Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Кіріспе Стиль



бет2/5
Дата23.02.2024
өлшемі26.92 Kb.
#492987
1   2   3   4   5
Ғылыми стиль

Стильдің қолданылу аясы:Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Стильдердің ерекшелігі: Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу.
Стильдердің тілдік құралдары: Ғылыми стильде – ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
Ғылыми стиль – жазба стилінің бір түрі. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
1. Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмасалды.
2. Сөздің көп мағыналылығы, образады сөздер мұнда аз кездеседі.
3. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.

Негізгі бөлім
Ғылыми сөйлеу стилінің түрлері. Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:
1. Таза ғылыми шағын стиль;
2. Оқу- ғылыми шағын стиль;
3. Ғылыми көпшілік шағын стиль (Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль). Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық – гумманитарлық ғылым саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі: ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып отырады
Қазақ тілінде оқу-ғылыми шағын стилі жақсы дамыған. Ғылыми стильдің бұл түрінің негізгі жанрлары — оқулық, оқу құралдары, оқу мақалалары. Оқу-ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы «жеңілден – қиынға қарай, қарапайымнан – күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек. Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер алдыңғылардан өзгеше. Олар білім-ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным-сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты – ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.
Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланыста, өйткені прагматикалық максаттары ортақ. Олардың басты бағдарлары оқу процесінің немесе оқу коммуникациясының мақсаты ―үйретумен‖ (оқытумен) байланысты. Бұл жалпы мақсат өз кезегінде көптеген шағын міндеттерді құрайды: ақпаратты жеткізу мен бекіту, игеру, яғни қабылдаушыны оқу процесінің белгілі бір әрекетіне тарту, қабылдауды неғұрлым жеңілдету.
Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық.
Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Терминдер – ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, диссертация, мақала, баяндама, тезистер, реферат, оқулық, ғылыми есеп, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі – стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі – ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар.
Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемдік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйлемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет