Осы тарауда біз әкелерді «табалдырықтан аттауға» итермелеуге көмектесуі мүмкін кейбір кең таралған стратегияларды қарастырамыз. Жекелеген патронаж қызметкерлері жеке жұмыс әдісін өзгерте отырып, жекелеген отбасыларға орасан зор әсер ете алуы мүмкін, ал әдеттегі жұмысы аясында біршама әкелермен кездескісі және ортақ жұмысқа қатыстырғысы келсе, «ұжымдық әдістеме» қажет. Бірінші ойланатын жай – «алғашқы байланыс». Әкелер патронаж қызметкерімен кездесуге нақты шақырту ала ма? Жұмыс істейтін әкелерге сізбен кездесе алатын мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану үшін кездесу алдын-ала келісіле ме? Әкелер туралы мәлімет жинала ма және жүйеге енгізіле ме? (кейде бұл қағаз формулярларды немесе электронды мәліметтер жинау жүйесін өзгертуді білдіреді) Ата-аналар патронаж қызметінен алатын хаттарда «әке» сөзі қолданыла ма? «Ата-ана» сөзі «ана» мағынасында жиі қолданылатыны соншалық, «ата-ана» сөзі қызметкерлерге немесе отбасыларына әкелердің қатысуы дұрыс екенін немесе оның қатысуына қызығушылық білдіріретінін айқын түсіндірмейді. Дәл осылайша, «отбасы» сөзін мамандар мен ата-атаналар көбінесе «ана мен бала» деп түсінеді. Ұлыбританияда мамандардың бүкіл отбасымен жұмыс жасауын кепілдендіруі тиіс «Отбасы туралы ойлайық» атты мемлекеттік бастама әкелермен байланысқа тигізген әсері болмашы болғандықтан, «Әкелер туралы ойлайық» атты жаңа бастама қажет болған. Ата-аналар патронаж қызметінен алатын хаттарда «әке» сөзі қолданыла ма? «Ата-ана» сөзі «ана» мағынасында жиі қолданылатыны соншалық, «ата-ана» сөзі қызметкерлерге немесе отбасыларына әкелердің қатысуы дұрыс екенін немесе оның қатысуына қызығушылық білдіріретінін айқын түсіндірмейді. Дәл осылайша, «отбасы» сөзін мамандар мен ата-атаналар көбінесе «ана мен бала» деп түсінеді. Ұлыбританияда мамандардың бүкіл отбасымен жұмыс жасауын кепілдендіруі тиіс «Отбасы туралы ойлайық» атты мемлекеттік бастама әкелермен байланысқа тигізген әсері болмашы болғандықтан, «Әкелер туралы ойлайық» атты жаңа бастама қажет болған.
Достарыңызбен бөлісу: |