Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған № типтікшарт қ. жылғы бұдан әрі



Дата04.07.2016
өлшемі256.81 Kb.

"Қазақтелеком" АҚ

2015 жылғы "___" ______ № _______

бұйрығына 1-қосымша


Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған

_________ТИПТІК Ш А Р Т


________ қ. ____ жылғы «____»_______

Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын, _______ жылғы «____»_______ №____ мемлекеттік лицензиясы бар «Қазақтелеком» АҚ атынан _______ жылғы «____»_______ №____ бас сенімхат негізінде әрекет ететін «Қазақтелеком» АҚ филиалы – ________________________________ бас директоры ______________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Абонент» деп аталатын қызметті пайдаланушы (ұйымның атауы )






































































































атынан (пайдаланушының А.Ә.Т.)




































































































у
































































































екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес мына төмендегілер туралы Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған осы типтік шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.


1 Шарттың мәні
1. Шарт талаптарына сәйкес Оператор Абонентке осы Шарт талаптарымен телекоммуникация қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді, ал Абонент көрсетілген қызметтерді төлеуді міндетіне алады.

  1. Телекоммуникация қызметтері тізбесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Абоненттің өтінішінде көрсетіледі.

  2. Шарт бойынша Абонент Қызметтерді таңдап алған тарифтік жоспарға және Оператордың немесе үшінші тұлғалардың Қызметтерін көрсету талаптарына сәйкес пайдаланады және көрсетілген Қызметтерге осы Шартта және «Қазақтелеком» АҚ Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген тәртіппен және талаптармен ақы төлейді.

  3. Абонентке жабдықтар берілген жағдайда осы Шартпен беру талабы анықталады.

5. Абонентке меншік құқығымен тиесілі емес орынжайда Абонентке Қызметтер ұсынылған жағдайда, Тараптар өзара келісе отырып, Оператор Абонентке Қызметті есеп айырысудың аванстық әдісі бойынша мынадай негіздерде көрсетеді деп шешті:

1) жалдау, қосалқы жалдау шарты, ақысыз пайдалану, сенімді басқару және Абонент пен орынжай иесі арасында жасалған басқа шарт;

2) орынжайды алуға негіз болып табылатын басқа құжат;

3) Абонентке телекоммуникация қызметтерін көрсетуге меншік иесінің жазбаша келісімі.



  1. Шарттың қолданылу мерзімі




6. Шарт екі тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және:


мерзімді болып табылады және мына мерзімге дейін қолданыста болады

мерзімсіз





























































болып табылады.

7. Көрсетілген қызметтер үшін берешекті Операторға төлеген және клиенттік жабдық берілсе, оны қайтарған жағдайда Шарт Абоненттің жазбаша түрде білдірген бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

8. Шарт пайдаланушылық түпкілікті жабдық орнатылған орынжайды иелену және пайдалану құқығы Абонентте тоқтатылған жағдайда бұзылады.
3 Қызметтер үшін есеп айырысу тәртібі, мерзімі мен нысаны
9. Көрсетілген Қызметтер үшін есепайырысу нысаны:








Кредиттік төлем жасау әдісі







Аванстық төлем жасау әдісі

10. Абонентке жасалған шарттардың және келісімдердің негізінде Оператор және басқа тұлғалар көрсеткен Қызметтер үшін шот ай сайын кез келген қолжетімді тәсілмен (Абоненттің қалауы бойынша жазбаша немесе электронды түрде) ұсынылады.

11. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оператор бекіткен тарифтер бойынша Тараптардың жеке келісімімен өзгеше көзделмесе, Абонент кредиттік әдіс бойынша ақы төлеуді ай сайын есеп айырысу айынан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде нақты көрсетілген Қызметтер үшін жүргізеді.

12. Аванстық әдіс бойынша төлем жасау кезінде:

1) Абонент жеке шотында айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша көрсетілетін Қызметтер үшін белгіленген айлық төлемақылардың және қалааралық, халықаралық қосылыстар мен ұялы операторлардың абоненттерімен қосылыстар қызметтерін көрсетудің, сондай-ақ ақылы анықтама мен басқа телекоммуникация қызметтерін ұсынудың болжалды шығындарының екі еселенген сомасынан кем емес соманың болуын қамтамасыз етуді міндеттене алады;

2) Абоненттің жеке шотындағы қалдық көрсетілетін Қызметтер үшін белгіленген ай сайынғы төлемдер сомасына тең болған жағдайда, Оператор қызметтерді ұсынуды тоқтатады;

3) Қызметтерге қатынауды жаңғырту Абоненттің жеке шотына алдын ала төлем түскеннен соң немесе Абонент алдын ала төлем енгізгені туралы құжатты көрсеткеннен кейін жүргізіледі;

4) Шарт Абоненттің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда артық төленген сома (болған жағдайда) Абоненттің есепшотына Шарт бұзылған күннен бастап он күн ішінде аударылады немесе Абоненттің өтініші бойынша басқа жеке шотқа аударылады.

13. Қосу үшін, Абонент жағында инсталляциялық жұмыстар жүргізу үшін төлем Шарт жасалғаннан кейін және Қызметтерді көрсетуді бастағанға дейін төленеді. Егер Абонент жабдықты инталляциялауды және Қызметке қосылуды өзі жүргізсе, ай сайынғы абоненттік төлем Абонентке авторландыру кодын берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін есептеледі.



4 Тараптардың міндеттері, құқығы және жауапкершілігі
14. Оператор мыналарға міндетті:

1) көрсетілетін Қызметтердің саны мен сапасына есеп жүргізу, Қызметтерді көрсетудегі бұзушылықтарды алдын алу және жою шараларын уақытылы жүргізу;

2) Абонентке жедел медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апат (104), анықтамалық (118) қызметтерге, құтқару қызметіне (112) тегін қосылуды қамтамасыз ету;

3) Абоненттің өтінімі бойынша Оператор кінәсінен болған және Қызметтерді пайдалануға кедергі келтіретін бұзылымдарды белгіленген мерзімдерде және тиісті деңгейде жою;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Оператордың актілерінде белгіленген тәртіпте Абонентке Қызметтер тарифтерінің өзгергені, сондай-ақ Қызметтерді көрсету тәртіптерінің өзгергені туралы хабарлау;

5) байланыстың болмауына Абоненттің кінәсі болмаған жағдайда, Қызметтер көрсетудің абоненттік төлемін қайта есептеуді жүргізу. Қызметтер берешек үшін ажыратылған жағдайда, абоненттік төлемді қайта есептеу жүргізілмейді.

6) Абонентке басқа байланыс операторлары көрсететін қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерін алу мүмкіндігін ұсыну;

7) Абонент тиісті өтініш берген жағдайда, Абоненттің нөмірін анықтамалық қызмет абоненттерінің тізімінен алып тастау;

8) Абоненттің Жеке кабинетінде Абонент алғашқы рет авторланғаннан кейін сәйкестендіру кодын қайтадан пайдалану мүмкіндігін болдырмау.

15. Абонент мыналарға міндетті:

1) Оператор немесе басқа байланыс операторлары көрсеткен Қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде төлем жасау;

2) Қызметтерді пайдалану кезінде белгіленген техникалық талаптарды орындау және Оператордың байланыс жабдығы мен желіжолдарын бүлдіруге және жұмысын бұзуға алып келетін әрекеттерді жасамау, жергілікті телекоммуникация желісіне бұзылған, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдарды және жабдықты (телефон аппараттары, факстер, модемдер, SIP-терминалдар, VOIP-шлюздер, бағдарламалы телефондар және т.б.) қоспау;

3) Қызметтерді пайдалану кезінде туындаған бұзылымдар туралы Операторға дереу хабарлау, Оператордың талабы бойынша Қызметтерді алу үшін пайдаланатын терминалдың типін хабарлау;

4) Оператордың өкілдеріне қарау, жөндеу, жаңғырту және техникалық күтім жасау үшін терминалдар мен байланыс құралдары орналасқан орынжай мен аумаққа кіруді қамтамасыз ету;

5) Операторға айлық мерзімде өзінің кететіні, телефондандырылған тұрғын жайларды сататыны, мәртебесінің өзгергені, тегінің, тұрғын мекенжайының өзгергені туралы хабар беру;

6) орынжайындағы абоненттік желіжол, терминал және абоненттік жабдықты (ADSL-модем, SIP-терминал, CDMA-терминал, STB-приставка және т.б.) жұмыс жағдайында ұстау;

7) үшінші тұлғаларға Абоненттің авторландыру, аутентификациялық деректерін және сәйкестендіру кодтарын жарияламау, өз ресурстарын оларды үшінші тұлғалардың ұрлап пайдалануына кедергі болатындай етіп теңшеу бойынша тиісті шаралар қолдану, сондай-ақ осындай оқиғалар орын алғанда жедел лайықты шаралар қабылдау;

8) Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Оператордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеу, Қызметті үшінші тұлғаларға сатпау, Қызметті байланысты ұйымдастыру қағидаттарын және шарт міндеттемелерін бұзатындай, сондай-ақ Операторға материалдық залал келтіретіндей, трафиктің рұқсат етілмеген, заңсыз оригинациясы немесе терминациясы үшін пайдаланбау, Қызметтерді басқа абоненттердің тыныштығын қасақана бұзу мақсатында, адамның ар-намысына тиетін, зорлық-зомбылық немесе лаңкестікті уағыздайтын, нәсілдік, ұлттық немесе діни қақтығысқа әкелетін материалдарды тарату үшін, бұзақылық немесе алаяқтық мақсаттарда пайдалануға жол бермеу;

9) Қызметті трафиктің рұқсат етілмеген, заңсыз оригинациясы немесе терминациясы мақсатында пайдаланғанда, Операторға келген залалды толық көлемде өтеп беру;

10) Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда Операторға клиенттік жабдықты Қызметтерден бас тарту өтініші берілген күні немесе Қызметтерді ажырату жоспарланған күні жұмыс күйінде және тиісті деңгейде қайтару. Бұлай болмаған жағдайда, Операторға оның құнын өтеу қажет. Жабдықты Қызметтерден бас тарту өтініші берілген күннен кейін қайтарған жағдайда, Қызметтерді ажырату Жабдықты қайтару актісіне сәйкес тапсырған сәттен бастап жүзеге асырылады;

11) Қызметті өтініште көрсетілген мекенжай бойынша пайдалану.

16. Оператор мынадай құқықтарға ие:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, байланыс саласындағы басқа нормативтік құжаттарға және техникалық талаптарға сәйкес Абонент орындауға міндетті техникалық талаптарды белгілеу;

2) көрсетілген Қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде төлем алу;

3) Абонент шарт талаптарын, жабдықты пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ алдын алу және жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде, авариялық жағдайда немесе азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне қатер төнген жағдайда, Қызметтерді көрсетуді шектеу немесе тоқтату;

4) осы Шарттың 3-тармағында белгіленген мерзімде Оператордың және басқа тұлғалардың Қызметтеріне Абонент ақы төлемеген жағдайда, сондай-ақ Абонент Шарттың басқа талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Абонентке телекоммуникация желісіне қатынауды тоқтата тұру. Бұл ретте төлеуге ұсынылған хабарлама-шот қатынауды тоқтата тұру туралы хабарлама болып табылады. Телекоммуникация желісіне қатынауды жаңғырту берешекті толық көлемде өтеген жағдайда немесе Шарт талаптарын бұзуды жойғаннан кейін жүргізіледі.

5) Абонентке телекоммуникация желісіне қатынау тоқтатылған сәттен бастап Абонентке алдағы уақытта Шарттың бұзылатыны туралы хабарлама жолдау және күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін Шартты бір жақты тәртіпте бұзу. Шартты бұзу Абонентті Қызметтерді ажырату сәтінен бастап Шартты бұзу күніне дейін жинақталған берешек сомасын төлеуден босатпайды.

6) абоненттік терминалдар мен байланыс құралдарының техникалық инспекциясын жүзеге асыру, бұзылған, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдарды ажырату;

7) Абонент өзінің мәртебесін өзгертуге, сатып алуға және Қызметтердің ақысын төлеу бойынша шегерімді жоғалтуға қатысты Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, біржақты тәртіпте көрсетілген Қызметтер құнын қайта есептеу;

8) Абоненттің әрекеттері желінің қалыпты жұмыс істеуіне қатер төндірсе және/немесе Оператор бекіткен және www.telecom.kz сайтында орналастырылған Шарт жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар), осы Шартта және оған қосымшаларда көзделген талаптарды бұзса, оның әрекеттерін толығымен немесе ішінара шектеуді жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасында, осы Шарттың және Қағидалардың талаптарында көзделген тәртіппен Қызметтердің тарифтерін, ақысын төлеу шарттарын, мерзімін, тізбесін, түрлері мен құрамын біржақты тәртіпте өзгерту;

10) Шарттың талаптарын Абоненттің бұзуы нәтижесінде келтірілген шығындардың орнын толтыруды Абоненттен талап ету, сондай-ақ өзіне тиесілі жабдығын Абонент бұзылымды жойғанға дейін алу және/немесе Шартты біржақты тәртіпте бұзу.

17. Абонент мынадай құқықтарға ие:

1) телекоммуникация қызметтерін қолжетімді жүктемелер шегінде өзіне қажетті көлемде пайдалану және Қызметтерді белгіленген сапада алу;

2) Оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекетіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым жасау;

3) Абоненттің кінәсі болмай, абоненттік терминалдың жұмыс істемеген, интернет желісіне қатынаудың болмаған кезеңі үшін абоненттік төлем сомасын қайта есептеуді талап ету (жазбаша түрде);

4) шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апат (104), анықтамалық (118) қызметтерін, құтқару қызметін (112) шақыру үшін телефон байланысын тегін пайдалану;

5) Оператордан деректемелері, жұмыс тәртібі, көрсетілетін Қызметтер, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі туралы қажетті ақпарат беруді талап ету;

6) Шартты бұзғанға дейін кемінде 30 күн бұрын жазбаша түрде бұл жөнінде Операторға хабарлай отырып, Шартты біржақты тәртіпте бұзу;

7) жазбаша өтініші бойынша өз нөмірін анықтамалық қызмет тізімдеріне енгізуден бас тарту.

18. Абонент туралы ақпарат алуға үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктері бар жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға Абоненттің авторландыру, аутентификациялық деректерін, сәйкестендіру кодын және жүзеге асырылған қоңыраулар туралы ақпаратты жарияламауға жауапты болады.

19. Клиенттік жабдық уақытында қайтарылмаған немесе оны бұзылған немесе нашар күйінде қайтарған жағдайда Абонент жабдықтың құнының мөлшеріне қарай төлем жасауға жауап береді.

20. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін немесе басқа жолмен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

21. Тараптар өздеріне қабылданған міндеттемелерді толығымен немесе ішінара орындамағаны үшін, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кешіктіргені үшін, егер мұндайлар табиғат апаты, көтеріліс, әскери қимылдар сынды дүлей күштің, сондай-ақ орын алуын Тараптар болжай алмаған және алдын ала алмаған өзге де оқиғалардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

22. Байланыс құралдары мен желіжолдарының жай-күйі үшін жауапкершілік қызмет көрсету шекараларын бөлу (пәтер, ғимарат, қоршалған аумақ және т.с.с.) және/немесе баланстық тиесілігі бойынша анықталады. Бөлініс шекарасына дейін байланыс желіжолдарына күтім жасауды Абонент өз бетінше және өз есебінен жүргізеді, шекарадан тыс – Оператордың күшімен жүргізіледі.

23. Абонент көрсетілген Қызметтер үшін төлемді кешіктірген жағдайда әрбір кешіктірген күні үшін орындалмаған міндеттеме сомасының __% көлемінде, бірақ негізгі қарыз сомасының 5%-нан аспайтын көлемде тұрақсыздық айыппұлын төлейді (мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ғана қолданылады).

24. Оператор тарапынан Шарт талаптары бұзылған жағдайда Оператор әрбір кешіктірген күні үшін орындалмаған міндеттеме сомасының __% көлемінде, бірақ негізгі қарыз сомасының 5%-нан аспайтын көлемде тұрақсыздық айыппұлын төлейді (мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ғана қолданылады).

5 Басқа шарттар
25. Шарттан шығатын және Тараптар реттей алмаған олардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

26. Ақы төлеу тәртібі, Қызметтер көрсету тәртібі, Абоненттерге клиенттік жабдықты пайдалануға ұсыну тәртібі және басқа да талаптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қағидаларда көрсетілген. Қағидалармен Оператордың сервис желісі орындарында және telecom.kz сайтында танысуға болады.

27. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

28. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт бірдей заң күші бар үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды, Тараптардың әрқайсысына бір-бірден келеді, үшіншісі – аумақтық қазынашылық органдарында тіркеу үшін және оны тіркегеннен бастап қолданысқа енеді. Бюджеттік бағдарлама коды _______________. Бюджеттік классификация коды ___________________. Бюджеттік бағдарламаның, қосалқы бағдарламаның және өзіндік ерекшеліктің атауы _______________________. Шарттың сомасы __________ теңге. Оператордың Шарт сомасы жұмсалып біткен кезде Абонентке Қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқы бар.

29. Тараптар Абоненттің атынан Шарт жасайтын тұлға осы Шарттағы және оған қосымша келісімдердегі, қосымшалардағы өз қолдарының және факсмиле қолдарының (клишені пайдалана отырып, механикалық тәсілмен түсіру) теңдей заң күшін таниды.

6 Тараптардың деректемелері

Оператор:

Басшының А.Ә.Т. _______________________________

ЖСН___________________________

ЖСК___________________________

______________________________

е/шоты_________________________

_______________________________

Қолы________________________

МО

Абонент:

А.Ә.Т. (аталуы)

____________________________________

ЖСН/БСН__________________________

ЖСК________________________________

__________________________________

е/шоты______________________________

ҚҚС куәлігі (ЗТ үшін)__________

телефоны____________________________

пошта мекенжайы____________________

Қолы____________________________

МО

Телекоммуникация қызметтерін

көрсетуге арналған типтік шартқа



1-қосымша


Жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісі
20 __ жылғы «__» ______________________________ жасалды.


Абонент
































































Тегі
































































Аты
































































Әкесінің аты



































































Мекенжайы




Телефоны

















































































Орындаушы: _______________________ мынадай жұмыстардың орындалғаны туралы осы актіні жасады:


Қызметке қосу

Теңшеу жүргізілді

Логин /пароль сақталды

  • «Megaline» /iD Net

  • ADSL модемнің

  • ДК жұмыс үстелінде

  • IDPhone

  • шлюздің

  • IDTV

  • STB-приставканың




  • ONT,CDMA,Wi-max

  • Басқа модемдердің

  • роутердің



Жүргізілген жұмыстар Абоненттің талаптарын қанағаттандырады. Интернетке шығу бар. Жылдамдығы □ _______ Өшуі □ _______

Абоненттің Операторға бағдарламалық жасақтама жұмысы бойынша және Оператордың өкілі жұмыс жүргізген компьютердегі ақпараттың сақталғандығы бойынша шағымы жоқ.
Қызметті мынадай себептермен қосу мүмкін емес: (белгілі себептерді жоймайынша қызметті ұсыну мүмкін болған жағдайда толтырылады) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосқаннан кейін 10 күннің ішінде қосылған қызметтердің жұмысында тоқтап қалулар болған жағдайда орындаушының ____________________ байланыс телефоны бойынша өтініш жасалады. 10 күндік мерзім өткеннен кейін «165» телефонына қоңырау шалу арқылы Орталықтандырылған жөндеу бюросы қызметіне өтініш жасау керек.


м.о.

Орындаушы (А.Ә.Т.):________________________ Абонент (А.Ә.Т.): ________________



Қолы _________________________ Қолы ________________________
Актіге қол қояр алдында абоненттің қанағаттанушылығын анықтау үшін қоса берілген сауалнаманы міндетті түрде толтыруыңызды сұраймыз

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕГІ ІЛЕСПЕ САУАЛНАМА
Сіздің пікіріңіз «Қазақтелеком» АҚ компаниясының сервисін өзіңіз және барлық абоненттер үшін барынша қолайлы етуге септігін тигізеді.

1. Мамандар сіз белгілеген (келісілген) уақытта келді ме?


  • Иә

  • Жоқ, белгіленген уақытпен айырмашылықты көрсетіңіз _______________________________________________

  • Сіз белгілеген уақытты ауыстырдыңыз, себебін көрсетіңіз __________________________________________________________________________________________________________________________


2. Мамандар сізбен сыпайы және мәдениетті сөйлесті ме?

  • Иә. Егер түсініктеме қалдырғыңыз келсе, мына жерде қалдыра аласыз ____________________________________________________

  • Жоқ. Қаласаңыз, түсініктеме қалдырыңыз _______________________________________________________


3. Сізге мынадай жан-жақты және толық кеңес берілді:

  • қызметті пайдалану тәртібі туралы;

  • интернет желісіндегі жұмыс қауіпсіздігінің мәселелері туралы;

  • техникалық қолдау алу туралы;

  • telecom.kz, megaline.kz сайттары туралы;

  • Жеке кабинетті пайдалану туралы;

  • қызметтер төлемін қалай жүргізуге болатыны туралы;

  • Жоқ, жоғарыда көрсетілгендер туралы ешнәрсе айтылған жоқ.


4. Сізді құрастыру және жайғастыру жұмыстары орындалғаннан кейін орынжайыңыздың жағдайы қанағаттандыра ма?

  • Иә. Егер түсініктеме қалдырғыңыз келсе, мына жерде қалдыра аласыз ____________________________________________________

  • Жоқ. Қаласаңыз, түсініктеме қалдырыңыз ___________________________________________________

5. Егер сіз бұрын «Қазақтелеком» АҚ қызметін пайдаланған болсаңыз, мына сұраққа жауап беруіңізді өтінеміз.
Сіз қаншалықты «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін достарыңызға және таныстарыңызға 0-ден 10-ға дейінгі межелік бойынша ұсына аласыз (0- ұсыну мүмкіндігі барынша аз, 10 – өте жоғары)

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Телекоммуникация қызметтерін

көрсетуге арналған типтік шартқа

2-қосымша



Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нысаны
_______ қ. 20___ жылғы «___» _____________
Біз, төменде қол қойғандар:

Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын «Қазақтелеком» АҚ атынан 20__жылғы _____________ № ____ бас сенімхат негізінде әрекет ететін «Қазақтелеком» АҚ филиалы ___________________________________________________

__________________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Абонент» деп аталатын,__________________________негізінде әрекет ететін __________________________________ екінші тараптан, Оператор мен Абонент арасында жасалған 20 __жылғы «__» ____________ №____ телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шарттың аясында Оператор төменде көрсетілген жабдықты тапсыратыны, ал Абонент иеленуге және пайдалануға қабылдайтыны туралы осы Жабдықты қабылдау-тапсыру актісін жасасты:





Жабдықтың атауы

Моделі

Маркасы

Сериялық

нөмірі

Жабдықтың құны























































Жабдық жұмыс істейтін күйінде және техника-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес тапсырылды.
Бұзылымдары/ақаулары анықталды, оларды жою қажеттілігі мен мүмкіндігі:



Жабдықтың атауы

Бұзылымның түрі

Жою мүмкіндігі




























Оператор/Материалдық жауапты тұлға ТД/ҚТО)

Абонент

А.Ә.Т.




А.Ә.Т.




Қолы




Қолы




Толтырылған күні

20___ жылғы «___» _____________

Толтырылған күні

20___ жыл ғы«___» _________

Телекоммуникация қызметтерін

көрсетуге арналған типтік шартқа

3-қосымша





Жабдықты қайтару актісі
_______ қ. 20___ жылғы «___» _____________
Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын «Қазақтелеком» АҚ атынан 20__жылғы _____________ № ____ бас сенімхат негізінде әрекет ететін «Қазақтелеком» АҚ филиалы ___________________________________________________

__________________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Абонент» деп аталатын,__________________________негізінде әрекет ететін __________________________________ екінші тараптан, 20 __жылғы «__» ______ №____ телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шарттың шеңберінде мына жабдықтарды Абоненттің тапсырғаны (қайтарғаны):






Жабдықтың атауы

Моделі

Маркасы

Сериялық нөмірі

Жабдықтың құны






























































































ал Оператордың жалпы сомасы клиенттік жабдықты қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты




Сырттай тексеріп қарау барысында жабдықтың мынадай бұзылымдары/ақаулары анықталды (анықталмады):



Жабдықтың атауы

Бұзылымның түрі

Жою мүмкіндігі
































































Оператор/Материалдық жауапты тұлға (ОТД/ҚТО)

Абонент

А.Ә.Т.




А.Ә.Т.




Қолы




Қолы




Толтырылған күні

20__ жылғы «__» ____________

Толтырылған күні

20___ жылғы «____» ___________



Телекоммуникация қызметтерін

көрсетуге арналған типтік шартқа

4-қосымша



Абонентке бөлінген телефон нөмірлерінің (iD Phone/GSM нөмірлері)/ Business Trunk және басқа байланыс құралдары мен желілерінің тізбесі





Абонентке бөлінген телефон нөмірлерінің (iD Phone/GSM нөмірлері)/ Business Trunk және басқа байланыс құралдары мен желілерінің тізбесі


Саны


Орнату мекенжайы

GSM нөмірін пайдаланушының деректері (А.Ә.Т., жеке куәлігінің нөмірі, пайдаланушының ЖСК нөмірі)

Данные пользователя номера GSM (Ф.И.О., номер удостоверения личности, номер ИИН пользователя

Ескертпе































































































































Оператор Абонент



____________________________




____________________________

____________________________




____________________________

20___ жылғы «____»____________





20__жылғы «____»_____________



Каталог: media -> upload
upload -> С. Шапағатов селолық оругінің әкімі 2014 жылда жасалған жұмыстары туралы есебі Аппарат құрамы
upload -> 5. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің 2014-2018 жылдарға арналған болжамы
upload -> Форт-шевченко қаласы әкімінің 2014 жылға жасаған жұмыстары бойынша есебі қала әкімі аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан-2050»
upload -> Баутин ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі Ауыл әкімінің аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан – 2050»
upload -> Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қорытындылары туралы
upload -> Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2013 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі
upload -> Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде
upload -> Қазақстан археологиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет