Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңға жуық немістер тұрады. Олар әртұрлі жобалар арқылы соңғы 4 жылда 50 млн евро көлемінде көмек алған. Оның ішінде жасы келген адамдарға қысқы киімдер, гуманитарлық көмек, медициналық көмек көрсетілді. Неміс тілінде 1500 курс оқытылды. Жастар үшін 23 жаз айларында лагерь үйымдастырылды. Германияның ішкі істер министрлігінің өкілі Бернд Гетц жастарды тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жүмыстарға кеңінен тоқталды. Ондай жүмыстар денсаулық сақтауға, информациялық технологияға, ноу-хау т.б. бағытталған. Сонымен бірге бала-бақшаларына қолдау көрсету, ең бастысы я астардың тағдыры өз қолдарында, бәрі олардың инициативасына байланысты.
Неміс кәсіпкерлерімен кездесу кезінде герман делегациясы кәсіпкерлердің болашақтағы жоспарларымен, тамыстарымен, жетістіктерімен жете танысты. Құрылтайшылардың 34-нің үштен бір бөлігі Қазақстандық фирмалар, одақтың мүшелерінің жартысы-Германиялық фирмалар. Бұл одақтығ статусын заңды тұрде жасауға кейбір қиындықтар туғызады.
Александр Дедерер неміс кәсіпкерлерінің Одағы практикалық жобалардыжүзеге асырумен айналысып қана қоймайды, Германиядағы фирмалармен одан әрі ынтымақтасады. Оның делелдейтін көптеген қатынастар бар. Соның бірі жақында Берлинде өткен қа :ақстан және неміс кәсіпкерлерінің арасында Германияның сауда -өнеркәсіп палатасы және өкілімен өткен форумды айтуға болады. Біліктілікті арттыру бойынша шаралар жүргізуге қол жеткізілді. Инвестиция бойынша неміс қоғамы кредиттік-финанс мекемелерімен бірге Одақтың жобаларына қатысуға келісті. Кейбір жобалар жүмыс істеуде, кейбіреулері жасалу үстінде. Жақсы бастама салынды: қоқысты қайта өңдеу бойынша жобалар, темір жолдарға локомобильдердіеңгізу бойынша, құрылыс материалдарын шығару бойынша, жемістерді қайта өңдеу бойынша жобалар жасалуда. Кәсіпкерлер өкіметтен кәсіпттік білім беру мен біліктілікті арттыруға көмек сүрайды. Мүны жастарға білім беру бойынша ГТЦ жобалары аясында реттеуге болады.
Еңбек армиялары делегаттарымен кездесу барысында сталиндік режим түсында репрессияға үшырағандарға компенсация төлеу барысы туралы әңгімеледі. Олар ол үшін төлем төлеу әділеттілікті қалпына келтірудің аз ғана себепшісі болар еді дейді. Еңбекармиясындағылардың инициативтік тобы олардың атынан Қазақстан мен Германия үкіметіне екінші жүниежүзілік соғыс кезіндегі еңбекте болған адамдарға соғыста болған ретінде статус беру туралы мәлімдеме жасады. Екі жақ та бүған келіскендіктерін білдірді.
Клаус Пелле Қазақстанда тұратын 2 мыңдай соғыс кезінде еңбек еткендерге көмек көрсететін Германияда үкімет программасы бар деп атап көрсетті. Ол ақша тұрінде және сондай-ақ медициналық, гуманитарлық, әлеуметтік түрде көмек көрсетіледі.
Ғалымдармен кездесу барысында акдемик Эрнст Босс түжырымдай келе есемдері кез келген қазақстандықтарға белгілі жазушы Герольд Бельгер, академиктер Эрвин Госсен, Эрнст Босс сияқты адамдар мүшелері болып есептелінетін немістердің ғылыми бірлестігі өкілдерінің алдында жаңа міндеттерді саралап берді [38].
Ғалымдар Петер Кеттнер арқылы Германия елшілігіне ризашылығын білдірді. Конференцияны жүргізуге қаражіт берген елшіліктің консульдық бөліміне де рақмет айтты.
Германия елшілігі және ГТЦ Қазақстандық неміс ғалымдар мен шетелдік ғалымдар арасында Европалық Одақ жобалары мен пргораммаларына қатысу үшін ықпал ететіндіктерін білдірді.
Жазушы Герольд Бельгер Қазақстанда тұратын немістердің өмірі жайлы кітап шығару қажет. Мүндай кітаптар Қазақстан және Ресейде тұратын немістердің шын қызығушылығын тудырады. Алматыдағы Неміс театрының өкілдері осындай жақсы ой айтты. Немістер туралы, олардың қазіргі кездегі өмірінің шындығын бейнелейтін пьеса да керек. Өкіндіретін жағдай оны жазатын драматург жоқ. Қазақстан және Ресей немістері туралы жазатын немістер Германияға кетіп қалды [39]. О йлегендердің сөздерінің негізінде Қазақстанда қалған немістер-екі халық арасындағы достық көпірі дегенге сайды. Осы мәселеге қызыққандардың ынтасы прблеманы шеше алады, екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа қанат біліреді.
4 желтоқсан 2004 жылы Қазақстан Республикасына бірінші рет ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасының федеральдық канцлері Герхард Шредер келді. Сапар барысында Астанада ФРГ канцлері Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен оңаша кездесуі жоспарланды. Сонымен бірге екі мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кездесу өткізілетін болды.Дәл сол күні Парламент депутаттары мен басшылармен кездесу болады. Сондай-ақ екіжақтық құжаттарға қол қойылады және журналистер үшін брифинг өткізіледі [40].
5 желтоқсан, жұма күні екіжақтық іскерлік қатынастарды дамыту мақсатында екі елдің арасында республика астанасында қазақстан және герман іскер топтары өкілдерінің қатысумен бизнес-форум өткізілді. Оған ҚР президенті Н.Назарбаев, ФРГ канцлері Г.Шредер қатысатын болды. Форумда Қазақстан жағынан республика министрліктердің жетекшілері, ЗАО КазМұнайГаз президенті Ұзақбай Қарабалин сөйлейтін болды. Форумға қатысушыларға ҚР-дағы инвестиция бағыттарының болашағы туралы информация берілді. Форумның программасында екі елдің іскер топтары өкілдерінің екіжақтық кездесулері қарастырылған. Германияның бизнес делегаттарының құрамында телекоммуникация, астық жинау комбайндар өндірісі, электроэнергетика, банк және қызмет көрсету өкілдері бар. Германия лидерінің біздің елге алғашқы сапарының үлкен саяси маңызы бар. Жоғарғы деңгейдегі кездесу екі елдің арасында әріптестік қатынастарды дамытуға қосымша жігері береді.
Германия Қазақстанның егемендігін 31 желтоқсан 1991 жылы таныды. Екі елдің арасында қатынастар қарқынды дамыды. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан президенті Н.Назарбаев Германияда үш рет ресми сапармен болды. Оның алғашқы ресми сапары 1992 жылы қыркүйекте болды. Онан кейін екіншісі-1997 жылдың соңында ол сапардың кезінде канцлер христиан-демократ Гельмут Кольмен кездесу болды. Ал 2001жылдың қазанынның басында ФРГ-ның қазіргі канцлері Герхард Шредермен кездесу болды. /Ол социал-демократ/. Ол сапарда екі елдің саяси және финанс топтарының қатысуымен форум өткізілді [41].
90-шы жылдардың басында Қазақстанда сыртқы істер министрлері болды. 1991 жылы-Д.Геншер, 1996 жылы-К.Кинкель, ал 2001жылы-Й.Фишер. 1995 жылы сәуірде Қазақстанға федеральдық президент Р.Херцог келді. 1992 жылы қыркүйекте екіжақтық қатынастардың негізі болатын қүжаттарға қол қойылды-«Негізгі қатынастар туралы біріккен мәлімдеме», «экономикалық ынтымақтасу бойынша қазақстан-герман кеңесін құру туралы Келісім».
2001 жылы 22 мамырда Астанаға ресми сапармен вице-канцлер, Германияның сыртқы істер федеральдық министрі Йозеф Фишер келді. Ол Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен кездесті, Қазақстан үкіметінің басшысымен бірнеше рет кездесті. Сондай-ақ ол министрлер кабинетінің мүшелерімен, үкімет үйымдары және экономикалық топтармен кездесті [42].
Йозеф Фишердің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Й.Фишер-ықпалды неміс саясаткері, «жасылдар» партиясынан-ФРГ парламентіне-бундестагқа келген. Хайуанаттар әлемі мен табиғатты қорғауға белсене қатысқаны үшін Й.Фишер қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келді. 4 жылдан кейін Й.Фишер сыртқы істер министрі, ФРГ вице-канцлері болып қызмет атқарады. Ол осы қызметте отырғанына 3 жыл. Бүгін ол Қазақстан мен Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен танысуы болды. Екеуінің арасында әңгіме үзақ әрі жан-жақты болды. Олар республикада жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси қайта құрулар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ әңгіме барысында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау мәселесі де, ондағы Қазақстанның алатын орны жөнінде де әңгімелесті. Әңгімелесудің соңында үкімет емес құрылымдар билігі, немістердің өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде жан-жақты әңгіме құрды. Қазақстан басшысымен кездескеннен кейін брифинг өткізілді. Брифингте ФРГ-ның вице-канцлері Германия бұрынғысынша Қазақстанда тұратын немістерге ықпал ете береді деп көрсетті. Й.Фишер Қазақстанның Германиямен қатынасын дамытуға потенциалы жетеді. Оны пайдалану қажет деп атап көрсетті Й Фишер. Оның үстіне Қазақстанда шетелдік инвестицияны қорғау жағдайы елеулі жақсарған.
Й.Фишер былай деп атап көрсетті: «өзімнің делегацияның экономикалық топтарынан мен прогресс бар екенін білдім. Біз жақтан не істеу керек екендігін білдім. Жеке меншік инвестициялар тарту керек».
Осы мәлімдемеден кейін Қазақстан экономикасына келетін неміс инвестициясы өсе бастайды, әзірге шетел салымдарының ішінде оның үлесі онша үлкен емес.
«Сауда-экономикалық салада біз товар айналымы үлкен деп атаймыз. Оның көлемі 1 млрд доллардан асты. Қазақстанда 160 неміс компаниясы болса да, Германияның тікелей инвестицияларда үлесі 2%» деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов [43]. Қазақстан мен Германия осы жылдың күзінде Н.Назарбаев Германияға сапар шегеді. Осы ресми спар кезінде бүгінгі күні белгіленген мәселелер нақты шешімін табады. Оның үстіне бір аптадан кейін немістердің этникалық мәселелері мен мәдени ынымақтастық бойынша комиссия мәжілісінің отырысы болады [44].
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында білім және ғылым саласында ынтымақтастық.
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы білім беру саласында қайта құрулар ҚР үкіметі мен ФРГ үкіметі арасьінда 1996 жылы 31 мамырда жасалған Қазақстан Республикасында тұратын неміс ұлттарын қолдау бойынша ынтымақтасіық бойынша жасалған Келісім негізінде жүзеге асады [45]. 1997 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасымен үкіметі және ФРГ үкіметінің арасында герман оқытушыларын Қазақстан Республикасының мектептеріне жіберу туралы келісім болды. ҚР білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы немістер Ассоциациясымен бірігіп неміс тілінде сабақ беруді жетілдіру бойынша едәуір жүмыс істеді. 2003-2004 оқу жылында неміс тілін шетел тілі ретінде оқытып, оны 400.7 мың оқушылар оқыды. Республикада неміс тілінен беретін мүғалімдердің құрамы мынандай:
Барлығы-3683 адам, оның жоғарғы білімдісі -3009 /81,7% жоғарғы оқу орнын бітірмегендер- 137 /3,7%, орта білімділер - 144/12%, жалпы орта білімділер -93 мүғалім [46].
Қазіргі кезде Республиканың 12 жалпы білім беретін мектептерінде неміс тілі шетел тілі ретінде тереңдетіліп, өз тілі сияқты оқытылады.
Қазақстандағы Неміс Ұлттық Қоғамының өкілдерінің инициативасы бойынша Алматы қаласында нөмері 18, 68-інші мектептерде неміс тілі 1-4 кластарда оқытылады. Осы мектептерде консультант-методист доктор Юіаус Штормның басшылығымен Республикандық жетекші және ғылыми педагогикалық кадрлардың білімділігін арттыру институтымен бірігіп білім беру системасында 2-шы деңгейдегі тілдік диплом алу үшін емтихан жүргізіледі.
Астана қаласында 1 неміс гуманитарлық-білім беретін комплекс жүмыс істейді. «Видергебурт». Гимназия жеке оқу жоспары бойынша жүмыс істейді. Онда мемлекеттік жалпы білім берудің стандартынын барлық талаптары сақталған. Вариативтік бөлім неміс тілін тереңдетіп оқуға және басқа пәндерді неміс тілінде оқуда қолданылады. Ақтөбе қаласында неміс тілін тереңдетіп оқытатын нөмері 1-шы орта арнайы мектеп бар. 1999 жылдан бастап мектепте оқушылардың Ғылыми бірлестігі әрекет етеді. Мұнда педагогтардың басшылығымен оқушылар зерттеу жұмысымен айналасады және олар Кіші ғылым академиясының жұмысына белсене қатысады.Республикандық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы арқылы конференцияларға қатысады [47].
Шығыс-Қазақстан облысында неміс тілін туған тілі ретінде оқитын 2 мектеп жұмыс істейді: №10, неміс гимназиясы №12.
Павлодар облысында неміс тілін туған тілі р зтінде 3 мектепте оқиды: Павлодар ауданының Луган және Розов орта мектептерінде, Шербақты ауданында Софиев орта мектебінде.
Балаларды неміс тілі мен мәдениетіне оқытудың формасының бірі балалардың жексенбілік мектептері. Ол Ақтөбе, Атырау, Сотүстік-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан Қараганды, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстары және Астана неміс мәдени орталықтарының жанында балаларға арналған жексенбілік мектептер жүмыс істейді [48].
Республиканың неміс тілі мүғалімдері Германияда тілден стажировка өтеді. Сондай-ақ Германиядан келген мамандардың қатысуымен сеМинарлар, біліктілікті көтеру курстары, конференцияла о үнемі өткізіліп тұрады.
ҚР мен ФРГ арасындағы үкіметаралыі, Келісімдер негізінде «Экономика және басқарудың мемлекеттік органдары саласында басқарушы мамандардың біліктілігін арттыру және кадрларды дайындау саласында ынтымақтасу туралы». 1992 жылы 3 қыркүйекте қол қойылған Келісім негізінде және 11 желтоқсан 1992 жылы Боннда герман-қазақстан эксперттік тобы мәжілісінің қорытынды протоколы бойынша жасалған және бекітілген. Осы негізде жасалып бекітілген қүжат былай деп аталынады. «Қазақстанда кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ету» жобасы жасалынып, бекітілді. Жоба Қазақстанда техникалық ынтымақтастық бойынша германдық орталықта жасалынды. Оны жасауға ФРГ-дағы рыноктық экономика мен кәсіптік оқыту саласындағы консультатция және дайындау бойынша орталық та көмектесті. Жобаның мақсаты: Рыноктық экономика жағдайында бастапқы кәсіптік білім берудің жаңа системасын дамытуды қолдау. Жобаның міндеті Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді дайындау бойынша консультатциялар жүргізу және қажетті жобалар негізінде кәсіптік оқытуда жаңа технологиянысыннан өткізу және жасау. Осы жылдың қазанында Германияда Орталық Азия мен Закавказья елдерінің аймақ аралық ынтымақтастығы жобасы бойынша қорытынды семинар жүргізу көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасының білім министрлігі мен Германия Қазақстан Республикасының арасында стипендиаттарды Германия жоғарғы оқу орындарына жіберу туралы келісті. 1994 жылы 27 сәуірде «Болашақ» программасы бойынша ДААД пен келісім жасалды. Қазақстан өзінің егемендігін алғалы бері Германия жоғарғы оқу орындарында ҚР 18 азаматы «Болашақ» стипендиясы бойынша оқыған. Қазіргі кезде осы программа бойынша 17 адам оқиды [49].
ДААД-немістің 230 жоғарғы оқу орындарын біріктіретін ұйым, шетелдермен академиялық қатынастарды дамытуға ықпалын тигізеді, студенттер және ғалымдар алмасады. Қазақстанда ДААД өкілеттілігі Қазақстан Республикасындағы ФРГ елшілігінің қолдауымен жыл сайын ғылыми және білімдік стипендиялар конкурсын өткізеді. 1990-2003 жылдарда ДААД стипендиясы бойынша ФРГ жоғарғы оқу орындарында 430 адам оқыған, ғылыми стажировкадан өткен.
Білім беруде Қазақстан-Неміс ынтымақтастығының қоғамдық қоры Алматыда 1999 жылы Қазақстан-Неміс университетін КНУ құрды. КНУ-да оқу барлық студенттер үшін ақылы. Қазақстандағы Германия елшілігі 2 жыл бойы жетім студенттерге қайтарымсыз финанстық көмек көрсетіп келеді. Университеттің 11 студентіне жыл сайын университетте оқудың қүнының 50% стипендия төленіп келеді. Оқытушылар құрамы қазақстандық мамандардан құралған. Көпшілігі неміс және басқа үйымдардың бүрынғы стипендиаттары, шетелде оқыған. Қазіргі кезде Германиядан екі лектор жүмыс істейді. Бодо Лохман-экономика оқытушысы, Сириус Салими Асл-саясаттану оқытушысы. Қазіргі кезде КНУ үш жоғарғы оқу орны-әріптестермен тығыз ынтымақтасады: Циттау қаласындағы Герлитц, Шмалькальден қаласындағы университет, Митвайда қаласындағы университет. Жыл сайын жазда КНУ-дың 5 студенті Шмалькальден қаласында Халықаралық Жазғы университетте оқиды. Олардың тұру және транспорттық шығындарын немістік әріптестік университет қаржыландырады. КНУ өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында әр қызметкерлерге 400 доллар көлемінде қаржы бөліп отырады. КНУ-дың басты идеясы Германия мен Қазақстанның әріптестік қатынасын одан әрі дамыту болып табылады.
2003 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасында ресми сапармен болған кезінде ФРГ канцлері Г.Шредер ҚР ғылым және білім министрлігімен ФРГ сыртқы істер министрі арасында Қазақстан-Неміс университетінің қызметі жөнінде мәлімдемеге қол қойылды [50].
Қазақстан Республикасының ФРГ-дағы елшісі- Қайрат Сарыбай. Осы 38-жастағы дипломаттың мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол Германия мен Қазақстан Республикасының арасындағы қатынастардың дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Қазақстанның дамуында және оның демокоратиялық, прогрессивтік XXI ғасырдың талабына сай болуына Германия және Қазақстан Республикаларының арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуы үлкен үлес қосары анық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соғыстан кейінгі Германияның жағдайы адам айтқысыз нашар еді. Мемлекет түгелдей үгінді болып жатты, мемлекет болып өмір сүруден қалды. Қырғи-қабақ соғыс Германияны екіге бөлді. Европа мемлекеттері оккупациялаған аймақ олардың тірегіне айналуға тиіс болды. Батыс мемлекеттер репорация алуды тоқтатты. Өздерінің оккупациялаған зонасында ақша реформасын жүргізді. 1949 жылы Германия Федерациялық Республикасының конституциясы қабыгц шды. Бірінші сайлаудан кейін Христиан-демократ Конрад Аденуэр бастаған үкімет құрылды. 1951 жылы ФРГ территориясында оккупациялық режим жойылды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ға мүше болды, ал 1957 жылы ФРГ Европалық Экономикалық Қауымдастықтың негізін салушылардың біріне айналды. ФРГ экономикасы тез қарқынмен дамыды. Оның қарқынды дамығаны соншалықты, дүниежүзі германдық «экономикалық керемет» туралы айта бастады. Азаматтардың өмір сүру жағдайы жақсарды. Алайда ФРГ Шығыс Германиямен шекараны мойындамады. Ол Шығыс көршілермен ешқандай қатынас жасамады. Бұл жағдай ФРГ-ның дүниежүзілік саясаттағы позициясын әлсіретті. Германияның социал-демократиялық партиясы осы саясатты қа іта қарауды үсынды. 1969 жылы ФРГ-ның концлері болып социал-демократ Вилли Брандт сайланды. Оның үкіметі жаңа шығыс саясатын жариялады. ФРГ жаңа шекараны мойындады, өзінің көршілерімен ГДР-мен қатынасы орнады. ФРГ-нің халықаралық беделі өсті. 70-жылдары басқа Батыс елдері сияқты ФРГ-да да мемлекеттің ролі туралы пікір-талас туды. Христан-демократтар мемлекеттің араласуын қысқартуды талап етті. Оларды ерікті демократтар қолдады. 1982 жылы ФРГ-нің канцлері болып христиан-демократ Гельмут Коль сайланды. ФРГ-да мемлекеттік шығындар, салықтар қысқартылды. 1989 жылы ГДР-да революция болып өтті. Оның барысында Берлин қабырғасы бүзылды. Германияның бірігуі жөнінде мәселе туды. КСРО, АҚШ, Ұлыэритания және Франция онымен келісті. 1990 жылы Германияның бірігуі жүзеге асты. Германия Демократиялық Республикасы Германия Федеративтік Республикасына барып қосылды. Қырық жыл бойы екі мемлекет болып өмір сүрген Германия біртүтас мемлекетке айналды. ГДР-дің ФРГ-ға қосылуы Германияның статусын өзгертті. Мемлекеттің территориясы 248 мың шаршы км-ден 357 мың шаршы км-ге дейін үлғайды. Халқының саны 63,5 млн-нан 80 млн. адамға жетті. 1995 жылы Германияда сайлау өткізілді. Сайлау барысында ХДС/ХСС коалициялары басымдылықпен жеңді. ФРГ канцлері болып герман бірлігін жүзеге асырушы Гельмут Коль сайланды. Енді Германия өзінің болашағын біртұтастықта, бірлікте көреді.
ФРГ Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 31 ж"елтоқсан 1991 жылы таныды. Екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы ақпанда орнады. Екі елдің арасында бұрыннан да қатынастар болғанмен, оның қарқынды жан-жақты дамуы Қазақстан дербес мемлекет статусын алған соң жүзеге асты. Екі мемлекет бір-бірімен өзара мүдделі тұрде қатынас жасайды. Германия Қазақстанның Батыс Европадағы стратегиялық партнері. Тәуелсіз Қазақстан Германиямен өмірдің барлық саласында жан-жақты қатынас жасай береді.
Қазақстанда қазіргі кезде 300 мың немістер тұрады. Сондықтан да мемлекет арасындағы қатынастар саяси, экономикалық, мәдени салаларды қамтиды.
Қазақстан мен ФРГ өздерінің екі жақты қатынастарын халықаралық үйымдарда, атап айтқанда БҰҰ-да және ( БСЕ дамытып келеді. Екі жақты қатынастың дамуының нақты дәлелі Алматыда «неміс үйінің» ашылуы және Фридрих Эберт қорының құрылуы болып табылады.
Қазіргі кезде біздің елімізде 100-ге жуық неміс және біріккен фирмалар жүмыс істейді. Соның ішінде ірілері: СП «Казгермунай», ТОО «Кнауф маркетинг Алматы», «БАСФ», БАУЭР» фирмаларының өкілдіктері, және авиакомпаниялар «Люфтганза» т.б. бар. Дипломатиялық қатынастар орнағалы бері Германия Федеративтік үкіметі финанстық және техникалық ынтымақтастықтың әртұрлі жобаларын жүзеге асыру үшін 100 млң евроға жуық қаржы бөлді.
Германия мен Қазақстан арасындағы товар айналымы 2004 млрд. евроны құрады. Қазақстан Германияға мұнай, металдар, химиялық өндірістің жартылай фабрикаттарын береді. Германияның Қазақстанға әкелетін импорты Ресейден кейінгі 2-орынды, экспорты 4-орынды алады. Қазақстан мен Германия арасындағы қатынас жүйелі тұрде өмірдің барлық саласын қамтып дамып келеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. Н.Назарбаев. Қазақстан президенттінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана. Наурыз, 2005ж
2. К.К. Токаев Под стягом независимости. Алматы, 1997.
З. А.А. Ахтамзян. Федеративная республика Германия в конце ХХв. // Новая и Новейшая история. 1999. №4.
4. С.Н. Власов. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.
5. М.Диманис. Партийно- полптическая система Германии в 90-х гг. М.,1998.
6. Б.Е. Зарицкий. Людвиг Эрхард: секреты «экономического чуда». М.;1997.
7. К.Зонхаймер. Федеративная Республика Германия сегодня. М., 1996.
8. Л.Г. Истягин. Политический портрет Г. Колья. М., 1995.
9. Х. Ламперт. Социальная рыночная экономика: Германский путь. М., 1993.
10. Л.П. Леволкина. Федеративная Республика Германия. 1949- 1969. Владимир, 1990.
11.С. Краузе-Бургер. Гельмут Шмидт: каким он видится вблизи. М., 1981.
12.И.Н. Кузьмин. Крушение ГДР: История. Последствия. М., 1996.
ІЗ. Объединенная Германия в Европе и мире. М., 1994.
14. Б.С. Орлов. Политический портрет Герхарда Шредера. М., 1999.
15. А.М. Филитов. Германский вопрос: от раскола к объединению. М., 1993.
16. А.А. Фурман. О чем мечтают канцлеры. Киев, 1990.
17. А.А. Ахтамзян. «Объединение Германии, или Аншлюс ГДР к ФРГ» М, 1994.
18.Последний год ГДР. М, 1993. Игорь Максимичев. Крушение. Реквием по ГДР Ханс Модров. Взлет и падение.
19.Актуальный проблемы новейшей истории. М.,1991
20.Казахстанская правда 1989. 21 март
21. А.П. Бутенко. Социализм как мировая система. М., 1984.
22. А.А. Кредер. Новейшая история ХХ века. М.,2000.
23.сонда -148б.
24.сонда -27б.
25.Г.К. Көкебаева Халықаралық қатынастар тарихы. А.,1997
26.сонда -124б. .
27. А.А. Кредер. Новейшая история ХХ века. М.,2000.
28. Х.А. Шреплер Международные организации. М.,1995.
29. Германская история в новое и новейшее время. / Под ред. С.Д. Сказкина: В Т. 2 М., 1970.Т.1.
30. Л.Г. Истягин. Политический портрет Г. Колья. М., 1995.
31. Деборин А.М. Очерки социально – политической мысли в Германии: конец XVII - начало XX века М., 1967.
32. Сонда
33. Саясат №7 2004.
34. Егемен Қазақстан 25 қыркүйек 2004
35. С.Н. Власов. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.
36. Б.С. Орлов. Политический портрет Герхарда Шредера. М., 1999
37. Х. Ламперт. Социальная рыночная экономика: германский путь. М., 1993
38. История всемирной литературы М.,1990 Т.7
39. Жас алаш. 2002. 15 мамыр.
40. Егемен Қазақстан. 2004. 5 желтоқсан
41. Сонда
42. Новая и Новейшая история. 2001. №4.
43. К.К. Токаев Под стягом независимости. Алматы, 1997.
44.сонда
45.сонда
46.Саясат 1997 №5
47.Бастауыш мектеп 1999ж ақпан.
48. сонда
49.Егемен Қазақстан 1994ж. 27 сәуір
50. Егемен Қазақстан 2003ж. қаңтар.
Достарыңызбен бөлісу: |