Жолы арќылы теріге, ішек-ќарынєа радиоактивті заттардыѕ ґтуінен пай



бет2/6
Дата29.11.2023
өлшемі40.87 Kb.
#484841
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
stud.kz-44380

Адамға сәуле алудың қауіпі. Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организмінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез-келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологгиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.
Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.
І дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) – 100 – 200 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3 – 5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
ІІ дәрежелі сәуле ауруы (орташа) – 200 – 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3 – 4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. өте жақсы емделген жағдайда екі – үш ай ішінде сауығады. 20 пайыз жағдайда адам өледі.
ІІІ дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) – 400 – 600 рад сәулелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді, 20-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта құстыртып, дененің температурасы 30 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жұтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шектен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10 – 20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда 3 – 6 айдан кейін сауығуы мүмкін. 20 – 70 пайыз жағдайда өлуі мүмкін.
ІV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) – 600 радтан жоғары сәулелену дозасы кезінде 20 – 30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 30 градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз екі – үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет