А лдын-ала дайын болыңыз:
Р юкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
Ү ш күнге жететін тамақ пен су;
Алғашқы медициналық дәріханасы мен м едикаменттер;
Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
Жылы киім мен аяқ киім.
А лғашқы жер сілкінісі кезінде :
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
Г аз, су және жарықты сөндіріңіз;
Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
Е кінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
І шкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
К ереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден а улақ ұстаңыз;
Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер көшеде болсыңыз:
Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз
Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
Сынған терезелердің құлауы;
Үзілген электр желілері;
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
Өрт;
Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |