Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Кіріспе Стиль


Ғылыми стильдің басқа стильден ерекшелігі



бет3/5
Дата23.02.2024
өлшемі26.92 Kb.
#492987
1   2   3   4   5
Ғылыми стиль

Ғылыми стильдің басқа стильден ерекшелігі: Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Яғни ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады. Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады. Қазіргі таңда ғылым даму үстінде. Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда. Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда. Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.
Ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми мақала. Мақаланың еркіндік сипаты онда қамтылатын материал мазмұнының құрылымынан, мәтіннің логикалық ұйымдасу, коммуникативтік мүшеленуі тәртібінен, тақырыпты тандаудан көрінеді. Е.С. Троянская мақаланың жеті түрін көрсетеді: деректерді ықшам баяндау, ғылыми нәтижелерді кең баяндау, ғылыми-әдістемелік мақала, тарихи-ғылыми мақала, теориялық мақала, пікірталастық мақала, жарнамалық мақалалар [9,115-б.].
Ю.А. Васильев мақала мазмұнының теориялық, практикалық және ақпараттық бағдарын ескере отырып, оларды негізінен мынадай түрлерге бөледі: теориялық, әдістемелік және техникалық [10,92-б]. Ал Р.С.Аликаев ғылыми мақалалардың аталған барлық түрлерін екіге бөліп қарайды: ақпараттық және концептуалдық [11,82-б].
Қазақ тілінде оқу-ғылыми шағын стилі жақсы дамыған. Ғылыми стильдің бұл түрінің негізгі жанрлары — оқулық, оқу құралдары, оқу мақалалары. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланыста, өйткені прагматикалық максаттары ортақ. Олардың басты бағдарлары оқу процесінің немесе оқу коммуникациясының мақсаты “үйретумен” (оқытумен) байланысты. Бұл жалпы мақсат өз кезегінде көптеген шағын міндеттерді құрайды: ақпаратты жеткізу мен бекіту, игеру, яғни қабылдаушыны оқу процесінің белгілі бір әрекетіне тарту, қабылдауды неғұрлым жеңілдету.
Оқу әдебиеттеріндегі мазмұнның композициялық мүшеленуі автор ойының қозғалысына және негізгі мақсаттың көрініс табуына (шешілуіне) байланысты. Автор қалай болғанда да оқулықта баяндалатын мазмұн материалының қабылдауға неғұрлым қолайлы болғанын қалайды және соған жету мақсатын өзіне қояды.
Оқулықтың өн бойында белгілі бір ғылыми ақпарат қарапайым тілмен баяндалып отырады. Автор “ақпараттың берілуін” тыңдаушылардың оны қалай қабылдайтынына, ал “ақпараттың игерілуін” тындаушылардың оны қалай түсінетініне қарап түзеді. Автордың коммуникативтік бағдарына сәйкес мәтінде субъективті’ модальділік элементтері де кездесіп отырады. Олар автордың сөйлеу тақырыбына деген жеке қатынасы болып табылады. Айталық, “Сіз — қазақ дейтін ұлы халықтың ұрпагысыз!”, “Сіз де сондай болыңыз, өсіп-жетіп толыңыз!” тәрізді; көтеріңкі үнмен айтылатын лепті сөйлемдер ғылыми ақпараттың берілуіне қатыссыз, автордың мәтіндегі субъективті қатынасы деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет