Әке және ана тарапынан балаға деген ықыластың жоғары дәрежесі кіші жастағы балалардың «балаларға арналған мекемеге бару дайындығымен» байланысты. Әкелер мен аналардың ықыластылығын дамытудың оңтайлы жолы оларды сәби беретін белгілерге қалай жауап қайтаруды үйрету, әрі өте кішкентай балалармен сапалы қарымқатынас орнату табылады. Әке және ана тарапынан балаға деген ықыластың жоғары дәрежесі кіші жастағы балалардың «балаларға арналған мекемеге бару дайындығымен» байланысты. Әкелер мен аналардың ықыластылығын дамытудың оңтайлы жолы оларды сәби беретін белгілерге қалай жауап қайтаруды үйрету, әрі өте кішкентай балалармен сапалы қарымқатынас орнату табылады. Әкелерді де, аналарды да үйрету, сонымен қатар, оларды дамуында бөгеліс байқалатын немесе ерекше қажеттіліктері бар сәбилерімен және балаларымен жүйелі түрде айналысуға итермелеу ерекше маңызды болуы және балалар мен әкелерге ғана емес, аналарға да пайдалы болуы мүмкін. Ер адамның мінез-құлқы қызба және озбыр болса, отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнеді. Осындай қауіпті жою және оларды басқару осындай ер адамның жанындағы отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін ғана емес, осындай ер адамдар өзара әрекеттесетін немесе болашақта әрекеттесуі мүмкін өзге әйелдердің және балалардың қауіпсіздігі үшін де аса маңызды мәнге ие болады. Балаларға қауіп төнетін отбасылардағы өзге ер адамдар балалар үшін ресурс қызметін атқара алады және кәсіби қолдау мен қадағалау болған жағдайда бұл тіпті кейбір шолжаң немесе қауіпті ер адамдарға да қатысты болуы мүмкін. Ер адамдарға көбінесе «қауіп» немесе «ресурс» таңбасы тағылады, ал шындығында олар екеуінің де жиынтығы болуы мүмкін. Отбасы сенім артатын және кездесуге жиі келіп тұратын кәсіби маман ретінде сіз отбасыларға ақпарат бересіз және қолдау көрсетесіз – бұл ретте, ақпаратты әкелерге де, аналарға да мүмкіндік болса, бетпе-бет кездесу немесе өзге жолдармен тікелей байланысқа шығу арқылы беру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |