Жолы арќылы теріге, ішек-ќарынєа радиоактивті заттардыѕ ґтуінен пай



бет3/6
Дата29.11.2023
өлшемі40.87 Kb.
#484841
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
stud.kz-44380

Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды.
Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын ғарыштық сәулелену жатады. Ғарыштық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныш қабаттары жұқара бастайды, сондықтан да сәулелену жоғары.
Ғарыштық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.
Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті затар болып табылады.
Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4 – 12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30 – 100 мбэр (0,003 – 0,1 бэр).
Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандардың адамдары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.
Радиацияның таралу көздері көп. Ол жер асты кендерінде, өндіріс орындарында, балқыту цехтарында, мұнай құбырларында, уранды байыту фабрикаларында, улы қоспаларда, кислота өндіретін және көмір қышқыл зауыттарында көп кездеседі. Радиация – бір элементтің атом ядросының өзге элементке ауысуы. Демек, атом ядросының ыдырауына себепші иондалған сәулелер. Бұлар біздің ғаламшарымызда оттегі қабаты пайда болмастан бұрын-ақ кездескен. Себебі оттегі пайда болмастан бұрынғы кеңістікте газ қабаты басым болды. Газ болған жерде радиациялық иондардың таралуы сөзсіз құбылыс. Ал космоста радиация жер пайда болмастан бұрын кездескен.
Ғалымдар осыдан 20 млрд жыл бұрын ғаламат жарылыс (әзірге гипотеза) болған дейді. Иондалған сәулелер әсер етпесе жарылыс болмаған еді. Бұл болжам. Осы рас болса оған радиациялық экология әсер етті деген сөз. Ал жарылыстың негізгі қозғаушы күші ядроактивті ыдыраудан атом ядроларының алмасуы. Табиғаттағы кез келген данеде радиациялық бөлшектер кездеседі. Айталық, радиоактивті құрылымның ашылғаны бір ғасырдың әр жағы мен бер жағы шамасында. Геология мен косеметология ғалымдары адамдардың даму белестерінде радиациялық фон болады және ол айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды дейді. Сондықтан да адамның тіршілігі үшін қажетті радиация адам дамуының құрамдас бөлшегі. Адам денесі, болмаса өзгеше тіршілік те сондай сәулелерге бейімделеді. Бірақ, әлі радиациялық фонның жануарлар мен өсімдіктерге әсеріне байланысты нақты ғылыми дерек жоқтың қасы. Олай болса ғылымның бұл саласында жетістігіміз жоқ деген сөз. Ол жалғыз Қазақстандық ғалымдарға ғана тән емес. әрі бұл салада қарама-қарсы пікірлер де аз болмаса керек. Мысалы, күнбағыстың пісіп жетілуі үшін радиацияның белгілі бір мөлшері пайдалы болса, ал уран , радий, торий элементтері болмаса мақта гүлдемейді.
Ғалымдар радиациялық фонды екіге бөледі. Ол кәдімгі және техногендік фондар. Кәдімгі радиациялық фонды нормалау мүмкін емес. Себебі, жер шарының әр аймағында фон түрліше дәрежеде ұшырасады. Мысалы, Үндістанның Кералла және Мадра штаттарында 150 микрорентген, Бразилияның жағалау аймақтарында 58-60 микрорентген болса, Маңғыстауда 13-15 микрорентген. Бұл әне бір жылдардағы көрсеткіш.
Технологиялық жетістіктерге жеткенде радиоактивті техногендік фон пайда болады. Ондай жерде жұмыс жасағанда қорғаныс құралдарын тиімді пайдалану және жұмыс жүйесін нормалау қажет. Оны үшке бөлеміз:

  1. Ионды сәуле бөлінетін көздермен тұрақты және уақытша жұмыс жасаушылар «А» категориясына .

  2. Ионды сәулелермен тікелей жұмыс жасамайтын, бірақ тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орны радиоактивті заттар әсер ететін аймақта болғандар «Б» категориясына.

  3. Облыстың, өлкенің және республиканың қалған тұрғындары «В» категориясына жатады. Осы категорияда көрсетілген адамдар үшін сыртқы сәулеге ұщырау төмендегідей мөлшерден аспауға тиіс:

    1. «А» категориясы-2900-5800 микрорентген.

    2. «Б» категориясы-240 микрорентген.

    3. «В» категориясы-60 микрорентген.

Ал осы мөлшерден асқан жағдайда радиацияны азайтудың техникалық шаралары алынуы қажет.
Қалыптасқан жағдайда талдау жасау үшін ионды сәулелердің не екенін білу қажет. Ол зарядталған элементтердің бөлшектері мен электромагнитті өрісі. Ал зарядталған бөлшектер протондардың оң зарядтары. Олар альфа, бета жүйесінде сәулеленеді. Оған зарядты нитрондардың өрісі қосылады. «Альфа» бөлшектерінің денеге өту қабілеті баяу өрістейді. Оны тұтынушылар уран, торий, радий, радон, полоний. Сөз жоқ , бұлар радиоактивті элементке жатады. Одан қорғану үшін мақта – матадан жасалған киім, қолғап, бас киім, етік, респиратор кию керек.
«Бета» сәулесінің массасы ондай жоғары емес. Ол аз мөлшерде иондалады. Солай бола тұрса да «Бета» сәулесінің денеге өту қабілеті өте жоғары деп есептелінеді.
Нейтронды әркез көп қолдана бермейді. Адамның оның маңына көп жоламауы керек. Ол жүз метр қашықтықта адам терісінен өтіп кетеді. Мұнай өндіру кезінде құбырлардың бойында радиоактивті тұздар жиналады. Ол тұздың құрамында уран, торий, аз мөлшерде радий бар. Олар дозиметрді тақаған кезде ғана білінеді. 1,5 метрден кейін радиация байқалады. Осындай радиациямен уланған, тіпті өлген адамдар да жоқ емес. Ондай оқиға Құрықта және Жетібайда болды. әлбетте мұнайдың құбырмен алынатыны белгілі. Сол кезде құбырдың бойына тұз жинала береді. Ондаған жылдар бойы мұнайды сору кездерінде жаңағы тұздар құбырдың қабырғасына шөге береді. Құбырдың бойы әбден тарылып, мұнай жүрмейтін жағдайға жеткенде жер асты жұмыстарымен айналысатын мамандар мұнай жүруі тоқтаған құбырларды қазып шығарады. Ал оладың бойында радиация көп. Сондықтан оған бір жарым метрге дейін жақындамау керек. Алайда, радиациялық құбырларды дәнекерлеушілерге кестіреді. Сондықтан, олар жиі ауруға ұшырайды. Демек, радиация олардың бойын алып кеткен. Олардың зейнет жасына жетпей өмірден өтетіндері де содан көрінеді. Бұл радиацияның өте зиянды екенін көрсетеді.
Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер қыртысында көшіп жүруі, табиғи суларға түсуі, желдету процесстеріне қатысуы мүмкін.
Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне шығып, оны едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандайда бір бөлігі кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық ошақ кездессе, ол сонда жинақталады және геологиялық процесстердің үлкен созымдылығын ескергенде (ондаған және жүздеген мың жалдар) бұл орындардағы уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.
Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады. Қазылған көне хайуанаттар сүйегі қатты байытылған – процесстің он үлесіне дейін. Кейбір көмір өндіретін орындарды уран процесстің жүздеген үлесі деңгейіне дейін жинақталған уран учаскелер бар. Алайда, уранның өзі организмге енгеннің өзінде үлкен радиациялық қауіп төндірмейді, өйткені оның үлестік белсенділігі (яғни, белсенділігі бір граммға есептелген) көп емес, ол организмнен тез ығыстырылады және көп мөлшерде енген жағдайда (бір грамм шамасы) радиоактивтілікке байланысты химиялық улану басталуы мүмкін.
Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орны алады.
Радон – дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдің ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы, әлемнің әртүрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық типтегі құрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте, уран көбірек жинақталуы мүмкін. Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уранның және радийдің едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақытболатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөлелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғадакөп бол са, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.
Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын ралдиацияның табиғи көздері дозаның жартысын құрайды. Космостық сәулеге биіктіктегі дозаның жылдам өсуі тән. Теңіз деңгейіне 2000 метр биіктікте космос сәулесінің жиілігі теңіз деңгейіндегі жиіліктен үш есе артық түседі. 8-10 км биіктікте ұшатын ұшақтардың жолаушылары космостық сәуленің үлкен дозасын алады. Мұндай ұшу кезіндегі дозаның қуаттылығы 150 мкр/с (жерде 15-40 мкр/с), алайда бұл сәулелену денсаулыққа айтарлықтай әсер етпейді. Ауады ұзақ уақыт болатын ұшақ экипажы үшін радиациялық жүктеме кәсіби сәулеленуге жақындайды.
Радиацияның жасанды көздерінде адамдар айтарлықтай дозаны рентгендік тексеріс кезінде алады. Тексеріс кезінде доза 0,1-0,3 бэр болу мүмкін. Медицинаның дамуының жалпы бағдары рентгендік тексеріс санын азайтуға бағытталған. Алайда, өкпе ауруымен ауыратын көп еледерге рентгендік тексеріс қажет.
Түрлі-түсті теледидар да рентгендік сәулелердің көзі бола алады. Егер жыл бойында күніне үш сағат бойы хабарды жақыннан қараса, бұл 0,03 мзв (0,1 мбэр) дозадағы қосымша сәулелерге алып келеді.
Радиоактивтік изотоптар жарқырағыш цифр көрсеткіштері бар сағаттарды, компастарды және басақа приборларды жасағанда қолданылады.


Сәуленің биологиялық әсері - қысқа толқынды электромагниттік толқындар (рентген сәулесі, гамма-сәулесі) не зарядталған бөлшектер ағыны (альфа-бөлшектер, бета-сәулесі, протондар) және нейтрондар әсерінен тірі организмдер құрылысында, тіршілік әрекетінде пайда болатын өзгерістер. Сәуленің биологиялық әсерін зерттеу рентген сәулесі (1895) және радиоактивтіліктің ашылуынан (1896) басталды. 1896 ж. орыс физиологы И.Р. Тарханов рентген сәулесі тірі организмнен өткенде, оның тіршілік әрекеті процесін ауытқытатынын ашқан. Сәуленің биологиялық әсерін анықтау әсіресе атомдық қару қолдануға (1945) және атом қуатын бейбітшілік мақсатта пайдалануға байланысты жедел дами бастады. Сәуленің биологиялық әсеріне бірқатар жалпы заңдылықтар тән.
1) Организмге өте аз мөлшерде енген сәуле энергиясы организм тіршілік әрекетін аса күшті ауытқытады. Мысалы, өлімге соқтыратын дозамен сәулеленген сүт қоректі жануар немесе адам организміне түскен сәуле энергиясы жылу энергиясына айналғанда, организм денесін 0-001° С-қа ғана қыздырар еді. Мұндай энергия мөлшері мен оның әсері арасындағы «үйлеспеушілікті» түсіндіру үшін «нысана» теориясы ұсынылды. Бұл теорияға сәйкес, энергия клетканың радиацияға сезімтал бөлігіне — «нысанаға» әсер еткенде сәулемен зақымдану дамиды.
2) Сәуленің әсері сәулеленген организмнің өзіне ғана емес, ол организмнің тұқым қуу аппаратына әсер етіп, келесі ұрпақтарына өтуі мүмкін. Міне осы ерекшелік сәуленің биологиялық әсерін зерттеу және организмді сәуле тиюден қорғау мәселесін адамзат алдына келелі міндет етіп қойып отыр.
3) Сәуленің биологиялық әсерінің жасырын кезеңі болады, сондықтан одан зақымдану бірден байқалмайды. Бұньң ұзақтығы сәулелену дозасына, организмнің радиацияға сезімталдығына, систематикалық тобына, эволюциялық даму дәрежесіне т. б. байланысты. Сәуле әсеріне (ретімен алғанда сәулеге сезімталдық) қан түзу органдары, ішек бездері, жыныс бездері, эпителийлі қабатты ішкі органдар, фибриоздық тканьдер, шеміршек, сүйек, ет сезімтал келеді. Бұларға қарағанда нерв ткані морфологиялық жағынан төзімдірек болғанмен қызметі жағынан радиацияға сезімтал тканьдер қатарына жатады. Тканьдердің бұндай ерекшелігі ондағы митоз, зат алмасу процесі қарқынына, биохимиялық құрамына байланысты. Бұнымсн қатар сәуленің организмге бір қайтара, көп қайтара, үздік-үздік, өне бойы, жалпы не дененің бір бөлігіне, сырт-тан не іштен тиюінің де мәні бар.
Сәуленің биологиялық әсері биол. зерттеулерде, медицинада, ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Сәулемен емдеу, рентгенодиагностика, радиоизотоптың терапия Сәуленің биологиялық әсеріне негізделген. Сәуленің биологиялық әсері өсімдіктің жаңа формаларын шығаруға, ауыл шаруашылығында тұқымды егу алдында өңдеуге, ауыл шаруашылы зиянкестеріне қарсы (аталық организмдерді ұрықсыздандыру әдісі), жеміс-жидектерді сақтауға, өсімдік шаруашылығы өнімін зиянкестерден қорғауға (дәнге зиянсыз, бірақ насекомдарды құртатын доза) т. б. пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет