Жоспар: Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы


Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері



бет4/5
Дата15.06.2016
өлшемі441 Kb.
#137176
1   2   3   4   5

2.Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері
Ұрлық туралы қылмыстық істі қозғау сылтаулары: жәбірленушілердің арыздары; мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың лауазымды түлғаларынын, сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерініңосы құрылымдарға тиесілі мүліктің ұрланғаны туралытың белгісі бар фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы. Әдетте ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен мәлімдеушіден қысқаша жауап алу керек. Лезде сезіктілерді іздестіруді ұйымдастыру үшін жауап алуды неғүрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің мәлімдемесінде қайшылықтар болса немесе басқа себептермен күмән тудырса, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орны қарайды.

Ұрлық қылмысын тергеудің бастапқы кезеңіне үш әдетті тергеу жағдайлары тән:

1) қылмыс жасағанда сезікті тұлға ұсталды;

2) қылмыс жасағанға сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ ол туралы белгілі мәліметтер бар;

3) қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметте құкық қорғау органдарында жоқ.

Аталған жағдайлардың тергеушінің немесе анықтау жүргізетін адамның іс-әрекетінің арнайы бағдарламаса бар.

Бірінші тергеу жағдаятының мақсаты ұсталған адамның жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы жалпы дәлелдемелерді жинау (окиғаның нақты мән-жайларын аныктау, ұрланған заттың жатқан орнын табу, т.б.). Бұл жағдайда тергеуші әрекеттерінің келесі бағдарламасы тиімді болады: ұстау, жеке тінту, қажетті жағдайда — сезіктіні куәландыру; оқиға орнын қарау; жәбірленушілерден (немесе материалды жауапты тұлғалардан) және куәгерлерден жауап алу; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғын орнын тінту.

Екінші тергеу жағдаятында тергеудің негізгі бағыты — қылмыстың материалдық шығынын зерттеу, сезікті түлғалар туралы, ұрланған мүлік пен құндылықтар туралы, қылмыстың басқа мән-жайлары туралы дәлелдемелерді жинап, бекіту. Бұл жағдайды бастапқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі тиімдірек болады: жәбірленушілерден немесе материалды жауаптылығы бар тұлғалардан жауап алу; оқиға орнын қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау. Сонымен бірге тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Үшінші тергеу жағдаятына тергеушінің іс-әрекеттері зерттеу-іздестіру бағытында жүргізіледі және ең басты міндет жасалған қылмыс туралы деректерді іс жүргізуден тыс тәсілдер арқылы алу болады. Бұл жағдаятқа"жоғарыда айтылған тергеу әрекеттерінен басқа, қылмыс жасаған тұлға мен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары тән болады. Ол үшін қылмыс жасау тәсілі бойынша, окиға орнында табылған іздер және ұрланған мүліктің белгілері бойынша криминалистік есеп пен басқа шараларды қолданып тексеру жүргізіледі.

Тергеу барысында қалыптасатын жағдаяттарға байланысты жоғарыда аталған бастапқы тергеу әрекеттерінің бағдарламалары өзгеріп отырады және ол өзгерістер тергеушінің міндеттеріне, сонымен қатар нақты жағдайда алынған акпаратқа байланысты болады.


3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері
Ұрлық туралы істер бойынша оқиға орнын қарау барысында келесі мән-жайларды анықтау қажет: зат ұрланған объект не болып табылады, оған баратын жолдар мен оны қоршайтын орта қандай; қылмыскер ұрлық орнына қай жақтан келді және қай бағытта жоғалып кетті (қылмыскердің келу және кету жолдары зерттеледі); қылмыскер материалды құндылықтар жаткан жерге қалай барды (қандай тәсілдерді, қандай техникалық құралдарды пайдаланды); қылмыскер қандай әрекеттерді және қай жүйеде жасады: ұрлык жасауға неше адам қатысты; ұрлық орнында қандай қылмыстық істер калды және қылмыскердің үстінде (денесінде, киімінде, құралдарында, ұрланған заттарда) окиға орнының қандай іздері қалуы мүмкін; іздерде және басқа да материалды объектілерде, олар бойынша қылмыскердің жасын, кәсіби дағдыларын, оның түр-әлпетін, ұрлық жасау тәсілдерінің деңгейін анықтауға болатын белгілердің бар-жоқтығы; ұрлықты жасағансығанын көрсететін белгілердің бар-жоқтығы,т.б.

Осы мән-жайларды анықтау үшін ұрлық жасалған жайды ғана емес, онымен шектес бөлмелерді де карау керек болады. Оқиға орнына қосылып жатқан аймақтарды мәселен, дүкен, қойма, мекемеде қарау тиімді болады, өйткені ол жерде қылмыскерлер заттарды жоғалтып алуы, тастап кетуі немесе тығып кетуі мүмкін.

Қылмыскерлер ұрлық, жасауды кездеген орынды бақылаған жерлерді де зерделеген маңызды, өйткені ол жерде бақылауға кедергі болған сондықтан алынған немесе сындырылған терезе әйнектерін олардағы қол іздерін, аяқкиім іздерін, темекі тұкымдарын табуға болады.

Оқиға орнының жағдайына қарап, тергеуші қараудын. ең тиімді тәсілін тандайды. Егер қылмыскер жайға кедергісіз бұзу арқылы кірсе, қарауды бұзу орнын және оған жақын жатқан орындарды, бірте-бірте оқиға орнының ортасына жылжи отырып, зерттеуден бастау керек, яғни қараудың концентрикалық тәсілін қолдану керек.

Егер оқиға орнының қылмыстық ортасы жайдын, түпкірінде болса, (мәселен, сейф немесе ішінен киім ұрланған шкаф) қарауды центрлес тәсілмен немесе қиыстырылған тәсілмен жүргізген тиімді. Әуелі сейфті немесе шкафты, сосын сыртқы есікті қарап (егер есікте бұзу іздері болмаса да, бөлмеге есікті тандап алын-ған немесе қолдан жасалған кілтпен не жезбезекті кілтпен ашып кіруі мүмкін) қарауды қабырға бойымен жалғастырып, бірте-бірте белме ортасына жақындау керек.

Қылмыс іздерін объектіге кіретін жерлерде (мәселен, домкратпен сығып ашылған есікте, сындырылған терезеде) және ұрланған заттар сақталған жердін бетінде іздеген жөн. Есік-терезелерде, оларға тиіп түрған жерлерде қолдың, аяккиімнің іздері, киім талшыктары, бүзу құралының іздері, еденде — темекі тұқылдары, қан тамшылары (егер қылмыскер жарақат алса), топырақ, түкірік жөне адам денесін шығатын баска да сұйықтықтары табылуы мүмкін. Қылмыскер ұстады деп ойлаған заттардан иіс іздерін алуға болады.

Оқиға орнында бұзу кұралы табылған жағдайда оны мұқият қарап, онда қылмыскер қолдарының іздерін, иесінің аты-жөнін, табуға болады, оның мамандығын, кұжаттарын аныктауға болады (мәселен сигнализацияны ағыту үшін қолданған тістеуіктің саптары пластмассамен немесе резеңкемен оралған болса, оның иесі электрик немесе телевизор жөндеуші болуы мүмкін).

Дүкендерде, қоймаларда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында оқиға орнын қарағанда, ұрлықты жасаған белгілеріне назар аудару керек. Оларға келесілер жатады: құлыптың басқа жерде бұзылғанын; кедергі жайдың ішінде бұзылғанын және ұрылар жайдың ерекшеліктерімен таныс екенін құндылықтар сақталатын орындарды білетінін дәлелдейтін іздердін, болуы; жайдағы кедергілер мен заттардың қажетсіз закымдануы; мән-жайларға сәйкес келмейтін бөлменің шашылуы, жасырын жерде жатқан аса құнды заттардын жоғалуы, ұрланған заттардың опырылған жердің келеміне сәйкес келмеуі, т.с.с.

¥рлық туралы істер бойынша жәбірленушілер мен материалды жауапкершілігі бар тұлғалардан жауап алғанда келесі мән-жайлар анықталады: ұн ұрланды, ұрланған заггың саны, жеке заттардың белгілері; ұрланған зат қайда болғаны; ақша ұрланса, қандай купюралар; қашан және кімнен ұрлық туралы білді; аталған объект күзетілді ме, күзету тәртібі қандай; объект (дүкен, пәтер) сигнализациямен жабдықталған-жабдықталмағаны, оның дұрыс істеу-істемеуі объектінің есік терезелері қандай құлыптармен жабылғаны; кімді ұрлық жасады деп ойлауға болады; жедел тергеу тобы келгенше окиға орнының жағдайы өзгерген-өзермегені, өзгерілсе қандай мақсатпен, не өзгерілуі, т.б.

Жауап алғанда жауаптарда барынша нақтылауға тырысу керек. Әсіресе ұрланған мүліктің белгілері мен ерекшеліктері толық сипатталуы керек. Ұрланған затты егжей-тегжейлі сипаттаумен қатар, жауап беруші заттың құжатын (паспортын, кепілдік талонын) немесе бөлшектерін (түймесін, матасын) көрсете алатынын анықтау кажет.

Егер ұрлық сенімге кіру арқылы жасала, ұрланған зат, қылмыскер оның түр-әлпеті, сөзінің, киімінің тәртібінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді, өзі туралы не айтқанын айқындау керек.

Қылмысты өз көзімен көрген куәгерлерден жауап алғанда келесі мәліметтер анықталады: сезікті түр-әлпетінің белгілері, ұрлық жасау уақыты мен тәсілі; оқиға орнында қалдырған қылмыскерлердің іздері мен затгары; ұрланған заттар мен олардын, жеке ерекшеліктері; қылмыскерлер қашып кеткен бағыт, олар мінген көлік, т.б.

Қылмыскерді ұстау барысында оның әрекеттерін мұқият бақылау қажет, өйткені ұрылар өздерін әшкерелейтін заттар мен құндылықтарды лақтырып тастауға немесе сыбайластарына беруге тырысады. Қалта тонаушыларды ұстаудың бір ерекшелігі бар: полиция қызметкерлері оларды кезекші бөлімге жүдырықтарын аштырмай алып келеді; оны ұстау хаттамасында міндетті түрде көрсету керек.

Жеке тінту барысында жасалған қылмыс сипатымен немесе ұқсас қылмыс сипатымен байланысты заттарға назар аудару кажет. Атап айтқанда, ұрлық үшін ұсталған адамда бірнеше аммияк, бір топ кілт немесе жезбезекті кілт, ұстаралар, ұсталғанға тиесілі емес құжаттар табылуы мүмкін. Ұрлық туралы іс бойынша жайларды тінту мақсаты: ұрланған заттарды бұзу үшін қолданылған құралдарды; сезікті мен оньң отбасы мүшелеріне сәйкес келмейтін киімді, т.б. табу.

Тұрғын жайлардан басқа, көмекші жайлар да — қора, үйдің төбесі, гараж тінтілуі тиіс. Онда кейбір кезде құнды емес бірак тергеу үшін маңызы бар заттарды табуға болады. Атап айтқанда, дүкен, қойма, базалардан жасалған ұрлык туралы істер бойынша көмекші жайларда этикетка, тауаар кғазын, тауар орайтын қағазды табуға болады.

Табылған құпия орындарды суретке түсіріп, хаттамада оны керсетіп, тінтілген белменің сызба жоспарында көрсету керек.

Сезіктіні куәландыру және оның киімін қараудың дәлелдемелік маңызы зор. Егер ұрлық қабырғаны немесе бөліменің төбесін бұзып жасалса, ұсталған адамның киімінде, аяккиімінде, бас киімінде немесе шашында бұзылғаң кедергі заттардың ак балшықтың, кірпіштің, т.б, бөлшектерін табуға болады.

Ол сезіктінің кінәсіздігін теріске шығаруға мүмкіндік береді.

Егер үсталғаң тұлға химиялық кақпан (тор) орнатылған және ол ұрлық кезінде қосылып кеткен объектіден ұрлық жасаса, оны куәландыру барысында ультракөгілдір жарықты қолданған жөн; сезікті қолдары мен киімінің ерекше жарық беруін хаттамада көрсетеді. Химиялық заттын іздері бар киімдері іске тіркеледі. Кейін сот-химиялық сараптаманың көмегімен тиісті химиялық заттардың біркелкілігі анықталады.
4.Кейінгі тергеу әрекеттері

Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу барысында, егер ол өз кінәсін мойындаса, келесі мән-жайларды анықтау қажет: қылмыстын. мән-жайлары; ұрланған заттар қайда жасырылды; сезікті (айыпкер) қылмысты өзі жасады ма әлде сыбайластарымен бірге жасады ма; ұрланған заттарды ол қашан, кімге және қандай жағдайда өткізді; сатып алушы қандай ақша төледі (теңге ме әлде басқа валюта ма); сезікті ұрланған затгарды еткізу нәтижесінде қандай сомаға ие болды; кім оның айтқанын дәлелдей алады, т.б. Сонымен қатар жауап беруші адам бұрын ұрлық жасаған-жасамағанын анықтау қажет.

Егер жауап беруші ұрлық жасағанын мойындамаса, оған қылмыс жасалған кезде ол қайда болғанын, не істегенін айту және оның әздерін дөлелдейтін адамдарды атауды ұсыну керек.

Келесі кезеңде ұрлык туралы істер бойынша куәгерлер ретінде мекеме, кәсіпорын және ұйым бастықтарынан; ведомстводан тыс күзету күзетшілерден, жеке күзетшілерден; аула сыпырушылардан; комиссиялық дүкендер мен сатып алу пункті қызметкерлерінен және жасалған қылмыспен байланысты мән-жайларды білетін басқа да тұлғалардан жауап алған жөн болады. Анықталатын мән-жайлар жәбірленушіге қойылатын сұрақтармен сәйкес болады.

Құлыптарды зерттегенде анықталатын сұрақтар: құлып ұрлык кезінде ашык әлде жабық болды ма; ол дүрыс істеп түрды ма; егер құлып бұзылған болса, оның қандай кемістіктері болды және олар құлыптың жабылуына кедергі болған жоқ па; бақылау құрылғысын бұзбай құлыпты жабуға немесе ашуға бола ма, құлып ілулі тұрғанда бұзылды ма; ол кілтпен, жезбезекпен немесе басқа затпен ашылды ма; құлып кандай тәсілмен бұзылды; құлып нақты құрал-сайманмен бұзылған жоқ па.

Сот-тауартану сараптамасы арқылы тауардың аты, бағасы, артикулы, сорты, басқа да белгілері; сезіктіден алынған заттар ұрланған заттармен сәйкестілігі аныкталады.

Сот-химиялык сараптаманы сезіктінің киімінде, денесінде табылған әр түрлі заттардың құрамының бұзылған кедергі бөлшектері, мататалшықтары, бояу) қылмыс орнынан алынған заттармен сәйкестілігін анықтау үшін тағайындайды. Ұрлық туралы істер бойынша материалтану сараптамалары (микрообъектілерді зертгеу) жүргізіледі. Бұл сараптамалар қалта тонаушы жәбірленушіге тиген жоқпын деп айтканда, яғни қалта тонау қылмысын тергегенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда сезіктінің киімінде жәбірленуші киімінің микробөлшектерін табудың дәлелдемелік маңызы зор болады.

Ұрлықты одан кейінгі тергеу кезендерінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің (көзбе-кез беттестіру, таныту үшін көрсету, жауаптарды оқиға орнында тексеру) аса ерекшеліктері жоқ.


ДӘРІС.13.ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
1.Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы

2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері

3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері

1.Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес есіртке заттарының зансыз айналымына байланысты қылмыстарға:

- есірткі заттарың немесе психотроптық заттарды дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жолдау (пересылка?) немесе еткізу (259-бап);

- есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды ұрлау немесе болжаушылық (260-бап);

— есірткі затгарын немесе психотроптық заттарды қолдануға бейімдеу (261- бап);

— өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап);

— есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау үшін қолданылатын кұралдардың, құрал-жабдықтардың, заттардың заңсыз айналымы (230-бап);

- есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды қолдану үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);

- есірткі заттарын, психотроптық, күшті әсер етуші немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап) жатады.

Есірткілер — бұл оларды қолданғанда ерекше психикалык жағдайды (есірткілік мас болу) туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің езгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірегей Конвенцияға сәйкес Есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген. Ол заттар үш тізімге бәлінген:

1) күшті әсер етуші есірткі заттары;

2) улы заттар;

3) есірткі заттары мен психотроптык затгардың зансыз айналымына қарсы күресу.

Жаратылысы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік (табиғи) және синтетикалық (жартылай синтетикалык) есірткі заттары.

Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен колдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі-дәрмектер кең тараған.



Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері:

Марихуана (катабис) — түрлі сортты сораның кептірілген гүлденген ұшар басы мен жоғары жағындағы жапырақтары.

Гашиш (анаша) — түрлі сортты сораның гүлденген үшар басының аталығын (пыльца) ұнтақтау, себу, суға қайнату, сығу арқылы дайындалған қоспа. Дайындау тәсіліне байланысты ол ұнтақ, таблетка, әр түрлі түйір, қысып нығыздалған (спрессо-ванный) тақта түрінде болады, түсі — сұрғылт-жасыл, қоңыр болады.

Гашишмайы — есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен сора бөліктерін әр түрлі еріткіштермен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен шығару арқылы дайындалады. Ол қара-қоңыр түсті, сораның иісі бар қою ерітінді түрінде болады.

Мактан қолдан жасалатын есірткілердің негізгі түрлерінің бірі — шикі апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте қара-қоныр түсті болады. Оны қайнату немесе баска тәсілдермен де өндеуге болады (түсі кара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер, ерітінділер және т.б.). Оларға мак шөбі - мактың қауашақтары мен сабақтары (тұтас, бөлшектенген, престелген); экстрациялык апиын (а) есірткі алкалоидтарын су немесе еріткіш арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы дайындалады); мак шөбінің суы немес тұнбасы (көкнар) жатады.



Кокаин (көкнар) — «кока» атгы оңтүстік америкалық өсімдігі жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ немесе сарғыш түсті таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал кейде ақ, сары және қоңыр түсті жартылай мөлдір қатты гранулалар болып табылатын «крэктың» негізі ретінде кездеседі.

Құрамында есірткі бар медициналық түрінде болады.

Қазақстан Республикасында сонғы уақытта бүрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымда пайда болды.бұл синтетикалык есірткі заттары және препараттарға түрінде кездеседі. Героин заңсыз айналымда глюкоза, қант, крахмал, ұн, тальк, кальций карбонаты сияқты апиын тұнбасы, морфин, кофеин, ноксирок, т.б. жатады. Олар флакон, ампула, ұнтақ, таблетка өсірілетін жаңа есірткілер.

Героин — ацетилендіру арқылы алынатын морфинның туындысы, түсі ақтан қара-қоңыр түске дейін, ұнтақ инертті толықтырғыштар қосындысында, сонымен қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында кездеседі. Әсері морфиинен 5-6 есе белсенді, ол аса қауіпті есірткілердін. бірі болып табылады, өйткені адам оған өте тез әдеттенеді. Героинды медициналық мақсатпен колдануға тыйым салынған.

Лизергин кышқылы және оның туындылары — қара бидай күйесінің түтік кеспесінде болады.

Таза күйінде қолданбайды, себебі ол өте күшті галюциногендік әсері бар лизергин қышқылының тобына жататын есірткі заттарының негізгі компоненті ретінде қолданылады. Бұл есірткі түрін өндіруге және адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынған әдетте оны қайталанатын суреті бар (жүрек, әріп, ою, аңдар суреті түрінде) перфо қағазға салынады.

Соңғы жылдары заңсыз айналымда амфетаминдер кең етек жайып келеді. Амфетамин тобына химиялық құрылысы бойын-ша амфетаминнің туындысы болып табылатын және орталык нерв жүйесінің стимуляторы болып табылатын синтетикалық заттар жатады. Олардың кейбіреулерінің психотроптық және галюциногендік әсер бар.



Аталган қылмысты жасаудың негізгі турлері:

1. Есірткі заттарын дәрі қоймаларынан, өндіріс кәсіпорындарынан, сондай-ақ аптекалардан, медициналық, ғылыми-зерттеу және т.б. мекемелерден ұрлау.

2. Есірткі заттарын аптекалардан және емдеу мекемелерінен жалған және заңсыз берілген рецепттермен алу.

3. Есірткі заттарды артынан жасап, өндеу мақсатымен макты, сораны егу.

4. Есірткіні жасау мақсатымен мак пен сора өсірілетін немесе олар жабайы өсетін аймақтарға бару.

5. Құрамында есірткі бар дәріден есірткі заттарын жасау.

6. Есірткі контрабандасы.

7. Есірткіні сатып алу, айырбастау, қарызға алу және баска тәсілдермен алу.

Есірткіні алу және еткізудіи ең кең тараған түрі — оны әдетте бір рет қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату.

Әдеттегі есірткіні өткізу орындары - адамдар көп жиналатын жерлер: базар, саяжайлар, метро станциялары, қонақ үйлері, түнгі клубтар, сауық орындары, притондар.



Есірткі өткізушіяер топ қурамында жщыс істейді: біреуі есірткі ұсынады, екіншісі сырттан бақылап тұрады, үшіншісінде есріткі заттары сақталады. Кейбір есірткі өткізушілер ездерін қауіпсіздендіру үшін есірткі сатуға балаларды және кәмелетке толмағандарды жүмсайды. Сонымен катар есірткіні тікелей бай-ланыссыз өткізу тәсілі де бар. Ол жағдайда есірткі өткізуші дайын есірткі заттарын әр түрлі жерлерге (тастың астына, дуалдың тесіктеріне, пошта жәшігіне, ағаштың үңгірлеріне, т.б.) тығып кояды. Ақшаны алғаннан кейін, ол сатып алушыға есірткінің жатқан жерін айтады. Есірткі заттарын қолданудың негізгі тәсілдері: оларды тарту, иіскеу (вдыхание), жүту, тамырға, етке, терінің астына инъекция салу, сонымен қатар әр түрлі төсілдерді үйлестіріп қолдану кездеседі.

Есірткі қолданушы адамды бет-келбетінен және есірткі қолданғаннан кейін көрінетін тәртібінің кейбір белгілерінен анықтауға болады. Есірткі заттарын көптен қолданатын адамның сырткы бейнесіне келесі белгілер тән: жалпы арық болуы және қартаюы (шашының түсуі, бетінің әжімденуі, тісінің түсуі, терісінің сұрлануы). Ал есірткі жоқ кездегі нашақордың тәртібі ерекше болады және жасыру мүмкін емес, атап айтқанда, ол қызу қимылдайды, қолдары дірілдеп, терлейді.

Есірткіні ине арқылы қолданатын нашақордың денесіне уколдың орындары, тыртықтар қалады, тамырлары закымданады сонымен қатар оның түкірігінде, зәрінде, шашының кұрамында, қанында есірткі заттарының іздері қалады.

Ол іздер есірткіні даярлау үшін қолданатын заттарда (таразыда, еттартқышта, пышақта т.б.),сонымен катар оларды тасымалдау, өткізу, пайдалану, сатып алу үшін қолданатын затгарда (полиэтилен және қағаз пакеттеріне, қаптарға, сөмкелерде, ине мен шприцтерде, мақтадан және дәкеден жасалған түйіршіктерде және т.б.) қалады.

Есірткі заттарын автокөлікпен тасымалдағанда, оларды жасыру үшін бензобакты, радиаторды, бамперді, көліктің артқы дөңгелектерін, жүк салатын бөлімін және автокөліктің басқа дажерлерін пайдаланады. Соңғы кездері есірткіні түбі екі кабат сөмкелерде жәшіктерде, чемодандарда тасымалдау жиі кездеседі.

Есірткі заттарына байланысты істер бойынша анықтауга жататын мән-жайлар:

— есірткіні заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу, ұрлау, себу және өсіру, сонымен қатар оларды пайдалану үшін притон ұстау фактісі орын алған-алмағанын анықтау; сезікті тұлғалардың әрекеттері Казакстан Республикасының Кылмыстық кодексінің кай бабына сәйкес келетінін аныктау;

— есірткімен байланысты қылмыстың қайда, қашан, қандай жағдайда болғанын;

— қылмыстың кім жасағанын; ол бұрын осындай әрекеттері үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын; жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлардың бар-жоктығын; қылмысты бір адам немесе топ жасағанын, топтың әр мүшесінің рөлін және қылмысты ұйым-дастырушы кім екенін;

— қанша есірткі заттары тәркіленді және олар есірткінің қай түріне жататындығын;

— есірткі қайдан алынғанын;

— есірткі заттары қандай тәсілмен дайындалғанын, қандай құрал- жабдықтар қолданғанын;

— есірткі затгарын дайындау үшін кандай шикізат қолданғанын және ол қайдан алынғанын;

— қылмыстың мақсаты мен себептерін;

— есірткіні заңсыз айналымға салу барысында түскен пайданың көлемін;

— есірткі заттарын заңсыз айналымға салуға кімнің қандай

көмек көрсеткенін;

— аталған кылмыстың жасалуына мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды анықтау.
2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері

Тергеудің алгашқы саіпысындагы әдегптегі жагдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері.

Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың себептері — полиция қызметкерлерінің аталған қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін фактілерді табуы; азаматгардың ұйымдар мен мекемелердің хаттарымен арыздары; емдеу мекемелерінің мәлімдемелері; басылымдардағы ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу. Келіп түскен барлық, ақпарат мұқият тексерілуі тиіс. Тексеру барысында қылмысқа қатысы бар заттар алынады. Осы заттарды тауып, алуға бағытталған әрекеттерді міндетті түрде құжаттау қажет. Нашақорды (есірткі өткізушіні, тасымалдаушыны, жасаушыны) ұстаған полиция қызметкері баянхат жазады және заттарды тексеру туралы хаттама толтырады.

Сонымен қатар, үсталған түлға мен куәгерлердін түсіндірмелері; медициналық куәландыру актісі; аталған тұлғаның есірткі заттарын қолданғаны үшін есепте тұрғаны туралы медициналык мекеменің анықтамасы; экспресс-анализ нәтижелері туралы немесе зерттеу нәтижелері туралы сарапшы-химиктің анықтамасы; ұсталған адамның мінездемесі; онын, бұрын сотталғаны және осьндай қылмыс үшін қылмыстық жауап-кершілікке тартылғаны туралы анықтама болуы қажет. Сондай-ак, жағдайға байланысты баска да қүжаттар толтырылуы немесе талап етілуі мүмкін. Тексеру жүргізуші адам, қауіп бар мәліметгерді талдап, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық белгілері ұсталған тұлғанын, әрекеттерінде бар-жоктығы туралы тұжырым жасауы керек.

Қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін, анықтаушы немесе тергеуші алынған заттардың саның (көлемін), сонымен қатар олардың Казақстан Республикасыньң Денсаулық министрлігі қасындағы Есірткілерді бакылау женіндегі тұрақты комитет бекіткен Есірткі затары мен құрамында есірткі бар дәрілердің тізімінде бар-жоқтығын айқындауы кажет.

Ескере кететін жай, аз мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алған немесе сақтаған үшін тұлға Қазақстан Республикасынын, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершіліккетартылады. Сонымен қатар, Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексінін, 26-бабы-ның түсініктемесі бойынша, есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды өз еркімен тапсырған және аталған заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардьщ ашылуына немесе оларды болдырмауға белсенді қатысқан тұлға осы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Есірткінін, заңсыз айналымымен байланысты істерді тергеудін бастапқы сатысында әдетте келесі жагдайлар қалыптасады:

1) сезікті тұлға қылмыс үстінде немесе тәркіленген есірткі заттарымен байланысты қылмысты жасағаннан кейін ұсталады;

2) тұлға есірткіні заңсыз айналымға салды деген сезікпен ұсталады, бірақ ол заттар онда табылмайды.

Бірінші жағдайда келесі тергеу әрекеттері, ұйымдастыру және жедел іздестіру шаралары жүргізіледі:

— сезіктіні ұстау және жеке тінту;

— тұлға ұсталған мекенді (жерді); құрамында есірткі бар өсімдік есірілген жерді; есірткі немесе оларды дайындау үшін шикізат сақталған жайларды қарау;

— құрамында есірткі бар заттарды, құжаттарды қарау; киімді

қарау;

—ұсталған тұлғаны медициналық құжаттандыру;



— сот-медициналық, сот-химиялық және т.б. сараптамаларды тағайындау;

— тұрғын орнын, жұмыс орнын тінту немесе сол жерлерден есірткіні алу;

— сезіктіні тергеу;

— куәгерлерді тергеу;

— қылмыстық байланыстарды, есірткіні сақтау орнын, еткізу жолдарын, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Екінші жағдайда келесі шаралар тән:

— есірткіге мастығын немесе ашықканын айқындау үшін сезіктіні медициналық куәландыру;

— тқрғын жөне жүмыс орнын тінту;

— сезіктіні тергеу;

— куәгерлерді тергеу;

— сезіктінің құжаттарын, заттарын, киімін кару;

— сот-медициналық, сот-химиялық сараптама тағайындау;

— есірткі заттарын заңсыз айналымы фактісін, олардың сақталу орнын, қылмысқа катысушыларды, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Тергеудің бастапқы сатысындағы нақты жағдайға байланысты келесі болжамдар ұсынылуы мүмкін:

— табылған затты сезікті өзі танымайтын есірткі сатушыдан сатып алған;

— сезікті — есірткі сатушы түлғаның тұрақты түтынушысы;

— есірткі тұтынушы есірткі заттарын өзі сатып алған, өсірген шикізаттан жасап алады;

— есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысқа қатысты деген сезікпен ұсталған тұлға қылмыстық топ мүшесі;

— сезіктіден табылған немесе ол қолданған есірткі (әсіресе құрамында есірткі дәрі-дәрмектерді емдеу мекемесінен, дәріханадан, т.б. жерлерден өзі немесе басқа біреу ұрлаған.

Сонымен қатар есірткі дайындау тәсілі, қылмысқа катысушы тұлғалардың, тұрғын орындары, есірткі сактау орны, есірткі өсімдіктерін өсіру жерлері туралы болжамдар ұсынылуы мүмкін жоспарлау барысында әр түрлі қызметтерінің өз ара әрекеттесу мәселелеріне ашу және тергеу кешенді тергеу әрекетгерін жүргізуді, оларды әр түрлі ЖІШ араларымен үйлестіруді талап етеді, себебі бұл қылмыстар республиканың әр түрлі аймақтарында жасырын жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет