Жоспар: Бағалау – білім беру үрдісі



бет19/24
Дата04.10.2023
өлшемі455.12 Kb.
#479809
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
askarkyzy bagalaudyn olshemdik

Сабақты бақылау түрі:


Бақылаудың ықтимал нысандары

  1. Талдау түрлері

  2. Тексеруді талдау

  3. Талдау нәтижелерін бағалау



Ұсынылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:


  1. Орта білім мазмұнын назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңғырту. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.-43б.

  2. Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.- 58б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Пдагогикалық шеберлік орталығы , 2014. – 44б. Қосымша әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық . Үшінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.304б.

  1. Обыденкина Л.В. Сараптамалық құралдар жианғы 1 шығарылым. Сабақтарды бақылау карталары / Ауд. Мынбаева Ж. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 42б.

  2. Ахметбекова С.К.,Жолдасбаева С.А. Қазақстан Республикасының педагог кадрлары мен білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары аясында тренинг ұйымдастыру және өткізу жөнінде тренерге арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы,2014.-68б.

  3. Алан Дж.Уильямс, сарбасов Н.С. Менеджмент и лидерство в образовании. – Астана: АОО

«Назарбаев интеллектуальные школы», Центр педагогического мастерства, 2014.-48с.


13.Тақырып: Орта және жоғары буындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемдері мен процедурасы.


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ



  1. Орта және жоғары буындағы оқушылардың өзін-өзі бағалауы. 2.Оқушылардың бірін-бірі бағалауы

ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ


Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады: Алға қойған мақсаты.
Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу. Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі; Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;
Әділдікті дамыту;
Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.
Бұл маңызды!
Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.
Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.
Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.
Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген.
Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы (компоненті) болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін -өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.
Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.
Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.
Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет