Жоспар kipicпe 1 бастауыш білім берудің теориялық негізі


БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі201.5 Kb.
#458292
1   2   3   4   5   6
дип Бастауыш блм беру

2 БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


2.1 Бастауыш сынып оқушыларының өз беттерінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру

Қазақ тілі (3 сынып). Жаттығулардың ішінде бір ережені білдіретін


сөз, сөйлемді айырып алып, бұл қай ережеге мысал бола алады, неге осылай деп атайтынын оқушыларды қатыстыра талдатып, дәлелдетемін. Бір ережеге өзім мысал келтіремін де, оның қай ережеге сәйкестігін айыртамын. Бір және бірнеше ережеге мысал келтурді сұраймын. Жеке оқушының келтірген мысалына басқа балаларды да қатыстырып, талдау жасатамын.
2. Бір ережедегі мысалды екінші ереженің мысалына айналдыру жұмысы жүргізіледі. Айталық, хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге, сондай-ақ сұраулы сөйлемді хабарлы, лепті сөйлемдерге немесе лепті сөйлемдерді хабарлы, сұраулы сөйлемдерге айналдырады. Мысалы, сұраулы сөйлемдерге айналдыр: Қыс өтті. Көктем шықты. Сәуле 3-сыныпты бітірді.
Оқушылар: "Қыс өтті ме? Көктем қашан шығады? Сәуле 3 -сыныпты бітірді ме?" деп жауап берді.Хабарлы сөйлемдерге айналдыр: Сабыр әжесіне хат жазды ма? Адресі дұрыс жазылған ба? Хатты қашан салды?
Оқушылар: "Сабыр әжесіне хат жазды. Адресін дұрыс жазды. Хатты почта жәшігіне таңертең салды" деп жауап берді.
Лепті сөйлемге айналдыр: Еліміз көрікті ма? Апаң коньки әперді ме?
Оқушылар: "Еліміз қандай көрікті! Алақай, апам коньки әперді!" деп жауап берді.
Сол сияқты жалпы есімді жалқы есімге, жалқы есімді жалпы есімге, жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыру, тағы басқа тақырыптар бойынша да осындай жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: қала, адам, тау, өзен, кол, село, сиыр, ит - осы жалпы есімдерді жалқы есімдерге айналдыр.
Оқушылар: "Алматы, Амангелді, Шымкент, Сырдария, Балқаш, Каспий, Алғабас, Алыпсоқ" деп айналдырып шықты.

  1. Кейде оқулықта көрсетілмеген, бірақ үйретуді керек ететін жағдай
    кездеседі. Айталық, 1 сыныпта оқушыларға әліппе кезеңінің өзінде-ақ
    сөйлем біткен соң нүкте қойылатынын, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен
    жазылатынын және дауысты, дауыссыз дыбыстарды (әріптерді) меңгертсем,
    3 сыныпта шылаудың, септіктің (жатыс, көмектес) жалғауларын, болымсыз
    етістіктің жұрнақтарын, шылауды зат есім (ау, мыс) сын есіммен (ақ-ты)
    шатастырмаудың жолдарын үйретемін. Септік жалғауды алып тастағаннан
    сөйлемнің мағынасы бүзылатынын, шылауды алып тастап оқығанын
    сөйлемнің мағынасы өзгермейтінін, ал болымсыз етістіктің жұрнағы сөзге
    кабаттасқанда, істің болмауын тілеп тұрады да, соған ұқсас шылаулар
    қабаттасқанда, сөйлем сұраулық мағынаға ие болатынын, "ау, мыс" заттық
    мағына, ал "ақ" сын есімдік мағына берсе, олар шылау бола алмайтынын
    практикалық жолмен түсіндіремін.

  2. Грамматикалық ойындарды сабақ үстінде өткізіп тұрамын. Мысалы:
    3-4 сыныпта "М" әрпімен басталатын 2 адамның атын, "А" әрпімен
    басталған 2 қаланың атын, "Д" әрпімен басталған 2 өзеннің атын кім тез
    жазып бере алады? Немесе сөздің ортасында ь (жіңішкелік) белгісі бар
    5 сөзді кім тез тауып, жазып бере алады? Екінші түрі - "грамматикалық
    карточкалар" арқылы орындалатын ойын. Әр балаға 6 карточкадан беріледі.

Окушылар карточкаларын алдарына жайып қояды да, менің сөзімді тыңдайды: "Күрделі сан есімді көрсет" (ол-4 карточкада бар), "Анықтауышы бар сөйлемді көрсет" (ол-5 карточкада бар) деймін. Атаған ережелер жазылған карточкаларды жоғары көтеріп көрсетуге міндетті. Көрсеткен карточкалармен қосымша жүмыстар да жүргізіледі. Мысалы: оқушылар жалқы есімі бар карточкаларды көтеріп көрсетеді делік. Ол оқушыға "Не үшін оны жалқы есім дейміз? Жалқы есім қалай жазылады?" деген сұрақтар беремін. Немесе сол жалқы есімді жалпы есімге айналдыртып, сол жалқы есімді қатыстырып сөйлем құрастырамын. Осы сияқты косымша жұмыстарды басқа карточкалар бойынша да жүргіземін. Мүндай
грамматикалық ойындарды әрбір сыныпта бағдарлама көлемінде пайдаланамын.
5.Оқушылардың өз бетінше (шығармашылық) жұмысын жүргізіг
отырамын. Атап айтқанда: Ыдыратып берілген сөйлемдеі сөздерді орын-орнына қою.
6.Сөйлемдегі барлық сөздер атау тұлғасында беріліп, тиіст:
қосымшалар қосу арқылы оларды өзара байланыстыру.
7.Ыдыратып берілген сөйлемді тиісті сұрақ арқылы, сонан сок
сұрақсыз, жүйелі мәтінге келтіру.Осы сияқты жұмыстар жүргізу нәтижесінде грамматиканы оқушыларға саналы меңгертемін. Оқу (3 сынып) Оқу сабағында да сабақты түрлендіріп жүргізуге, оқушыларға ө; бетінше жүмыстар істеуге көңіл бөлемін. Атап айтқанда: Шығармалардағы әңгімелер 3-жақпен айтылатыны бәрімізге белгілі, Ал мен кейбір ыңғайлы тақырыпты 2-жаққа, кейді 1-жаққа айналдырыг айтқызамын. Мұндайда оқушылардың көп еңбектеніп, әңгімені қайталап оқып, кейбір сөйлемдерді ретке келтіріп, өзгертіп қайта қүруына тура келеді. Ұзақ әңгімелердің бөлім-бөлімдерге бөлініп беріліні де белгілі. Сол әңгімелердің мазмұнына сәйкес олардың әрбір бөліміне оқушыларға тақырыптық ат таптырамын. 3 сыныптың оқулығындағы "Ерекше тапсырма" деген әңгімені мысалға алайық. Бұл ұзақ әңгімені оқушылар бөлім-бөлімге бөліп, І-бөліміне "Арнайы тапсырма" деп, 2-бөліміне "Мамырайдың күлкіге ұшырауы" деп, тақырып қойып шықты.
Кейбір тақырыптарға оқушылардың өздеріне жоспар жасату, сұраққа жауап боларлық сөйлемдерді мәтіннен іздеп тапқызу жүмыстары да жүргізіледі. Өтілген тақырып көркем шығарманың қай түрі (әңгіме, ертегі, мысал, өлең т.б.) екенін ажырата алатындай етіп үйретемін. Оқылған тақырыпқа лайықты қандай суреттер салуға болатынын айтқызамын.
Тарихи күндерге арналған тақырыптарды өткенде альбом, фотомонтаж жасатамын. Шығармадан үзінді оқып беріп шығарманың атын, авторын, кейіпкерлерін тапқызу немесе кейіпкерлерін айтып, сол арқылы шығарманың авторын, атын таптыратын тәсілді де қолданып отырамын. Әңгіменің ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерін айыртамын. Әңгіменің ұнаған жерлерін және табиғаттың көркемдігін суреттеген жерлерін таптырып, балаларға эстетикалық тәрбие беремін.
Оқылған әңгімелердегі кейіпкерлердің бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылықтарын айтқызамын. Мысалы, 3 сыныптағы "Ана құшағында", "Ардақты ана" тақырыптарын алайық. Бұл тақырыптарды оқушылармен бірлесе салыстырдым. Ұқсастығы: екеуі де мейірімді, адал жүректі ана. Айырмашылығы: біреуі жетім балаларды мейірімділікпен тәрбиелеп өсірсе, екіншісі жараланған жауынгерлерді өлімнен арашалап алып қалады. 2-3 сынып оқушыларына оқылған шығармаға сын пікір жаздырамын. Онда шығарманың авторын, тақырыптың атын, не жайында (аңшылық, ерлік, адалдық, достық т.б.) жазылғанын, шығарманың басты кейіпкерлерін, ұнаған жерлерін талдауды үйретемін.
Бағдарламаның талабына сәйкес зат танытуға да көңіл бөліп, сабақты өмірмен байланыстырып отырамын. Мысалы: 2 сыныпта кыс тақырыбын өткенде қардың адамға, шаруашылыққа пайдасын ұғындырамын. "ҚР -жердің көрпесі" деген қорытындыға келтіремін. Бүны дәлелдеу үшін оқушыларға екі бөтелкеге су құйдырып, бірін қалың қардың астына көмдіріп, екіншісін - қардың үстіне қойдырып тәжірибе жасатамын. Ертеңіне келіп, қардың сыртындағы бөтелкедегі судың қатып қалғаны, қардың астындағы бөтелкедегі судың қатпағанын көрген оқушылар аң-таң қалды. Мүның себебін, яғни қар жерді суық аяздан корғайтынын үғындырдым. Осы сияқты зат таныту әдісін басқа сыныптарда да қолданып отырамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет