Қорытынды
Осылайша, осы заманғы орта білім жағдайындағы ғылыми-техникалық үдеріс оны жаңа компьютерлік технологиялар деңгейге шығара отырып, дəстүрлі білім берудің бай педагогикалық əлеуетін пайдалануға бағытталған. Бұдан басқа, компьютерлік ақпараттық-оқыту зертханалары жағдайында оқу модельдері арқылы білімнің жаңа салаларын зерттеуде оқушыларда қоршаған орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті артады, өмір сүру барысында туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу мүмкіндігі қалыптасады, алынған білімді тəжірибе жүзінде пайдалануға даярлығы артады. Ендеше, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін компьютерлік зертханаларды пайдалану электронды білім беретін компьютерлік өнімді ендіру стратегиясындағы сəттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады.
Егер компьютер оқыту іс-əрекетін басқару функциясы ретінде қолданылатын болса, оқыту құралы ролін атқарады. Яғни оқыту үрдісін модельдейді, оқушының сұрақтарына жауап бере алады, онымен интерактивті қарым-қатынасқа түседі. Қазіргі компьютерлік оқыту сапалық жағынан өте жоғары бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Енді мұғалімнің міндеті қазіргі əдістемелік, педагогикалық-психологиялық талаптарға сай бағдарламаларды дұрыс таңдап, оларды шебер қолдана алуға саяды. Модельдеу үрдісі — ертеден қолданылып келе жатқан құбылыс. Компьютерлік модельдеудің пайда болып, қауырт дамуы жаңа теориялармен жəне модель түсінігінің жүйеленген ұғымдарымен толыға түсті. Нақты физикалық модельдерге қарағанда виртуалды модельдер əлдеқайда арзан, мобильді жəне кейбір жағдайларда функционалдылығы жоғары болып келеді. Тез немесе өте баяу үрдістерді виртуалды модельдерде қалаған жылдамдықта зерделей аламыз, сонымен қатар мектеп жағдайында жүргізуге мүмкін болмайтын қымбат немесе қауіпті үрдістер виртуалды зертханалық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлік модельдерді қолдану терең сапалық жəне сандық талдау жасауға мүмкіндік береді.
Əдебиеттер тізімі
Толстик А.М. Роль компьютерного эксперимента в физическом образовании // Физическое образование в вузах. — 2002. — Т. 8, № 2. — С. 94–102.
Якушкина А.А., Алексеева Е.В. Виртуальные лаборатории // Вопросы информатизации образования. — 2005. — № 7. — С. 145–148.
Михайлов В.Ю., Гостев В.М., Кугуракова В.В., Чугунов В.А. Виртуальная лаборатория как средство обеспечения коллективной научно-методической работы // ИТО-2002: Сб. тр. XII Междунар. конф. — М.: Проспект, 2002. — 320 с.
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://wiki.vspu.ru/workroom/ikto/m5/dimav/index
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://school-physics.spb.ru/tiki-index.php? page=virt_optics
Достарыңызбен бөлісу: |