталды және төменде көрсетіліп отырған қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді (4-кесте).


Кесте 4- Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру деңгейлерінің қорытынды көрсеткіштері (% есебімен)

Компоненттер
Деңгейлер мен топтар

Жоғары

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық

38,4

12,1

38,3

36,6

22,3

51,3

Мазмұндық

36,8

11,2

37,5

38,0

25,7

50,8

Іс-әрекеттік

29,1

10,3

40,6

36,8

30,3

53,9

Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелері бойынша мотивациялық компоненттік бақылау топтағы жоғары деңгей 12,1% болса, ол көрсеткіш экспериментальды топта 38,4%-ға өскенін байқауға болады. Бұл компонентте төмен деңгей бақылау тобында 51,3% болса, экспериментальды топта 22,3% болды. Мазмұндық компоненттің бақылау тобындағы жоғары деңгей 11,2% болса, экспериментальды топта 36,8%-ға жеткен. Іс-әрекеттік компонент бойынша бақылау тобындағы жоғары деңгей 10,3% болса, экспериментальды топта ол көрсеткіш 29,1% болды. Ал, төменгі деңгейлер бақылау тобында 53,9% болса, экспериментальды топта 30,3% азайған. Эксперимент жұмыстарының қорытынды динамикасын сурет 2-ден көруге болады.


Сурет 2- Студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігінің қалыптасу динамикасы

Сонымен, зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар нәтижесінде алынған тұжырымдар мен қағидалар, студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру үлгісі мен әдістемесі тиімділігінің жоғары екендігін көрсетті.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1.Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған сараптама этнопедагогика материалдарын зерттеу, жүйелеу, ұлттық мәдениеттіліктің қалыптасып дамуына әсер еткен факторларды талқылау, қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында этнопедагогика материалдары негізінде студентердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруға мазмұндық тұрғыда сипаттама беруге ықпал етті;

2.Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын пайдаланудың мәні мен мағынасы ашылып, жеке тұлғаның сапалы жақтарын арттыруда шешуші роль атқаратыны анықталды.

3.Этнопедагогика матриалдарының жеке тұлға қалыптастырудағы тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары екендігі, олар ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етіп, адамгершілік, ізгілікке негізделген студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігінің қалыптасуына негіз болатыны айқындалды.

4.Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігінің қалыптасу нәтижелілігі осы бағытта этнопедагогика материалдарын қолдану негізінде болатын моделін қолданумен қамтамассыз етілді. Бұл модель мативациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік компонентерінің бірлігінде байқалады және нақты өлшемдермен көрсеткіштермен сипатталады.

5.Этнопедагогика материалдары негізінде жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда студенттерді кәсіби даярлау әдістерінің қажетті деңгейде қамтылуы; студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін жоғары оқу орындарында қалыптастыруды ұйымдастырудың инновациялық формаларының қамтылуы; осы бағытта студенттерді кәсіби даярлау жүйесіндегі оқыту технологиялары; «Жалпы мәдени құзіреттілік негізі» атты элективті курс енгізу; студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастыру үдерісін мақсатқа сәйкес ұйымдастыру сияқты педагогикалық шарттар ретінде нақтыланды.

6.Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары мен әдістемелері ұсынылды.

7.Студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін этнопедагогика эелементтері негізде қалыптастырудың әдістері ұсынылып, «Жалпы мәдени құзыреттілік негіздері» атты элективті курс бағдарламасы жасалды.

8.Жұмыстың зерттеу проблемасына орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар өткізіліп, оның тиімділігі айқындалды.

Алынған зерттеу нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар жасауға болады:

- жоғары оқу орны студенттеріне этнопедагогика материалдары негізінде жалпы мәдени құзіреттілік тәлімін дамытуға байланысты оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар шығару;

-студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын пайдалану жоғары оқу орны оқытушыларының осы бағыттағы нәтижелі іс-әрекетінің негізінде қамтамассыз ету мүмкіндігі ескерілуі қажет.

-жоғары оқу орындарында, біліктілігін жетілдіретін институттарда этнопедагогика материалдарына негізделген студентердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру проблемасы бойынша элективті курстар, әдістемелік семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру т.б. өткізу;

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық қырларын түбегейлі шешіп, қарастыру мүмкін емес, келешекте жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастырудағы түрліи ұғымдары мен имандылық, рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні мен маңызын ашу, сол тұрғыда адам болмысын тану проблемалары дербес зерттеуді қажет етеді.



Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар


  1. Әуесқой суретшілерді жан–жақты тәрбиелеу мүмкіндіктері. //Жас ғалымдардың I–аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. -Шымкент, 2003. –Б.87-89.

  2. Об эстетическом воспитании молодежи средствами декоративно-прикладного искусства. //Международная научно-практическая конференция молодых ученых. -Астана, 2004. -С.47-49.

  3. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері. // Халықаралық конференция материалдары. -Шымкент, 2005. -3-том. -Б.132-135.

  4. Формирование личности студента как будущего специалиста в контексте субъективной активности. //Международная научно-практическая конференция «Ауезовские чтения-5»: «Казахстан в гуманитарном измерении: тенденции, поиск, перспективы развития», Посвященной 15-летию независимости РК. -Шымкент, 2006. -С.109-112.

  5. Педагогика мамандығы студенттерінің бойында кәсіби имиджді қалыптастыру. //«Жас ғалымдардың инновациялық идеялары олардың ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. –Шымкент, 2007. –Б.46-48.

  6. Сущность педагогической образовательной системы региона и ее специфические особенности. //Международная научно-практическая конференция 15-ти летию независимости. –Алматы, 2007. –С.245-248.

  7. Студенттердің педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуын теориялық талдау. //«Қазақстанның әлемдік білім жүйесіне интеграциясы: даму бағыттары, проблемалары және оларды шешу жолдары» атты 2-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. –Талдықорған, 2007. –Б.214-216.

  8. Педагог мамандығы студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі. //Білім – Образование №5(35). -Алматы, 2007. -Б.53-55.

  9. Болашақ мұғалімдердің іскер қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектеп тәжірибесінің рөлі. //Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. №1. Шымкент, 2007. –Б.15-17.

  10. Болашақ мамандығының кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы студенттердің өзіндік жұмысы. //П.ғ.д., профессор, Ұлттық білім академиясының академигі Қ.Бөлеевтің 70 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жастардың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске асыру: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясы. –Тараз. 2009. –Б.161-163.

  11. Жоғары оқу орындарында студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын пайдалану мүмкіндіктері. //«Жас ғалымдардың заманауи зерттеулері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. -Шымкент, 2010. -Б. 139-142.

  12. Этнопедагогикалық келіс тұрғысында студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері. //Қазақстанның ғылыми әлемі №5. -Шымкент, 2010. -Б.35-38.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет