Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16



бет12/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

Қорытынды
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік. Ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ең алдымен-ойшыл ақын. Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне, әсіресе дінге, Алланың болмысы, имандылық, адамгершілік туралы толғаныстарына қатысты. Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, әдет-ғұрпын, ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға. Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.
Адамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі-адам, толық адам. Абай армандаған толық адам өнерлі, білімді, еңбекқор, адал, әділ, жылы жүректі, ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббат пен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю Абай шығармаларының биік мұраты.
Жұмыста Абай атамыздың өз дәуірінде көрініс тапқан қазақ халқының әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» және Әбдірахманның дүние салуына байланыстыы келіні Мағаштың атынан шығарған жоқтау-жұбату секілді өлеңдері арқылы сипатталды.
Сол дәуірдегі мәдениетті Ұлы ақынның мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері көрсете алады. Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтып, халыққа пайдалы емес, залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсаты «Интернетте оқып жүр» өлеңінде көрініс табады. Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» өлеңінде ақын бала туғандағы шілдехана,қыз ұзатқандағы тойбастар өлеңдері, адам өлгенде айтылатын жоқтаулармен дәлелдей келіп,өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Абайдың бұл пікірі «алғашқы қоғамнан бері қарай өнер адам баласының күнкөріс қарекетімен қатар жүргізілген рухани құралы болды» деген ғылыми көзқарасқа дәл келеді.
Абай шығармашылығының менталдылығы ақынның адамгершілік, мораль мәселесін сөз еткенде жақсылыққа: адамшылық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбеккерлік, терең ойлылық, ерлік, жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рақымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сабырлылық, сертке беріктік, табандылық, татулық, тәуекелшілдік, шүкіршілік т. б. қасиеттерді, мінез-құлықтарды жатқызып, «Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ», «Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» т.б. өлеңдерінде айтып келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырғандығын. Ақынның Ұлы кемеңгер, дана ойшыл, көркем суреткер және озық ойлы гуманист екендігін тағы да дәлелдеуге жоғарыда аталған өлеңдер арқылы жұмысымызда дәлел болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет