Жоспары: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет3/7
Дата09.11.2022
өлшемі40.41 Kb.
#464348
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Сараптау

Ет және ет өнімдерінің токсикалылығы жөнінде теориялық тұжырым:
Жануарлар минералды улармен (фосфор, мышьяк, фтор, қорғасын тұзы және т.б), улы өсімдіктермен, қатты әсер ететін дәрі-дәрімектің қолданумен және улы жануарлар уымен улануы мүмкін. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында улы дәрімек инсекцит, фунгицид қолдану әсерінен уланған жануарлар көп. Бір кездері уланып өлген жануарлардың еті адамдарға зиянды және шығарылмауы тиіс деп есептелінген. Кейінірек көптеген зерттеулерден кейін әртүрлі алколоидтер мен минералды умен уланған жануарлардың етінің қауіптілігі жоқ деген көзқарасқа енді. Содан Френер мен Кнудсен жас иттерді стрихниннің 800 г дозасымен уланған, эзерин, вератрин және пилкрашинмен уланған қойдың етін беріп отырды, бірақ ешқандай уланған ауру байқалмады. Ғалымдар өздеріде 200 г етті қайнатылған күйінде жеп еді, ешқандай келеңсіз жағдайға ұшырамады.Шнейдер жануарларға стрихнинмен уланған құстардың етін жегізіп, анологиялық нәтижесін анықтады. Басқа авторлар өте жіті және улауы тұрақты әр түрлi алколоидтары мен минералды улары жануардың ауызы арқылы және парентералді енгізді, бiрақ уланған жануарлар етін жеген иттерде ешқандай зардаптар байқалмады. Көп зерттеушiлерiнiң жиналған бақылауларын бақылауларына сүйенсек, мынандай пікір айтылды, амалсызда өлтірілген, уланған жануарлар еті, уланғыш затқа қарамастан адамдарға қолданысқа шығаруға болатындығын айтқан. Бұндай еттердің зиянсыздығын авторлар ол улы заттардың еттен тазартуымен түсіндіреді. Нәтижесінде уланған жануарлар еттері толығымен улағыш заттан тазарады немесе адамға зияны жоқ мөлшерде ғана болады. Улы заттың организмге қандай жолмен енгізілгеніне қарамастан, әсірісе, қауіпті саналған органдар: iшек, асқазан, бауыр, желiн, бүйрек. Ең ақырғы қауіпті орында уы толық жоййылмаған дәрі жіберетін орындары болуы мүмкін. [2]
Рейхе және Рохлитц бірнеше жылдар бұрыннан бастап адамдарға қауіпі жоқ уланған жануарлар еттерін қолданысқа шығарғанын айтқан.
Уланған жануарлар етінің зиянсыздығы совет авторларымен дәлелденген. К.Г.Аверьянова (1960) жануарларға химиялық зерттеулер мен биологиялық сараптама жасау барысында, мышьяк натрийі, мыс қосылыстары және хлор калийімен уланған, амалсызда өлтірілген жануарлар еті улы емес және қолданысқа жарамды екені белгілі болды. Гексахлор және аммиак селитрасымен уланған амалсыз өлтірілген қойдың еті жануарларға улы емес. Алайда бұндай ет қолдануға жарамсыз себебі қайнатылған кезде одан көгерген жағымсыз иіс шығарады. И.Н.Гладенко (1956) жануарлардың майы мен етін сынай отырып, гексохлормен уланғаннан ешқандай улағыш зат жоқ екенін анықтады жәнеде көп қйнатылған жағдай жағдайда ет пен майда ешқандай көгергіштік, жағымсыз иіс ұзақ сақталмайтынын айтқан. В.М.Митрофанов (1962) және басқалары гексохлорэтаннан емделген амалсыз өлтірілген ірі қараның еті мен майы қатты қайнатылса бір жыл режимінде сақталына алатынын дәлелдеді. Алайда, жиналған материалдарға қарамастан, уланған жануар еттерінің зиянсыздығын дәлелдегенмен оны барлық уланған еттерге ортақ деп айта алмаймыз әр уға нақты жағдайларда келелі ұстаным қажет. Совет және шетелдік зерттеушілер уланған еттердің барлығы қолданысқа жарамды емес екендігін айтады. Сонымен қатар М. Штенберг өзінің тәжірибиелерінде қоянның бұлшықеттерінде 3,2-12 мг/кг мышьяк тапқан, ол әр жануарда әрқалай болады. Автор бұндай еттің қолданыста болуы не болмауы туралы жауап беруге әзірше қиналады. А. Н. Кособрюхов жануарлардың органдары мен бұлшықеттерін зерттеу барысында М. Штенбергтың көзқарасына қосылған. Автордың зерттеулері бойынша мышьяктың бұлшықетте 28мг/кг, бүйректе 65мг/кг, бауырда 172 мг/кг дейін жеткен, майда мышьяк табылмаған. Автор өзінің биологиялық іс-тәжірибиелеріне сүйене отырып адамдарға 1-2 мг/кг аспаған мышьягы бар еттерді 10-15 кун аралығында ғана қолдануға болады. мышьяктан басқа да минералды улағыш заттармен уланған жануарлар еті адамдарға қатерлі болуы мүмкін. Ал бұдан басқа улы заттармен уланған жануарлар етінің қауіптілік дәрежесін А.Н.Кособрюхов өзінің тәжірибиелерінде зерттеген. Жануарлар фосформен уланған кезде оны жануар организмінен қарапайым фосфор немесе төменгі оксилмен ретінде табуға болады, және бұндай жағдайда ет өнімге шығарылмауы тиіс. Жануар сынап тұзымен уланған жағдайда оның адамға қауіпті екені белгілі болды, және совет үкіметінде сынабы бар еттерді қойылымға шығармаған. Жануарлар қорғасын тұзымен уланған жағдайда ол бұлшықетте (әсіресе сүйекте) көп мөлшерде қалып қалуы мүмкін: ондай етті азық ретінде қолдануға рұқсат етіледі егер оның құрамында тек 1 мг/кг қорғасын болса ғана және 5-10 күн мерзімнің шектелуімен фтор натрийімен уланған жануарлар етін жоғарыда айтып өткендей ешқандай қарсылықсыз азыққа шығаруға болады.
Өлген жануардың ішкі органдары мен сөл түйіндерінде көп мөлшерде минералды у қалып қалғандықтан ол техникалық кәдеге жаратуға душар етеді.
Ал улы өсімдіктермен уланған амалсыз өлтірілген жануарлар етінің аламға қауіптілігін дифференциалды тәсілмен анықтау қажет, уланған жануар организімінде әртүрлі заттар болуы мүмкін (алколоид, токсикалық глюкоза, циандық қосылулар, белгісіз токсикалық азықтар және т.б )
Улы өсімдікпен уланған, амалсыз өлтірілген жануар етінің адамдарға көп жағдайда зиянсыз екенін айтып өткен жөн. Біршама улы өсімдіктер, әсіресе, алколоидтар жануар организіміне түсе салысымен тез арада бөлгіш ағза арқылы шығарылады. Ал етте қалып қалатын улы зат адамға қауіп төндіретін дозасына жетпейді. [3]
Жоғарыда айтылғандай, шетелдік авторлардың көптеген зерттеулері бойынша, жануарлар еті, өлердей қауіпті әртүрлі алкалоидтармен уланған, барлық кезде зиянсыз болып шаққан. Совет авторлары ақырғы кездегі тәжірибиелерінде бөлек улы өсімдіктердің, құрамында көп мөлшердегі тосикасы алкалоиды бар, уланған жануарлар еті ешқандай зияны жоқ екенін дәлелдеді.
Сондай-ақ, Г.С.Зеленко 1948ж иттерге құрамында өте жоғары деңгейдегі алкалоид-цикутотоксины бар амалсыз өлтірілген ірі қараның етін және органдарын жегізген, алайда иттерде ешқандай ауру байқалмады. Н.Г.Кожемякин 1954 тәжірбиеге қолданылған жануарлар еті адамдарға зияны жоқ. Осындай етті қолданған адамдар және автордың өзі де тек қана етін емес бауырын да жегеннен кейін бір ай бойы ешқандай зиянды жағдайлар болмады. М.И.Зелинский 1964 күшіктер мен ақ көртышқандарға бір сағаттай қайнатылған, амалсызда өлтірілген, уланған жануардың етін берген, бірақ ешқандай уланған белгі болмады.
Кейбір мал дәрігерлері (Л.А.Башкиров, Н.В.Малахов, И.Бакулев) собық және жүгерінің сабақтарымен балауызда піскен кезеңінде уланған жануарларды синил қышқылымен уланған деп түсіндіреді. Бірақ совет авторларының арнайы зерттеулері (И.Н.Гладенко, П.Н.Шмидов, С.М.Бакай, П.Е.Радкевич) жүгеріде синил қышқылының жоқ екені және де жүгерімен уланып амалсызда өлтірілген жануарлар етінің ешқандай қатері жоқ деген. Сонымен химиялық зерттеулер бойынша бір ет комбинатында жүгерімен уланып өлтірілген 80 жуық жануарлар етінде химиялық зерттеулерден кейін ешқандай у жоқ екені белгілі болды. Бактериалық зерттеулер жүргізіліп теріс нәтижесі шыққан соң ол өнімдер жартылай қақталған шұжық ретінде, ал субазықтар –ливерлы шұжық ретінде шығарылған. Лаборатоиялық зерттеулер ең ақырғы азықта ешқандай ауытқулар таппаған.
Қайнатылған қызылшадағы азот қышқылы мен азот оксилінің қосылу барысында шошқаларды арты өлімге әкеліп соқтыратындай дәрежеде улай алатыны белгілі.
Бірақ, Бабашинский мен Конышев, Лукин авторларының зерттеулері бойынша қайнатылған қазалшамен уланған шошқа еті адамдарға зиянсыз екенін айтқан, егер оның етінде токсикалық ауытқулар болмаса. Бірақ сол бақылаулырға қарамастан, жануар қандай да болмасын умен уланса да оның бәрін адамдарға зияны жоқ деп айта алмаймыз. Б.Я.Копельман сирек кездесетін у түрін ашқан, оның себебі котлет құрамынан табылған томар дәрісі. Тергеу барысында ол жануардың өліміне дейін 75 г томар дәрісі емдік мақсатында пайдаланылса, оның 15 г өлім қарсаңына болған. Етте токсикологияның болуы киыр қшына дейін зерттелмеген, сондықтан мал дәрігерлік заңнама бұл жайында ешқандай нұсқау бермеген, амалсыз өлтірілген жануарлар еті әрқашан химиялық зерттеулерден және де тәжірибиеден өтуі тиіс. Тек қана етті емес сондай-ақ майды да зерттеу қажет, себебі кейбір улар майда адам денсаулығына қауіпті болып сақталып қалады.
Қандай түсініксіз жағдай болмасын уланған амалсыз өлтірілген жануар етін пайдалану медицина органдарымен ақылдаса отырып шешу керек. Барлық жағдайда уланған амалсыз өлтірілген жануардың қатты уланған ағзалары (бауыр, өкпе, бүйрек, жүрек, ми) сөл түйіндері сондай-ақ дәрілік препарат өолданылған аймақ жойылуы тиіс. [4]
Улы заттардан басқа, өлер алдында ұзақ қиналған жануарларда микрофлора және салмонеллама бөлінетінін білгеніміз жөн. Сондықтан даондай еттерді тек қана бактериалық сараптамалар мен зерттеулерден кейін ғана өнімге шығаруға болады. Уланған жануарды инфекция тарамай тұрып тез арада өлтіріп тастау керек. Амалсыз өлтірілген уланған жануар еті тез арада бұзылып кететінін ескерген жөн, сондақтан оны қолданысқа тез өткізген жөн.
Улы жануарлармен (улы жылан және жәндіктер) уланған, амалсыз өлтірілген жануарлар тек толығымен удан тазартылған жағдайда ғана қолданысқа жарамды деп есептелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет