Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16



бет5/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын? [11]-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.
Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады. Абай үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан, әйелге адамгершілік, әділет тұрғысынан қараудан іздеді. Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады. Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып, ол шынайы достық сезімді жоғары қояды. Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп,жаңа өнеге ұсынады. Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу орынды. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан. Ол «сол досты» іздеп күңіренеді, жоқтайды.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Пайда,мақтан-бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас,-
деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның ой түйіні, өсиеті іспетті. Бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді[7].
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін,оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасын тәрізді. Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет