2.2 Бастауыш сыныпқа білім берудің тиімділігін арттыру жолындағы
эксперименттің нәтижесі
Сөз бен буынды үйрету. 1-сынып оқушыларына хат таныту кезеңінде сөз бен буынды үйрету жұмыстары едәуір еңбек етуді тілейді. Енді осы орайдағы іс-тәжірибемді ортаға салайын. Әліппеге даярлық кезеңінің өзінде-ақ оларды суретке қарап сөйлем құратуға ұйретемін. Әңгіме кім туралы, не туралы айтылғандығын аңғарта отырып, сөйлем туралы ұғым беремін. Мұның әрбір бөлігін сөз дейтінін түсіндіремін. Сурет бойынша ойын ұйымдастыру арқылы сөзді үйрету жүмысын төмендегіше жүргіземін.
Күні бұрын даярланған суреттерді оқушыларға таратып беремін де өзім «қызғалдақ, үйрек, алма, аю, сәбіз» деген сөздерді айтамын. Осы кезде оқушылар: «гүл, құс, жеміс, аң, көкөніс» деп, олардың суреттерін жоғары
көтеріп көрсетеді немесе мен: «көкөніс, құс, жеміс» десем, оқушылар: «қауын, қаз, алма» деп олардың суреттерін көрсетеді. Соңынан бұл айтылған, көрсетілген суреттердің әрқайсысы бір сөзді білдіріп тұрғанын түсіндіремін. Сондай-ақ жоғарыдағы суреттерді өзім көрсетіп, аттарын оқушыларға айтқызамын. Осы суреттерді буындарды үйретуге де тиімді пайдаланып отырамын. Ол үшін оқушылардан алдарында жатқан суреттердің ішінен алманың, алшаның суретін көрсетуді сүраймын. Оқушылар оны көрсетеді. Одан кейін осы алма, алша сөзі неше буыннан құралатынын айыртамын. Мүнан соң олардан:
- Ағашты немен аралайды? - деп сұраймын. Оқушылар:
Арамен, - деп жауап береді де, алдарында жатқан суреттердің ішінен араның суретін жоғары көтеріп көрсетеді. Осы «ара» сөзі неше буыннан құралатынын, оның бірінші, екінші буынын айыртамын. Бұларға әбден жаттыққан соң оқушылардан алдарында жатқан суретке қарап отырып (менің көмегіммен), бірінші қатарға бір буынды, екінші қатарға екі буынды, үшінші қатарға үш буынды білдіретін суреттерді тізіп шығуын сұраймын. Мұның өзі оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға көптен көп септігін тигізді.¥зындығы 10 сантиметр қалың қағаздан қиып, оны түрлі-түсті қарындашпен бояп, 6 жолақ істедім. Енді осы құрал бойынша да буынды үйрету жұмысын жүргіздім.
а) Бірнеше сөзді буынға бөліп айтамын. Оқушылар сол сөзде неше буын барын аңғарып, соған сәйкес жолағы бар қағазды көтеріп көрсетеді.
ә) Оқушының алдында 6-8 кішкене сурет жатады. Сол суретте неше буынды сөз болса, оның астына сонша жолақ қояды немесе жолақты партаның үстіне ретімен: 1 жолақты, онан соң 2 жолақты, онан соң 3 жолақты қояды да, суреттегі сөздің буын санына қарай суреттерді сол жолақтың (бір буынды сөзді білдіретін суретті 1 жолақтың астына, екі буынды сөзді білдіретін суретті 2 жолақтың) астына қойып үйренеді.
Оқушылар орындарында отырып, алдарындағы суреттерге қарап, оларды ауызша бөліп береді. Мысалы, бірінші сурет баланы білдіреді делік. "Бала" деген сөз екі буыннан құралған. Бірінші буыны - ба, екінші буыны -ла. Сондықтан бұл суретті 2 жолақтың астына қоямын" деп түсінік береді. Басқа сурет бойынша да оқушыларды ауызша талдау жасатып жаттықтырамын. Буыны бірдей сөздерді білдіретін суретті кейде сынып тақтасына іліп қойып та жүмыс істетемін. Мысалы, алма, арша, шана, маса, Сара, Шара тағы басқаларды білдіретін суреттерді сынып тақтасына іліп қойып, - ма немесе -ра буыны бар суретті тауып беруді сұраймын. Мұны айырған соң, -ма, -ра буыны сөздің қай жерінде, яғни сөздің нешінші буынында тұрғанын айыртып жаттықтырамын.
Хат танытудың алғашқы кезеңінде буын кестелерімен жұмыс істеу де оқушылардың дағдыларын арттырады. Мысалы, -на, -ша, -ал, - ма, -ра, -а, -са буындарын қағазға үлкен етіп жазып, сынып тақтасына ілемін де, осы буындардан мағыналы сөз құратамын. Оқушылар (менің жәрдеміммен) бүл буындардан шана, алма, алша, ара, ана, сона, маса, тағы басқа сөздер құрастырып шықты. Бұл жұмыстың екінші түрі етіп, ауызша бір буынды айтамын, оқушылар оның екінші буынын тауып, мағыналы сөз шығарады. Мысалы, мен -ша, -ар буынын айтсам, оқушылар: -ра, -ша буындарын табады да, бұл екі буынды қосып, олар шара, арша, ара деген сөздерді құрастырады. Олардың көру, есту қабілетін жетілдіру мақсатымен заттарды таныту жұмысын да кең жүргізіп отырдым. Бұнда заттың түсін (бояуын) түрін, көлемін (үлкен, кіші), пішінін (дөңгелек, сопақ, шаршы, тік төртбүрыш, үшбұрыш) айыртамын. Мысалы, жүмыртқа, лимон, алмұрт сопақ. Тиындар, тәрелкелер дөңгелек. Терезе, есік, кітап тік төртбұрыш болатынын түсіндіріп, іс жүзінде көрсеттім. Бұл заттардың не үшін керектігін түсіндіру арқылы өмірмен байланыстырдым.
Сол сияқты заттарды топтастыру жұмысын да жүргізіп отырдым. Мысалы, алма, алмүрт, өрік жемістер. Қауын, картоп, сәбіз, көкөністер. Қой, сиыр, ешкі - малдар. Кітап, дәптер - оқу құралдары. Мүның өзі оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, олардың үлгірімін жақсартты. Тіл дамыту жұмысы. Тіл дамытуға бағдарламада 25 сағат уақыт бөлінген. Бүл сабақпен шектеліп қалмай, әліппемен жұмыс істегенде күнбе-күн тіл дамыту жүмысына арнайы көңіл аударып отыруымызды керек етеді. Тіл дамыту жұмысының көздейтін мақсаты - өз ойын және бөгде адамның пікірін ауызша, жазбаша баяндап бере білуге үйрету болып саналады. Алайда көрген-білгені, есіткені, оқығаны жөнінде тыңдаушысын әсерлендіре, төгілтіп сөйлеуге бала түгіл үлкен адамдардың да бірқатары олақтық көрсететінін тәжірибе көрсетіп жүр. Сондықтан мектептерде тіл дамыту жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, жүйелі жүргізілуге тиіс.
Тіл дамыту жұмысының негізі бірінші сыныпта қаланады. Оны дұрыс ұйымдастыру оқу сапасын арттырады, оқушылардың ойлау қабілеті мен
дүниетанымын кеңеитш, оларды жан-жақты қызметке дағдыландырады. Мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы ауызша, жазбаша болып екіге бөлінеді. Сауаттандыру кезіндегі тіл дамыту жұмысы көбіне ауызша жүргізіледі. Әліппеге даярлық кезеңінде бағдарламаға сәйкес бірінші рет өткізген арнаулы сабағымның тақырыбы әліппемен таныстыру болды. Ол оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап ретінде өткізілді.
Сендер мектепке сауат ашуға, әріп тануға, кітапты өздеріңше оқи
білуге, сол сияқты жазып, хат тануға үйрену үшін келіп отырсыңдар. Дұрыс
па, балалар?
Иә,- деп жауап берді оқушылар.
- Олай болса, сендерді сауаттандыратын құрал "Әліппе" кітабы
болады. Оқушыларға кітапты үлестіріп бердім, олардың аударыстырып,
ішін ашып қарап шығуларына рұқсат еттім.
-Балалар, енді "Әліппе" кітабымен танысып көрелік.
Авторлардың суреттерін сынып тақтасына іліп, олар туралы қысқаша
мәлімет-түсінік бердім. Бұл кітап хат танытады, білім береді, үлгілі істерге, өнегелі тәрбиеге үйретеді. Сондықтан оны ұқыптап, күтіп ұстау керектігін түсіндіріп, әңгімелеп бердім.
-Енді, балалар, кітаптың 3-бетін ашыңдар. Онда қандай суреттерді
көріп түрсыңдар?
Олар: бала мен қыз, апасы, жапырақ, қолына гүл үстаған...
-Байқайсыңдар ма, балалар, жапырақ қандай түспен боялған?
Олар: сары, қызыл, қоңыр (осы түсті білдіретін суретті сынып тақтасына іліп көрсетемін).
-Жапырақтар неге жерге түсіп жатыр?
Оқушылар: құстар бұтағына қонғанда түсірген, балалар доппен ұрып түсірген, жапырақтар ағаш басынан күзде ғана түседі, тәрізді жауаптар берді.
Дұрыс, балалар. Жерге түсіп жатқан жапырақтардың түсі - сары. Ағаштың жапырағы түсе бастаған кезді "күз мезгілі" дейміз. Бұдан бұрын жаз мезгілі еді, ол мезгіл өтті. Қазір күз айы. Мына Әліппедегі және сынып тақтасындағы суреттер (сынып тақтасына күз мезгілінің суретін ілемін) күз мезгілін көрсетіп түр. Олар мектепте оқудың күзде басталатынын, айналамызда қоршаған табиғаттағы өзгерістерді аңғартып тұр.
Әліппе сабағындағы "Ғарышка үшу" әңгімесін оқып беріп, түсіндірдім. Оқушыларды сабақты ұқыпты тыңдау, сүраққа дәл жауап беру, сөйлем құрау дағдыларына үйреттім. Күз, жаз, көктем, жапырақтың түсі, оның күзде жерге түсетіні туралы ұғым бердім. Мұқаба, қатты қағаз (картон), мұнтаздай таза, жасыл желек, табиғат құбылысы, ғарыш, ғарышкер, т.б. сөздер туралы үғым беріп, сөздік қорларын молайттым.
Енді сауаттандырудың даярлық кезеңінде өткізілген екінші сабағымды баяндайын. Әліппе кітабының 15-бетіндегі құстар тақырыбы бойынша тіл дамыту жұмысын жүргіздім.
Сұрақ Жауап
Мынау не? Ол - тауық.
Мынау не? Ол - әтеш.
Мынау не? Ол - балапандар.
Мынау ненің суреті? Ол - қаздың суреті.
Қаз нешеу? Қаз - екеу.
Қаздың балапандары нешеу? Қаздың балапандары үшеу.
Егер сұрақтарды осылай қойып, жауаптарды осылай алсақ, онда окушылардың санасын немесе тілін дамыту жұмысын дұрыс жүргізбей, нұқсан келтірген боламыз. Өйткені, үй құстарын мектепке дейін жақсы танитын бірінші сынып оқушылары суретті ажырата білетінін көрсетіп, қойылған сұраққа дайын үлгімен қиналмай-ақ жауап береді. Өз беттерімен
ойланып, түйінді мәселе шешкен жоқ. Ендеше ойлау да, тілдің дамуы да болған жоқ. Оларды ойландыра білу, білімді өз бетінше іздену арқылы табу дағдысын үйретуіміз керек қой. Сондықтан да жоғарыдағы оқушылардың жауабына қанағаттанбадым да, сұрақты ойланатындай, ізденетіндей етіп қайта құрадым. Мысалы:
Балалар, мынау ненің суреті?
Ол - тауықтың суреті.
Ал, мынау ненің суреті?
Ол - әтештің суреті.
Сендер оның қайсысы тауықтың, қайсысы әтештің суреті екенін
қайдан білдіңдер?
Түріне қарап білдік.
Иә, түріне қарап білдіңдер, сонда тауық пен әтештің сыртқы
түрінде қандай айырмашылық бар?
Тауық - кішкентай, әтеш - үлкен. Тауықтың құйрығы қысқа, тік.
Әтештің қүйрығы үзын, қайқы. Тауық бір түсті, әтеш әдемі, қызылкөк, қара, сары, түрлі түсті.Әтештің тұмсығы мен тырнағы да тауықтың тырнағы мен тұмсығынан үлкен.
Сыныпқа қойылған осы екі түрдегі сұрақ пен жауап түрлерін салыстырсақ: алдыңғы жолы оқушылар ойланбай, бірден жауап береді. Ал, екінші жолы ойланып жауап береді. Тауық пен әтешті бір-бірімен салыстырып, әркім өздері байқаған қасиеттерді ашты. Демек, ойлану үстінде оқушылар көрініп түрған суреттерді қүр танып қана қойған жоқ, жете байқап қарады, бірімен бірін салыстырды. Тауық пен әтештің сыртқы түрінен айырмашылық іздеді, ақырында көздері жеткен ой тұжырымдарын айтты, нәтижесінде тілдері дамыды. Оқушылардың тілін ойын түрлерін ретіне қарай тиімді пайдаланып та дамыттым.
Оны сауат ашудың бірінші кезеңінде әліппенің 22-бетіндегі суретке байланыстыра жүргіздім. Онда бір бала мысығымен ойнап жүргені көрсетілген. Өткізген сабағымның тақырыбы: "Не қалай дыбыстайды?".
Ойынның мазмұны: Асқар әкесімен ауылдағы әжесіне барды. Әжесі Асқардың келгеніне қуанды. Бетінен сүйді. Әжесі оған тамақ беріп, ұйықтауға жатқызды. Таңертең ертемен бұзау: "мө... мө... мө..." деп мөңіреді. Оның даусынан Асқар оянды. Терезеге қараса, ағаштың бұтағында бір торғай отыр. Ол: "шиқ... шиқ... шиқ..." етіп, "Асқар, тұр, ойнайық" дегендей. Асқар далаға шықты. Оның соңын ала мысығы ере шықты. Жолда: "га... га... га..." деп, бір қаз келеді екен. Оның соңынан балапандары: "шиқ... шиқ... шик..." деп еріп жүр. Бір мезетте ала мысық балапандарға қарай жүгірді. Оған көрші атаның Майлыаяқ деген иті кездесті. Ит: "ay... ay... ay... ыр... р... ыр..." деп, мысыққа ұмтылды. Мысық қорқып: "мияу..., мияу" деп, Асқарға қарай жүгірді. Асқар: "Кет, Майлыаяқ" деп, итті қуды. Мысығын еркелетіп: "Сен қорықпа, мен сені итке талатпаймын" деді де, басынан сипап қойды. Ала мысық: "пыр-пыр" етіп, Асқардың алдына ұйықтады.
Оқушылар ойынды рөлге бөлісіп, өте қызыға ойнады. Соңынан: Бұзау
қалай мөңіреді? (Балалар ақырын дыбыстады).Торғай қалай шықылықтайды? Қаз балапандарын қалай жинайды? Майлыаяк мысыққа қалай үрді? Ала мысық қалай ұйықтайды? тәрізді сұрақтарға тиісті жауаптар алынды. Қиналған жеріне көмектесіп, толықтырдым.
Осы ойын арқылы тиісті дыбыстарды дұрыс айыруға, тануға үйреттім. Сөйлеу, есіту мүшелерін санаттым. Үй жануарлары туралы ұғымдардың, сөз қорларын молайттым. Сүраққа дұрыс жауап беруге, жүйелі сөйлем құрауға, әңгіме құрастыруға жаттықтырдым. Әңгімені тыңдай білуге, оның мазмүнын ұғуға үйреттім.
Оқушылардың тілін дамыту мен сөздік қорын молайтуды экскурсия сабақтары арқылы да жүзеге асырдым. Экскурсия кезінде олар заттарды тікелей танып, соған байланысты жаңа сөздерді қолма-қол біліп отырады. Экскурсия-бақылау сабағын алдын-ала келісіміміз бойынша, интернат асханасына машинамен арнайы жүк әкелген күні өткіздім.
Балалар, мына машинамен жеміс пен көкөніс әкелді. Олардан аспаз
тамақ әзірлейді. Бәрің де қараңдар.
Не түсіріп жатыр?
Қияр, картой, сәбіз, алма,...
Балалар, қияр, картоп, сәбіз... бұларды бір сөзбен көкөніс дейміз. Ал
алма, өрік, алмұрттарды - жеміс дейміз. Мұндай машинамен отын, шөп, ұн
да тасиды. Сондықтар оны - жүк машина дейміз.
Машинаның мына жүк салынған бөлігін қорабы дейміз. Осылайша, балалардың танымын, ой-өрісін кеңейте түстім.
Мүрат, мынау не деп аталады?
Ол машинаның қорабы.
Кім айтады, бүл қандай машина екен?
Бұл - жүк машинасы.
Машинаны кім жүргізеді?
Машинаны шофер жүргізеді.
- Кәне, бәрін машина сияқты дыбыстаңдаршы.
Оқушылар: "дө... дө... дө... ө... ө... өт" деп дыбыстады.
-Баян, Гүлнәз, Мәлік сендер машинаның дөңгелегін көрсетіңдерші.
Нешеу екен? Олар дөңгелектің төртеу екенін айтып, көрсетіп берді. Сабақты
қорытып: "Балалар, бүгін машинаны көрдік, онымен жүк тасиды. Жүкті
оның қорабына салады. Машинаның төрт дөңгелегі бар. Шофер бізге
машинамен көкөніс, жеміс әкелді. Машинасына отырғызды. Енді ол кісіге
не деуіміз керек?" дедім.
Оқушылар: "Аға, сізге рақмет!" деді.
Міне, бүл сабақта олар шофердің еңбегімен, машинаның бөліктерімен, оның қызметімен таныстырылды. Заттардың жинақтап айтылатынын (көкөніс, жеміс) білді. Осы әңгімеге байланысты көптеген жаңа сөздермен, оның қолдану түрлерімен таныстырылды.
Әліппенің әрбір бетінде оқиғалы және жеке суреттер берілген. Осы суреттерді сауаттандыру кезеңінде (әрбір әріпті таныту мақсатында) тіл дамыту жұмысына үзбей пайдаланып отырамын. Алғашқыда сөйлем, әңгіме құрауға оқушылар киналды. Бірақ әңгіме кұраудың жолын көрсетіп, жаттықтырғаннан кейін, олар суретке қарап әңгіме құрайтын дәрежеге жетті. Мысалы: 14-беттегі суретке төмендегідей әңгіме құрап берді: "Шара деген қыздың үйі жаңа пәтерге көшіп барды. Оның әке-шешесі мүғалім. Әдемі бауы бар, үйлері өте таза. Шара апасымен дастарханға алма әкеліп қойды. Апасы Шараға "алма алып жей ғой" деді. Шара алманы алып жеді" деп қүрады. Осы әңгімеден "алма ал" деген сөйлемді алып, хат таныту мақсатында пайдаландым. Екінші мысал, 20-беттегі сурет бойынша оқушылар төмендегідей әңгіме құрастырды:
"Ауылда жаңа нан дүкені істей бастады. Онда жүмсақ, дәмді неше түрлі нан сатылады. Нан дүкенінде Сұлушаш апай істейді. Ол кісі өте сыпайы, мәдениетгі, кішіпейіл адам. Нан алушылар ол кісіні өте жақсы көреді" деп құрады. Осы сияқты әңгімені әрбір беттегі оқиғалы суреттер бойынша құрайды. Әрине, кемшіліктері түзетіледі. Осы оқушылардың тілін дамытып, келешекте жазылатын шығармаға біртіндеп дағдыландырамын. Мүнда бір еске алатын нәрсе: оқу мен тәрбие - егіз, оларды бөліп қарауға болмайды. Сондықтан әрбір суретке әңгіме құратқанда оны тәлім-тәрбиемен тығыз байланыстырып отырамын.
Сондай-ақ әрбір беттегі жеке суреттерді де тіл дамыту мақсатына орайластырамын. Мысалы: "Р" әрпі үйретілетін бетте (19) берілген сөздерді оқып шыққан кейін оқушылардың "ара" деген сөзге түсініктерін анықтай келіп, онымен не істелетінін сұрадым. Араның үлкейтілген суретін сынып тақтасына іліп қойдым. Ұстаханадан кішкене араның өзін әкеліп жүзі мен сабын көрсеттім. Олардың атқаратын қызметімен таныстырдым. Бұдан соң"ара" деп тағы нені айтатынымызды сұрап, бал арасының пайдасын, оны омартада ұстайтынын түсіндірдім. Осы арқылы оқушылар бір сөз әр түрлі ұғым беретінімен танысты. Осы арқылы олардың сөздік қорын байыттым. Бұл суреттерді түрлендіріп, әр түрлі мақсатта пайдаландым. Мысалы, сөйлемнің бірінші сөзі берілгенде, екінші сөзінің орнына сурет қойылған. Сөйлемнің басындағы сөздің орнына тиісті сурет берілген. Ал келесі ретте сөйлемнің бірінші, үшінші сөзі жазылып, екінші сөздің орнына сурет берілген. Осы суреттердің орнына лайыкты сөз таптырып, сөйлем құрастардым.
Сөздің алдындағы, артындағы не ортасындағы буындар қалдырылып кетіп, ол көп нүктемен белгіленіп отырған. Сол жетпеген буындарды таптыру арқылы оқушылардың ойын шыңдап, тапқырлығын арттырдым. Бұл материалдарға қосымша өзім түрлі дидактикалық үйлестірме материалдар даярлап, онымен тиісті жұмыстар жүргізу арқылы тіл дамыту әдісін түрлендіріп отырдым.
Графикалық жатжазу (диктант). Жаңа бағдарламаға сәйкес қазіргі дидактикалық талабы - сабақты түрлендіріп жүргізу арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, оларды ойландыру, іздендіру арқылы өз беттерінше тиянақты білім алуға дағдыландыру, оларға жағдай туғызу болып саналады. Осыған орай 1-сынып оқушыларымен әліппені үйретудің алғашқы кезеңінен бастап графикалық жат жазу жүргізіп отырамын.
Мұндағы алдыма қоятын мақсатым мыналар:
1.Әліппеге даярлық кезеңінде оқушылардың сөз, сөйлем дыбыс, буын
туралы үғымдарын тереңдету.
2.Оқушылардың есту, көру, қабылдау дағдыларын, аңғарымпаздықтарын дамыту, жетілдіру.
3.Морфологиялық, синтаксистік білімді (сөздің бас әріппен жазылуын,
хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер және бұлардың тыныс белгілерін)
практикалық жолмен (ауызша түсіндіру, оны орындату) меңгерту.
Жатжазуды жүргізудің тәртібі мен жолдары төмендегідей:
Ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер айтамын, оқушылар сөйлемді
аңғарып, әр сөйлемді тік бір сызықпен белгілеп отырады. Мысалы: Оқу
басталды. Оқушылар мектепке келді. Осындағы 2 сөйлемді аңғарып, екі тік
сызық сызады.
Бұл жаттығу меңгерілген соң, екінші сатысы етіп, әрбір хабарлы
сөйлем біткен соң нүкте қойылатынын, сөйлемнің ішіндегі сөздерді
дөңгелекшемен белгілеуді түсіндіремін.
Мысалы: Сыныбымыз таза. Сыныптың жарығы мол. Сыныптың үш терезесі бар. Міне, мұнда үш сөйлем бар екенін, бірінші сөйлемде 2 сөз, екінші сөйлемде 3 сөз, үшінші сөйлемде 4 сөз бар екенін айырып, графикалық жолмен сызып береді. Сонда оқушылардың жазуы мынадай болады.
Оо
Ооо
Оооо
3.Осы жұмысты хат танытудың екінші кезеңінен күрделендіре
түсемін. Енді сөйлемнің бірінші сөзі және сөйлемдегі кісі аттары да бас
әріппен жазылатынын, оны жазып көрсетудің жолдарын түсіндіремін.
Мысалы: Қоңырау соғылды. Мүғалім сыныпқа кірді. Менің осы айтқан сөйлемді оқушылар былай жазады: Оо. Ооо. Бүгін сыныпта Айнаш кезекші. ОоОо.
Бұларға қосымша оқушылардың жаттығып дағдылануы жетілген соң, жай сөйлемнің түрлерін, тыныс белгілерін койып беру талабы қойлады. Мысалы: Бұл не? Бүл - бояу, қалам. Ура, ура! Мұны оқушылар графикалық жолмен былай жазады: Оо? Ооо. О,о!
4. Бұл дағдыларды меңгерген соң, жұмысты бүдан да күрделілендіріп,
енді сөйлем, сөз, буын, дыбыс - барлығын қамтып графикалық жатжазу
жаздыртамын. Мұнда сөйлемдегі сөздерді тік төртбұрышпен, буынды
сызықпен, дыбысты белгілеп жазуды үйретемін. Басқа талаптар (сөйлемнің тыныс белгісі) сол қалпында қала береді. Міне, графикалық жатжазу уақытты аз алады, ауызша, практикалық жолмен көп ережені түсіндіруге болатын тиімді әдіс. Бұдан әрі бастауыш сыныптардағы көп жылғы іс-тәжірибеме сүйеніп, оқу-тәрбие ісін тиімді әдіс-тәсілдермен жүргізу жолдарын нақты мысалдармен көрсетуге тырысайын. Эксперимент кезінде қойылған міндеттер:
оқушылардың өзіндік іс-әрекет жасауы - оқу материалдарындағы ғылыми
ұғымдарды қолдануға байланысты іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыра білу;
-жаңа іс-әрекет ойлап табуы - оқу материалындағы ғылыми
ақпараттарды корытып, іздену барысында белсенді еңбек ету;
шығармашылықты дамыту - берілетін ғылыми акпараттарды саралап
болжам жасау, бүрын кездеспеген жаңа жағдайға байланысты
колдануда шығармашылық деңгейінің қаншалықты көтерілгенін тексеру.
Эксперименттің бірінші кезеңінде - қойылған міндеттерге сәйкес оқушылар шығармашылығының дамуын анықтау үшін жүргізілген тексерулердің кортындылары мына сурет пен кестелерде берілді.шығармашылық деңгейі
Осы кестелерде көрсетілгендей, бақылау және эксперимент сыныптарындағы жекелеген сұрақтарға берілген дұрыс және қате жауаптардың аз да болса айырмасы бар. Негізгі көңіл аударарлық мәселе эксперимент сыныптарында салыстырмалы түрде сұрақтарға жауап бермеген бала жоқ деуге болады. Бұл осы сынып окушыларының ойланып, еңбек ете білуге талпынысын көрсетеді. Себебі, берілген сұрақтарда өтілген тақырыптар бойынша кітаптағы дайын деректерді еске түсіру емес, жалпы оқығанды тоқып, игерілген білімді қорьпу арқылы жаңа білім игеруге кабілеттерін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |